ӘЛЕУМЕТ
Фукционалдық сауаттылықты арттыру ұстаздың шеберлігінде |
| Бүгінгі таңда жаңаша ойлай алатын ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін жаңаша түрлендіру. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзінөзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Олай болса жаңаша ойлай алатын мұғалімнің де мәртебесі жоғары болмақ, оқушылар мен олардың ата-аналарының сұраныстарын қанағаттандыра алатын жаңа формациялы мұғалім. Сол себепті білім кеңістігінде «Жаңаша мұғалім қандай болу керек? Өскелең ұрпақты қалай және неге үйрету керекпіз?» деген сұрақтың өзектілігі арта түспек. Сондықтан бүгінгі оқушының функцоналдық сауаттылығын арттыру мақсатында Зылиха Тамшыбай атындағы орта мектеп ұстаздары оқушылардың функцоналдық сауаттылығын арттыру жолында ұстаздар арасында мектепішілік вебинарлар өткізу мен қатар тәжірибе алмасу барысында бір талай нәтижеге қол... |
| Толығырақ... Оқылды: 1051 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.08.2021 |
Тегін білім беру-сауық орталығы ашылды |
| Ауданда меценат ауыл тұрғындарына ғимарат салып беріп, онда тегін білім беру-сауық орталығын ашты. Жарлыөзек ауылында ашылған «Oshaq» тұрақты даму орталығының бастамашысы заң ғылымдарының докторы, профессор Сарқытбек Молдабаев. Ол көп жылдар бойы құқық қорғау және сот органдарында жұмыс істеді. Қазіргі таңда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында ғылыми және оқытушылық қызмет атқарады. Оның айтуынша, ғимарат американдық гранттар бағдарламасының қаражатына салынған және БҰҰ ресми түрде қабылдаған тұрақты даму саласындағы жаңа жаһандық бағдарламаны қолдау мен дамытуға бағытталған. Орталықтың қызметі ауылға экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдесуге, сондай-ақ ауыл тұрғындарына кешенді қолдау көрсетуге арналған. Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Сарқытбек Молдабаев «Oshaq» тұрақты даму орталығы» қоғамдық бірлестігін құрды. «Барлығы ошақтан басталады. Отбасы –... |
| Толығырақ... Оқылды: 1022 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Медицинадан кәсіпке бір қадам |
| «Үдемелі индустрия, қарқынды экономика» Тәуелсіздік жылдары Елбасының алдыға қойған тапсырмасы осы сөз тіркесімен астасып, тонның ішкі бауындай бірігіп жатты. Тұңғыш Президентіміз «Алдымен экономика, сосын саясат» деп елдің әлеуметтік жағдайын туралауға басымдық берді. Бір ердің қолынан бүткіл елді аяқтан тұрғызу келмесі анық. Қиын сәтте елдің еңсесін тіктеуге өңірлердегі кәсіпке ебі бар, табанды азаматтар тіреу болды. Соның бірі 1952 жылы қарашаның 27-і күні дүние есігін ашқан Тұрар Жүнісова. Қойбыш ауылының тумасы. 10 сыныпты тәмамдаған бойжеткен, 1970-1973 жылдары медициналық колледжде білімін жалғастырады. Өмірде дара жолын қалыптастыру мақсатында көп ізденген. Ол тіпті, 2003 жылдары Көксу ауданындағы балабақшада қызмет атқарған. Араға 2 жыл салған соң Тұрар Бәзілқызының бағыты бизнеске ауысады. Тұрар ханымның әуелде асығы алшысынан түсті деп айту қиын. Оның айтуынша, алғаш кәсіпке бет бұрғанда, қисапсыз тексеріс аяғын енді басқан жас кәсіпкердің жолына то... |
| Толығырақ... Оқылды: 993 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Талап бұзғандар бар ма? |
