ӘЛЕУМЕТ
Ана бақытты болса, ел де бақытты |
Ананың мойнына жүктелген ауыр жүк – ана болу, ал көп баланың анасы болу нағыз ерлікке татиды. Көп балалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көп балалы отбасында дүниеге келген. Қазір көп балалы отбасын көрсек, таңдай қағып, таңқалатынымыз бар. Көпшіліктің көкейінде оның бәрін қалай асырайды деген сауал туындайды. Артынша «Әр баланың өз несібесі бар» деп жатамыз, десе де оның оқуы, жоғары білім алуы мен қазақ үшін қасиетті үйлену тойын жасап, баспана әперу – әрбір қазақтың мұңы болғандықтан, көп балалы отбасына таңсықпен қарайтыны бар. Көксулық жас отбасы Кеңшілік пен Ардагүл Бекетовтар бір күнде көпбалалы отбасы атанды. Облыстық перинаталдық орталық мамандары 25 қазанда туған үшемді бағып-қағып, күні кеше үйлеріне шығарып салды. Бұл – соңғы 15 жылдағы Көксу ауданындағы бірінші жағдай. Үшемдер 1900,0 гр. бойы 42см, 1800,0 гр, бойы 42см, 1700,0 гр, бойы 41см 34 аптада өмір есігін ашты.... |
Толығырақ... Оқылды: 851 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
БАТАЛОВҚА АЛҒЫС АЙТЫЛЫП, БОЗЫМБАЕҚА МІНДЕТ ЖҮКТЕЛДІ |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалған Қанат БОЗЫМБАЕВТЫ облыс активіне таныстырды. - Бүгін бірқатар кадрлық өзгерістерге байланысты Алматы облысына келіп отырмын. Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды. Амандық Ғаббасұлы 7 жылдан астам уақыт Жетісу өңіріне басшылық етті. Осы жылдарда облыс жақсы көрсеткіштерге жетті, көптеген ірі жобалар іске асырылып, бұл өңірдің дамуына үлкен серпін берді. Мемлекет басшысы Амандық Ғаббасұлының жұмысын өте жақсы бағалап, облыс әкімі лауазымында көп жыл жемісті қызмет атқарғаны, өңірді дамытуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін алғысын жеткізуімді тапсырды. Амандық Ғаббасұлының мол тәжірибесі, ақыл-кеңесі қоғам өмірінде әлі де пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Бүгін облыстық мәслихат депутаттарының келісімен осы өңірдің тумасы, бұған д... |
Толығырақ... Оқылды: 837 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2021 |
Zhansugurov college |
Ілияс Жансүгіров атындағы колледж Алматы облысы колледждерінің арасындағы ең беделді колледждердің бірі.Бұл коллледжде түрлі мамандықтар бойынша мыңдаған студент білім алады.Колледж ішінде стеденттер түрлі іс-шараларға белсене ат салысады.Қазіргі кездегі карантинге сай колледж ішінде карантин шаралары ұстанылады. Коллледж студенттері түрлі конкурстар,жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Сол конкурстардың бірі жақын арада өткен Республикалық колледж студенттеріне арналған «Student Energy Challenge-Junior» байқауы. Республикалық колледж студенттеріне арналған «Student Energy Challenge-Junior» байқауының іріктеу қорытындысы бойынша Zhansugurov college-нің «Zhansugurov college», «IT ZH» команда құрамы финалға өтті. «KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен серіктесе отырып әрі оның қаржылай қолдауымен 2017 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Student Energy Challenge» мерейтойлық... |
Толығырақ... Оқылды: 1352 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.11.2021 |
ҚазҰудың мүмкіншіліктері |
Мен қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде (экономика және бизнес жоғары мектебі) факультетінің 1 курс студентімін. ҚазҰу-Қазақстандағы ең үздік оқу орындарының бірі. Және де білікті мамандар дайындаудан көш бастап тұрған оқу орнының бірі. ҚазҰуде мүмкіндіктер өте көп соның бірі 2 курстан бастап шет елге жібереді, яғни мамандығымызды әрі қарай жетілдіру үшін. Бірақта, шет елге шығу үшін тіл білу маңызды. Әрине 1 курс студенті болғандықтан қандай мамандық болсын ағылшын мен орыс тілі оқытылуы міндетті. Дәл қазіргі уақытта ҚазҰудың 1 курс студенттері онлайн платформаға ауысты. Соған байланысты универ жүйесін енгізді. Бұл студенттер мен оқытушыларға ыңғайлы. Тапсырмаларды енгіземіз, ҚазҰудағы кітапханадан онлайн кітаптар оқи аламыз, күндерлікті сабаққа қатысқан балдарымызды көре аламыз т.б. мүмкіншіліктер бұдан да көп. Сонымен университетімздегі шет тілі білімін айта кетсек, біз ағылшын сабағын қызықты өтеміз, граматикалық жаттығуларды орындаймыз, ағылшынша видеол... |
Толығырақ... Оқылды: 1207 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.11.2021 |
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті |
Мен Абдрұзақ Айнұр неліктен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін таңдадым? ҚазҰУ еліміздегі және Орталық Азиядағы ең мықты және ең үлкен оқу орны болып табылады.Себебі, университетте жоғары дәрежелі ұстаздар білім береді. Нақты айтсақ, онда 1000 нан астам ғылым докторлары мен кандидаттары, 100 академик пен 50 философия докторлары жұмыс істейді. Қазіргі таңда уиверситетте 16 факультет, 32 ғылыми зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк пен әскери кафедра бар. Оқу орны 86 мамандық даярлап шығарады. Оқу орнының беделін көтеретін жетістіктері көп, оның бірі осы 2021 жылғы QS World University Rankings жаһандық рейтингісінде 800 университтердің ішінен 165-ші орынға көтерілуі. Университте студенттің өмірін қызықты әрі тиімді өткізуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Орта Азиядағы ең үлкен кітапхана, Интернет орталығы, Студенттер сарайы, Спорт кешені, кинотеатр, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Фуд-корт. Ия, ия, осының барлығы Әл-Фараби университетінд... |
Толығырақ... Оқылды: 1206 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.11.2021 |
Қазақстанда медициналық ұйымын еркін таңдау науқаны жалғасып жатыр. |
Қазақстанда медициналық ұйымын еркін таңдау науқаны жалғасып жатыр. Ол үшін жеке куәлік қана керек. Ал жеңілдігі бар азаматтар үшін мәртебесін растайтын құжат (зейнетақы куәлігі, қорғаншылық құжаттар, туу туралы куәлік және т.б.) болса жеткілікті. Емханаға тіркелу үшін келесі үш тәсілдің бірін пайдалана аласыз: 1. медициналық ұйымға тікелей жүгіну; 2. egov.kz порталы арқылы; 3. ХҚО-ға келіп өтініш беру арқылы. Әрине, мұны egov.kz порталында жасау оңайырақ, әрі жедел. Электронды порталда авторизациядан өткен соң, басты беттегі «Денсаулық сақтау» бөлімінен қызметтің атауын табасыз. Ары қарай қызметке онлайн тапсырыс берңп, ЭЦҚ-мен қол қоясыз. Жауап жеке кабинетіңізге бір күнде келіп түседі. Емханаға еркін тіркелу 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында жүргізіледі. Қызмет тегін көрсетіледі. |
Толығырақ... Оқылды: 2006 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2021 |
Әлеует жүгін арқалаған әлеуметтік сала |
