ӘЛЕУМЕТ
Алматы облысындағы ауылдардың бірінде әкімдікке үміткерлердің рекордтық саны тіркелді |
| Әкімдікке кандидаттардың ең көп саны Іле ауданының Чапаев ауылдық округінде тіркелген. Барлығы 9 адам әкім лауазымына үміткер. Өңірде 71 ауылдық округ әкімдерін сайлау 2021 жылдың 25 шілдесіне 17 ауданда (қалада) жоспарланған. 279 кандидат ұсынылды, олардың 93 - і - саяси партиялар, 186-сы-өзін-өзі ұсыну арқылы. Орташа бәсекелестік-3,9 адам. Жалпы барлық округтерде 3 және одан да көп кандидат бар. Қазіргі уақытта аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар өздерінің болашақ қызметінің сайлау алдындағы бағдарламасымен таныстыруда. |
| Толығырақ... Оқылды: 1074 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.07.2021 |
Барлық мемлекеттік қызмет бір нөмірден қолжетімді! |
| Халыққа ыңғайлы болу үшін 1411 қысқа нөмірін жаба отырып, 1414-тің әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру мүмкіндіктерін кеңейту туралы шешім қабылданды. Енді зейнетақы мен жәрдемақыны, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу, әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы, еңбек қатынастары мен халықты жұмыспен қамту туралы сұрақтарды 1414 Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, қосымша 5 нөмірін басу арқылы алуға болады. Әлеуметтік сұрақтар бойынша 1414 халыққа дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін (жексенбі-демалыс)көмектесе алады, қоңырау - тегін. Ең танымал Мемлекеттік қызметтерді біздің @kenes1414bot телеграмм-бот арқылы да алуға болады. _______________ Все гос услуги доступны по одному номеру! Для удобства населения было принято решение о расширении возможностей 1414, что позволило предоставлять консультативную помощь и по социальным вопросам, закрыв короткий номер 1411. Теперь вопросы, касающиеся оформ... |
| Толығырақ... Оқылды: 1343 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.07.2021 |
Кәсіп ашу үшін батылдылық пен шыдамдылық қажет екені сөзсіз |
| Кәсіп ашу үшін батылдылық пен шыдамдылық қажет екені сөзсіз. Бар бизнес-жоспарыңызды іске асыруға дайын болсаңыз, ең басты талап – кәсіпті заңды түрде рәсімдеуді ұмытпаңыз. Бұрын кәсіпкер болу үшін құжаттарды жинап, салық органына бару керек еді. Енді мұны бірнеше минут ішінде онлайн түрде жүзеге асыруға болады. Төменде қысқаша нұсқаулық көрсетілген: • «Е-лицензиялау» elicense.kz порталына кіріп, ЭЦҚ көмегімен тіркеліңіз • Тіркелгеннен кейін басты беттегі «Қызмет көрсету» батырмасын таңдаңыз • Қосымша «Хабарлама жасау тәртібі» бетін таңдаймыз, «Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама» сілтемесін басамыз • «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын таңдайсыз • Жеке кәсіпкерлік туралы деректерді толтырасыз (қызмет түрі, салық салу тәртібі және т.б.). Мұнда сіз сондай-ақ мемлекеттік органға сұрау сала аласыз. Егер салықтан берешегіңіз болса, сізге Жеке кәсіпкерлікті тіркеуге рұқсат берілмейді. • ЭЦҚ көмегімен барлық деректерді толтырғаннан кейін сіз салық о... |
| Толығырақ... Оқылды: 1318 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.07.2021 |
Ипотека алу туралы шешім қабылдасаңыз |
| Ипотека алу туралы шешім қабылдасаңыз, онда сізге зейнетақы аударымдары туралы анықтама міндетті түрде қажет. Бұл анықтаманы бірнеше жолмен алуға болады. Төменде нұсқаулық көрсетілген. eGov.kz портал арқылы: 1. Сізге ыңғайлы тәсілмен порталда авторизациядан өтіңіз 2. «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімін ашыңыз 3. «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін табыңыз 4. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз 5. Аударымдар туралы анықтама қандай уақыт кезеңі үшін қажет екенін көрсетіңіз 6. ЭЦҚ арқылы қызметке қол қойыңыз және анықтама 20 минут ішінде дайын болады. eGov mobile қосымшасы арқылы: 1. Қосымшаға кіріп, тіркеліңіз 2. «Қызметтер» бөлімінен «Жеңілдіктер, жәрдемақылар, зейнетақылар» бөлімін табыңыз 3. Содан кейін «Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат» бөлімін ашыңыз 4. Қажетті кезеңді көрсетіңіз 5. ЭЦҚ немесе СМС көмегімен қызметке қол қойыңыз, анықтама 4 сағат ішінде дайын болады. @Kenes1414bot (EgovKzBot2.0) телеграм-бот арқылы: 1... |
