ӘЛЕУМЕТ
Жазғы демалыс өз мәресіне жетті |
Мұқаншы ауылдық округіне қарасты «Қарлығаш» балалардың демалыс және дамыту орталығы биылғы жазғы лагерді өз деңгейінде ұйымдастырды. Жаз басталса болды мектеп оқушыларының асыға күтетін қуаныштарының бірі жазғы лагерь. Биыл карантин жағдайында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып лагерь ауданның балаларын жазғы демалысқа қабылдады. Бұл 4 ауысымда демалған 300-ге жуық бала үшін ажырамас достықтың, жаңа таныстықтың, ойын-сауық пен жарқын балалықпен қайта қауышудың ұмытылмас оқиғасы болды десек артық айтқандық емес. Биыл еліміз үшін пандемиямен күресудің екінші жылы болғандықтан, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалған шектеу шаралары білім саласына да өз зардабын тигізбей қоймады. Аудандағы мектептер бала саны мен орналасуына байланысты бірі онлайн оқыса, келесілері қашықтықтан оқуға мәжбүр болды. Сәйкесінше ойын-сауықтар, спорттық, мәдени іс-шаралар тоқтатылып, мектеп бітіру кештері де онлайн өткізілді. Бұл жағдайлар оқушылардың көп уақытын үйде және интернетте өтуіне... |
Толығырақ... Оқылды: 875 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Қыстың қамын жаз ойла |
Мал шаруашылығы – халқымыз үшін азық-түлік пен ішіп-жемді қамтамасыз ететін негізгі тіршілік көзі. Дана халқымыз «Қыстың қамын жаз ойла» деп бекер айтпаған. Бұл - төрт-түлік малдың қамымен көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздың отырықшылдыққа көшкен кездегі даналығы, қыс мезгіліне дайындықты жазда жаса, мал азығын дайындап ал деген нақыл сөзі. Қытымыр қысқа қамданып алғанды жөн көретін шаруалар көктем мезгілінде егін салып, жайдары жаз ортасынан ауғанда малдың жемшөбін жинауға кіріседі. Қазіргі таңда Алғабас ауылдық округінде 1080 жылқы, 2500 ірі қара, 12000 ұсақ мал өсірілуде. Мінсең көлік, саусаң сүт, жесең азық болып табылатын төрт-түлікті қысқы жемшөппен қамту оңай шаруа емес. Бірақ қолында қайраты бар, еңбексүйгіш округ шаруалары тың алқаптарды игеру мен мал азығын дайындауға белсене кіріскен. 507 гектардан көп жылдық шөп, 490 гектардан бір жылдық шөп, жалпы 997 гектардан шөп шабылуда. Ал жем әзірлеу бойынша 997 гектардан жаздық, 590 гектардан күздік арпа мен бид... |
Толығырақ... Оқылды: 993 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Тәуелсіздік бәрінен қымбат |
Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл! Халқымыз сан ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен ел болдық! Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Тәуелсіздік бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең.Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Қазақстан Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара, дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. 1991 жылы 16 желтоқсанда әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Қазіргі таңда өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді елміз! Ең алғаш тәуелсіздікті мойындаған түбі бір Түркия елі.Тек бір ғана емес, барша әлем е... |
Толығырақ... Оқылды: 898 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Кітапхана - руханият ордасы |
«ХХІ» ғасыр білім мен ғылымның ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана» Н.Назарбаев Қазіргі кезеңде мәдениет саласы адамдардың өскелең талабын қанағаттандыруға, рухани байлығын, жалпы қабілетін дамытуға, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруға тиісті болса, бұл міндеттерді іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше. Қазақстанда кітапхана ісінің дамуы еліміздегі мәдени құрылыстың жарқын беттері болып табылады. Көксу ауданы әкімінің аудандық кітапханасы аудандық мәдениет үйінде орналасқан. Орталық кітапхана 1944 жылдан бері жұмыс жасайды. 1998 жылға дейін орталықтанған кітапхана жүйесінің басқарушы орталығы болып келді. Ол кезде ауданымызда 41 кітапхана болды. 1998 жылы ауылдық кітапханалар мен мен орталық кітапханалар бөлімдері қысқарды. Әр жылдары ауданымыздың кітапхана саласында В.Савченко, Ғ.Серкенова, М.Абдухаирова, Қ.Жақсылықова, Е.Сташкова, Е.Журавлева, С. Белашова, А.Бөлегенова, К.Күнчаева, К.Еселбаева, Қ.Жақсыбаева,А.Баймұратов... |
