ӘЛЕУМЕТ
Талғар және Қаратал аудандарында үнділік індет табылды |
Алматы облысында үнділік «Дельта» штаммын жұқтыру анықталды. Өңірде КВИ белгілері бар 17 мыңнан астам жағдай тіркелді. Ал, соңғы тәулікте 52 адам індетке шалдыққаны расталып отыр. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында мәлім болды. Жетісу жері эпидемиологиялық бақылау матрицасына сәйкес, облыс жасыл аймақта орналасқан. Деседе, Балқаш, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қаратал, Сарқан, Көксу, Талғар аудандары мен Текелі қаласында аурудың өсу қарқыны жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. «Эпидемиологиялық тексеру арқылы инфекцияның ықтимал орындары анықталды. Мәселен, бір отбасы мүшелері арасында – 23,1%-ы ауруды жұқтырып алған, базарларда - 11,5%, сауда нысандарында – 15,2%, қоғамдық көлік - 11,5% және отбасылық іс-шаралар (той, құдалықтар және басқалар) – 11,5 % сырттан келген жағдайлар тіркелмеген»,-дейді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов. Облыста Талғар және Қарата... |
Толығырақ... Оқылды: 1179 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.07.2021 |
Жетісудың бас шаһары әлі де қызыл аймақта |
Алматы облысында соңғы екі аптада коронавирус жұқтырудың 487 дерегі тіркелген. Өңірде вирустың өсу қарқыны 0,2% - дан 0,1% - ға дейін төмендеді. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында мәлім болды. Өткен аптада ең жоғары өсу қарқыны Балқаш - 0,2% (5ж.), Жамбыл - 0,2% (20ж.), Қаратал - 0,3% (18ж.), аудандарында байқалған. « Бір тәулік ішінде КВИ-дің 37 жағдайы тіркелді, оның жетеуі 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында 2 жағдай анықталды. Облыс өңірлері арасында Ақсу ауданында-2, Балхаш ауданында-3, Енбекшіқазақ-3, Ескелді-1, Жамбыл–3, Іле-3, Қарасай-3, Қаратал-2, Сарқан-1, Талғар–2, Ұйғыр-1, жағдайдан, Талдықорған қаласында – 8, Текеліде -5 жағдайдан тіркелген»- деді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев. Бүгінгі күні Алматы облысының тұрғындары арасында вакцинация жүргізілуде. Облысқа барлығы 379 475 доза вакцина келіп түскен, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, 307 97... |
Толығырақ... Оқылды: 1234 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2021 |
ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ |
Бүгін Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, превенция және парасаттылық басқармасының басшысы А.Садықов Ескелді ауданы әкімдігінде жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өткізді. Кездесуге Ескелді ауданының әкімі Рустам Әли, әкім аппаратының басшы құрамы және ауылдық округ әкімдері қатысты. Аясында, Ескелді ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Өз кезегінде Алматы облысы бойынша Антикор басшысының бірінші орынбасары бірқатар проблемалық мәселелерді, соның ішінде ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша мәселелерді атап өтті. Сонымен, Жандос Жұмабаев профилактикалық іс-шараларды өткізу бойынша жұмыстың нашар ұйымдастырылғанын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау,... |
Толығырақ... Оқылды: 1240 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2021 |
Алматы облысының журналистері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті |
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов журналистерді кәсіби мерекесі - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады. Іс-шараға "Тенгриньюс" ақпараттық агенттігінің бас директоры Сұңқар Қарабалин, Қазақ теледидарының мэтрі, журналистика ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар , аудандық, облыстық және республикалық БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуге қатысушыларға құттықтау сөзінде облыс әкімі Амандық Баталов бұқаралық ақпарат құралдарының еліміздің ақпараттық саясатын жүзеге асырудағы маңызды рөлін атап өтіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы маңызды жетістіктері туралы айтты. - Бүгінде бізде БАҚ саласында өз ісіне берілген мыңнан астам талантты, білікті мамандар еңбек етеді. Сіздер оқырмандарыңыздың, көрермендердің және тыңдаушылардың мәселелерімен өмір сүресіздер, оларға жедел және сенімді ақпарат алуға көмектесесіздер.Сіздер облыс тұрғындарының мүддесін адал қорғап, халықпен сапалы кері байланысты қамтамасыз ет... |
Толығырақ... Оқылды: 1253 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2021 |
Медициналық скрининг дегеніміз не және оны не үшін өту қажет? |
⠀ Бұл денсаулықтарына шағымданбаса да, ауруларды ерте сатысында анықтау үшін адамдарды медициналық тексеру. Скринингтен өту үшін пациенттің МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесі болуы қажет. Қайда өтуге болады? Тіркелген жері бойынша емханаларда. Ауыл тұрғындары үшін, олардың медициналық ұйымдарынан басқа, скринингтерді жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) және медициналық пойыздар жүргізеді. Скрининг жүргізу кезеңдері: Дайындық кезеңі - емханада медбике жүргізеді және мыналарды қамтиды: скринингтен өтетін адамдардың тізімін жасау; оларды скринингтен өту қажеттілігі мен шарттары туралы хабардар ету; халықты зерттеуге шақыру; халықтың скринингтен уақтылы өтуін бақылау. Тексеру кезеңі-бұл учаскелік дәрігердің, бейінді мамандардың, медбикелердің қабылдауы, сондай-ақ скрининг түріне байланысты зертханалық және диагностикалық зерттеулер. Қорытынды кезең-толық тексеруді және анықталған патологиясы бар адамдарды динамикалық бақылауға қоюды қамтиды. Скринингтердің нәтижелері меди... |
