ӘЛЕУМЕТ

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы мәлімдеді. Мемлекет басшысы мұны елді демократияландырудағы және жергілікті басқару институттарын нығайтудағы маңызды қадам деп атады. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында осы қадам Алматы облысының 71 ауылдық округінде басталып, үлкен саяси науқан өз мәресіне жетті. Халық өздері таңдаған кандидаттарына үлкен үмітпен дауыс берді. Көптің мүддесі де көптің күшімен жүзеге асады. Көптің көңілінен шығатын, ел қамын ойлайтын, аялы алтын бесігі ауылын ардақ тұтатын азаматтар билік басына келді деп ойлаймын. Бәріміз де жаңалыққа, жақсылыққа, әділетке құштармыз, ендеше бізге ең керегі - ынтымақ. Ынтымақ бар жерде - береке болады. Баяғыда мың басты, бір құйрықты және бір басты, мың құйрықты екі жылан болған екен. Қатты дауылда мың басты жыланның бір басы інге, бір басы құзға қашып, бір – біріне бағынбай үсіп өл...
Толығырақ... Оқылды: 1641 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2021

Көлікті үйден шықпай-ақ рәсімде!

Сатып алған көлігіңізді өз атыңызға рәсімдегіңіз келсе, оны автоХҚО-ға барып іске асыруға болады. Алайда өз уақытыңызды үнемдеудің таптырмас әдісі бар. Сіз оны Kaspi.kz қосымшасы арқылы қайта рәсімдей аласыз. Ол үшін сіз және көлікті сатушы тарапқа қосымшада бірнеше батырманы ғана басу қажет. САТУШЫ: Kaspi.kz қосымшасына кіріп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен «Автокөлікті қайта рәсімдеу» қызметін таңдау қажет. Әрі қарай көлікті тіркеуден шығару батырмасын басып, сатып алушының деректері мен көлік құнын көрсету қажет. Егер сатушы өзінің мемлекеттік тіркеу нөмірін өз атына қалдырғысы келсе, тиісті жерге белгі қою тиіс. Бұдан кейін өтінімге Kaspi электрондық қолтаңбасы қойылады. Содан кейін «Көлікті тіркеуден шығарылды» деген SMS-хабарлама келіп түседі. САТЫП АЛУШЫ: «Автокөлікті тіркеуге қою» қызметін таңдап, сатып алу сомасын енгізе отырып, көлік туралы мәліметтерін растауы тиіс. Мемлекеттік нөмір мен техпаспортты алып кететін мамандандырылған ХҚО-ның мекенжайын көрсетеді....
Толығырақ... Оқылды: 1535 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2021

Алматы облысының ХҚО-лары 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтті .

Алматы облысының бас санитар дәрігерінің карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулысына сәйкес Алматы облысының барлық ХҚО-лары 2021 жылғы 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтеді. Алматы облысында жұмыс кестесі сағат 9-дан бастап 18-ге дейін белгіленген. Сенбі және жексенбі күндері ХҚО-лар жұмыс істемейді. Клиенттерді тек алдын-ала брондау арқылы қабылдайды. Сондай-ақ, ХҚО қызметкерлері Ashyq қосымшасы бойынша клиенттердің статусын тексереді. ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414bot телеграм-бот арқылы брондауға болады. Барлық клиенттерден санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, ХҚО барған кезде бетперде тағуды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз.
Толығырақ... Оқылды: 1135 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2021

74897 адам өз кандидатына дауыс берді

Бүгін ауылдық округ әкімдерінің алғашқы сайлауы өтуде. JETISÝ MEDIA алаңындағы брифинг барысында айтылған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы 25 шілде сағат 12.00-дегі жағдай бойынша 74897 адам сайлау бюллетеньдерін алды, бұл сайлаушылардың жалпы санының немесе тізімге енгізілгендердің 34% - ын құрайды. Айта кетейік, 220 000 жетісулық халық әкімін сайлайды. Облыста барлығы 235 кандидат тіркелген. Олардың ең көп саны Талғар ауданында. 1 орынға 6 үміткер таласады.
Толығырақ... Оқылды: 1036 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.07.2021

Алматы облысында сағат 10.00-ге сайлаушылардың дауыс беруі туралы

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 10-ға сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 17 % алды немесе 38783 адам дауыс берді.
Толығырақ... Оқылды: 940 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.07.2021

Алматы облысында 235 кандидат ресми тіркелді

Ел тарихындағы ауыл әкімдерін тұңғыш рет тікелей сайлау күні жетті. Бүгін Алматы облысында саяси бәсеке өз бастауын алды. Сонымен, Жетісу өлкесінің 71 ауылдық округіне су жаңа әкім тағайындалатын болады. Әуелде, саяси додада бақ сынаушылардың саны 279 болса, қазіргі таңда 235-ті құрап отыр. 44 үміткер түрлі себептермен кандидаттар қатарынан алынып қалды. Сайлауға түсішілердің 82 үміткер саяси партия өкілдері болса, 153 адам өзін-өзі ұсынушылар болып табылады. «Бұған дейін, Іле ауданы Чапаев ауылында 9 кандидат тіркелді деп айтылған болатын. Бүгінде ресми деректер, аталған өңірде 5 үміткер қалғанын растауда. Әкімдікке үміткерлер ең көп тіркелген аймақ ретінде Талғар ауданы танылып отыр. Мұнда бір орынға 6 адамнан айналуда»,-дейді Алматы облысы сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық. Айта кетейік, Астана уақытымен таңғы сағат 7:00-ден бастап облыстағы барлық сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Тарихи сәтте өңірдің 220 мыңнан астам тұрғыны дауыс беруге қатысады деп кү...
Толығырақ... Оқылды: 905 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.07.2021

