ӘЛЕУМЕТ
Әкімі жақсы болса - халқы бақуатты |
| Қыркүйектің 12-сі күні Мұқыры және Мұсабек ауылдық округтерінде су жаңа екі әкім тағайындалды. Бұл кадрлық ауыс-түйіс жалпы жалпақ жұртқа жыл келгендей жаңалық бола қойған жоқ. Себебі екеуі де сол ауылдың тумасы. Көптің көз алдында, өз еңбегімен, білім-білігімен абырой биігіне өрлеген азаматтар. Қоғамның белді азаматтары туралы адамдар әсте әртүрлі ойлайды. Көпшілік жоғары лауазымды қызмет аспаннан салбырап түсіп, сол адамның басына қона қалғандай көреді. Әдетте, әкімдер туралы әңгіме бола қалса жақтырмай, тулай жөнелетін адамдар да жоқ емес. Әкімнің де әкімі бар. Жұмыс болған соң, оның күнгейі мен көлеңкесі де болмақ. Әкім болу оңай ма? Әкімдер- барлық жағдайды жоғарыдан төмен емес, төменнен жоғарыға қарай бақылайтын, соған қарап іс-әрекет жасайтын тұлғалар. Өздеріне тиесілі ауылды, қаланы, облысты көркейту, дамыту үшін барын салады. Алайда бәрі тиянақты, кемшіліксіз бола алмайды. Осы кезде, әкімдердің басы дауға қалып, сынға ұшырайды. Мұқыры ауылына барар жолда әкімдердің қызмет... |
| Толығырақ... Оқылды: 1539 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.09.2021 |
Алматы облысының кәсіпкері жасанды көлде балық, қаз өсіруде |
| Елімізде жеке кәсіпкерлерді қолдау ерекше. Сондықтанда болар әр жерде жеке шаруалар қаз, үйрек, балық өсіріп табыс табуға ден қоюда. Қаратал ауданының тұрғыны Аксенов Анатолий да осы кәсіпті бастау үшін 10 гектар жерге жасанды көл жасап, 10 жылдан бері балық өсірсе, соңғы 2 жылда қаз, үйрек өсіруді қолға алған. Бұл фермада бүгінгі күні беламур, сазан, мөңке балықтары, қаздың россиядан әкелінген етті бағыттағы үлкен Сера және ақ Линда қаз түрі бар. Балықтардың орта салмағы 18 кг. қаздың орта салмағы 4 келіге дейін жетеді. Кәсіпкер Анатолийдың айтуынша, қаз балапандарын өсіріп, суға жіберген сәттен балықдың өсуі 2 есеге ұлғайған, себебі қаздың еті, жүні, аяқтары мен бауыры нарықта үлкен сұранысқа ие болса, оның соңғырығыда таптырмас тыңғайтқыш. «Балық шарушылығымен айналысып жүргеніме 10 жылдан асты. Бұл кәсіп табысты болғанымен оны 4 жыл бойы ауламай баптау қажет. Ал қаз, үйрек балапандары 3 ай ішінде өсіп, ет алады. Еті диеталық жеңіл болып келеді. Қазірдің өзінде сұраныс ө... |
| Толығырақ... Оқылды: 1481 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.09.2021 |
Азаматтарға арналған үкімет Kaspi.kz-пен |
| Қазақстандықтар үшін жақсы жаңалығымыз бар. Азаматтарға арналған үкіметтің Kaspi.kz-пен бірігіп енгізген жаңа сервисінің арқасында жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдей түседі. Енді нотариуста жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасасқан клиенттер мемлекеттік бажды Kaspi.kz қосымшасында бірден төлей алады. Ол үшін нотариус берген түбіртектегі QR кодты сканерлеу қажет немесе қосымшадағы "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі арқылы төлем жүргізуге болады. Бұрын нотариаттық мәміле жасалғаннан кейін нотариус құжаттардың электрондық көшірмелерін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі арқылы жіберетін. Содан кейін мәміле рәсімін аяқтау үшін клиенттер мемлекеттік бажды банкке немесе "Қазпошта" кассаларына барып төлеп, төлем чегін нотариусқа қайта әкелуі тиіс-тін. Жаңа қызмет нотариусқа қайта оралу қажеттілігін жояды. Қазақстандықтар өз уақыттарын айтарлықтай үнемдейді. Бүгінде жылжымайтын мүлікті тіркеуге өтінішті ХҚО немесе нотариус арқылы да беруге болады. |
| Толығырақ... Оқылды: 1449 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2021 |
Шетелде жүріп ЭЦҚ-ны қалай алуға болады? |