| Толығырақ... Оқылды: 1297 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.07.2021 |
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕНГІЗІЛДІ |
| Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелерді анықтауы тиіс. Комплаенс-қызметтердің негізгі міндеті - тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, бұл ұйымның «қорғаушы – кеңесшісінің» көп функциялы ұстанымы екенін атап өткен жөн. Ол ережелердің сақталуын талдайды, тәуекелдерді анықтайды, тәуелсіз тұлға бола отырып және тікелей бірінші басшыға немесе директорлар Кеңесіне бағына отырып, олардың ұйымның операциялық қызметіне және қаржылық жағдайына әсер ету ықтималдығын азайтады. Оның компаниядағы мәртебесі өте жоғары, өйткені комплаенс-офицер әрбір үдерістің стандарттарға және өзге де реттеуші талаптарға сәйкестігін тексереді, халықаралық контексті ескереді, қабылданған қағидаларды б... |
| Толығырақ... Оқылды: 1224 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.07.2021 |
Информация по проведению вакцинации «Спутник V» против коронавирусной инфекции по Алматинской области |
| В области для проведения вакцинации против коронавирусной инфекций задействовано 244 прививочных пунктов, 71 мобильных бригад, 17 передвижных медицинских комплексов. На сегодняшний день для хранения вакцины имеются 153 морозильных камер, 272 активных термоконтейнеров (автоморозильники). В область поставлено 540 495 доз вакцины I компонента и 379 990 II компонента. Привито I компонентом – 476 865 человек, завершили вакцинацию двумя компонентами – 262 702. Остаток на 16.07.2021 года вакцины I компонента – 63 630 доз, II компонента – 117 288 доз. Проводится широкая разъяснительно-просветительная работа по вакцинации против Covid-19. Проведено более 60 прямых эфиров, подготовлено 40 сюжетов. Опубликовано более 503 статей в республиканских и региональных СМИ. Розданы буклеты в количестве 262 702 штук, памяток – 476 865 |
| Толығырақ... Оқылды: 1134 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.07.2021 |
Егін алқабында және Дала өртіне жол бермейік |
| Өрт қауіпті кезеңде Көксу ауданы аумағында 19 (он тоғыз) дала өрті тіркеліп отыр, күннің аптап ыстығында таулы-дала және егін алқаптарында өрт оқиғаларының туындауы артатыны белгілі. Себебі, құрғақ шөп күннің ыстығынан, құрғақшылықтан, найзағай түсуден, табиғатқа демалуға шыққан азаматтардың жаққан оттарын сөндірмеуінен, малшылардың немесе көлік жүргізушісінің жол жиегіне өшірмей тастай салған темекі тұқылынан, отты абайсыз пайдаланудан және басқа себептерден тұтанса, аз мерзімнің ішінде ұланғайыр аумақтарға жайылып, алапат өртке айналмақ. Бұның барлығы да адамзаттың табиғат-Анаға деген немқұрайлы көзқарасынан туындайтындығы сөзсіз. Егін – еліміздің байлығы мен қазынасы. Егін алқабындағы өрт – үлкен апат. Егін орағы – өртке өте қауіпті мезгіл: егін орағы басталмай тұрып, оған қатынасатын барлық қызметшілермен (бригадирлер, трактор, комбайн, автокөлік жүргізушілері т.б.) егінді ору және жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі туралы нұсқаулықтар өткізу қажет. Туындауы мүмкін өрттерді жылдам... |
| Толығырақ... Оқылды: 1162 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2021 |
Құрметті Жарлыөзек ауылдық округінің сайлаушылары! |
