ӘЛЕУМЕТ
Сайлау - 2022: Әркімнің өз дауысы маңызды! |
| Толығырақ... Оқылды: 802 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.11.2022 |
Мен сайлауға барамын! |
| Президенттік сайлауға мен міндетті түрде барамын. Осылайша мемлекетіміздің, оның ішінде ауданымыздың, дамуына өз үлесімді қосамын деп есептеймін. Ел болашағы үшін маңызы зор шараға қатысып, конституциялық құқыңды білдіру ел азаматы ретінде міндетім деп білемін. Менің ойымша, әрбір қазақстандық өз таңдауын жасауы тиіс. Мен 20 қарашада Қазақстанның болашағы үшін, біздің еліміздің табысты дамып, аса мықты дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін дауыс беремін. Дауыс беру құқына ие болғалы Президенттік сайлауға қатысып келемін және оған ешқашан өкінген емеспін. Өйткені, еліміздің бүгінгі дамуына, экономикалық ахуалына, халықтың тұрмыс-тіршілігіне қарап барлық кезде дұрыс таңдау жасағанымды мақтан тұтамын. Қараңызшы, бүгінде еліміз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енді. Ішкі жалпы өнім көлемі 20 есе өсіп, өткен жылы жан басына шаққанда 13 мың долларды құрады. Татулығы тұрақты, бірлігі бекем еліміз қолайлы инвестициялық ахуал бойынша ТМД-да көшбасшыға айналды. Құрылыс, өндіріс қар... |
| Толығырақ... Оқылды: 874 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.11.2022 |
САЙЛАУ-2022: КАНДИДАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ДЕБАТ |
| Толығырақ... Оқылды: 1001 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.11.2022 |
5 айда ҚХР-дан елімізге 7523 тонна аяқ киім жеткізілген |
| Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Баймолдинов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ЕАЭО елдеріндегі тауарлардың таңбалануы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. 2019 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР № 230-VI Заңымен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тауарларды таңбалау туралы келісім ратификацияланды. Ол сұр айналымды барынша азайтып, ЕАЭО-дағы тауарлар айналымына бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұтынушылар сатып алынған тауарлардың заңды екеніне кепілдік алады. Тауарларды таңбалау ЕАЭО елдерінде өзара мойындатылып, таңбаланған қазақстандық өнімді Ресейге, Қырғыз еліне, Беларусь пен Арменияға экспорттауға мүмкіндік береді. Елімізде аяқ киімді цифрлық таңбалау алғашқылардың ірі боп енгізілді. Оған нарықтағы контрафактілік деңгей себеп болған. Ал, аяқ киімнің сандық таңбалануы контарафактіден тазартуға өз ықпалын тигізбек. Сонымен қатар қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік бермек. &... |
| Толығырақ... Оқылды: 11782 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.06.2022 |
Сервистік әкімдікте қоғамдық қабылдау |
| Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен 15.04.2022 жылы Көксу аудандық Сервистік әкімдікте «Көксу ауданында мүгедек қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындары туралы» Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі саласындағы мемлекеттік көрсететін қызметтер мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауда ауыл тұрғындары әлеуметтік сала және басқада жеке сұрақтарымен келген. Барлық сұрақтар бойынша тиісті жауаптар берілді. |
| Толығырақ... Оқылды: 14280 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2022 |
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БЮРОКРАТИЯНЫ ЖОЮ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ |
| Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа қол қойды. Президент «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Бюрократиядан арылтудың негізгі қағидаттары форма мәнінің басымдығын, бастапқы қалпы бойынша цифрландыруды, басқарушылық жауапкершілікті, үздіксіз жетілдіруді, регламенттеудің оңтайлылығын айқындайды. Жарлықта жүйелі және қолданбалы шаралар кешені қарастырылған. Бұл шаралардың жүзеге асырылуы мемлекеттік аппаратта шешімдердің қабылдануын жылдамдатады, мемлекеттік органдардағы бірінші басшылардың дербестігі мен жеке жауапкершілігін арттырады, құжат айналымы мен есеп берушілікті қысқартады. Атап айтқанда, жүктелген міндеттерді жылдам жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілерді өздерінің функцияларын заңнамалық деңгейде нақтылап жатпай-ақ қабылдауға құқық беріледі. Кешенді реинжиниринг негізінде норма шығару және бюджет үдерістерінің мерз... |