| Күтпеген жағдайлардан ешкім сақтандырылмаған, сондай жағдайлардың бірінде сізге ЭЦҚ керек болып қалуы да мүмкін. Бұрын шетелде жүріп ЭЦҚ алу қиындық тудыратын, қазір сіз ЭЦҚ-ны алу үшін елшілікке немесе консулдыққа жүгіне аласыз. Ол үшін сізге: - NCALayer бағдарламасын орнату -www.pki.gov.kzпорталында "жеке тұлғалар үшін ЭЦҚ" алуға өтінім беру - жеке ЖСН нөмірін енгізіп, тиісті жолдарды толтыру қажет. Бұдан кейін консулдыққа барып, сайтта өтініш берген соң қалыптастырылған анықтама мен жеке куәлікті ұсыну қажет. Лауазымды тұлға ақпараттық жүйеде өтінімді растаған соң өтініш жасаған компьютерденwww.pki.gov.kzпорталында шығарылған сертификаттарды (ЭЦҚ) жүктеп алуға болады. Бүгінгі таңда бұл қызмет Абу-Даби, Бішкек, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Прага, Санкт-Петербург, Сеул, Ыстамбұл және Майндағы Франкфурт қалаларында орналасқан 10 дипломатиялық өкілдікте қолжетімді. |
| Толығырақ... Оқылды: 1455 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2021 |
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАҢАША КӨЗҚАРАСПЕН |
| Жас ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу– қазіргі замандағы өзекті мәселенің бірі. Біздің болашағымыз – жас ұрпақтың, адамгершілік қасиеттермен тәрбиеленуі. Қазіргі таңда ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көңіл аудара отырып, сапалы білім беру талаптары қойылып отыр. Оның ішінде мектепте сапалы білім алуы мектепалды дайындығына және балабақша мен бастауыш мектептің сабақтастығымен тығыз байланысты. Білім саласындағы өзара байланыс бұрыннан да талап етілуші еді. Бірақ , ол кездегі бағдарламалар көп жыл бойы өзгермейтін, сондықтан ата-ана да, балабақша да бастауыш мектеп талабын біліп отырды. Ал, қазір бағдарламалар, технологиялар үнемі өзгеруде. Әр салада мамандар өз беттерімен жұмыстануда. Ұлы педагог А.А. Сухомлинскийдің «Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны оқытуға, тәрбиелеуге болмайды», -деген нақты тұжырымы сабақтастықтың керектігін көздейді. Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде... |
| Толығырақ... Оқылды: 1282 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2021 |
Сапасы сын көтермейтін халыққа қызмет көрсету орталығы |
| Еліміздің басты байлығы Ата Заңымызда тайға таңба басқандай көрсетілген Адам, оның құқықтары мен бостандықтары - ең қымбат құндылық. Мемлекетіміз Қазақстан Республикасы болып өз егемендігіне қол жеткізгеніне биыл тұп-тура 30 жыл. Осы жылдарда Көксу ауданында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Ел еңсесін тіктеп, халықтың әл-ауқаты арта түсті. Жерлестеріміз балаларын жаңа немесе күрделі жөндеуден өткен білім ордасына беріп, сапалы, заманауи жабдықталған емхана, ауруханадан ем-домын алып реттеле бастады. Бүгінгі күннің басты саласына айналған, алайда жағдайы сын көтермейтін ауданымыздағы «Азаматтарға арналған үкімет» халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының қазіргі жай күйі өкінішке орай көңіл көншітерлік емес. Халықтан алынған сауалнамада ғимараттың тар екендігіне, қызмет көрсету терезелерінің аздығына және ішке сыймаған адамдар сыртта кезекте тұруға мәжбүр болғанына наразылық тудырған. Аудан халқының саны соңғы он жылда едәуір артқан. Оған қоса цифрландыру саясаты жұмылғанға... |
| Толығырақ... Оқылды: 1299 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.09.2021 |
«Қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту |
| 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда «оралман» термині ресми түрде «қандас» деп ауыстырылды. Бұл мәртебені ХҚО арқылы да алуға болады. Ол үшін сізде келесі құжаттар болуы керек: - толтырылған өтініш (үлгісін Egov-тан жүктеуге болады) - еркін түрде жазылған өмірбаян - сіздің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың қазақ немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмелері - жергілікті атқарушы органның мәртебе беруге келісімі - Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі фотосуреті Егер барлық құжат дұрыс болса, мәртебе 5 жұмыс күні ішінде беріледі. Мәртебенің жарамдылық мерзімі бір жылды құрайды, содан кейін оны ұзартуға немесе ҚР азаматтығын алуға құжаттар тапсыруға болады. Толық ақпарат алу үшін 1414 call-орталығына хабарласуға болады. Қандастар – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін шетелдегі тұрақты жерінен елімізге оралған этникалық қазақтар. Қазақстанға келгеннен кейін оларға &laqu... |
| Толығырақ... Оқылды: 1397 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.09.2021 |
Kaspi.kz-пен бірігіп енгізген жаңа сервис |
| Азаматтарға арналған үкіметтің Kaspi.kz-пен бірігіп енгізген жаңа сервисінің арқасында жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдей түседі. Енді нотариуста жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасасқан клиенттер мемлекеттік бажды Kaspi.kz қосымшасында бірден төлей алады. Ол үшін нотариус берген түбіртектегі QR кодты сканерлеу қажет немесе қосымшадағы "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі арқылы төлем жүргізуге болады. Бұрын нотариаттық мәміле жасалғаннан кейін нотариус құжаттардың электрондық көшірмелерін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі арқылы жіберетін. Содан кейін мәміле рәсімін аяқтау үшін клиенттер мемлекеттік бажды банкке немесе "Қазпошта" кассаларына барып төлеп, төлем чегін нотариусқа қайта әкелуі тиіс-тін. Жаңа қызмет нотариусқа қайта оралу қажеттілігін жояды. Қазақстандықтар өз уақыттарын айтарлықтай үнемдейді. Бүгінде жылжымайтын мүлікті тіркеуге өтінішті ХҚО немесе нотариус арқылы да беруге болады. |
| Толығырақ... Оқылды: 1224 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.09.2021 |
САҚТАНСАҢ САҚТАЙДЫ |
| Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтің Қазақстан халқына 2021 жылғы Жолдауын аса құрметпен тыңдап, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алдық деп ойдамын. «Қазақтанның ең басты байлығы ол азаматтарымыз!» Осы орайда тұрғындардың денсаулығын сақтау басты назарда. Медицина саласында жұмыс істейтін азамат ретінде жанымызға бататын мәселе ол әрине тұрғындардың арасындағы коронавируска қарсы екпеден бас тартуы. Коронавирусқа шалдыққан тұрғындардың саны төмендеген жоқ, ауруханада жатқан науқастарымыздың саны азаймады, өлім-жітім де орын алуда. Жан сақтау бөліміндегі науқастардың 100 пайызы екпе алмағандар, екпе алғандардың ауру жұқтыруы мүмкін, бірақ олар жеңіл түрде ауырып немесе симптомсыз түрінде анықталады. Осы орайда індетті тоқтатудың ең кұрделі жолы – ол тек қана екпе. Аудандық ауруханада,ауылдық амбулаторияларда вакцина алушыларға таңдау жасауға мүмкіндік бар, 3 түрлі вакцинаның қоры жеткілікті – ол отандық «Gaz-Covid-in», қытайл... |
| Толығырақ... Оқылды: 1215 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021 |
ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ |
| Еліміз Тәуелсіз ел болған отыз жылда Қазақстан халқы жыл сайын асыға күтетін, дәстүрге айналған бір жасампаз іс бар. Ол - Ел Президентінің өз отандастарына арнайтын жыл сайынғы Жолдаулары. Әрбір Жолдаудың өз ерекшеліктері бар. Парламент қабырғасында жарияланған биылғы Жолдау елімізді одан әрі дамытуға арналған стратегиялық құжат ретінде танылды. Себебі: Жолдауда саяси, әлеуметтік, экономикалық өсіп өркендеудің барлық жолы көрсетілген. Әсіресе ең төменгі жалақы мөлшерін 42500 теңгеден 60 мың теңгеге өсетіні, ел дамуының 2025 жылға дейін нақты бағытын айрықша атап көрсетті. Ең бастысы жас кадрларды қолдау, оның ішінде агро кәсіпкерлерді, ІТ мамандарын ерекше атап көрсетті. Сонымен қатар мүсіншілерге, музыканттарға, суретшілерге, барынша қолдау көрсетілуін тапсырды. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі жаңа бағыт алып келетін жастар толқынын жұмысқа алуға шақырды. Бұл идея елімізде жұмыссыз жүрген білікті мамандар үшін үлкен мүмкіндік. Жолдау жайлы көп айтуға болады. Жалпы ой қорытып ай... |
| Толығырақ... Оқылды: 1092 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021 |