Алматы облысындағы ауылдардың бірінде әкімдікке үміткерлердің рекордтық саны тіркелді

Әкімдікке кандидаттардың ең көп саны Іле ауданының Чапаев ауылдық округінде тіркелген. Барлығы 9 адам әкім лауазымына үміткер. Өңірде 71 ауылдық округ әкімдерін сайлау 2021 жылдың 25 шілдесіне 17 ауданда (қалада) жоспарланған. 279 кандидат ұсынылды, олардың 93 - і - саяси партиялар, 186-сы-өзін-өзі ұсыну арқылы. Орташа бәсекелестік-3,9 адам. Жалпы барлық округтерде 3 және одан да көп кандидат бар. Қазіргі уақытта аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар өздерінің болашақ қызметінің сайлау алдындағы бағдарламасымен таныстыруда.
Толығырақ... Оқылды: 1015 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.07.2021

Барлық мемлекеттік қызмет бір нөмірден қолжетімді!

Халыққа ыңғайлы болу үшін 1411 қысқа нөмірін жаба отырып, 1414-тің әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру мүмкіндіктерін кеңейту туралы шешім қабылданды. Енді зейнетақы мен жәрдемақыны, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу, әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы, еңбек қатынастары мен халықты жұмыспен қамту туралы сұрақтарды 1414 Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, қосымша 5 нөмірін басу арқылы алуға болады. Әлеуметтік сұрақтар бойынша 1414 халыққа дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін (жексенбі-демалыс)көмектесе алады, қоңырау - тегін. Ең танымал Мемлекеттік қызметтерді біздің @kenes1414bot телеграмм-бот арқылы да алуға болады. _______________ Все гос услуги доступны по одному номеру! Для удобства населения было принято решение о расширении возможностей 1414, что позволило предоставлять консультативную помощь и по социальным вопросам, закрыв короткий номер 1411. Теперь вопросы, касающиеся оформ...
Толығырақ... Оқылды: 1283 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.07.2021

Кәсіп ашу үшін батылдылық пен шыдамдылық қажет екені сөзсіз

Кәсіп ашу үшін батылдылық пен шыдамдылық қажет екені сөзсіз. Бар бизнес-жоспарыңызды іске асыруға дайын болсаңыз, ең басты талап – кәсіпті заңды түрде рәсімдеуді ұмытпаңыз. Бұрын кәсіпкер болу үшін құжаттарды жинап, салық органына бару керек еді. Енді мұны бірнеше минут ішінде онлайн түрде жүзеге асыруға болады. Төменде қысқаша нұсқаулық көрсетілген: • «Е-лицензиялау» elicense.kz порталына кіріп, ЭЦҚ көмегімен тіркеліңіз • Тіркелгеннен кейін басты беттегі «Қызмет көрсету» батырмасын таңдаңыз • Қосымша «Хабарлама жасау тәртібі» бетін таңдаймыз, «Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама» сілтемесін басамыз • «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын таңдайсыз • Жеке кәсіпкерлік туралы деректерді толтырасыз (қызмет түрі, салық салу тәртібі және т.б.). Мұнда сіз сондай-ақ мемлекеттік органға сұрау сала аласыз. Егер салықтан берешегіңіз болса, сізге Жеке кәсіпкерлікті тіркеуге рұқсат берілмейді. • ЭЦҚ көмегімен барлық деректерді толтырғаннан кейін сіз салық о...
Толығырақ... Оқылды: 1251 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.07.2021

Ипотека алу туралы шешім қабылдасаңыз

Ипотека алу туралы шешім қабылдасаңыз, онда сізге зейнетақы аударымдары туралы анықтама міндетті түрде қажет. Бұл анықтаманы бірнеше жолмен алуға болады. Төменде нұсқаулық көрсетілген. eGov.kz портал арқылы: 1. Сізге ыңғайлы тәсілмен порталда авторизациядан өтіңіз 2. «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімін ашыңыз 3. «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін табыңыз 4. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз 5. Аударымдар туралы анықтама қандай уақыт кезеңі үшін қажет екенін көрсетіңіз 6. ЭЦҚ арқылы қызметке қол қойыңыз және анықтама 20 минут ішінде дайын болады. eGov mobile қосымшасы арқылы: 1. Қосымшаға кіріп, тіркеліңіз 2. «Қызметтер» бөлімінен «Жеңілдіктер, жәрдемақылар, зейнетақылар» бөлімін табыңыз 3. Содан кейін «Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат» бөлімін ашыңыз 4. Қажетті кезеңді көрсетіңіз 5. ЭЦҚ немесе СМС көмегімен қызметке қол қойыңыз, анықтама 4 сағат ішінде дайын болады. @Kenes1414bot (EgovKzBot2.0) телеграм-бот арқылы: 1...
Толығырақ... Оқылды: 1241 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.07.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.