ӘЛЕУМЕТ
Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге еш негіз жоқ – Тоқаев |
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 – Елімізде мерзімінен бұрын парламент сайлауы бола ма? Бұл туралы қазір жиі айтыла бастады. – Мұндай болжамдар бар екенін білемін. Бұл ақпарат әдейі таратылып жатыр деп ойлаймын. Біздің елде жаңа Үкімет жұмысына кіріскен бетте оның отставкаға кететіні туралы әңгіме тарайды. Парламент туралы да дәл солай деуге болады. Мен Парламент депутаттары азаматтық және саяси жауапкершілік танытып, жақсы жұмыс істеп жатыр деп ойлаймын. Ал Үкімет – ауыс-түйіске бейім құрылым. Оның құрамында түрлі жағдайға, оның ішінде «Amanat» партиясының және Парламенттегі басқа да партиялардың ұстанымына байланысты өзгерістер болуы мүмкін. Меніңше, Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ. Сайлау заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес өтеді. Парламент өзіне тиесілі мерзім аясында қызметін атқаруға құлықты. Ал Үкімет бекітілген бағдарламала... |
Толығырақ... Оқылды: 92 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025 |
Ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті ерекше бақылауда ұстап отырмын – Тоқаев |
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 – Талғардағы қылмыстық оқиға ел ішінде үлкен дүрбелең тудырды. Жұртшылық Сіздің осы жағдайға қатысты пікіріңізді білгісі келеді. – Қайталап айтамын, елімізде «Заң мен тәртіп» қағидаты мызғымастай орнығуға тиіс. Мен Талғар оқиғасына дейін жариялаған Жолдауымда құқық қорғау органдарынан қылмыс пен қарақшылықтың тамырына балта шабуды талап еттім. Қаңтар оқиғасы кезіндегі жаппай тәртіпсіздікті қылмыстық топтар жасағанын естен шығармаған жөн. Мемлекет ұйымдасқан қылмыспен ымырасыз күрес жүргізуге шамасы жететінін соңғы екі жылда анық көрсетті. Аса қауіпті қылмыстық топтар әшкереленіп, құрықталып жатыр. Олардың сыбайластары мен қаржы көздері де анықталып отыр. Былтыр 246 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың 30 басшысы бар. Бұл жұмысты мен ерекше бақылауда ұстап отырмын. Талғардағы оқиға... |
Толығырақ... Оқылды: 86 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025 |
Президент: Заң мен тәртіп – кемел демократияның тірегі |
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 – Сіз «Заң мен тәртіп» қағидасы туралы жиі айтасыз. Кейбіреулер мұны қоғамға «қылбұрау салу» деп қабылдап жатыр. Бұған не айтар едіңіз? – «Заң мен тәртіп» қағидасы құқық қорғау саласына ғана арналған деп тұжырымдаған дұрыс болмайды. Мен бұл қағиданы тереңірек түсінемін. «Заң мен тәртіп» – мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты. Бұл ретте жазалау шараларын қолдану арқылы қоғамға жаппай бақылау орнату туралы айтып отырған жоқпыз. «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. «Заң мен тәртіпке» бағынбасақ, құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, оны өркендеген мемлекет ете алмаймыз. Сондықтан біздің міндетіміз – бұл қағидатты еліміздің құндылықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халық болмысы... |
Толығырақ... Оқылды: 85 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025 |
Қаңтардағы оқиғадан бәріміз зор сабақ алғанымыз сөзсіз – Тоқаев |