| Көксуда «күнде жиын, күнде рейд». Иә, мобильді топ санитарлық талаптардың қадағалануын әлі де бақылап жүр. Қуанарлығы, ереже бұзушылар күн санап азайып келеді. Тұрғындар айыппұл төлеп шаршады ма әлде расымен індеттің жүріп жатқанына көз жеткізді ме, ол жағы беймәлім. Әйтеуір айыппұл мөлшері азайып келеді. Осыған дейін санитарлық талап сақтауда салғырттықтарымен өңірге танылған «Самал» дүкені жұртты бұл жолы таңғалдырды. Барлық талаптар сақталған. 7 шілде күні мониторингтік топ 270 нысанды аралап, тексеріп қайтты. Бірақ талап бұзған тұрғындарды ұстай алмады. Себебі бәрі бетперделерін тағып, арақашықтықты сақтап жүрген көрінеді. Балпық би ауылының төменгі бөлігінде де сол жағдай. Ал Айнабұлақ, Алғабас, Қабылиса ауылдары жайлы жақ ашпасақ та болады. Себебі аты аталған ауылдарда осыған дейін де талап бұзушылар жоқ болған. Рейд қорытындысын көріп, бір қуанып қалыңыздар. Егер дәл осылай қайталана берсе, індеттің де беті қайтары анық. Ай... |
| Толығырақ... Оқылды: 969 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Жазғы демалыс өз мәресіне жетті |
| Мұқаншы ауылдық округіне қарасты «Қарлығаш» балалардың демалыс және дамыту орталығы биылғы жазғы лагерді өз деңгейінде ұйымдастырды. Жаз басталса болды мектеп оқушыларының асыға күтетін қуаныштарының бірі жазғы лагерь. Биыл карантин жағдайында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып лагерь ауданның балаларын жазғы демалысқа қабылдады. Бұл 4 ауысымда демалған 300-ге жуық бала үшін ажырамас достықтың, жаңа таныстықтың, ойын-сауық пен жарқын балалықпен қайта қауышудың ұмытылмас оқиғасы болды десек артық айтқандық емес. Биыл еліміз үшін пандемиямен күресудің екінші жылы болғандықтан, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалған шектеу шаралары білім саласына да өз зардабын тигізбей қоймады. Аудандағы мектептер бала саны мен орналасуына байланысты бірі онлайн оқыса, келесілері қашықтықтан оқуға мәжбүр болды. Сәйкесінше ойын-сауықтар, спорттық, мәдени іс-шаралар тоқтатылып, мектеп бітіру кештері де онлайн өткізілді. Бұл жағдайлар оқушылардың көп уақытын үйде және интернетте өтуіне... |
| Толығырақ... Оқылды: 930 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Қыстың қамын жаз ойла |
| Мал шаруашылығы – халқымыз үшін азық-түлік пен ішіп-жемді қамтамасыз ететін негізгі тіршілік көзі. Дана халқымыз «Қыстың қамын жаз ойла» деп бекер айтпаған. Бұл - төрт-түлік малдың қамымен көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздың отырықшылдыққа көшкен кездегі даналығы, қыс мезгіліне дайындықты жазда жаса, мал азығын дайындап ал деген нақыл сөзі. Қытымыр қысқа қамданып алғанды жөн көретін шаруалар көктем мезгілінде егін салып, жайдары жаз ортасынан ауғанда малдың жемшөбін жинауға кіріседі. Қазіргі таңда Алғабас ауылдық округінде 1080 жылқы, 2500 ірі қара, 12000 ұсақ мал өсірілуде. Мінсең көлік, саусаң сүт, жесең азық болып табылатын төрт-түлікті қысқы жемшөппен қамту оңай шаруа емес. Бірақ қолында қайраты бар, еңбексүйгіш округ шаруалары тың алқаптарды игеру мен мал азығын дайындауға белсене кіріскен. 507 гектардан көп жылдық шөп, 490 гектардан бір жылдық шөп, жалпы 997 гектардан шөп шабылуда. Ал жем әзірлеу бойынша 997 гектардан жаздық, 590 гектардан күздік арпа мен бид... |
| Толығырақ... Оқылды: 1068 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Тәуелсіздік бәрінен қымбат |
| Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл! Халқымыз сан ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен ел болдық! Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Тәуелсіздік бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең.Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Қазақстан Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара, дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. 1991 жылы 16 желтоқсанда әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Қазіргі таңда өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді елміз! Ең алғаш тәуелсіздікті мойындаған түбі бір Түркия елі.Тек бір ғана емес, барша әлем е... |
