ӘЛЕУМЕТ

ЖАЛАҚЫ КӨБЕЙЕДІ

Көксу аудандық кітапхана қызметкерлері Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2021 жылы 1-ші қыркүйекте «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын зор ілтипатпен қабылдады. Жолдауда еліміздің алдағы уақыттағы жоспары айқындалған. Президент айтқан және қабылдаған шаралар шетінен жүзеге асып жатыр. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев осы Жолдауын Қазақстан тарихындағы жаңа белестерді бағындыруға арналған құжат екенін атап айтты. Сонымен қатар мәдениет саласына ерекше көңіл бөлінетінін де атап өтті. Мәдениет оның ішінде кітапхана мамандарының жалақысын 2022-2025 жылдар аралығында әр жылы 20 пайызға көтеру туралы нақты ұсынысы кітапханашылардың мәртебесін бір көтерді. Иә, жалақы өседі дегенді естідім. Қуантады. Әсіресе, кітапханашы, суретші секілді жұмысы аса жауапкершілікті талап ететін мамандық иелерінің еңбегі еленіп жатқаны қуантады. Осы орайда, Мемлекет басшысының кітапхана ісіне қолдау көрсетуі – кітапхана жұмысы үшін жасалған жақсы кө...
Толығырақ... Оқылды: 1123 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021

ЖОЛДАУ: ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні Ақорда сайтында жарияланды. «Қымбатты отандастар! Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері! Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз. Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жа...
Толығырақ... Оқылды: 1194 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021

Кісілігі мен кішілігі – таудай дәрігер

...Пенде болған соң, ауырмай тұрмайсың. Жаның қысылып, тынысың тарылғанда, ауруға араша тұрар ақ желеңді абзал жандарды іздейтінің де өтірік емес. Қазіргі: «Сананы – тұрмыс билеген» қым-қуыт заманда, көптеген адами құндылықтар, күнделікті түйткіл- тіршіліктің тасасында қалып қоятыны өкінішті. Жақынына жақсылық жасамақ түгілі, сырқаттанып қалсаң, хал сұрауға жарамайтын дос- жаранды да, беймаза көңіліңді аулап, рух берер жақсы сөзін қимайтын ағайынды да кездестіріп жүрміз... Жақсы адамның – жақсы атын атауға да қиналамыз, мақтап- мадақтауға, марапаттауға да қимаймыз... Ащы да болса – шындық!!! Ондай қайырымсыз жекжаттардың қасында, алдына: «сіркең су көтермей» жаның қиналып барғанда, жайдары қабағымен қарсы алып, бір- екі ауыз жылы сөзімен жаныңды жадыратып, ауруыңды ұмыттырып жіберетін дәрігерлердің барына шүкіршілік жасайсың. Іштей, өмірде әлі де «жақсы адамдар» бар екен ғой деп, бір сәт ойланып, қуанып, марқайып қаласың... Сон...
Толығырақ... Оқылды: 1179 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021

БАЛАЛАРҒА ӘЛІППЕ ТАБЫСТАЛДЫ

Аудандағы білім ұяларында 1 қыркүйек алғашқы қоңырау соғылды. 1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерге әліппе табысталды. Сақтық шараларына сәйкес, мектептерде өткен арнайы жиынға 1-сынып оқушылары мен ата-аналар ғана қатысты. Олардан өзге сыныптар кабинеттерде тәрбие сағатын өткізді. Жетіжал орта мектебінде биылғы оқу жылында 185 оқушы білім алады. Оның 15-і 1-сыныптың балалары. Әліппе оқулығын мектеп директоры Әділет Нұрғалиев санитарлық талаптарды сақтай отырып арнайы табыстады. Зере Нұртаза, Жетіжал орта мектебінің 1-сынып оқушысы: -Мен мектепке келгеніме өте қуаныштымын. Әліппені берген кезде өте қатты қуандым. Енді сабақты жақсы оқимын. Дария Абек, ата-ана: -Бүгін қызымды бірінші сыныпқа әкеліп отырмын. Пандемия кезінде өздеріңіз білесіздер, балалар мектепті сондай сағынып қалды. Сондай қуаныштымын. Өзімнің қызыма да, басқа балаларға да тілерім аттаған қадамдары құтты болсын! Мектепте сақтық шаралары қатаң сақталған. Күзет қызметі жаңартылып, арнайы мамандар тартылған. Ғимарат...
Толығырақ... Оқылды: 1175 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021

БРИФИНГ

2021 жылдың 23 тамызында Департамент басшысы С.Қабимолдаева облыстың мемлекеттік мектептеріне кешенді мониторинг жүргізу қорытындысы және жаңа оқу жылына дайындық бойынша брифинг өткізді. Мектептердің білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі, оның ішінде медициналық қызмет көрсету, тамақтану объектілерінің болуы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік мектептерді санитариялық-гигиеналық жағдайлармен жарақтандыру, мемлекеттік мектептерде бейнебақылаудың болуы және бейнебақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкестігі, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері зерделенді. Жаңа оқу жылы қарсаңында бұл ең өзекті мәселе болып табылады. Кешенді мониторинг қорытындысы осы бағыттардағы проблемалық мәселелердің бар екенін көрсетеді. Департамент мониторинг нәтижелері туралы жергілікті атқарушы органдарды уақтылы хабардар етеді. 2021 жылғы шілде-тамыз аралығында ЖАО-ға проблемаларды шешу жөнінде шаралар қабылдау үшін мектептер бойынша ахуал толық бая...
Толығырақ... Оқылды: 1411 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2021