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 – Биыл Қаңтар оқиғасына 3 жыл толды. Содан бері көп нәрсе айтылды. Өзіңіз де бұл мәселеге егжей-тегжейлі тоқталдыңыз. Оны былтырғы сұхбатта да тілге тиек еттіңіз. Осыған қатысты өткір сауалдарға қайта-қайта жауап беру оңай емес. Дегенмен бұл тақырыпты айналып өте алмаймыз. Ел ішінде «Қаңтар оқиғасының құпиясы толық ашылған жоқ» деген пікір бар. Бұған не айтар едіңіз? Ондай қасірет қайталанбауы үшін не істеу қажет? – Қаңтар оқиғасынан үш жыл өткенде азаматтарымыздың көпшілігі елімізде бұрын-соңды болмаған осы дүрбелең көпе-көрінеу әлеуметтік әділетсіздіктің, саяси тоқыраудың, сондай-ақ қаскөйлердің шектен тыс менмендігінің және олардың халық пен мемлекет тағдырына немқұрайлы қарауының кесірінен орын алғанына әбден көз жеткізді. Өкінішке қарай, бұл – әлем тарихы үшін қалыпты жағдай. Мұндай жайттар Қазақстандағы оқиғаға дейін де болған, кейін... |
Толығырақ... Оқылды: 80 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025 |
Президент ұшақ апаты кезінде көмектескен әрбір жанға алғыс айтты |
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 Желтоқсанның соңғы күндері Ақтау қаласында Әзербайжан әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. 38 адам қаза болды, оның ішінде еліміздің 6 азаматы бар. Ауыр жарақат алғандар да көп. Мұндай сәтте әрбір секунд қымбат. Құтқарушылар, дәрігерлер мен тәртіп сақшылары шұғыл әрі үйлесімді әрекет етті, кәсіби деңгейі мен азаматтық жауапкершілігі жоғары екенін көрсетті. Жақын жердегі Маңғыстау өңірлік электр торабы компаниясының жұмысшылары бірден көмекке келді. Төңіректегі тұрғындар да зардап шеккендерді құтқаруға атсалысты. Азаматтарымыздың жанқиярлығы арқасында барынша көбірек адамның өмірін сақтап қалдық. Мен құтқару жұмыстарына қатысқан әрбір адамға шын көңілден ризашылығымды білдіремін. Қазақ халқының апаттан зардап шеккендерге жанашырлығы мен тілеулестігі азаматтарымыздың жаппай қан тапсыруға асыққанынан да айқын байқалды. Ұшақ апатының себебін анықтау үшін Үкімет комиссия... |
Толығырақ... Оқылды: 78 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025 |
Президент «Таза Қазақстан» акциясын идеологиялық платформа деп санайды |
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан https://anatili.kazgazeta.kz/news/63674 – Былтыр «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Игі бастама барлық өңірді қамтыды. Сіз «Таза Қазақстан» дегеніміз көше тазалаудан әлдеқайда ауқымды ұғым екенін атап өттіңіз. Осы бағыттағы жұмыс қалай жалғасады? – «Таза Қазақстан» акциясы қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясынан бастау алады. Халықтың бұл бастамаға барынша қолдау білдіргеніне тәнтімін. Әсіресе, жастарға ризашылығымды білдіргім келеді. Қазақстан азаматтары мұның кезекті бір науқан емес, озық ойлы қоғам қалыптастыру жолындағы идеологиялық платформа екенін түсінді. Біз, түптің түбінде, табиғаттың байлығына және күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге немқұрайлы қарайтын жағымсыз әдеттен біржола арылуымыз қажет. Тазалықты сақтау және табиғатты аялау ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Өркениетті елдердің бәрі осыны... |
Толығырақ... Оқылды: 95 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.01.2025 |
ЖАҢА МІНДЕТ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ |
Жаңа Жолдау өміршең мәселелерді терең зерделеген үлкен дайындықпен нақтыланған деуге негіз бар және стратегиялық жағынан маңызды деп есептеймін. «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдаудың әр бағыты маңызды. Атап айтқанда, әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту, энергетика секторын жаңғырту мен атом энергетикасын дамытуды қоса алғанда инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, әлеуметтік қолдау жүйесін жақсарту және заңдылық пен тәртіп қағидаттарын бекіту сияқты бағыттар бойынша ұсынылатын шаралар ерекше назар аударуға лайық екенін атап өтті. Мемлекет басшысы республикалық деңгейде шұғыл шараларды талап ететін проблемалық мәселелерді де нақты атап өтті. Ең маңыздыларының бірі – елдің энергетикалық қауіпсіздігі. Еліміздің экономикасының дамуы үшін энергетикалық тәуелсіздік болу керектігін атап, сондықтан АЭС-тің экономикалық тиімділігіне тоқтала келе оны салуды қарапайым халықтың өзі шешетін жалпыхалық... |
