ӘЛЕУМЕТ
Жылжымайтын мүлік техпаспортын қалай алуға болады? |
Егер сіз пәтер сатып алсаңыз, үй немесе кез келген басқа жай салсаңыз, міндетті түрде объектінің төлқұжатын алуыңыз керек. Бұл сіздің жылжымайтын мүлікпен байланысты кез келген сауда-саттық үшін ең маңызды құжат. Оны екі тәсілмен: ХҚО арқылы немесе eGov порталы арқылы алуға болады. Әр әдіс туралы егжей-тегжейлі айтып өтейік. ХҚО арқылы: - жылжымайтын мүлік бар болған жағдайда қолданыстағы техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттар - техникалық паспорт үшін төлемді растайтын құжат. Ол екі кезеңде ұсынылады: 1) Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш берген кезде төлем баға прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша қызметтің базалық құны түрінде жүргізіледі; 2) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын алған кезде баға прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмыс үші... |
Толығырақ... Оқылды: 998 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.08.2021 |
Шетелде діни білім алудың қаупі қандай? |
Қазіргі таңда шетелдерде білім алу қазақ жастары үшін қолжетімді жағдайға айналған. Тіпті, екінің бірі мектеп бітіре салысымен шетелге барып білім алып жатқандықтан, бұл жағдай ешкімді де таңқалдырмайтын болды. Сол себептен де кейінгі кезде қалаған елінде, қалаған мамандығында оқып, ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейтіп жүрген білімгерлердің қарасы қалың. Бүгінде кей елдерде шетелдік студенттерді тарту мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылса, Қазақстан да көптеген алыс-жақын шетелдермен байланыс орнатып, тәжірибе алмасу ісін жолға қойған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары шет мемлекеттерде білім алу мүмкіндігі туындай бастады. Осы ретте көптеген мамандық түрлерімен қатар діни білім алу үшін де сұраныс артып, біршама жас араб елдеріне аттанды. Дегенмен, ол уақытта кейбір елдерде әр түрлі деструктивті діни идеялогиялардың кең таралғандығын және онда діни ағымдардың ықпалына ұшырау мүмкіндігі жоғары екендігін білмеді. Осылайша атеистік кезеңнен босаған қазақ жұртшылығына дін еркі... |
Толығырақ... Оқылды: 922 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.08.2021 |
Жаңартылған білім мазмұны-мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізі |
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрып отыр. Еліміздің әлемдік үдерістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейіне өту қажеттілігінен екені сөзсіз. Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. «Қуаныш» бөбек жай-балабақшасында жаңа инновациялық технологияларды, жаңа тың әдіс–тәсілдерді қазіргі заман талаптарына сай ұйымдастырып, оқу қызметтеріне жүйелі түрде енгізуде. Ондағы басты мақсат: баланың жас ерекшелігіне сай әлеуметті мүкіндіктерін барынша дамытуға, функционалдық тұрғыдан сауатты,кез келген өмірлік жағдайларда меңгерген білім, білік, дағдыларын тиімді қолдануға қабілетті бірегей тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі заман талабына сай педагогика саласындағы жаңалықтармен үзбей танысып, мектепке дейінгі білім саласындағы ең озық тәжірбиелерді таңдап, тиімділігіне көз жеткізіп, сұрыптап, ең жақсы әдістерді өз тәжірбиемізде пайдалануда... |
Толығырақ... Оқылды: 904 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.08.2021 |
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІ |
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі барысында маңызды қадам болып табылады. Мұндай стратегиялық міндетті шешу жағдайында белсенділігі жоғары, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алу қабілеттілігін, өмір бойы білім алуға дайын тұратын тұлғаның ең басты функциялық сапаларын қалыптастыру орта білім беру Функционалдық сауаттылықтың мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүру... |
Толығырақ... Оқылды: 1108 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.08.2021 |
Орыс тілін ойын арқылы үйрету |
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады. Онсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес» В.А. Сухамлинский Орыс тілін үйрету оқу қызметтерінде ойын технологиясын қолдану әдістері мен тәсілдері ойынның түрлері (дайындық ойындары, шығармашылық ойындары, іскерлік ойындар) қарастырылады «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе сияқты, сол арқылы баланың рухани байлығымен жасампаз өмірімен ұштасып айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген атақты педагог В.А.Сухамлинский. Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да педагогтардың негізгі мақсаты-ойын процесінде баланың жан-жақты дамуы, танымдық қызығушылығын арттыру, тілін дамыту. Ойын әрдайым оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнына сәйкес таңдалады. Әр түрлі топтарда орыс тілі оқу қызметін қызықты өткізу үшін мын... |
Толығырақ... Оқылды: 973 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.08.2021 |
Заманауи сабақ: оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлері |
