ӘЛЕУМЕТ

Жетісу облысында алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне 18 жасар Абылайхан Нұржанұлы келді

Жетісу облысында алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне 18 жасар Абылайхан Нұржанұлы келді 18 жасқа толған әрбір Қазақстандық сайлауда дауыс беріп, ел болашағы үшін өз таңдауын жасауға құқылы. Алғаш рет қолдарына сайлау бюллетенін алған жастар өздерін ел патриоттарымыз деп санайды. Облыста алғаш дауыс берген 18 жастағы Абылайхан Нұржанұлы. Болашақта жас жігіт заңгер болуды армандайды. Мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуі үшін аянбай еңбек етемін дейді. «Менің жасым 18-де. Мен алғашқы рет Президент сайлауында дауыс беріп тұрмын. Бүгінгі сайлау мен үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан халқына маңызды деп ойлаймын. Бүгінгі сайлауда өзіміздің болашағымызды таңдаймыз деп есептеймін»-дейді сайлаушы.
Толығырақ... Оқылды: 714 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2022

Хабарлама!

Құрметті өнерсүйер қауым! Сіздерді бүгін, яғни 19 қараша, сағат 19:00-де Талдықорған қаласындағы Б.Римованың "Күйеуіңізді сатыңызшы" комедиясына шақырамыз! Жақсы қойылым көріп, көзайым болыңыздар! Барлық сұрақтар бойынша : +7 777 394 8815, +7 705 709 02 37.
Толығырақ... Оқылды: 733 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.11.2022

Жарқын болашақты таңдаймын

Бүгінгі таңда елімізде халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қазақстанның алдында ұлы мақсаттар тұр. Елімізде әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасалған. Қолынан іс келетін, қоғам ісіне белсене атсалыса алатын әрбір адамның жақсы өмір сүруіне, қолайлы мемлекетті құруға өз үлесін қосуына мүмкіндік бар. Маңызды саясм науқан – Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға барша жұртты белсене қатысуға шақырамын. Бұл сайлау әрбір қазақстандықтарға ұлкен жауапкершілік, азаматтық белсенділік жүктейді. Менсіз де сайлау өтеді деген кертартпа пікірден арылатын уақыт келді. Азат Жумаханов, З.Тамшыбай ауылының тұрғыны, белсенді жас
Толығырақ... Оқылды: 845 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2022

Президент сайлауы еліміздің болашағына әсер етеді

Әділетті Қазақстанның орнағанын бәріміз де қалаймыз. Ертеңгі болашақ та, елдің тұрмыс деңгейінің жақсаруы да алдағы болатын сайлауға және біздің таңдауымызға тікелей байланысты. Сондықтан да әрбір қазақстандық бұл сайлауға немқұрайлы қарамауы керек. Себебі бұл - біздің тағдырымыз, еліміздің тағдыры. Сондықтан да барша отандастарымды сайлауға қатысуға шақырамын. Сағынай Абайұлы, ұстаз
Толығырақ... Оқылды: 845 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2022

Ел болашағын айқындайтын маңызды шараға қатысу - әрбіріміздің азаматтық міндетіміз

20 қараша – мемлекетіміздің болашағын айқындайтын аса маңызды тариxи сәт. Біз ортақ болашағымыздың дамуы үшін дауыс береміз. Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Алдымызда мемлекетімізді алға одан әрі жетелейтін ауқымды міндеттер тұр.Әрбір азаматтың өз таңдау құқығы бар. Барша көксулықтарды өз Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруге шақырамын. Дамудың даңғыл жолы үшін әр азамат болашақты таңдау құқығынан қалыс қалмауы қажет. Нуриля Алимбаланова, Медеубай Құрманов мектебінің директоры
Толығырақ... Оқылды: 838 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2022

Жарқын болашақ үшін дұрыс таңдау жасайық

Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс. Кез-келген істе әділдік қағидатын басшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз. Бүгінгі қоғамдағы аса маңызды мәселе -20-қарашада өтетін Президент сайлауы. Саяси науқанның еліміз үшін орны ерекше, олай болса жұртшылық тарапын белсенділік таңытып дауыс беруге шақырамын. Жарқынай Құрманова, Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Толығырақ... Оқылды: 847 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2022

Қазақстан үшін тағы бір тағдырлы тарихи науқан

Меніңше, әр адамның сайлауға баруы міндетті. Өміріне немқұрайлы қарамайтын адам міндетті түрде өз таңдауын жасауға тиіс. Өзі қалаған үміткерге дауыс беру — әр адамның конституциялық құқы және борышы. Мен сайлауға барамын!Бұл сайлаудың нәтижесі елімізге, әр елді мекенге, әр отбасына жақсылық әкелсе екен деп тілеймін. Ақжігіт Иманкулов, Алғабас ауылының тұрғыны, қоғам белсендісі
Толығырақ... Оқылды: 844 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2022

Менің таңдауым – Әділетті және Қуатты Қазақстан. Мен міндетті түрде дауыс беруге барамын.

Елімнің ертеңіне бей-жай қарай алмайтын жас буын ретінде мен сайлауға барамын және әр адам сайлауға дауыс беруге баруы керек деп есептеймін! Ал кім кімге дауыс береді — ол әр азаматтың жеке таңдауы, конституциялық құқығы. Тек дұрыс таңдау жасайық! Әр дауыс маңызды. Мен Мемлекетімнің жарқын болашағы үшін, Жаңа Қазақстанның мықты іргетасы үшін 20 қараша күні өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысу құқығымның негізінде дауыс беріп,сайлауға қатысатын боламын. Сіздерді де дауыс беруде белсенділік танытуға шақырамын! Гүлсара Таскараева, орталық аурухана мейірбикесі
Толығырақ... Оқылды: 856 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2022

Ел болашағы мен дамуы жолында өз таңдауыңды жаса

Сайлауға қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы және елдің болашағы үшін жауапты әрекет. Әр дауыс мемлекеттің дамуы үшін маңызды. 2022жылғы 20 қарашада Қазақстанда Қазақстан Республикасының кезектен тыссайлауы өтеді. Сондықтан болашақта өз сайлаушыларының мүддесін қорғайтын кандидаттарға дауыс беру мүмкіндігін пайдалану өте маңызды. Ел болашағы мен дамуы жолында өз таңдауыңды жаса! Ершат Андас
Толығырақ... Оқылды: 856 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2022

ЕРТЕҢГІ КҮН БӘРІМІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ!

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ. Ұрпақтың ертеңі алаңсыз өтсін десек, бүгінгі қайырымды мемлекеттің адал тұрғындары өзіміз болуымыз қажет. Майра Байбулатова, Қалқа Жапсарбаев мектебінің мұғалімі
Толығырақ... Оқылды: 851 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2022
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.