Толығырақ... Оқылды: 71 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2024 |
Жетісу облысында көгілдір отынмен қамту ісі жалғасуда |
Елімізде газ секторы ішкі нарықты табиғи газбен қамтамасыз ете отырып белсенді дамуын жалғастыруда. Оған бірден бір дәлел өңіріміз Жетісу облысында газдандыру деңгейі биыл 56,5%-ға жетті. Жетісу облысында газдандыруға жататын 192 елді мекеннің 63-і газдандырылды, оның ішінде жыл басынан бері 30 елді мекен газға қол жеткізді. Соның арқасында газдандыру деңгейі 56,5% - ға жетті, көгілдір отынға 394,9 мың тұрғын қол жеткізді. 2025 жылы 21 нысанның құрылысы жалғасады және тағы 42 нысанның құрылысы басталуы күтілуде. 2025 жылдың соңына қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі барлық 126 елді мекен газдандыру жоспарлануда. Нәтижесінде газға 500 мыңнан астам тұрғын немесе жалпы халықтың 71,4% - ы қол жеткізе алады. Г.Нұршанова |
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2024 |
Жетісу облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 35 млрд. теңге бағытталды |
Жетісу облысы – аграрлы аймақ болғандықтан, бірінші кезекте ауыл шаруашылығын дамыту мен өңдеу саласына айрықша назар аударылуда. Биылғы жылы облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 35 млрд. теңге бағытталды, оның 23,3 млрд. теңгесі немесе 66,6% – субсидиялар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар орталығы алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары 510 мың га құрады. 872 мың тонна дәнді дақылдар, 195 мың тонна майлы дақылдар, 266 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 132 мың тонна картоп өндірілді. - Өздеріңізге мәлім, қант саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Ақсу қант зауыты толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Облыстың 5 ауданында 8 жаңа сервистік-дайындау орталығы құрылып, 30 шаруа қожалығына құны 2,5 млрд. теңгеге қант қызылшасы өндірісіне қажетті 62 бірлік техника сатып алынды. Биыл қант... |
Толығырақ... Оқылды: 66 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2024 |
Жетісуда төрт түліктің саны 2,5 млн. басқа жетті |
Жетісуда төрт түліктің саны 2,5 млн. басқа жетті. Сол сияқты ет пен сүт өндірісі артты. Бұл туралы бүгін Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен өткен брифинг барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшының айтуынша, 2024-2026 жылдары жалпы құны 33,2 млрд. теңге болатын 31 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, соның 13-і осы жылы іске қосылды. Атап айтқанда, олар – 4 тауарлы сүт фермасы, 1 бордақылау алаңы, 1 сүт цехы, 7 суару жобасы. - Облыста жаңа суармалы жерлерді көбейту үшін ирригациялық желілерді қайта жаңарту мақсатында биыл 35,6 млрд. теңгеге су шаруашылығының 11 объектісінің құрылысы жүргізілуде, оның 4-уі аяқталды, қалған объектілер 2025 жылы пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде 5,3 мың гектар суармалы жер қосылып, 37,1 мың га жерді сумен қамтамасыз ету жақсарады, - деді баяндамасында Бейбіт Исабаев. Жетісу облысы әкімінің басп... |
Толығырақ... Оқылды: 62 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2024 |