Толығырақ... Оқылды: 810 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Балаларға да паспорт қажет |
Емізіктер, памперстер, сылдырмақтар – бұның барлығы жас ата-анаға кішкентай баласымен саяхаттау үшін толық қажетті тізім емес. Ең маңыздысы, саяхатты алдын-ала жоспарлау. Әлбетте, балаларға да паспорт қажет, ал оны алу оңай. Сәбиіңізбен бірге ХҚО-ға бірінші рет барғанда төмендегі құжаттар болуы қажет: - туу туралы куәлік - ата-анасының біреуінің жеке куәлігі - 8 АЕК көлемінде паспорт үшін мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек Ата-аналардың бірінің болуы міндетті. Ал егер олардың біреуінің басқа азаматтығы болса, баланың ҚР азаматының паспортын алуға нотариалды куәландырылған өтініш-келісімі қажет. Сондай-ақ, еліміздің ХҚО-лары азаматтарды алдын ала брондау бойынша қабылдайды, сондықтан істерді алдын ала жоспарлаңыз. Жақындарыңыз бен өзіңізге сақ болыңыз! |
Толығырақ... Оқылды: 1285 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.08.2021 |
Жетісулық 517 мыңға жуық адам екпенің екінші бөлігін алды |
Жыл басынан Алматы облысына вакцинаның І компонентінен 570 655 дозасы келіп түсті. Оның 551 350-і қолданылып, 19 305 доза вакцина қалды. II компоненттен 516 990 доза келіп, оның 383 422-ы қолданылып, 133 568 доза вакцина қалды. Бірінші компонентпен 551 352 адам егілді, екіншісінен – 383 422. Вакцинацияланғандардың арасында – мемлекеттік қызметкерлер – 11 849, медицина қызметкерлері – 23 338, педагогтар – 38 036, БАҚ – 196, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) – 4142 және басқа да қызмет салаларының өкілдерінен – 428 088 адам вакцина алып үлгерді. Айта кетейік, облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,6%-дан (19.07-25.07) 0,9% – ға дейін (26.07-01.08) ұлғайды. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл – 2,0%, Балқаш – 1,3%, Ескелді – 1,3%, Іле – 1,1%, Қарасай – 1,6%, Сарқан-1,1% аудандарында байқалады. Жетісулық 517 мыңғ... |
Толығырақ... Оқылды: 1404 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.08.2021 |
ҚАЗАҚСТАНДА КВИ АУЫР - СЫРҚАУДЫҢ ӨСУІ |
Толығырақ... Оқылды: 1624 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.07.2021 |
ЕКПЕ АЛ - ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ! |
Толығырақ... Оқылды: 1708 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.07.2021 |
БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ АРТУДА |
Жаһандық экономикада ағымдағы «коронакризиске» байланысты едәуір өзгерістер орын алуда. Оның бір айқын дәлелі әлем бойынша тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің қысқаруы. Мысалы, инвестициялық тартылымдығы жоғары Еуропаның47 елінде жоспарланған 6 мыңнан астам жобалардың тек 65%мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылса, қалған 35% уақытша тоқтатылып, тіпті мүлдем жүзеге аспай қалуы мүмкін. Салыстырмалы түрде алғанда Орталық Азия елдеріндегі жағдай қалыпты, әрі өсім көрсету әлеуеті сақталған.Осындай оң тенденция біздің елде де байқалуда. Мәселен, «Finprom.kz»ақпараттық порталының мәліметтеріне сәйкес Қазақстанға ағымдағы жылы тартылған шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 3,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Олардың ішінде салымдардың негізгі бөлігі Нидерланд, АҚШ және Ресейге тиесілі. Сонымен бірге, «Moody’s и FitchRatings» рейтингтік агенттігі Қазақстанның рейтингін инвестициялық сенімді деңгейінде растады. Демек, елімізде экономиканы жандандыру ба... |
Толығырақ... Оқылды: 1667 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.07.2021 |
ВАКЦИНА |
Толығырақ... Оқылды: 1618 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.07.2021 |