ӘЛЕУМЕТ

БРИФИНГ

2021 жылдың 23 тамызында Департамент басшысы С.Қабимолдаева облыстың мемлекеттік мектептеріне кешенді мониторинг жүргізу қорытындысы және жаңа оқу жылына дайындық бойынша брифинг өткізді. Мектептердің білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі, оның ішінде медициналық қызмет көрсету, тамақтану объектілерінің болуы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік мектептерді санитариялық-гигиеналық жағдайлармен жарақтандыру, мемлекеттік мектептерде бейнебақылаудың болуы және бейнебақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкестігі, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері зерделенді. Жаңа оқу жылы қарсаңында бұл ең өзекті мәселе болып табылады. Кешенді мониторинг қорытындысы осы бағыттардағы проблемалық мәселелердің бар екенін көрсетеді. Департамент мониторинг нәтижелері туралы жергілікті атқарушы органдарды уақтылы хабардар етеді. 2021 жылғы шілде-тамыз аралығында ЖАО-ға проблемаларды шешу жөнінде шаралар қабылдау үшін мектептер бойынша ахуал толық бая...
Толығырақ... Оқылды: 1353 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2021

Конституция– мемлекеттің басты тұғыры

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Ел Конституциясы – Қазақстан халқының баға жетпес байлығы, ұлт бірлігінің ұйтқысы. Бұл күн – жалпыұлттық мереке. Кемел келешектің кепілі болған Ата Заң халқымыздың қорғаны, бейбіт өмірдің береке бастауы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің Тәуелсіздік тарихы – татулық пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім шежіресі, мызғымас бірліктің жылнамасы. Байлық та, бақыт та – бірлікте»,- деп атап көрсеткен болатын. Конституция қолданысқа енген 26 жыл ішінде мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қалап, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етумен қатар ел экономикасың еселеп артуына сара жол ашып, өндіріс орындарының заман ағымына сай өсіп-өркендеуіне тың серпін берді. Шын мәнінде, халқымыздың бүгінде қол жеткізген жетістігі – Ата Заң аясында атқарылған ауқымды істердің жемісі. Мемлекет басшысы Қа...
Толығырақ... Оқылды: 1091 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2021

ХҚО-лар мен автоХҚО-лар клиенттерді міндетті брондаусыз, Ashyq жүйесі арқылы қабылдай бастайды

Достар, 23 тамыздан бастап ХҚО-лар мен автоХҚО-лар клиенттерді міндетті брондаусыз, Ashyq жүйесі арқылы қабылдай бастайды. Санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұраймыз – бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз және санитайзерлерді қолданыңыз. Біз талон беру жүйесін Ashyq-пен біріктірдік. Сондықтан, егер сіз Ashyq жүйесінде қандай да бір себептермен сәйкестендірілмеген болсаңыз және одан әрі талондар беру аймағына өтсеңіз, сіздің ЖСН нөмірі теріліп, қауіпті мәртебе анықталған жағдайда, бағдарлама талонды басып шығармайды. ХҚО-ға өзіне ыңғайлы уақытта баруды жоспарлайтындар үшін электронды брондау мүмкіндігі сақталады.
Толығырақ... Оқылды: 1355 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2021

Балабақшада заттық дамытушы ортаны қалыптастыру

Біздің дана халқымыз қашан да бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған. «Бала – біздің болашағымыз. Болашағына немқұрайлы халықтан ештеңе күтуге болмас» деп, профессор Б.Кенжебаев айтқандай, біздің, яғни тәрбиешілердің алдында бір-бір еліміздің болашақ елеулі азаматтары отыр, сол себепті біз бала тәрбиесіне, берілетін білім сапасына бей-жай қарауға еш құқығымыз жоқ. Қазіргі таңда заман өте қарқынды дамуда. Осыған орай тәрбиешілер де үнемі ізденіс үстінде болу керек деп ойлаймын. Алдымызда отырған әр баланың қай-қайсысын болмасын бар жүрегіңмен, мейіріміңмен тәрбиелеп, дамытып, білім нәрін сусындатар болсақ, әрине де жұмысымыз нәтижелі болмақ. Біздің басты міндеттеріміздің бірі – баланы жан-жақты дамыту. Балаға жеткілікті деңгейде сапалы білім беріп, оның дене дамуына ықпал ету мақсатында біздің балабақшамыздың әр тобында заттық дамытушы орта құрылған. Заттық дамытушы орта өзі үш бөлімнен тұрады: танымдық орта, эмоционалдық орта және еркін орта. Бұл ортан...
Толығырақ... Оқылды: 1944 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.08.2021

