ӘЛЕУМЕТ
Сервистік әкімдікте қоғамдық қабылдау |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен 15.04.2022 жылы Көксу аудандық Сервистік әкімдікте «Көксу ауданында мүгедек қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындары туралы» Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі саласындағы мемлекеттік көрсететін қызметтер мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауда ауыл тұрғындары әлеуметтік сала және басқада жеке сұрақтарымен келген. Барлық сұрақтар бойынша тиісті жауаптар берілді. |
Толығырақ... Оқылды: 12517 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2022 |
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БЮРОКРАТИЯНЫ ЖОЮ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ |
Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа қол қойды. Президент «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Бюрократиядан арылтудың негізгі қағидаттары форма мәнінің басымдығын, бастапқы қалпы бойынша цифрландыруды, басқарушылық жауапкершілікті, үздіксіз жетілдіруді, регламенттеудің оңтайлылығын айқындайды. Жарлықта жүйелі және қолданбалы шаралар кешені қарастырылған. Бұл шаралардың жүзеге асырылуы мемлекеттік аппаратта шешімдердің қабылдануын жылдамдатады, мемлекеттік органдардағы бірінші басшылардың дербестігі мен жеке жауапкершілігін арттырады, құжат айналымы мен есеп берушілікті қысқартады. Атап айтқанда, жүктелген міндеттерді жылдам жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілерді өздерінің функцияларын заңнамалық деңгейде нақтылап жатпай-ақ қабылдауға құқық беріледі. Кешенді реинжиниринг негізінде норма шығару және бюджет үдерістерінің мерз... |
Толығырақ... Оқылды: 11989 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2022 |
EGOV MOBILE |
EGOV MOBILEмүмкіндіктері Барлық құжаттарды өзіңізбен бірге алып жүру өте ыңғайсыз. Кейде маңызды құжаттарымызды үйде ұмытып кетіп те жатамыз. Цифрлық құжаттар әрбір қазақстандықтың өмірін мүмкіндігінше жеңілдетті. Egov mobile қосымшасында жеке куәлік, н |
Толығырақ... Оқылды: 12086 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.04.2022 |
Көксу бөрісі - 2022 |
2022 жылдың 14 сәуір күні Балпық би ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Көксу ауданы әкімінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Көксу бөрісі» аудандық іріктеу турнирі өтті. Іріктеу турниріне 10 округтен 20 палуан қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды жеңіп алған Алғабас ауылдық округінің намысын қорғаған палуан Нияз Ерсайын қарсыластарын ойсырата жеңіп, «Көксу бөрісі» атанды. ІІ орынды алғабастық палуан Төкен Айбар иеленсе, ІІІ орынды Арқалық Баймуханбет қанжығасына байлады. Жеңімпаздар медаль, грамота, кубок, сертификаттармен марапатталды. Бірінші және екінші орын алған палуандар «Жетісу бөрісі» облыстық турниріне жолдама алды. Лабасы ауылдық округінен қатысқан Жанат Байасылов «Ардагер палуан», Айнабұлақ ауылдық округінен қатысқан Жалғас Сүлеймен «Жас палуан» атанды. |
Толығырақ... Оқылды: 12032 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.04.2022 |
Айлардың сұлтаны Рамазан |
Мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті әрі ерекше айы – Рамазан айы. Биылғы жылы Рамазан айы сәуірдің 2-нен бастау алды. Араға жылдар салған карантиннен кейін есігін айқара ашқан аудан орталығындағы Балпық би ауылындағы мешітке келушілердің ахуалын білмекке арнайы бардық. Мешіт ауласына оң аяқпен аттағанымыз сол еді, мешіт имамы Еділбек Ерімбет ағамыз бізді жылы шыраймен қарсы алды. Мешіт айналасы жасыл желекпен көмкерілген, таза аула бірден көзге түседі. Кешқұрым ауызашарға 70-100 шамасында адамға дастархан жайылып, ауыз аштырылады екен. Сәрсенбінің сәтінде біз барған ауызашарда сорпа дайындалыпты. Дастархандағы азын аулақ асқа қарап көзің сүйсінеді. Мешітте ішкен астың өзі ысырапшылдықты қоюға, аста төк дастархан жаймауға үгіттеп тұрғандай. Сондай-ақ, мешім имамы Еділбек ағамыз келген жамағатқа діни уағыздар айтып, тұрғындарды елдікке, ауызбірлікке, ең бастысы бір-біріне көмектесуге, оң көзқараспен қарауға дәріптеп, тарихи оқиғалардан әңгіме өрбітті. - Рамазан айы бар... |
Толығырақ... Оқылды: 11993 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.04.2022 |
Комиссия отырысы өтті |
Сәуірдің 12-і күні аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының төрағалығымен ауданның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралып, бірінші мәселе бойынша «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әдеп нормаларын сақталу бағытындағы 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы» Көксу аудан әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Абибеков, екінші мәселе бойынша «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша денсаулық сақтау саласындағы 2021 жылғы атқарылған жұмыстары және 2022 жылғы І тоқсандағы атқарылған жұмыстары туралы» Көксу аудандық орталық аурухана директоры Асқар Садықов және үшінші мәселе бойынша «Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы» Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Қуат Кузбаев баяндама жасап, атқарылған іс-шарал... |