Толығырақ... Оқылды: 1278 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2021 |
Абайлаңыз, алаяқтар! |
Алаяқтық әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» ХҚО қызметкерлерінің клиенттерге қоңырау шалмайтынын және қарыздарын өтеуді немесе төлқұжат деректерін тексеруді сұрамайтынын ескертеді. Мемлекеттік корпорация қызметкерлері, сондай-ақ борышкерлердің деректер базасын көрмейтінін, азаматтардың банк шоттарын бұғаттай алмайтынын және шетелге шығуға тыйым сала алмайтынын хабарлайды. Клиенттермен барлық қарым-қатынас тек 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылады. SMS-хабарлама арқылы клиенттерге брондау уақыты, құжаттардың қолданыс мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік қызметтер бойынша берген өтініштерінің нәтижесі туралы хабарланады. Біз қазақстандықтарды қырағылық танытуды және бөгде адамдарға өздерінің паспорт деректерін немесе цифрлық қолтаңбаларын бермеуді сұраймыз. Сіздің жеке кабинетіңізге кіре отырып, алаяқтар сіз туралы ақпаратты өз пайдасына пайдалануы мүмкін. |
Толығырақ... Оқылды: 1335 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.06.2021 |
#ANTIKOR.LIVE: ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ТАРИФТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын iске асыру шеңберiнде, 2021 жылғы 25 маусымда «AntikorLIVE» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба бойынша «ANTIKOR ORTALYGY» алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары – Думан Қалибек тiкелей эфирге қатысып, «Табиғи монополиялар саласындағы тарифтік реттеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асыру туралы» тақырыбында әңгіме өрбітті. Тікелей эфир аясында комплаенс қызметінің тиімділігі, ISO 37001 стандартын енгізу туралы атқарылған жұмыстар, мемлекеттік қызметкерлерді даярлау туралы бірқатар сұрақтарға жауап берді. Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтемесі арқылы көре аласыз: https://www.facebook.com/anticorruption.almatyoblysy/videos/127609079481107 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойын... |
Толығырақ... Оқылды: 1337 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.06.2021 |
Өңірлік газет - өміріміздің өзегі |
«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды...» - деп Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетінің алғашқы санында жазып, қазақ қоғамына газеттің қаншалықты керек екендігін білдірген еді. Бұл 1913 жылы болған. Қазіргі уақытта қоғам өміріне ақпарат құралдарының маңызын барлығы біледі. Әр газет-журналдың өзінің оқырманы және оқырман алдындағы міндеті, мақсаты бар. Айтулы мереке аудандық басылымның тарихына бойлап, шежіресіне қысқаша тоқталуды жөн санадық. Ауданымыздың тыныс тіршілігін аудан тұрғындарына жеткізіп, насихаттап, дәріптеп жүрген төл тума «Нұрлы Көксу» газетінің ауданымыздың қоғамдық өмірінде өзіндік алар орны өзгеше. Газеттің алғашқы саны 1945 жылдың маусым айынан бастап шыға бастаған. Ең алғаш «Кировшы» - «Кировец», «Еңбек туы» -... |
Толығырақ... Оқылды: 1603 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.06.2021 |
БАЛАБАҚША - БАҚЫТ БАСПАЛДАҒЫ |
Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби ойын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса құба-құп болар еді. Ал балабақшадағы тәрбие ата-анадан берілген тәрбиені жалғастырып жандандырады. Бөбекжайдың оқу-тәрбие жұмыстары еліміздің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарты бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Қазіргі таңда Зылиха Тамшыбай ауылындағы Айгөлек балабақшасында 25 адам қызмет етеді. Соның ішінде 11-і педагог қызметін атқарады. Пандемия кезеңіне байланысты 3 топ жұмыс істейді. Әр топта 15 бүлдіршіннен бар. Бізд... |
Толығырақ... Оқылды: 1546 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.06.2021 |
Баланы балабақшаға дайындау тәртібі |
Үлкендерде баланы балабақшаға беру керек пе, керек емес пе, әлде оны үй жағдайында тәрбиелеген жөн бе деген сұрақтар туындайды. Бір жағынан баланың көпшілік ортада, білікті мамандар қолында тәрбиеленгені, өз қатарымен бірге болғаны дұрыс сияқты, екінші жағынан айналадағы адамдардың «асықпа, бала қатайсын, өссін» деген сияқты әр түрлі кеңестері ойлантады. Бала балабақшада алғашқы сәттерде көп жылап, жиі ауыратыны ата-аналарды алаңдатады. Әлбетте бала бас кезінде көп ауырып, ата-анасынан ажырап қалғанына қатты қиналады, соның салдарынан 3-4 күннен кейін ауырып қалатын жағдайлар кездеседі. Бірақ оған біреуді немесе тәрбиешілерді кінәлаудың қажеті жоқ. Баланы балабақшаға қалай дайындаған жөн? Ата-ана баланың жаңа ортаға үйренуінің қиын өтетінін біле тұра, уайымдағаннан басқа өкінішке орай ешқандай алдын-ала шаралар жасамайтыны рас. Ешқандай дайындықсыз баланы бөтен ортаға алып келеді. Осы жағдайға баланың өзінің көзімен қарап көріңізші. Оның өмірінде мұндай нәрселер бұрын-соң... |
Толығырақ... Оқылды: 1560 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.06.2021 |