Жылыту маусымына дайындық басталды

Төтенше жағдайлар департаментің қызметкерлері адам өмірі мен денсаулығын, меншікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау бағытында өрт қауіпсіздік шараларын ұдайы өткізіп келеді. Оның ішінде тұрғын үйлердегі тұрмыстық жағдайдағы от жағу пешінің қауіпсіздігі және көмірқышқыл газына уланудың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Осы орайда, 17-і тамыз күні аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында аудандық әкімдік және «Нұрлы Көксу» газетінің тілшісінің қатысуымен «Жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу» тақырыбында брифинг өтті. Жиында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Елжас Қуанышұлы сөз алып, аудан аумағында өрттердің жағдайы туралы және жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу бойынша ағымдағы жылдың 15 тамызынан 15 қыркүйек аралығында жылыту маус...
Толығырақ... Оқылды: 1416 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.08.2021

Білім және ғылым - елдің тұрақты дамуының кепілі

ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасындағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның жедел ақпараттануы мен дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім беруді заман талабына сай жаңғырту қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, Қазақстан экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту және білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру – Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты бағыты болып отырғандығын ерекше атап көрсеткен. Сондықтан да еліміздегі білім беру жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кіру шарттарына сәйкес жаңғырту қажеттілігі туындады, яғни ғылыми технологиялар қарыштап дамыған жаһандану дәуіріндеуақыт талабына сай білім беру жүйесін жетілдіру, оқытудың сапалық деңгейін арттыру, білім беру оры...
Толығырақ... Оқылды: 1849 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.08.2021

ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН КЕЗ КЕЛГЕН КҮРЕСКЕ САҚАДАЙ-САЙ ТҰРУЫМЫЗ КЕРЕК

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік.Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуықажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Азаттықтың ақ таңы арайлап атқанына биыл 30 жыл. Егемендік алғалы еліміздің жеткен жетістігі, алған асуы, бағындырған белесі бір төбе екенін зор мақтанышпен айтуға болады. Әлем елдері Қазақстан Республикасы деген жас мемлекеттің күн санап дамуына қызыға да, қызғана көз салатын болды. Бірлігі мен берекесі жарасқан қазақтың кең-байтақ қасиетті жерінде 130-дан аса ұлт өкілі бір атаның баласындай тату-тәтті ғұмыр кешуінің өзі сыйластық пен достықтың символын көрсете білді. Бұл – біздің үлкен жеңісіміз бен жетістігіміз. Қазақ халқы Тәуелсіздіктің арқасында дербес мемлекет құра білді.Шын мәнінде мемлекет құраушы ұлтқа айналғанын зор мақтанышпен айтуға болады. Бұл еліміздің болашағы үшін әрбір азаматқа ерекше жауапк...
Толығырақ... Оқылды: 1156 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.08.2021

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТЫҢ ЖОБА ҰСЫНҒАН ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ БЕРІЛДІ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Алматы облысында «Жас ғалым» ғылыми-инновациялық жобалар байқауы өтіп, оған 30-дан астам жас өздерінің түрлі саладағы ғылыми еңбектерін ұсынды. Олар жасыл энергетиканы дамыту, білім саласына инновация енгізу, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуін жеңілдету және басқа да бағыттарда еңбектенген. Жеңімпаздарды Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев марапаттады.Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Алматы облысының жастар саясаты мәселелерібасқармасының мәліметіне қарағанда «Жас ғалым» ғылыми инновациялық байқауы өңірдегі жастардың бастамаларын қолдау мен олардың ғылыми әлеуетін арттыруды мақсат етеді. Байқауда 8 жас дара шығып, олар 300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақшалай сыйлықтармен марапатталған. Мәселен, Тимур Рақысбаев «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған "Zerdeli bala" оқыту мобильді қосымшасы» жобасын...
Толығырақ... Оқылды: 1122 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.08.2021

Құрметті қызмет алушылар!

23 тамыздан бастап Ashyq қосымшасының көмегімен халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімдеріне және мамандандырылған бөлімдерге бронсыз бару мүмкіндігі болады. НАЗАР АУДАРАМЫЗ, алдын ала бронь алған клиенттерге басым тәртіппен қызмет көрсетілетін болады.
Толығырақ... Оқылды: 1115 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.08.2021

Тамыз - ата-аналар үшін қарбалас уақыт. Балаларды мектепке немесе балабақшаға орналастыратын кезең.

Баланы балабақша кезегіне қою қазір өте оңай - құжаттарды бірнеше платформа арқылы онлайн беруге болады, оның ішінде Egov порталы да бар. Сізге бұл үшін интернетке қосылған гаджет те жеткілікті. Мұны Egov.kz порталы арқылы қалай жасауға болатындығы туралы нұсқаулық: 1. Порталда авторизациядан өтіңіз, "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" қызметін таңдаңыз 2. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өтіңіз; 3. Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль арқылы қол қойыңыз(МАБ-та міндетті түрде тіркелу керек). 4. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы "бөлімінде) өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысыңыз. Өтінімді толтыру кезінде сіз өзіңіздің (ата-ана немесе баланың заңды өкілі) кім екеніңізді көрсетуіңіз қажет. Бұдан кейін кезек түрін, реттік нөмірін, мектепке дейінгі ұйымға жолдама нөмірін, өз өңірін, ауданын/қаласын, мектепке дейінгі мекеменің түрі мен ат...
Толығырақ... Оқылды: 1021 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.08.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.