Конституция– мемлекеттің басты тұғыры

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Ел Конституциясы – Қазақстан халқының баға жетпес байлығы, ұлт бірлігінің ұйтқысы. Бұл күн – жалпыұлттық мереке. Кемел келешектің кепілі болған Ата Заң халқымыздың қорғаны, бейбіт өмірдің береке бастауы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің Тәуелсіздік тарихы – татулық пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім шежіресі, мызғымас бірліктің жылнамасы. Байлық та, бақыт та – бірлікте»,- деп атап көрсеткен болатын. Конституция қолданысқа енген 26 жыл ішінде мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қалап, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етумен қатар ел экономикасың еселеп артуына сара жол ашып, өндіріс орындарының заман ағымына сай өсіп-өркендеуіне тың серпін берді. Шын мәнінде, халқымыздың бүгінде қол жеткізген жетістігі – Ата Заң аясында атқарылған ауқымды істердің жемісі. Мемлекет басшысы Қа...
Толығырақ... Оқылды: 1148 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2021

ХҚО-лар мен автоХҚО-лар клиенттерді міндетті брондаусыз, Ashyq жүйесі арқылы қабылдай бастайды

Достар, 23 тамыздан бастап ХҚО-лар мен автоХҚО-лар клиенттерді міндетті брондаусыз, Ashyq жүйесі арқылы қабылдай бастайды. Санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұраймыз – бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз және санитайзерлерді қолданыңыз. Біз талон беру жүйесін Ashyq-пен біріктірдік. Сондықтан, егер сіз Ashyq жүйесінде қандай да бір себептермен сәйкестендірілмеген болсаңыз және одан әрі талондар беру аймағына өтсеңіз, сіздің ЖСН нөмірі теріліп, қауіпті мәртебе анықталған жағдайда, бағдарлама талонды басып шығармайды. ХҚО-ға өзіне ыңғайлы уақытта баруды жоспарлайтындар үшін электронды брондау мүмкіндігі сақталады.
Толығырақ... Оқылды: 1409 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2021

Балабақшада заттық дамытушы ортаны қалыптастыру

Біздің дана халқымыз қашан да бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған. «Бала – біздің болашағымыз. Болашағына немқұрайлы халықтан ештеңе күтуге болмас» деп, профессор Б.Кенжебаев айтқандай, біздің, яғни тәрбиешілердің алдында бір-бір еліміздің болашақ елеулі азаматтары отыр, сол себепті біз бала тәрбиесіне, берілетін білім сапасына бей-жай қарауға еш құқығымыз жоқ. Қазіргі таңда заман өте қарқынды дамуда. Осыған орай тәрбиешілер де үнемі ізденіс үстінде болу керек деп ойлаймын. Алдымызда отырған әр баланың қай-қайсысын болмасын бар жүрегіңмен, мейіріміңмен тәрбиелеп, дамытып, білім нәрін сусындатар болсақ, әрине де жұмысымыз нәтижелі болмақ. Біздің басты міндеттеріміздің бірі – баланы жан-жақты дамыту. Балаға жеткілікті деңгейде сапалы білім беріп, оның дене дамуына ықпал ету мақсатында біздің балабақшамыздың әр тобында заттық дамытушы орта құрылған. Заттық дамытушы орта өзі үш бөлімнен тұрады: танымдық орта, эмоционалдық орта және еркін орта. Бұл ортан...
Толығырақ... Оқылды: 2108 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.08.2021

Жылыту маусымына дайындық басталды

Төтенше жағдайлар департаментің қызметкерлері адам өмірі мен денсаулығын, меншікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау бағытында өрт қауіпсіздік шараларын ұдайы өткізіп келеді. Оның ішінде тұрғын үйлердегі тұрмыстық жағдайдағы от жағу пешінің қауіпсіздігі және көмірқышқыл газына уланудың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Осы орайда, 17-і тамыз күні аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында аудандық әкімдік және «Нұрлы Көксу» газетінің тілшісінің қатысуымен «Жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу» тақырыбында брифинг өтті. Жиында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Елжас Қуанышұлы сөз алып, аудан аумағында өрттердің жағдайы туралы және жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу бойынша ағымдағы жылдың 15 тамызынан 15 қыркүйек аралығында жылыту маус...
Толығырақ... Оқылды: 1478 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.08.2021

Білім және ғылым - елдің тұрақты дамуының кепілі

ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасындағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның жедел ақпараттануы мен дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім беруді заман талабына сай жаңғырту қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, Қазақстан экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту және білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру – Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты бағыты болып отырғандығын ерекше атап көрсеткен. Сондықтан да еліміздегі білім беру жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кіру шарттарына сәйкес жаңғырту қажеттілігі туындады, яғни ғылыми технологиялар қарыштап дамыған жаһандану дәуіріндеуақыт талабына сай білім беру жүйесін жетілдіру, оқытудың сапалық деңгейін арттыру, білім беру оры...
Толығырақ... Оқылды: 1951 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.08.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.