Толығырақ... Оқылды: 11862 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.04.2022 |
Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылармен сұхбаттасты |
Еліміздің сайлау жүйесін жаңа өзгерістер күтіп тұр. Осыған орай ең алдымен жұртшылықтың саяси сауаттылығын, белсенділігін арттыру қажет. Себебі, қоғамдағы саяси мәселелерге немқұрайлы қарайтын жұртшылық дауыс беру процесіне қатыспайтын болған. Мұндай мәліметті аудан тұрғындарымен кездесу өткізген Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан ӘБДІРОВ айтты. Көшпелі топ алдымен Мұқыры ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, жақында сайланған ауыл әкімінің жұмыс барысымен танысты. Жергілікті халықтың сайлауға деген көзқарастарын біліп, толғандырған сұрақтарын, ұсыныс - пікірлерін тыңдады. Ауылға әкім болып сайланған Жандос Жұмағұлов- халықтың өз таңдауын жасап, сайлаған әкімі. Сондықтан да болар, халық пен әкімнің арасында жақсы қарым-қатынас орнаған. Ауыл азаматтарының атынан сөз алған Мұқыры ауылының тұрғыны Күрішбай ағамыз сайлаудың әділ өткенін, өздері сайлаған әкім Жандос Елтайұлына көңілдері толатындықтарын жеткізді. Тек жергілікті бюджетке көбірек ақша бөлінсе, көптеген шаруалард... |
Толығырақ... Оқылды: 2828 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2022 |
Қоғамдық кеңесте қабылдау өтті |
Аптаның сейсенбісінде облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Ерғазы Қошамбеков кеңес мүшелерімен, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Орынхан Нұртаевтың қатысуымен мәслихаттың кіші залында көшпелі отырыс жиынын өткізді. Жиынның басталғаны сол еді қатты дауыл соғып, электр жарығы өшіп қалды. «Бұл біздің емес, сіздер жақтың дауылы» деп жиынды бастаған төраға қоғамдық кеңес мүшелерімен таныстырып, қабылдауға жазылған азаматтардың мәселелерін тыңдады. Балпық би ауылының тұрғыны Абильмажин Байсуанов Қоғамдық кеңес төрағасына зейнетақысының тағайындалуын қайта қарауды сұрады. Бар ғұмырын ауданда мемлекеттік қызметке арнаған азаматтың бейнетінің зейнетін көрем ғой деген шағында талай жылғы еңбек өтілінің есепке алынбай, керісінше ең төменгі зейнетақы мөлшерлемесімен тағайындалғаны дұрыс емес екенін дәлелдеуге сол қырық жылдан кейінгі өмірін арнаған бармаған есік, соттаспаған заң органдары қалмаған. Алайда нәтиже жоқ. Құрамы қайта жаңартылған қоғамдық кеңес әділеттілікті анықтап, тиісті ш... |
Толығырақ... Оқылды: 700 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2022 |
Ауданды дамытуға нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды |
Ауыл - ел бесігі. Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстан қалыптастырудағы бір тармағы әртүрлі деңгейдегі әкімдерге халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, көшпелі жиындар өткізуді аса жауапкершілікпен тапсырған еді. Биылғы жылы жаңа форматта басталған әкімдер есебі де өзгеше. Наурыз айының 30-ы күні Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Көксу ауданына арнайы іс-сапармен келді. Өңір басшысы алдымен облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев пен аудан әкімі Алмас Әділмен аудандағы бірқатар нысандарды аралап, түстен кейін жергілікті тұрғындар алдында есеп берді. Аймақ басшысы бірінші аудан орталығы Балпық би ауылындағы халыққа қызмет көрсету орталығына бас сұқты. Орталық ескі ғимаратта орын тепкен. Шағын ғана ғимарат аудандағы 40 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетуге таршылық етуде. Оның үстіне тозығы да жеткен. Осыған орай жаңа ғимарат салу мәселесі көлденеңдеп тұр. Ол үшін орталық жанында бос орын да бар. Бұл мәселемен жете танысқан Қанат Алдабергенұлы жаңа ғимарат салынатын орынды көрі... |
Толығырақ... Оқылды: 679 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2022 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы "ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ" |
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» Қымбатты отандастар! Қадірлі қауым! Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Баршаңызға мәлім, былтыр егемендіктің маңызды белесіне жеттік. Тарихи өлшеммен қарағанда 30 жыл тым көп уақыт емес. Халқымыз Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен осы кезеңде ауқымды жұмыс атқарды, көптеген табыстарға қол жеткізді. Алайда, береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін. Қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті. Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендігімізге зор қауіп төнді. Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, т... |
Толығырақ... Оқылды: 2352 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2022 |