| Толығырақ... Оқылды: 951 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Кітапхана - руханият ордасы |
| «ХХІ» ғасыр білім мен ғылымның ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана» Н.Назарбаев Қазіргі кезеңде мәдениет саласы адамдардың өскелең талабын қанағаттандыруға, рухани байлығын, жалпы қабілетін дамытуға, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруға тиісті болса, бұл міндеттерді іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше. Қазақстанда кітапхана ісінің дамуы еліміздегі мәдени құрылыстың жарқын беттері болып табылады. Көксу ауданы әкімінің аудандық кітапханасы аудандық мәдениет үйінде орналасқан. Орталық кітапхана 1944 жылдан бері жұмыс жасайды. 1998 жылға дейін орталықтанған кітапхана жүйесінің басқарушы орталығы болып келді. Ол кезде ауданымызда 41 кітапхана болды. 1998 жылы ауылдық кітапханалар мен мен орталық кітапханалар бөлімдері қысқарды. Әр жылдары ауданымыздың кітапхана саласында В.Савченко, Ғ.Серкенова, М.Абдухаирова, Қ.Жақсылықова, Е.Сташкова, Е.Журавлева, С. Белашова, А.Бөлегенова, К.Күнчаева, К.Еселбаева, Қ.Жақсыбаева,А.Баймұратов... |
| Толығырақ... Оқылды: 914 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2021 |
Балаларға да паспорт қажет |
| Емізіктер, памперстер, сылдырмақтар – бұның барлығы жас ата-анаға кішкентай баласымен саяхаттау үшін толық қажетті тізім емес. Ең маңыздысы, саяхатты алдын-ала жоспарлау. Әлбетте, балаларға да паспорт қажет, ал оны алу оңай. Сәбиіңізбен бірге ХҚО-ға бірінші рет барғанда төмендегі құжаттар болуы қажет: - туу туралы куәлік - ата-анасының біреуінің жеке куәлігі - 8 АЕК көлемінде паспорт үшін мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек Ата-аналардың бірінің болуы міндетті. Ал егер олардың біреуінің басқа азаматтығы болса, баланың ҚР азаматының паспортын алуға нотариалды куәландырылған өтініш-келісімі қажет. Сондай-ақ, еліміздің ХҚО-лары азаматтарды алдын ала брондау бойынша қабылдайды, сондықтан істерді алдын ала жоспарлаңыз. Жақындарыңыз бен өзіңізге сақ болыңыз! |
| Толығырақ... Оқылды: 1337 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.08.2021 |
Жетісулық 517 мыңға жуық адам екпенің екінші бөлігін алды |
| Жыл басынан Алматы облысына вакцинаның І компонентінен 570 655 дозасы келіп түсті. Оның 551 350-і қолданылып, 19 305 доза вакцина қалды. II компоненттен 516 990 доза келіп, оның 383 422-ы қолданылып, 133 568 доза вакцина қалды. Бірінші компонентпен 551 352 адам егілді, екіншісінен – 383 422. Вакцинацияланғандардың арасында – мемлекеттік қызметкерлер – 11 849, медицина қызметкерлері – 23 338, педагогтар – 38 036, БАҚ – 196, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) – 4142 және басқа да қызмет салаларының өкілдерінен – 428 088 адам вакцина алып үлгерді. Айта кетейік, облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,6%-дан (19.07-25.07) 0,9% – ға дейін (26.07-01.08) ұлғайды. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл – 2,0%, Балқаш – 1,3%, Ескелді – 1,3%, Іле – 1,1%, Қарасай – 1,6%, Сарқан-1,1% аудандарында байқалады. Жетісулық 517 мыңғ... |
| Толығырақ... Оқылды: 1465 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.08.2021 |