Қазір білім берудің ең басты мақсаттарының бірі – оқушыларды өмірге бейімдеу, өз бетімен білім алуға дағдыландыру, алған білімін жасампазды қолдануға икемдеу екені белгілі. Педагогикада, дәстүрлі педагогикалық, әдістемелік және дидактикалық жүйелерге қарағанда, педагогикалық технологиялар немесе оқыту технологиялары зор маңызға ие болып озық дамуда. Қазіргі заманның педагогикалық теориясында жаңа оқыту технологиясын мектепке енгізуде бірінші зерттеу жүргізген академик В.Беспалько болатын. Оның айтуы бойынша – «Педагогикалық технология – бұл оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасы». Бүгінгі таңдағы әлем бойынша жайлап жатқан індет денсаулық саласымен қатар, білім саласына да біршама өзгерістер әкелгені баршамызға аян. Мен өз тәжірибемде информатика пәнін оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдалануға тырысамын. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі – кез – келген жас шамасында және кез – келген ұйымдастырушылық – әдісте... |
Толығырақ... Оқылды: 942 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.08.2021 |
Фукционалдық сауаттылықты арттыру ұстаздың шеберлігінде |
Бүгінгі таңда жаңаша ойлай алатын ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін жаңаша түрлендіру. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзінөзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Олай болса жаңаша ойлай алатын мұғалімнің де мәртебесі жоғары болмақ, оқушылар мен олардың ата-аналарының сұраныстарын қанағаттандыра алатын жаңа формациялы мұғалім. Сол себепті білім кеңістігінде «Жаңаша мұғалім қандай болу керек? Өскелең ұрпақты қалай және неге үйрету керекпіз?» деген сұрақтың өзектілігі арта түспек. Сондықтан бүгінгі оқушының функцоналдық сауаттылығын арттыру мақсатында Зылиха Тамшыбай атындағы орта мектеп ұстаздары оқушылардың функцоналдық сауаттылығын арттыру жолында ұстаздар арасында мектепішілік вебинарлар өткізу мен қатар тәжірибе алмасу барысында бір талай нәтижеге қол... |
Толығырақ... Оқылды: 951 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.08.2021 |
Тегін білім беру-сауық орталығы ашылды |
Ауданда меценат ауыл тұрғындарына ғимарат салып беріп, онда тегін білім беру-сауық орталығын ашты. Жарлыөзек ауылында ашылған «Oshaq» тұрақты даму орталығының бастамашысы заң ғылымдарының докторы, профессор Сарқытбек Молдабаев. Ол көп жылдар бойы құқық қорғау және сот органдарында жұмыс істеді. Қазіргі таңда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында ғылыми және оқытушылық қызмет атқарады. Оның айтуынша, ғимарат американдық гранттар бағдарламасының қаражатына салынған және БҰҰ ресми түрде қабылдаған тұрақты даму саласындағы жаңа жаһандық бағдарламаны қолдау мен дамытуға бағытталған. Орталықтың қызметі ауылға экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдесуге, сондай-ақ ауыл тұрғындарына кешенді қолдау көрсетуге арналған. Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Сарқытбек Молдабаев «Oshaq» тұрақты даму орталығы» қоғамдық бірлестігін құрды. «Барлығы ошақтан басталады. Отбасы –... |
Толығырақ... Оқылды: 954 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Медицинадан кәсіпке бір қадам |
«Үдемелі индустрия, қарқынды экономика» Тәуелсіздік жылдары Елбасының алдыға қойған тапсырмасы осы сөз тіркесімен астасып, тонның ішкі бауындай бірігіп жатты. Тұңғыш Президентіміз «Алдымен экономика, сосын саясат» деп елдің әлеуметтік жағдайын туралауға басымдық берді. Бір ердің қолынан бүткіл елді аяқтан тұрғызу келмесі анық. Қиын сәтте елдің еңсесін тіктеуге өңірлердегі кәсіпке ебі бар, табанды азаматтар тіреу болды. Соның бірі 1952 жылы қарашаның 27-і күні дүние есігін ашқан Тұрар Жүнісова. Қойбыш ауылының тумасы. 10 сыныпты тәмамдаған бойжеткен, 1970-1973 жылдары медициналық колледжде білімін жалғастырады. Өмірде дара жолын қалыптастыру мақсатында көп ізденген. Ол тіпті, 2003 жылдары Көксу ауданындағы балабақшада қызмет атқарған. Араға 2 жыл салған соң Тұрар Бәзілқызының бағыты бизнеске ауысады. Тұрар ханымның әуелде асығы алшысынан түсті деп айту қиын. Оның айтуынша, алғаш кәсіпке бет бұрғанда, қисапсыз тексеріс аяғын енді басқан жас кәсіпкердің жолына то... |
Толығырақ... Оқылды: 913 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Талап бұзғандар бар ма? |
Көксуда «күнде жиын, күнде рейд». Иә, мобильді топ санитарлық талаптардың қадағалануын әлі де бақылап жүр. Қуанарлығы, ереже бұзушылар күн санап азайып келеді. Тұрғындар айыппұл төлеп шаршады ма әлде расымен індеттің жүріп жатқанына көз жеткізді ме, ол жағы беймәлім. Әйтеуір айыппұл мөлшері азайып келеді. Осыған дейін санитарлық талап сақтауда салғырттықтарымен өңірге танылған «Самал» дүкені жұртты бұл жолы таңғалдырды. Барлық талаптар сақталған. 7 шілде күні мониторингтік топ 270 нысанды аралап, тексеріп қайтты. Бірақ талап бұзған тұрғындарды ұстай алмады. Себебі бәрі бетперделерін тағып, арақашықтықты сақтап жүрген көрінеді. Балпық би ауылының төменгі бөлігінде де сол жағдай. Ал Айнабұлақ, Алғабас, Қабылиса ауылдары жайлы жақ ашпасақ та болады. Себебі аты аталған ауылдарда осыған дейін де талап бұзушылар жоқ болған. Рейд қорытындысын көріп, бір қуанып қалыңыздар. Егер дәл осылай қайталана берсе, індеттің де беті қайтары анық. Ай... |
Толығырақ... Оқылды: 898 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |