ӘЛЕУМЕТ

Сайлауға міндетті түрде қатысамын

Мен 20 қараша күні елімізде өткелі отырған Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысып, өз тандауымды жасаймын. Елін сүйген, балаларының ертеңгі болашағына алаңдайтын азаматша ретінде осы маңызды күні баршаңызды сайлауға қатысып, дауыс беріп, дұрыс таңдау жасауға шақырамын. "Сенім" ЖШС-нің дәрігер эпидемиологы Муратова Жадыра
Толығырақ... Оқылды: 839 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2022

Жарқын болашақ үшін дұрыс таңдау жасайық

Алдағы жексенбі - ел үшін, халық үшін маңызды күн. Балаларымыздың, немерелеріміздің келешегін айқындайтын күн. Сондықтан барша жұрт болып жұмылып маңызды істен шет қалмауымыз керек. 20 қараша күні мен өз таңдауымды жасаймын. Жерлестерімді де бір ауыздан сайлауға атсалысуға шақырамын. Құсейінов Мәдіғали, "Назар" ШҚ төрағасы
Толығырақ... Оқылды: 742 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2022

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – БІРЛІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ

Баршамызға белгілі, 2022 жылдың маусым айында елімізде бүкіл халықтық Референдум өтті. Енді міне, 20 қарашада ҚР Президент сайлауы өтпек. Алдағы саяси науқан еліміздің дамуында маңызды рөл атқармақ. Осы сайлауда әрбір азамат өз таңдауын дұрыс жасайды деп ойлаймын. Президентіміз Қ.Тоқаев өз Жолдауында айтқандай, «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс» деп атап кеткені баршамызға аян. Яғни, Президенттің кезектен тыс сайлауы, мемлекетіміздің оң өзгерістерге ұласып саяси-экономикалық дамуына өте үлкен үлес қосатындығына сенеміз. Сондықтан да, барша қазақстандықтарды 20 қараша күні өтетін сайлауға белсенді қатысып өз таңдауларын жасауға шақырамын. Катира Күзбаева, жеке кәсіпкер
Толығырақ... Оқылды: 725 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

ЕЛІМІЗДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҮШІН ДАУЫС БЕРЕМІН!

Мемлекетіміздің президенті Қ.Тоқаев биыл 20 қарашада елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Бұл сайлау еліміздегі жаңа өзгерістер үшін үлесі жоғары саяси науқан болмақшы. Еліміздің тағдыры, Қазақстанның болашағы – әрқайсымыздың қолымызда. Осы орайда, елдің тұтастығы мен бірлігін нығайту үшін әрбір азамат саналы түрде сайлауға қатысып, дауыс беруі керек. Біздің таңдауымыз – үлкен жауапкершілік. Сол үшін, біз жастар, дауыс берушілердің алғашқы қатарында болуымыз керек. Қазақстанның тұтастығы мен бірлігін сақтауда Мемлекет басшысын дұрыс таңдау ауқымды рөл атқаратыны сөзсіз. Президент сайлауына баршаңызды қатысуға шақырамын. Сіздің дауысыңыз – Жаңарған Қазақстанның жарқын көрінісі. Альбина Миронова, орыс этно-мәдени орталығының мүшесі
Толығырақ... Оқылды: 739 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

САЯСИ НАУҚАН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕДІ

Сайлауға қатысу – біздің азаматтық парызымыз және әрбір қазақстандық үшін жауапкершілікті талап ететін үлкен іс. Сондықтан жауапкершілікті сезінетін, тұлға ретінде жеке шешім қабылдауға қауқарлы азаматтар алдағы саяси науқанға белсенді қатысады деген сенімдемін.Барша қазақстандықтар бұл саяси науқанда белсенді болуы тиіс. Ең басты құндылық – бейбіт өміріміз бен егемендігімізді сақтау. Саяси додадан елдің күтері көп. Әрбір қазақстандықты жарқын қадамға бастаған алдағы саяси науқанға бірауыздан қатысудың маңызы айтпаса да белгілі. Еліміздің барша азаматтарын жұмылған жұдырықтай қимылдап, ортақ Отанымыздың гүлденуіне үлес қосуға шақырамын! Мамбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы, Көксу ауданының құрметті азаматы
Толығырақ... Оқылды: 730 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

МЕН САЙЛАУҒА БАРАМЫН

Мен, әр адам сайлауға дауыс беруге баруы керек деп есептеймін. Ал кім кімге дауыс береді — ол әр азаматтың жеке таңдауы, конституциялық құқығы. Дүниеде бар адам өз құқығын білуге тиіс, елімізде болып жатқан қоғамдық, әлеуметтік жайттардан тыс қалмауы керек. Әділеттілік қай жақта, қай партия ұлттық құндылықтарды көбірек ойлайды, халыққа кімнің жаны ашиды, ұлтымыздың, тіліміздің, діліміздің болашағын қайсысы көбірек ойлайды — менің бүйрегім соған қарай бұрады. Сондықтан әр бір азамат 2022 жылдың 20 қарашасында жауапкершілік танытып, ҚР президентінің сайлауына тиісті таңдау жасауына шақырамын. Ардагүл Әскербек
Толығырақ... Оқылды: 739 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

МЕН САЙЛАУҒА БАРАМЫН!

МЕН САЙЛАУҒА БАРАМЫН!ен, әр адам сайлауға дауыс беруге баруы керек деп есептеймін. Ал кім кімге дауыс береді — ол әр азаматтың жеке таңдауы, конституциялық құқығы. Дүниеде бар адам өз құқығын білуге тиіс, елімізде болып жатқан қоғамдық, әлеуметтік жайттардан тыс қалмауы керек. Әділеттілік қай жақта, қай партия ұлттық құндылықтарды көбірек ойлайды, халыққа кімнің жаны ашиды, ұлтымыздың, тіліміздің, діліміздің болашағын қайсысы көбірек ойлайды — менің бүйрегім соған қарай бұрады. Сондықтан әр бір азамат 2022 жылдың 20 қарашасында жауапкершілік танытып, ҚР президентінің сайлауына тиісті таңдау жасауына шақырамын. Гүлжамал Алтынбекова
Толығырақ... Оқылды: 744 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

ЗАМАНДАСТАРЫМДЫ ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРАМЫН

Егеменді еліміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасайық, әрбір азаматтың дауысы маңызды. 20 қараша күні Ел болашағы үшін маңызды таңдау болмақ, замандас достар келешегіміздің кемелдігіне сенім артып сіздерді алдағы науқанда белсенділік танытып, сайлауға қатысуға шақырамын. Біздің таңдауымыз - біздің болашағымыз! Әнуар Тоқтамысұлы Жастар ресурстық орталығының қызметкері
Толығырақ... Оқылды: 722 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

САЙЛАУҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫН

Бірлік, татулық, ынтымақ деген ұғымдар – мәңгілік бөлінбейтін, берекесін бірге ұстаған еліміздегі ең биік ұғым, сан ғасырлар бойғы дана халқымыздың бойына сіңген асыл қасиеттерінің бірі. Бабаларымыз ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты мүдделі түрде еліміздің біртұтастығын сақтауда әрдайым биік ұстаған. Осылайша бірлігі жарасқан қазақ елін алда келе жатқан саяси науқанға бір кісідей қатысуға, жауапкершілік танытып, өз таңдауын жасауға шақырамын. Әрқайсымыздың сайлауға қатысып, дауыс беруіміз өте маңызды. Сіздер ел болашағының ертеңі жарқын болсын десеңіздер, онда ол өз қолымызда. Құрметті жерлестер, Президент сайлауына қатысып, ел болашағының дамуына өз үлестеріңізді қосып, өз таңдауларыңызды жасайтындықтарыңызға сенімдімін. Ел дамуы жолында Сіздің дауысыңыздың маңызды екенін ұмытпаңыз! Ұлан Ақжолов, №12 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Толығырақ... Оқылды: 745 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

Сайлауға кел қалқатай

Бәрімізге белгілі алда 20-қараша Президент сайлауы келе жатыр. Үміткерлер белгілі. Бізге қойдың жілігін жұдырықпен шағатын емес, ақылмен, салқынқандылықпен саясатты шағатын, алмағайып аумалы-төкпелі кезеңде дипломатияны қағатын, тырысқанның тілін табатын тұлға керек. Сондықтан бірге дауыс берейік. Бізге бөлінетін уақыт емес, бірігетін уақыт. Бір мезгілге ғана президент болады. Лайым сол уақытта елдің ертеңі үшін теңдессіз еңбек етіп, елдің еңсесін көтеріп, Жаңа Қазақстан екенін шын мәнінде дәлелдеп жаңа бір белеске көтеріп берсе екен деген тілек бар. Алда жұмыс көп жылтырап билеп жүретін уақыт жоқ. Десекте бір елдің жүгі бір ғана адамның мойынында емес екенін ұмытпау керек. Әр Қазақстандықтың мойынындағы парызы екенін естен шығармайық. Әр маңызды іс, кішкентай қадамнан басталары белгілі. Сондықтан алда болатын сайлауға бір үйдің баласындай болып барып дауыс беруге шақырамын. Әр адам белсенді болса болашақ жарқын болары белгілі. Болашағымыз жарқын болсын десек әркім өзінен бастасын!...
Толығырақ... Оқылды: 731 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.