ӘЛЕУМЕТ
Президент Жолдауы - 2022 |
Президент: «Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік» ⚡ Мемлекет басшысы: «Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық» ⚡ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен қашанда бәрін ашық айтып жүрмін. Індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырдым. Кешегі қатерлі күндерде Мемлекет басшысы ретінде халыққа арнап бірнеше үндеу жасадым» ⚡ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал тура... |
Толығырақ... Оқылды: 2313 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2022 |
Күрделі мәселелер көтерілді |
Мәжіліс депутаттары ел аралап жүр. Көксу ауданының халқымен жүздесіп, өңірдің бүгінгі жағдайын білмекке ақпанның 21-і күні Парламент мәжілісінің депутаты Данияр Алимбаев жұмыс сапарымен арнайы келді. Алдымен халық қалаулысы «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы ғимаратында аудан тұрғындарымен кездесті. Қоғамдық қабылдауға аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, облыстық мәслихат депутаты Секенбай Шеңгелбаев қатысты. Азаматтарды қабылдауда төмендегідей мәселелер көтерілді: Мәмбет ауылының тұрғыны Алыбай Базаралин көкейкесті екі сауалын жолдады. Бірінші, «Қасіретті қаңтар» оқиғасында бейбіт шеруге шығып, жазықсыз қамалған азаматтардың ісін заң аясында қарастырып, әділеттілік танытуға, жазықсыздарды босатуға ықпал етуін сұрады. Екіншісі, Мәмбет ауылындағы өзі негізін қалаған «Үлгілі балалар» халық оркестріне 2 штат бөлуді сұрады. Келесі ретте, «Көксу Қайнар» шаруа қожалығының жетекшісі Әшімхан Оразбаев шаруа қожалықтарының күрд... |
Толығырақ... Оқылды: 3322 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2022 |
Аудандағы секторлар жұмысын қайта бастады |
Алматы облысында Талдықорған қаласының автоХҚО-ғы және аудандағы секторлар жұмысын қайта бастады Бүгін, 17 қаңтардан бастап Алматы облысының мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істей бастады. Жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында). Мемлекеттік қызметтердің 80% -дан астамын онлайн алуға, сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламыз. АвтоХҚО-ларда кезек тудырмау үшін осы сервистерді пайдалануға кеңес береміз |
Толығырақ... Оқылды: 5080 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.01.2022 |
Алматы облысының ХҚО-лары жұмыс істей бастады |
Алматы облысының ХҚО-лары жұмыс істей бастады Алматы облысының ХҚО-лары 12 қаңтардан қызмет көрсете бастады. Клиенттерге барлық мемлекеттік қызмет қолжетімді. ХҚО-лардың жұмыс кестесі дүйсенбі жұма аралығында сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін үзіліссіз. Әзірге облыс бойынша барлық мамандандырылған ХҚО-лар жұмысы тоқтап тұр. Сонымен қатар автоқызметтердің қайта көрсетіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады. |
Толығырақ... Оқылды: 5261 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.01.2022 |
Бала күтімі бойынша жәрдемақыны қалай онлайн алуға болады |
Бала күтімі бойынша жәрдемақыны қалай онлайн алуға болады. Әрине, бала дүниеге келгеннен кейін аналардың бос уақыты болмайды. Мемлекет тарапынан бала күтімі үшін бір реттік жәрдемақы төленетінін ұмытпаңыз. Соңғысын Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бірнеше минут ішінде ресімдеуге болады. Төменде толық нұсқаулық көрсетілген:⠀ ⠀ 1. Egov.kz порталына кіріңіз⠀ 2. Іздеу батырмасы арқылы «Баланы бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау» қызметін табыңыз⠀ 3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз⠀ 4. Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз⠀ 5. Өтінімде жеке шот нөмірін (IBAN) көрсетіңіз⠀ ⠀ Ескерту: Дербес шот өтініш берушінің атына ашылуы тиіс.⠀ ⠀ 6. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламамен танысыңыз.⠀ ⠀ Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде келіп түседі. |
Толығырақ... Оқылды: 7458 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2021 |
ХҚО-ға бармай-ақ, ЭЦҚ қалай алуға болады? |