Мүмкіндігін тағдыр тарылтқан жандардың көңілін аулау - кімнің болса да кісілік парызы. Бұл ретте, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің рөлі ерекше. Олар жан жылуын сыйлап, шамаларынша кез келген жәрдемін жасайды. Сондықтан, көмекке мұқтаж жандар мен әлеуметтік сала өкілдерінің өзара байланысы да бекем, мерекелері де мазмұндас. Жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтеді. Əлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда қоғамда болып жат¬қан оқиғалардың дені осы əлеуметтік мəселе төңірегінде туындап жататыны шындық. Əсіресе, «əлеуметтік» ұғымымен қорғау, көмек, қызмет, оңалту, ортаға əсер ету, қамсыздандыру, паналау орны, диагноз, қолдау, педагогика, қызметкер секілді қатарлас қолдан¬ылатын тіркестер құлବғымыз¬ға сіңісті болып кетті. Десек¬ те,¬ бұлардың бəрінің астарында қоғам өмір¬інде болып жат¬қан мəселелерге атүс¬ті қарамай, мем¬лекет... |
Толығырақ... Оқылды: 1499 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2021 |
АТА-АНАНЫҢ БАЛАҒА БЕРЕР ЕҢ ЖАҚСЫ СЫЙЫ - ТӘРБИЕ |
«Ел болам десең, бесігіңді түзе», дейді ұлы Мұхаң (М.Әуезов). Осы орайда еске түсетін жайт, халқымыз ежелден бала тәрбиесіне көңіл бөлген, болмысынан бекзат, тумысынан текті халық. Осы тектіліктің түп негізінде ұрпақ тәрбиесі, яғни ұлттық тәрбие деген ұғым жатқаны ойға оралады. Бұл ұғым да біз үшін аса қасиетті де қастерлі. Өйткені, біздің ұрпақтарымыз – ата салт-дәстүрмен сусындаған, осы ұлттың тәрбиесімен жетіліп, туған тілімен санасы оянған азаматтар. Халқымыздың қанында жер жүзіндегі басқа халықтарда сирек кездесетін теңдесі жоқ адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, қонақжайлылық сияқты адами қасиеттер басым екендігі даусыз. Ерте кезден-ақ әрбір халық балаға тәрбиені оның бесікте жатқан кезінен бастап, халықтық жырлар мен әңгіме, ертегілер арқылы бере бастаған. Олар өскен соң, қоршаған ортаның ішкі құпиясын ғылым жолымен сезініп білмесе де, жапан дала, құла түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап бағыт алып, адаспай кете беретін болған. Жастайын... |
Толығырақ... Оқылды: 1489 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2021 |
Тәуелсіздік-тірегім |
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Тәуелсіздік-тірегім” атты онлайн концерт өтті. |
Толығырақ... Оқылды: 1591 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.10.2021 |
Қазыналы қарттарға құрмет |
«Қариясы бар ел - қазыналы ел» демекші, қарттардың ақыл-парасаттылығына кейінгі ұрпақ– біз әрдайым мұқтажбыз. Қарт дегеніміз– ағып жатқан дария іспетті. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қариялардың да білетіні соңдай терең. Соғыс жылдарында ата-бабаларымыз сонау ел басына қиын-қыстау күн туып, «ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен» аласапыран заманда халқының тыныш өмір сүруі үшін қасық қаны қалғанша ел қорғаған. Ал бүгінгі қарияларымыз сол батырлықты, отаншылдықты ту еткен, елі үшін аянбаған ардагерлеріміздің тікелей ұрпақтары, соғыс аяқталса да соғыстан кейінгі кезеңді бастан кешкен, ауыр еңбекпен, жоқшылықпен есейген ұл-қыздарымыз. Кеңес жылдарында қай ауылда болмасын бос отырған жас буын болмады, оқуға бейімдері институттарда оқып білім алса, орта білімділер кәсіптік училищелерде оқып мамандық иелері атанды. Сол кездері еңбектеніп, уақытын текке өткізбегенінің арқасында ұрпақтары бейбіт өмір кешуде. 1 қазан – Халықара... |
Толығырақ... Оқылды: 1716 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.10.2021 |