ӘЛЕУМЕТ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАҢАША КӨЗҚАРАСПЕН

Жас ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу– қазіргі замандағы өзекті мәселенің бірі. Біздің болашағымыз – жас ұрпақтың, адамгершілік қасиеттермен тәрбиеленуі. Қазіргі таңда ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көңіл аудара отырып, сапалы білім беру талаптары қойылып отыр. Оның ішінде мектепте сапалы білім алуы мектепалды дайындығына және балабақша мен бастауыш мектептің сабақтастығымен тығыз байланысты. Білім саласындағы өзара байланыс бұрыннан да талап етілуші еді. Бірақ , ол кездегі бағдарламалар көп жыл бойы өзгермейтін, сондықтан ата-ана да, балабақша да бастауыш мектеп талабын біліп отырды. Ал, қазір бағдарламалар, технологиялар үнемі өзгеруде. Әр салада мамандар өз беттерімен жұмыстануда. Ұлы педагог А.А. Сухомлинскийдің «Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны оқытуға, тәрбиелеуге болмайды», -деген нақты тұжырымы сабақтастықтың керектігін көздейді. Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде...
Толығырақ... Оқылды: 1215 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2021

Сапасы сын көтермейтін халыққа қызмет көрсету орталығы

Еліміздің басты байлығы Ата Заңымызда тайға таңба басқандай көрсетілген Адам, оның құқықтары мен бостандықтары - ең қымбат құндылық. Мемлекетіміз Қазақстан Республикасы болып өз егемендігіне қол жеткізгеніне биыл тұп-тура 30 жыл. Осы жылдарда Көксу ауданында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Ел еңсесін тіктеп, халықтың әл-ауқаты арта түсті. Жерлестеріміз балаларын жаңа немесе күрделі жөндеуден өткен білім ордасына беріп, сапалы, заманауи жабдықталған емхана, ауруханадан ем-домын алып реттеле бастады. Бүгінгі күннің басты саласына айналған, алайда жағдайы сын көтермейтін ауданымыздағы «Азаматтарға арналған үкімет» халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының қазіргі жай күйі өкінішке орай көңіл көншітерлік емес. Халықтан алынған сауалнамада ғимараттың тар екендігіне, қызмет көрсету терезелерінің аздығына және ішке сыймаған адамдар сыртта кезекте тұруға мәжбүр болғанына наразылық тудырған. Аудан халқының саны соңғы он жылда едәуір артқан. Оған қоса цифрландыру саясаты жұмылғанға...
Толығырақ... Оқылды: 1227 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2021

«Қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда «оралман» термині ресми түрде «қандас» деп ауыстырылды. Бұл мәртебені ХҚО арқылы да алуға болады. Ол үшін сізде келесі құжаттар болуы керек: - толтырылған өтініш (үлгісін Egov-тан жүктеуге болады) - еркін түрде жазылған өмірбаян - сіздің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың қазақ немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмелері - жергілікті атқарушы органның мәртебе беруге келісімі - Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі фотосуреті Егер барлық құжат дұрыс болса, мәртебе 5 жұмыс күні ішінде беріледі. Мәртебенің жарамдылық мерзімі бір жылды құрайды, содан кейін оны ұзартуға немесе ҚР азаматтығын алуға құжаттар тапсыруға болады. Толық ақпарат алу үшін 1414 call-орталығына хабарласуға болады. Қандастар – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін шетелдегі тұрақты жерінен елімізге оралған этникалық қазақтар. Қазақстанға келгеннен кейін оларға &laqu...
Толығырақ... Оқылды: 1304 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.09.2021

Kaspi.kz-пен бірігіп енгізген жаңа сервис

Азаматтарға арналған үкіметтің Kaspi.kz-пен бірігіп енгізген жаңа сервисінің арқасында жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдей түседі. Енді нотариуста жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасасқан клиенттер мемлекеттік бажды Kaspi.kz қосымшасында бірден төлей алады. Ол үшін нотариус берген түбіртектегі QR кодты сканерлеу қажет немесе қосымшадағы "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі арқылы төлем жүргізуге болады. Бұрын нотариаттық мәміле жасалғаннан кейін нотариус құжаттардың электрондық көшірмелерін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі арқылы жіберетін. Содан кейін мәміле рәсімін аяқтау үшін клиенттер мемлекеттік бажды банкке немесе "Қазпошта" кассаларына барып төлеп, төлем чегін нотариусқа қайта әкелуі тиіс-тін. Жаңа қызмет нотариусқа қайта оралу қажеттілігін жояды. Қазақстандықтар өз уақыттарын айтарлықтай үнемдейді. Бүгінде жылжымайтын мүлікті тіркеуге өтінішті ХҚО немесе нотариус арқылы да беруге болады.
Толығырақ... Оқылды: 1165 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.09.2021

САҚТАНСАҢ САҚТАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтің Қазақстан халқына 2021 жылғы Жолдауын аса құрметпен тыңдап, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алдық деп ойдамын. «Қазақтанның ең басты байлығы ол азаматтарымыз!» Осы орайда тұрғындардың денсаулығын сақтау басты назарда. Медицина саласында жұмыс істейтін азамат ретінде жанымызға бататын мәселе ол әрине тұрғындардың арасындағы коронавируска қарсы екпеден бас тартуы. Коронавирусқа шалдыққан тұрғындардың саны төмендеген жоқ, ауруханада жатқан науқастарымыздың саны азаймады, өлім-жітім де орын алуда. Жан сақтау бөліміндегі науқастардың 100 пайызы екпе алмағандар, екпе алғандардың ауру жұқтыруы мүмкін, бірақ олар жеңіл түрде ауырып немесе симптомсыз түрінде анықталады. Осы орайда індетті тоқтатудың ең кұрделі жолы – ол тек қана екпе. Аудандық ауруханада,ауылдық амбулаторияларда вакцина алушыларға таңдау жасауға мүмкіндік бар, 3 түрлі вакцинаның қоры жеткілікті – ол отандық «Gaz-Covid-in», қытайл...
Толығырақ... Оқылды: 1158 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021

ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ

Еліміз Тәуелсіз ел болған отыз жылда Қазақстан халқы жыл сайын асыға күтетін, дәстүрге айналған бір жасампаз іс бар. Ол - Ел Президентінің өз отандастарына арнайтын жыл сайынғы Жолдаулары. Әрбір Жолдаудың өз ерекшеліктері бар. Парламент қабырғасында жарияланған биылғы Жолдау елімізді одан әрі дамытуға арналған стратегиялық құжат ретінде танылды. Себебі: Жолдауда саяси, әлеуметтік, экономикалық өсіп өркендеудің барлық жолы көрсетілген. Әсіресе ең төменгі жалақы мөлшерін 42500 теңгеден 60 мың теңгеге өсетіні, ел дамуының 2025 жылға дейін нақты бағытын айрықша атап көрсетті. Ең бастысы жас кадрларды қолдау, оның ішінде агро кәсіпкерлерді, ІТ мамандарын ерекше атап көрсетті. Сонымен қатар мүсіншілерге, музыканттарға, суретшілерге, барынша қолдау көрсетілуін тапсырды. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі жаңа бағыт алып келетін жастар толқынын жұмысқа алуға шақырды. Бұл идея елімізде жұмыссыз жүрген білікті мамандар үшін үлкен мүмкіндік. Жолдау жайлы көп айтуға болады. Жалпы ой қорытып ай...
Толығырақ... Оқылды: 1039 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021

ЖАЛАҚЫ КӨБЕЙЕДІ

Көксу аудандық кітапхана қызметкерлері Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2021 жылы 1-ші қыркүйекте «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын зор ілтипатпен қабылдады. Жолдауда еліміздің алдағы уақыттағы жоспары айқындалған. Президент айтқан және қабылдаған шаралар шетінен жүзеге асып жатыр. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев осы Жолдауын Қазақстан тарихындағы жаңа белестерді бағындыруға арналған құжат екенін атап айтты. Сонымен қатар мәдениет саласына ерекше көңіл бөлінетінін де атап өтті. Мәдениет оның ішінде кітапхана мамандарының жалақысын 2022-2025 жылдар аралығында әр жылы 20 пайызға көтеру туралы нақты ұсынысы кітапханашылардың мәртебесін бір көтерді. Иә, жалақы өседі дегенді естідім. Қуантады. Әсіресе, кітапханашы, суретші секілді жұмысы аса жауапкершілікті талап ететін мамандық иелерінің еңбегі еленіп жатқаны қуантады. Осы орайда, Мемлекет басшысының кітапхана ісіне қолдау көрсетуі – кітапхана жұмысы үшін жасалған жақсы кө...
Толығырақ... Оқылды: 1066 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021

ЖОЛДАУ: ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні Ақорда сайтында жарияланды. «Қымбатты отандастар! Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері! Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз. Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жа...
Толығырақ... Оқылды: 1127 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021

Кісілігі мен кішілігі – таудай дәрігер

...Пенде болған соң, ауырмай тұрмайсың. Жаның қысылып, тынысың тарылғанда, ауруға араша тұрар ақ желеңді абзал жандарды іздейтінің де өтірік емес. Қазіргі: «Сананы – тұрмыс билеген» қым-қуыт заманда, көптеген адами құндылықтар, күнделікті түйткіл- тіршіліктің тасасында қалып қоятыны өкінішті. Жақынына жақсылық жасамақ түгілі, сырқаттанып қалсаң, хал сұрауға жарамайтын дос- жаранды да, беймаза көңіліңді аулап, рух берер жақсы сөзін қимайтын ағайынды да кездестіріп жүрміз... Жақсы адамның – жақсы атын атауға да қиналамыз, мақтап- мадақтауға, марапаттауға да қимаймыз... Ащы да болса – шындық!!! Ондай қайырымсыз жекжаттардың қасында, алдына: «сіркең су көтермей» жаның қиналып барғанда, жайдары қабағымен қарсы алып, бір- екі ауыз жылы сөзімен жаныңды жадыратып, ауруыңды ұмыттырып жіберетін дәрігерлердің барына шүкіршілік жасайсың. Іштей, өмірде әлі де «жақсы адамдар» бар екен ғой деп, бір сәт ойланып, қуанып, марқайып қаласың... Сон...
Толығырақ... Оқылды: 1092 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021

БАЛАЛАРҒА ӘЛІППЕ ТАБЫСТАЛДЫ

Аудандағы білім ұяларында 1 қыркүйек алғашқы қоңырау соғылды. 1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерге әліппе табысталды. Сақтық шараларына сәйкес, мектептерде өткен арнайы жиынға 1-сынып оқушылары мен ата-аналар ғана қатысты. Олардан өзге сыныптар кабинеттерде тәрбие сағатын өткізді. Жетіжал орта мектебінде биылғы оқу жылында 185 оқушы білім алады. Оның 15-і 1-сыныптың балалары. Әліппе оқулығын мектеп директоры Әділет Нұрғалиев санитарлық талаптарды сақтай отырып арнайы табыстады. Зере Нұртаза, Жетіжал орта мектебінің 1-сынып оқушысы: -Мен мектепке келгеніме өте қуаныштымын. Әліппені берген кезде өте қатты қуандым. Енді сабақты жақсы оқимын. Дария Абек, ата-ана: -Бүгін қызымды бірінші сыныпқа әкеліп отырмын. Пандемия кезінде өздеріңіз білесіздер, балалар мектепті сондай сағынып қалды. Сондай қуаныштымын. Өзімнің қызыма да, басқа балаларға да тілерім аттаған қадамдары құтты болсын! Мектепте сақтық шаралары қатаң сақталған. Күзет қызметі жаңартылып, арнайы мамандар тартылған. Ғимарат...
Толығырақ... Оқылды: 1095 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.