| Толығырақ... Оқылды: 13842 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2022 |
EGOV MOBILE |
| EGOV MOBILEмүмкіндіктері Барлық құжаттарды өзіңізбен бірге алып жүру өте ыңғайсыз. Кейде маңызды құжаттарымызды үйде ұмытып кетіп те жатамыз. Цифрлық құжаттар әрбір қазақстандықтың өмірін мүмкіндігінше жеңілдетті. Egov mobile қосымшасында жеке куәлік, н |
| Толығырақ... Оқылды: 13896 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.04.2022 |
Көксу бөрісі - 2022 |
| 2022 жылдың 14 сәуір күні Балпық би ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Көксу ауданы әкімінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Көксу бөрісі» аудандық іріктеу турнирі өтті. Іріктеу турниріне 10 округтен 20 палуан қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды жеңіп алған Алғабас ауылдық округінің намысын қорғаған палуан Нияз Ерсайын қарсыластарын ойсырата жеңіп, «Көксу бөрісі» атанды. ІІ орынды алғабастық палуан Төкен Айбар иеленсе, ІІІ орынды Арқалық Баймуханбет қанжығасына байлады. Жеңімпаздар медаль, грамота, кубок, сертификаттармен марапатталды. Бірінші және екінші орын алған палуандар «Жетісу бөрісі» облыстық турниріне жолдама алды. Лабасы ауылдық округінен қатысқан Жанат Байасылов «Ардагер палуан», Айнабұлақ ауылдық округінен қатысқан Жалғас Сүлеймен «Жас палуан» атанды. |
| Толығырақ... Оқылды: 13860 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.04.2022 |
Айлардың сұлтаны Рамазан |
| Мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті әрі ерекше айы – Рамазан айы. Биылғы жылы Рамазан айы сәуірдің 2-нен бастау алды. Араға жылдар салған карантиннен кейін есігін айқара ашқан аудан орталығындағы Балпық би ауылындағы мешітке келушілердің ахуалын білмекке арнайы бардық. Мешіт ауласына оң аяқпен аттағанымыз сол еді, мешіт имамы Еділбек Ерімбет ағамыз бізді жылы шыраймен қарсы алды. Мешіт айналасы жасыл желекпен көмкерілген, таза аула бірден көзге түседі. Кешқұрым ауызашарға 70-100 шамасында адамға дастархан жайылып, ауыз аштырылады екен. Сәрсенбінің сәтінде біз барған ауызашарда сорпа дайындалыпты. Дастархандағы азын аулақ асқа қарап көзің сүйсінеді. Мешітте ішкен астың өзі ысырапшылдықты қоюға, аста төк дастархан жаймауға үгіттеп тұрғандай. Сондай-ақ, мешім имамы Еділбек ағамыз келген жамағатқа діни уағыздар айтып, тұрғындарды елдікке, ауызбірлікке, ең бастысы бір-біріне көмектесуге, оң көзқараспен қарауға дәріптеп, тарихи оқиғалардан әңгіме өрбітті. - Рамазан айы бар... |
| Толығырақ... Оқылды: 13810 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.04.2022 |
Комиссия отырысы өтті |
| Сәуірдің 12-і күні аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының төрағалығымен ауданның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралып, бірінші мәселе бойынша «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әдеп нормаларын сақталу бағытындағы 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы» Көксу аудан әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Абибеков, екінші мәселе бойынша «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша денсаулық сақтау саласындағы 2021 жылғы атқарылған жұмыстары және 2022 жылғы І тоқсандағы атқарылған жұмыстары туралы» Көксу аудандық орталық аурухана директоры Асқар Садықов және үшінші мәселе бойынша «Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы» Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Қуат Кузбаев баяндама жасап, атқарылған іс-шарал... |
| Толығырақ... Оқылды: 13651 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.04.2022 |