ХҚО-ға бармай-ақ, ЭЦҚ қалай алуға болады? Оңай! Қандай да бір анықтамаларды алу үшін бұрын ХҚО-ға бару керек болатын. Бірақ қазір бұл қажет емес, барлығын ЭЦҚ көмегімен онлайн алуға болады. Бұл қысқа нұсқаулық сізге ЭЦҚ-ны бірнеше минут ішінде алуға көмектеседі: 1. eGov.kz-те «Сервистер» санатында «ЭЦҚ қашықтықтан алу» бөлімін таңдаңыз 2. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз 3. «Жеке куәлік» таңдаңыз 4. ЖСН енгізіңіз 5. телефон нөмірін көрсетіңіз және веб-камера арқылы жеке тұлғанызды сәйкестендіріңіз 6. ЭЦҚ сақтау үшін папканы таңдаңыз 7. Парольді орнатыңыз 8. ЭЦҚ қолдануға дайын Маңызды! Осы қадамдарды орындамас бұрын компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз және веб-камераға қосылуын тексеріңіз. |
Толығырақ... Оқылды: 7423 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2021 |
Алматы облысында 205 сәбиге «Сүйінші» сыйқорабы табыс етілді |
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні дүниеге келген 2 мыңнан астам сәбиге тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай baby-бокстар сыйға тартылды. «Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, "Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл" монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған. 16 және 17 желтоқсанда туған балаларға туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қабылдап, әрі қарай Қазақстан азаматының алғашқы құжатын ресімдеу үшін АХАЖ органдарына жолданды. Айта кету керек, «Сүйінші» сыйқораптарын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі «Азаматтарға арналған үкіметпен бірге және ҚР Ұлттық банк, Центркредит банкі және «Қазпошта» АҚ қатысуымен ұйымдастырды. |
Толығырақ... Оқылды: 7455 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2021 |
Егер сіз жұмыстан шығып қалсаңыз |
Егер сіз жұмыстан шығып қалсаңыз, көп уайымдамаңыз. «Әрекет түбі - берекет» деген халық даналығын еске түсіріп, алдағы бағыттарыңызды бағамдам алыңыз. Жаңа жұмыс іздеуді бастамас бұрын сіз жұмыссыз ретінде әлеуметтік төлем алуға өтініш бере аласыз. Оны онлайн жасауға болады: 1. Egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз; 2. «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу» қызметін таңдап, онлайн сұрным жіберіңіз; 3. өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз. Қызмет нәтижесін 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңізден біле аласыз. Маңызды! «Қандас» мәртебесі бар адамдар онлайн өтініш бере алмайды. |
Толығырақ... Оқылды: 8323 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
Шағын кәсіп ашу |
Шағын кәсіп ашуды қолға алсаңыз, онда біз сізге жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қалтаңыз бен жүйкеңізге зияны жоқ ең оңай жолын айтамыз. Бұл жұмысты тез, тегін және үйден шықпай-ақ Halyk Bank немесе Kaspi.kz арқылы жасауға болады. Сізге керегі тек смартфон. Егер Halyk Bank арқылы тіркегіңіз келсе, алдымен Onlinebank мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз немесе openaccount.halykbank.kz сілтемесі бойынша өтіңіз. Ал Kaspi.kz-те мемлекеттік қызметтер бөліміне өтсеңіз болды. Ары қарай өзіңіз туралы және сіздің болашақ бизнесіңіз туралы ақпаратты толтырасыз. Құттықтаймыз, сіз жеке кәсіпкер болып тіркелдіңіз. Тіркеу құжаттарын жүктеп алу ғана қалды. |
Толығырақ... Оқылды: 8419 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
Автокөліктің техникалық паспорты |
Көпшілігіміз өмірімізде бір рет болса да құжат жоғалтып көрдік. Жоғалған құжаттарды сүйіншіге қайтарып беруі де мүмкін, бірақ оған сеніп отырудың қажеті жоқ. Ең жиі жоғалатын құжаттардың бірі - автокөліктің техникалық паспорты. Бүгін біз оны тез қалпына келтірудің оңай жолын айтамыз. Ол үшін жеке куәлігіңізді алып, тезірек авто ХҚО-ға барғаныңыз жөн. Мұнда 1,25 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлейсіз және құжатыңызды қалпына келтіру бойынша өтініш жазасыз. Осымен шаруа бітті. Бірер сағат ішінде сізге көлік құралын тіркеу туралы жаңа куәлік беріледі. Сондай-ақ, техпаспортты аты-жөніңізді өзгерткен кезде, құжаттар жарамсыз болып қалғанда немесе көлігіңіздің түсін өзгерткенде де ауыстыру қажет екенін естеріңізге саламыз. |
Толығырақ... Оқылды: 5371 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |