ӘЛЕУМЕТ

Текелілік құсбегілер отбасы дауыс берді

Бүгін Текелідегі №1031 сайлау учаскесінде елімізге танымал саятшы, атбегі, құсбегі, Ұлттық спорт қауымдастығының республикалық деңгейдегі төрешісі, еңбек ардагері Бүркітбай Файзолла отбасымен, ұлдары Ғалымбек пен Жасұлан, келіндері және немерелерімен бірге өз таңдауларын жасады. Бүркітбай Файзоллаұлы бала кезден баба мұрасын қасиет тұтқан, жылқының тектілігін, қыранның қырағылығын бойға дарытып, көрген-білгенін іске жарата жүріп ата кәсіптің тілін меңгерген жан. Оның күміс тұяқ тұлпар баптап, тазы ертіп, қылыш тұмсық, қайқы төс қыран құс ұшырған бекзат болмысы, ұлттық салт-дәстүр, өнер мен кәсіпті дәріптеп, оны өскелең ұрпаққа үйретіп жүрген ұстаздық ұлағаты барлық құрметке лайық. Құсбегі, атбегі Бүркітбайдың есімі тек Жетісу өңіріне ғана емес, ата дәстүрі мен кәсібін құрмет тұтатын қазақ жұртына мәлім. Ұлы Жасұлан әке жолын жалғап, бабы келіскен қыран құстарын өңірлік, республикалық саятшылық жарыстарына қосып, маңдайы жарқырап жүлде алып жүр. Немересі Әлғазиз да ата мен аға тәлімін...
Толығырақ... Оқылды: 717 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев кезектен тыс Президент сайлауында дауыс берді

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев кезектен тыс Президент сайлауында дауыс берді. Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан № 974 сайлау учаскесіне жұбайы Әсия Ғабдиманқызымен бірге келіп, таңдауларын жасады. - Бүгін еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға. Мен осы сайлауда Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердім, бұл менің - конституциялық құқығым. Еліміздің болашағына сенемін, - деді Б.Исабаев. Жалпы бүгін, 20 қарашада Жетісу облысындағы барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмыс істеуде.
Толығырақ... Оқылды: 702 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022

Ұрпаққа үлгі ұстаздар әулеті өз таңдауын жасады.

Бар мейірім мен жылулықтың, тәлім мен тәрбиенің қайнар көзі – отбасы. Отбасылардың әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани әлеуеті жиынтықтала келе тұтас қоғамның келбетін көрсетеді. Сондықтан, өнегесі мол, өсіп-өніп, тамырын тереңнен тартқан әулеттерді көпке үлгі етудің, отбасылық ұстанымын, ұлағатын, ұрпаққа сабақ болар өмір өрнегін паш етудің маңызы зор. Осындай қазыналы, қабырғалы әулеттердің бірі – Керейбаевтар отбасы, tinfo.kz хабарлайды Сазгерлікке құлаш ұрып, көш басында тұрған Мэлс Рамазанұлы қазір 350-ге тарта ән мен күйдің, «Сәбиім – ән-күйім», «Отан – біздің әніміз», «Ән шырқа, жас ұлан», «Сағынам, туған мекенім» ән жинақтарының, «Толқиды Ақсу» кітабының авторы. Оқу-ағарту ісінің үздік қызметкері, ҚР мәдениет саласының үздігі атанған ол Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Текелі қаласының Құрметті азаматы. Бүгін қаламыздағы 1035 сайлау учаскесінде Керейбаевтар отбасы өз таңдаулар...
Толығырақ... Оқылды: 701 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022

96 жастағы қария Жаңа Қазақстанды құруға ат салыстым дейді.

Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылындағы Қанапия Мылтықбаев бүгінгі саяси оқиғада алғашқылардың бірі болып дауыс берген. 30-дай немеренің атасы атанған қария 9 баланы асырап, бүгінгі күнге жеткізгенін айтады. "Менің жастық шағым ауыр әрі қиын кезде өтті. Бүгінгі мына жастар бақытты. Бәрі бар. Еңбек ету керек. Бүгінгі қадам Жаңа Қазақстан үшін жасалып жатыр" деген ақсақал дауыс беруге келген тұрғындарға батасын берді. Жалпы Панфилов ауданында көп жасаған 14 тұрғын тұрады. Соның ішінде ең жасағаны 104 жастағы апа.
Толығырақ... Оқылды: 706 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022

98 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Берлібек Ысқақұлы сайлаудан тысқары қалмай өз таңдауын жасады.

Сарқан ауданы Қойлық ауылының тұрғыны 98 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Берлібек Ысқақұлы сайлаудан тысқары қалмай өз таңдауын жасады. Ақсақал елміздің жаңа дәуірге қадам басып, жаңа сайланғалы жатқан Президентіміздің тың өзгерістер жасап, халық мүддесіне жұмыс жасайтынына сенімді. «Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей алаңдаумыз керек. Менің жасым жүзге таяп қалсада ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті. Еліміз аман жұртымыз тыныш, әр отбасына береке-бірлік тілеймін». - деді Берлібек ата. Айта кетейік, бүгінгі сайлауға аудан бойынша 26 992 сайлаушылар өз таңдауларын жасап, дауыс бермек.
Толығырақ... Оқылды: 701 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022

18 жастағы ең жас сайлаушы болып тіркелді

Алғашқылардың бірі болып дауыс берген Сүйдутова Дияна сәрсенбайқызы. Ол 18 жастағы ең жас сайлаушы болып тіркелді. “Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мен өз елімнің болашағы үшін дауыс беруге келдім. Мұның өзі ел үшін маңызды іске қосқан үлес деп білемін”, - деп еліміздің маңызды саяси науқанына жауапкершілікпен қарайтын бойжеткен дауыс берді. Бүгін ол алғаш рет сайлау бюллетенін алып, дауыс беріп, естелік сыйлыққа ие болды. Даяна сайлауға отбасымен келген. Анасы 14 балалы ана Гүлназ Шакенова Сайлауға балалармен келіп, белсенді қатыстық. Елін сүйген азаматтардың барлығы дауыс береді деп есептеймін” - деп өз ойын білдірді.
Толығырақ... Оқылды: 695 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022

Еліміз үшін маңызды шараға алғашқылардың қатарында келгендердің бірі

Еліміз үшін маңызды шараға алғашқылардың қатарында келгендердің бірі — аудандық ардагерлер, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағасы Аманкелді Айтбаев. Елдегі саяси ақпаратқа қанық жан «Ел болашағы үшін таңдауымды жасауды — азаматтық парызым» деп санайды. Сол себепті сайлау учаскесіне жолдасын, баларын, немересін ерте келген. өз таңдауын жасаған Аманкелді Айтбаев: «Сайлауға қатысу әр тұрғынның елі үшін жауапкершілікті сезінуін көрсетеді. Елімнің әр шаңырағына береке мен бірлік тілеймін. Бірлігі жарасқан ел әрқашан мықты, болашағы жарқын болады.», — дейді. Аудан орталығында 3 сайлау учаскесі болса, соның бірі Е.Сихымов мектеп интернатында орналасқан №3 сайлау учаскесінде дауыс беру жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сайлауышылар таңмен таласа келуде.
Толығырақ... Оқылды: 706 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022

Бүгін Жетісу облысында ҚР Президент сайлауы басталды

Қазіргі уақытта облыс аумағындағы екі қала, сегіз ауданда жалпы саны 447 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Участок қызметкерлері өздеріне жүктелген міндетке асқан жауапкершілікпен қарауда. Дауыс беру учаскелерінде қауіпсіздік шаралары да жан-жақты ескерілген. Бұл дауыс беру процесінің қалыпты жағдайда өтуіне септеседі. Сонымен қатар, сайлауға қатысуға құқығы бар 445662 тұрғын тіркелген. Әр сайлаушы жеке куәлігімен тіркеу орындары арқылы өз учаскесіне беріп дауыс бере алады. Сонымен қатар, байқаушылар азаматтық қоғамның белсенді бөлігі ретінде әділ дауыс беру үшін сайлаудың заңдылығын, адалдығы мен ашықтығын қадағалауда. Сайлау кезінде байқаушылар мен үйлестірушілер өзара әрекеттесу алгоритміне сәйкес әрекеттеседі.
Толығырақ... Оқылды: 714 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022

Бүгін еліміз үшін маңызды күн! Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы.

Көксу ауданы бойынша таңғы сағат 7:00 ден кешкі 20:00 ге дейін 37 сайлау учаскесі жұмыс жасайды. Жалпы аудан бойынша сайлаушылар саны 26 146. Аудан тұрғындарын қалыс қалмай өз азаматтық таңдауларын жасауға шақырамыз.
Толығырақ... Оқылды: 718 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022

Жетісуда сайлау барысы бақылауда.

Бүгін Жетісу облысында өтіп жатқан елімізге маңызды күні біздің «Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінң Жетісу облыстық филиалы мамандарының жұмысы 7-00 де басталды. Партиялық емес байқау орталығы өңірдегі барлық сайлау учаскелерін қамтыған. Учаскелік пункттерде жұмыс істеп жатқан мамандардың тәжірибесі бар екеніне кепілдік беремін. Барлығы өздеріне жүктелген міндетке асқан жауапкершілікпен қарайды. Байқауымызша дауыс беру учаскелерінде қауіпсіздік шаралары да жан-жақты ескерілген. Бұл дауыс беру процесінің қалыпты жағдайда өтуіне септеседі. Орталық пен байқаушылар азаматтық қоғамның белсенді бөлігі ретінде әділ дауыс беру үшін жауапкершіліктің үлесін сезіне отырып, сайлаудың заңдылығын, адалдығы мен ашықтығын қадағалауда. Сайлау кезінде байқаушылар мен үйлестірушілер өзара әрекеттесу алгоритміне сәйкес өзара әрекеттеседі.
Толығырақ... Оқылды: 713 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.