ӘЛЕУМЕТ

Қарттарым-асыл қазына

«Даламның иісі бұрқырап», Қарттарым, аман – сау жүрші!» - деп ақындар жырлағандай Мұсабек ауылдық округінің әкімдігі мен ауыл ақсақалдар ұйымының ұйымдастыруымен Мұсабек ауылының «Нұрлан» кафесінде қарттар күніне арналған дастархан жайылып, осы округке қарасты ауылдардың аяулы ата – әжелеріне арнайы құрмет көрсетілді. Мәңгі өмір жоқ, бірақ мәнді өмір бар – демекші, үйде немере – шөберелерінің қасынан шықпай отырған ата – әжелеріміз өздерінің қазақи дәстүр – салтымен бір – бірімен шүйіркелесіп, жиналған жұрт отырысының сәнін кіргізді. Алғашқы сөз алған Мұсабек ауылдық округіне жаңадан әкім болып сайланған Тантыбай Ербол, ауылының ата – әжелерінің өмірдегі ең қымбатты жандар екенін, жастар тәрбиесіндегі көрсететін ықпалының ерекше екенін айта келе, ұзақ ғұмыр тілейтінің айтып құттықтады. Сонымен бірге осы іс – шараны өткізуге демеушілік көрсеткен кафе иесі Өзенбаев Дүйсенбайға, шаруа қожалықтарының иелері...
Толығырақ... Оқылды: 1607 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021

Ұстаздар ұлықталды

Елдің дамуы оның білім беру жүйесі арқылы бағаланатын болады», деген сөз жайдан-жай айтылмаса керек. Себебі мемлекеттің мерейін өсіріп, мәртебесін арттыратын адам болса, сол адамды маман қылып шығаратын, шынықтыратын мектеп. Білім мен тәрбиенің тал бесігі. Осы бесікті тербетіп, ақылын аямайтын, шәкіртін аялайтын ұстаздар десек жалған болмас. Күні кеше аудандық Мәдениет үйінің төрінде еңбегі еленген үздік ұстаздарды Жамбыл Бейсенбай марапаттады. Ұлтқа мақтаныш, ұжымға сыйлы болып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде талмай талпынып жүрген ұстаздар қауымын марапаттау рәсімінде аудан әкімінің су жаңа орынбасары өзі де ақтарыла сөйлеп, ағынан жарылды. «Мұғалім – ұлы мамандық иесі. «Ұстаз» деген ұғымда ұлылық та, жылылық та бар. Өйткені алдарыңызға тарыдай болып келген бала таудай азамат болып шығады. Бүгінгі таңда білім беру саласының алдында Мемлекет басшысының тапсыруымен жаңа да жауапты міндеттер тұр. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Ұстазға құр...
Толығырақ... Оқылды: 1608 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021

Өнегелі отбасы - мемлекет тірегі

«Білім — біліктілікке жеткізер баспалдақ, Ал біліктілік — сол білімді іске асыра білу дағдысы» А.Байтұрсынов Мектеп... Шәкірт...Ұстаз... Осы үш сөз бір арнаға тоғысқандай. Бұл қаламның басы мен ұшы сияқты, егіз жүретін түсінік. Мектеп пен шәкірт... Ал, осы екі ұғымға жан бітіретін құдірет иесі әрине, – ұстаз. «Мектеп – білім тірегі, ұстаз оның жүрегі» деген тіркес осы сөздерімнің мәнін ұқтырғандай. Ұстазды ақылдылық пен көрегенділіктің бейнесі деп білемін. Ұстаз – зор тұлға ол күннің құдіретті сәулесі іспеттес. Барша шәкірттің тұла бойына білімінің биігін сыйлай отырып, қаншама жанның жүрегінен орын алатын, өз өмірін өзгенің болашағына арнайтын ақылдың тозбайтұғын асылы. Бойындағы бар білімі мен ақылы, арман мен мақсаттарын орындай жүріп, шәкірт жүрегінде мәңгі сақталатын бейне де осы – ұстаздікі. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін, ең бастысы жауапкершілігі жоғары мамандықтардың бірі ұстаз болу екені ақиқат. Өйт...
Толығырақ... Оқылды: 1655 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021

Төскейді төлге толтырып

Бейбіт қоғамда бейнетшіл пендеге қандай кәсіппен айналысамын десе де қолайлы жағдай жасалған. Тек ниет пен тәуекел керек. Қайшы алып шаш қисаңыз да, қамшы алып төрт түлік соңына түссеңіз де, дүкен ашып саудамен айналысамын десеңіз де, ешкім бетіңізден қақпайды. Керісінше, мемлекет тиімді жобалар ұсынып, несие беруде. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ауылда іске асырылатын кәсіптің барлық түріне төмен пайызбен несие береді. Несиелендіру мерзімі 6,5 жылға дейін. Кәсіп бастағандарға жеңілдік мерзімі қарастырылған. Кепілдікке ауылдық жерлердегі мүлкін де қоюға болады. Бір сөзбен айтқанда, несие алудың шарттары жеңіл, талаптары қиын емес. Ауыл тұрғындарының кәсіппен айналысуына мемлекет барынша қолдау көрсетеді. Ауданымызда мемлекеттің қолдауы арқылы өз істерін ашқан бірқатар кәсіпкерлер бар. Мәселен, 2020 жылы-174 млн 600 мың несиені 48 адам алса, 2020 жылдың он айында 61 адамға-193 млн 950 мың теңге берілген. Мамандардың айтуынша жыл соңына дейін тағы 50 млн теңге қаражат кәсіп а...
Толығырақ... Оқылды: 1413 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021

