ӘЛЕУМЕТ

Қайтыс болу туралы анықтаманы қалай алуға болады?

Жақын адамынан айырылу әр адамның өміріндегі қайғылы оқиға. Қайтыс болған адамды жерлеу, жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау, оның зейнетақы жинақтарын алу және мұраны ресімдеу кезінде ұсыну үшін тиісті анықтама қажет болады. Жақындарынан айырылған қазақстандықтар оны онлайн режимінде ала алады.
Толығырақ... Оқылды: 1443 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.10.2021

ХҚО-ға бармай-ақ 5 минутта қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама алуға болады

ХҚО-ға бармай-ақ 5 минутта қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама алуға болады. Ол үшін бірнеше қарапайым қадамдар жасау керек: egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама алу» қызметіне онлайн сұраныс беріңіз. Ары қарай деректерді толтырып, ЭЦҚ немесе бір реттік смс-парольдің көмегімен өтінімге қол қойыңыз. Анықтамаңыз 5-10 миинутта дайын болады.
Толығырақ... Оқылды: 1424 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.10.2021

Жылжымайтын мүлікті екі сағат ішінде тіркеуге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бастамасымен ҚР Әділет министрлігі Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізді. Енді нотариуста жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жасалған мәміледен кейін клиент қалауы бойынша қосымша ақы төлеп, қызмет нәтижесін төлем жасалған сәттен бастап екі сағат ішінде жеделдетілген тәртіппен ала алады. Қызмет көрсету уақытын қысқарту әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді. Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» Каѕрі компаниясымен бірлесіп, жылжымайтын мүлікті нотариустарда тіркеген клиенттер үшін Кaspi.kz қосымшасында қызмет ақысын төлеу мүмкіндігін іске асырған болатын. Анықтама: Әділет министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер 2021 жылғы 17 қыркүйектен б...
Толығырақ... Оқылды: 1435 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.10.2021

Паспорт пен жеке куәлікті QR код арқылы төлеңіз

Паспорт пен жеке куәлікті ресімдеу кезінде мемлекеттік бажды QR код арқылы төлеңіз Құрметті қызмет алушылар! Енді барлық ХҚО-ларда паспорт пен жеке куәлікті ресімдеу кезінде мемлекеттік бажды кассаға жүгінбей, QR код арқылы төлеуге болады Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері 584 тг, паспорт үшін – 23 336 тг құрайды. Азаматтарға арналған үкімет QR арқылы төлем жасау мүмкіндігін 2020 жылдың қараша айында енгізді. Бүгінде клиенттер 146 Мемлекеттік қызмет түрін осы тәсіл арқылы төлей алады. Айта кетейік, мемлекеттік тізілімдегі 690 қызметтің 662 қызмет түрі корпорация арқылы көрсетіледі. * төлем Homebank және Kaspi.kz қосымшалары арқылы қолжетімді Ответить всем Ответить Переслать
Толығырақ... Оқылды: 995 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.10.2021

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР-ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия оқушылары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты акцияға қатысты. Акция аясында сынып сағаттар, суреттер көрмесі безендірілді. Оқушылар Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздерінің пайда болу тарихы және оның қоғамның саяси өміріндегі маңызы мен рөлімен танысты. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас нышандары. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді», - деп атап өткен болатын. «Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтанышымыз» тақырыбы аясында өткен шаралар барысында мемлекеттік рәміздердің әрбір элементі мен тарихи маңыздылығы, философиялық мәні туралы дәйекті түрде мәлімет берілді. Ұлжан Әдібаева, Қ.Қ.Жалайыр...
Толығырақ... Оқылды: 1698 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021

Депутаттар құрылыс нысандарын аралады

Бүгінде елімізде баспана мәселесі өте өзекті. Баспаналы болғысы келетін адамдардың саны жылдан-жылға артуда. Мемлекет тарапынан бұл түйткілді шешу үшін қажетті бағдарламалар қабылданып, тиісті шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Мемлекет халықты, оның ішінде осал топты, жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Ауданымызда бұл бағытта жұмыс жүргізілуде. Соңғы жылдары аудан аумағындағы бес қабатты тұрғын үйлер, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер ел игілігіне пайдалануға берілсе, биыл бірқатар әлеуметтік нысан бой көтермек. Олардың қатарында мектеп те, тұрғын үй де бар. Ауданда құрылыс жұмыстары қалай жүріп жатыр? Жұмыстың сапасы қандай? Осыны білу мақсатында аудандық мәслихаттың хатшысы Әлдибек Досымбеков, Ғалым Байжұманов, Қалибек Алпысбаев, Курбан Гаджиев және облыстық мәслихат депутаты Секенбай Шеңгелбаев құрылыс нысандарын аралап көрді. Балпық би ауылындағы бес қабатты 60 және 20 пәтерлі тұрғын үйдің, Талапты ауылындағы шағын футбол а...
Толығырақ... Оқылды: 1630 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021

Қарттарым-асыл қазына

«Даламның иісі бұрқырап», Қарттарым, аман – сау жүрші!» - деп ақындар жырлағандай Мұсабек ауылдық округінің әкімдігі мен ауыл ақсақалдар ұйымының ұйымдастыруымен Мұсабек ауылының «Нұрлан» кафесінде қарттар күніне арналған дастархан жайылып, осы округке қарасты ауылдардың аяулы ата – әжелеріне арнайы құрмет көрсетілді. Мәңгі өмір жоқ, бірақ мәнді өмір бар – демекші, үйде немере – шөберелерінің қасынан шықпай отырған ата – әжелеріміз өздерінің қазақи дәстүр – салтымен бір – бірімен шүйіркелесіп, жиналған жұрт отырысының сәнін кіргізді. Алғашқы сөз алған Мұсабек ауылдық округіне жаңадан әкім болып сайланған Тантыбай Ербол, ауылының ата – әжелерінің өмірдегі ең қымбатты жандар екенін, жастар тәрбиесіндегі көрсететін ықпалының ерекше екенін айта келе, ұзақ ғұмыр тілейтінің айтып құттықтады. Сонымен бірге осы іс – шараны өткізуге демеушілік көрсеткен кафе иесі Өзенбаев Дүйсенбайға, шаруа қожалықтарының иелері...
Толығырақ... Оқылды: 1547 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021

Ұстаздар ұлықталды

Елдің дамуы оның білім беру жүйесі арқылы бағаланатын болады», деген сөз жайдан-жай айтылмаса керек. Себебі мемлекеттің мерейін өсіріп, мәртебесін арттыратын адам болса, сол адамды маман қылып шығаратын, шынықтыратын мектеп. Білім мен тәрбиенің тал бесігі. Осы бесікті тербетіп, ақылын аямайтын, шәкіртін аялайтын ұстаздар десек жалған болмас. Күні кеше аудандық Мәдениет үйінің төрінде еңбегі еленген үздік ұстаздарды Жамбыл Бейсенбай марапаттады. Ұлтқа мақтаныш, ұжымға сыйлы болып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде талмай талпынып жүрген ұстаздар қауымын марапаттау рәсімінде аудан әкімінің су жаңа орынбасары өзі де ақтарыла сөйлеп, ағынан жарылды. «Мұғалім – ұлы мамандық иесі. «Ұстаз» деген ұғымда ұлылық та, жылылық та бар. Өйткені алдарыңызға тарыдай болып келген бала таудай азамат болып шығады. Бүгінгі таңда білім беру саласының алдында Мемлекет басшысының тапсыруымен жаңа да жауапты міндеттер тұр. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Ұстазға құр...
Толығырақ... Оқылды: 1553 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021

Өнегелі отбасы - мемлекет тірегі

«Білім — біліктілікке жеткізер баспалдақ, Ал біліктілік — сол білімді іске асыра білу дағдысы» А.Байтұрсынов Мектеп... Шәкірт...Ұстаз... Осы үш сөз бір арнаға тоғысқандай. Бұл қаламның басы мен ұшы сияқты, егіз жүретін түсінік. Мектеп пен шәкірт... Ал, осы екі ұғымға жан бітіретін құдірет иесі әрине, – ұстаз. «Мектеп – білім тірегі, ұстаз оның жүрегі» деген тіркес осы сөздерімнің мәнін ұқтырғандай. Ұстазды ақылдылық пен көрегенділіктің бейнесі деп білемін. Ұстаз – зор тұлға ол күннің құдіретті сәулесі іспеттес. Барша шәкірттің тұла бойына білімінің биігін сыйлай отырып, қаншама жанның жүрегінен орын алатын, өз өмірін өзгенің болашағына арнайтын ақылдың тозбайтұғын асылы. Бойындағы бар білімі мен ақылы, арман мен мақсаттарын орындай жүріп, шәкірт жүрегінде мәңгі сақталатын бейне де осы – ұстаздікі. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін, ең бастысы жауапкершілігі жоғары мамандықтардың бірі ұстаз болу екені ақиқат. Өйт...
Толығырақ... Оқылды: 1577 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021

Төскейді төлге толтырып

Бейбіт қоғамда бейнетшіл пендеге қандай кәсіппен айналысамын десе де қолайлы жағдай жасалған. Тек ниет пен тәуекел керек. Қайшы алып шаш қисаңыз да, қамшы алып төрт түлік соңына түссеңіз де, дүкен ашып саудамен айналысамын десеңіз де, ешкім бетіңізден қақпайды. Керісінше, мемлекет тиімді жобалар ұсынып, несие беруде. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ауылда іске асырылатын кәсіптің барлық түріне төмен пайызбен несие береді. Несиелендіру мерзімі 6,5 жылға дейін. Кәсіп бастағандарға жеңілдік мерзімі қарастырылған. Кепілдікке ауылдық жерлердегі мүлкін де қоюға болады. Бір сөзбен айтқанда, несие алудың шарттары жеңіл, талаптары қиын емес. Ауыл тұрғындарының кәсіппен айналысуына мемлекет барынша қолдау көрсетеді. Ауданымызда мемлекеттің қолдауы арқылы өз істерін ашқан бірқатар кәсіпкерлер бар. Мәселен, 2020 жылы-174 млн 600 мың несиені 48 адам алса, 2020 жылдың он айында 61 адамға-193 млн 950 мың теңге берілген. Мамандардың айтуынша жыл соңына дейін тағы 50 млн теңге қаражат кәсіп а...
Толығырақ... Оқылды: 1352 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.