| «Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады» Н.Ə.Назарбаев Мен, Оразбаев Қанат Саматұлы, Талдықорған облысы Киров ауданы Бозтоған ауылында 1991 жылдың 23 наурызында дүниеге келдім. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы демекші ата-анам адалдыққа, мейірімділікке,әрдайым шыншыл болуды түсіндіріп, тәлім тәрбие берді. 2012 жылы отбасы құрып, бүгінде 1 ұл және 1 қыз тәрбиелеп отырмын. Еңбек жолымды 2016 жылы Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратында маман болып бастадым. Сол жылы Балпық ауылдық округінің әкімі аппаратына ауысып 2 жыл қызмет атқардым. 2018 жылы аудан әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы қызметіне тағайындалып бүгінгі күнге дейін қызмет атқарудамын. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауларында ел болашағы жастардың қолында екенін айта келе өзімді жас кандидат ретінде, округтің экономикалық-саяси дамуына сонымен қатар ауылдың тұрмыс тіршілігін жақсар... |
| Толығырақ... Оқылды: 1150 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2021 |
Алматы облысы, Көксу ауданы Жарлыөзек ауылдық округі əкімінің сайлауына үміткер ТАНТИБАЕВ ҚОЙШЫҒҰЛ ЖОЛАМАНҰЛЫ 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА |
| Құрметті Жарлыөзек округінің сайлаушылары! Мен,Тантибаев Қойшығұл Жоламанұлы,Талдықорған облысы Киров ауданыМұсабекауылында дүниеге келдім. Балакезденқазақи ортада өсіп, салт-дәстүрді ұстана келем. 1994 жылы шаңырақ көтеріп, 3 қыз баланың әкесімін. Өз қыздарымның бойларына инабаттылықты, үлкенді құрметтеуді, кішіпейілділікті сіңіріп келемін. Еңбек жолын осы Бозтоған ауылында орналасқан Мұсабек атындағы орта мектептен бастадым. Бастапқыда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып, кейіннен математика пәнінің мүғалімі болдым. 32 жылдық білім саласындағы еңбек жолым осы Мұсабек орта мектебінің қабырғасында,бүгінгі күні атқаратын лауазымым мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Сондықтан, «Дұрыс қанаттанған, түзу ұшар» дегендей, өскелең ұрпаққа ерінбей тәрбие беру жолында мақсатым айқын. Осы ауылдың суын ішіп, отбасылармен етене араласып жүргендіктен, тұрмыс-тіршілігін де көріп, ауылдың жағдайын жақсы білемін дептуындап тұрған мәселелердің болдырмауына атсалыс... |
| Толығырақ... Оқылды: 1133 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2021 |
Алматы облысы Көксу ауданы Жарлыөзек ауылдық округі əкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан үміткер САМАТ ТАҢАТАРҰЛЫ ИХСАНОВТЫҢ 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ |
| «Ауыл шаруашылығын жаңғырту маңызды мәселе. Біздер үшін басты міндет - фермерлікті, ауылдардағы шағын және орта бизнесті дамыту» Тұңғыш Президент–Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ə.Назарбаев Құрметті жарлыөзек ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Самат Таңатарұлы Ихсанов, Қаратал ауданы 1-май ауылында тудым. Өскен жерім Жарлыөзек ауылы. Агроном мамандығы бойынша жоғары білімалған соң,ауылыма келіп Жарлыөзек ауылдық округінің дамуына үлес қосуға бел будым. Сол себепті, еңбек жолымды ауылшаруашылығы саласында бригадир, агроном қызметтерінен бастадым. 2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметке орналастым. 2017 жылдың тамыз айынан Жарлыөзек ауылдық округунің әкімі лауазымына тағайындалдым. Жарлыөзек ауылында футбол алаңы салынуына, Бозтоған ауылы көшелеріне жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал еттім. Қазіргі таңда жол мәселесі, түңгі жарық шамдарының жоқтығы, газдың тартылмауы толғандырады. Мен осы мəселелерді шешудің тетіктерін, ауыл өмірін... |
| Толығырақ... Оқылды: 1100 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2021 |