Абзал азамат, жігіттің төресі еді

Қамшының сабындай ғана, қызығы мен шыжығы қатар жүретін өмір-ай десеңші, бір күні шорт үзілетінің баршаға мәлім. Әрине, «Тумақ бар да, өлмек бар» дейді шариғат сөзі. Бірақ, бұл сөзді жақсы адамға қарата айтқанда, қабырғаң қайысып, ортаң ойсырап, жан дүниең қайғыдан қан жылап тұрады екен. Сондай жанның бірі о дүние түгілі, өкпеге қимайтын, көзден кетсе де көңілден кетпейтін, білімді және білікті, адамгершілігі зор, қимас жан – Құдайбергенов Тыныштық ағамыз. «Су түбінде жатқан тас, Жел толқытса шығады, Ой түбінде жатқан сөз, Шер толқытса шығады» деген екен Асан қайғы бабамыз. Сол айтқандай қолыма қалам алып, естелік жазуыма себеп болғаны – ағамыздың жете алмай кеткен мерейтойы. Ортамызда болғанда Тыныштық ағамыз биыл 70 жасқа толар еді… Құдайбергенов Тыныштық ағамыз Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылында 1951 жылы 5 қазанда дүниеге келген, 1969 жылы мектеп бітіргеннен кейін Қазақтың ауылшаруашылық институын ғалым-агроном мамандығы бой...
Толығырақ... Оқылды: 1436 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021

Тәуелсіздік-тұғырым

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтекше ауылдық мәдениет үйінде “Тәуелсіздік-тұғырым” атты онлайн концерт өткізілді.
Толығырақ... Оқылды: 1133 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2021

QR арқылы төлем жасау мүмкіндігі

ХҚО-ларда төлқұжат пен жеке куәлікті ресімдеген клиенттер мемлекеттік бажды QR кодтың көмегімен төлей алады. Азаматтарға арналған үкімет ҚР ІІМ-мен бірлесіп, көші-қон қызметі операторында отырып-ақ, төлем жасау мүмкіндігін іске асырды. Бүгінгі таңда бұл мүмкіндікті ҚР барлық тұрғындары пайдалана алады. Клиент төлқұжат пен жеке куәлікті ресімдеуге өтініштер қабылдайтын көші-қон қызметі операторына жүгінген сәтте, кассаға бармай-ақ бірден Homebank немесе Kaspi банк қосымшаларының QR төлем жасау жүйесі арқылы баж алымын төлей алады. Санаулы секунд ішінде төлеу – әрбір екінші қазақстандыққа қолжетімді цифрлық мүмкіндік.Бұдан бұрын QR кодпен жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, кондоминиум объектілері бойынша қызметтерді және жер қатынастары саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтерді төлеуге болатын. Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері 584 тг, паспорт үшін – 23 336 тг құрайды. Азаматтарға арналған үкімет QR арқылы төлем...
Толығырақ... Оқылды: 1481 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021

SMS-хабарламалар жолдайтын жаңа сервис

Біз тұрғын үй иелеріне тіркелген азаматтар мен тіркеуден шығарылған тұрғындар туралы SMS-хабарламалар жолдайтын жаңа сервисті енгіздік. Енді азаматтар ХҚО арқылы тіркелген кезде тұрғын үй иесі өз телефонына тіркелген адамның деректері көрсетілген хабарлама алады. Егер баспана иесі үйінде тұратын адамды тіркеуден шығарғысы келсе, екінші тарапқа да тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама барады. Аталған жаңа сервис ақылы түрде тіркеуді ұсынатын делдалдарға қарсы күресте көмектеседі Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін тұрғын үй иесі мен тіркелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек.
Толығырақ... Оқылды: 1472 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021

Жәрдемақыны ХҚО арқылы рәсімдеу

Баланың туылуына және бір жасқа толғанына дейінгі күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны ресімдегісі келетін қазақстандықтар енді тұрғылықты жеріне қарамастан, еліміздің кез келген ХҚО-ға жүгіне алады. Бұрын тұрақты тіркеудің болуы және тіркелген жері бойынша ХҚО-ға жүгіну – әлеуметтік төлемдерді ресімдеудің басты талаптарының бірі болған. Жәрдемақыны ХҚО арқылы рәсімдеу үшін жеке куәлік, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, неке куәлігі, банк шоты туралы анықтама қажет.
Толығырақ... Оқылды: 1431 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021

Ресми құжаттарға апостиль қою

Көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі - ресми құжаттарға апостиль қою. Апостиль - бұл басқа елдегі кез келген ресми құжаттың түпнұсқалығын растайтын арнайы мөр. Бұл жоғары білім туралы диплом, туу туралы куәлік немесе неке туралы куәлік, мұрағаттан алынған көшірмелер және басқа да құжаттар болуы мүмкін. Апостиль қоюды екі тәсілмен жасауға болады – eGov порталында немесе ХҚО-да. Электрондық үкімет порталында қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Бұл қызметті алу бойынша нұсқаулық: - Порталда авторизациядан өтіп, "құқықтық көмек" бөліміне өтіңіз, содан кейін қызметке онлайн тапсырыс беріңіз -жолдарды толтырыңыз және апостиль қойылған құжаттың скан-көшірмелерін тіркеңіз -ЭЦҚ немесе смс-құпиясөз арқылы сұрауға қол қойыңыз; - Жеке кабинетте "Апостиль"электрондық мөртаңбасын алыңыз ХҚО-ға жүгінген кезде апостиль ұсынуға өтініш және келесі құжаттар болуы қажет: - жеке куәліктің түпнұсқасы - апостиль қоюға жататын құжат - бюджетке мемлекеттік ба...
Толығырақ... Оқылды: 1433 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.