ӘЛЕУМЕТ
Әкім сайлауы-2021 |
| Алматы облысында 71 ауылдық округ әкімін сайлау науқанына қатысты жұмыс қарқынды жүруде. Бүгінгі таңда үміткерлердің ұсынымын қабылдау аяқталды. Алдағы кезекте үгіт-насихат жұмыстары мен әкімдерді сайлау ісі тұр. 279 тұлға ұсынымдарын жіберіп үлгерген. Оның ішінде 93-і саяси партияның өкілдері болса, 186 азамат ауылдық округті басқаруға қауқарлымын деп, өзін-өзі ұсынғандар. Айта кету керек, Ақсу, Алакөл, Кеген, Кербұлақ, Панфилов аудандарына қарасты ауылдық округтеріне әкім болып сайланамын деушілер өзін-өзі ұсынған. Кандидаттар арасынан 243-і талапқа сай келсе, 16 тұлға саяси бәсекеден шет қалды. Ауылдық округті басқаруға бағын сынап жатқандардың ішіндегі ең жасы Жантас Амангелдіұлы. Жасы 25-те. Алакөл ауданының Теректі ауылдық округін басқармаққа өз кандидатурасын ұсынғандардың бірі. Еңбекшіқазақ ауданына қарасты, Балтабай ауылдық округінің тізгінін ұстамаққа ұсыным берген Жұман Мықтыбаев, үміткерлердің ішіндегі ең үлкені. Оның жасы 62-де. «154 үміткер жұмыс істеп жүрген мемлек... |
| Толығырақ... Оқылды: 1105 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.07.2021 |
Ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша материалдарды жариялау бағалары |
| Материалдарын «Нұрлы Көксу» газетіне орналастыру үшін баспа алаңының құны: — журналистік басылымдары бар беттерде модульді орналастыру — 1 шаршы сантиметр үшін 300 теңге, оның ішінде ҚҚС. Редакцияның электрондық поштасы: nurly_koksu@mail.ru Телефон: 8(72838)2-02-77 |
| Толығырақ... Оқылды: 1125 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.07.2021 |
Қызыл кітапқа енген өсімдік және ұлар... |
| ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Саты» шекара бөлімшесінің аумағында қызмет атқару кезінде шекарашылар Қызыл кітапқа енген өсімдікті заңсыз жинаған азаматтарды қолға түсірді. Сондай-ақ, шекара наряды өсімдіктермен бірге үш дана ұларды тауып тәркіледі. Отандастарымыздың заңсыз қадамдары қатысты қос оқиға да 8 шілде күні орын алған. Алдын ала келіп түскен ақпаратқа сай әрекет еткен шекарашылар түнгі сағат 12-ден 40 минут өткенде Жалаңаш-Алғабас тасжолының бойында Қазақстан Республикасының қос азаматын мінген көлікті тоқтатқан. Жеңіл көлікті тінтудің нәтижесінде ішіне белгісіз өсімдіктер салынған 30 қапшық табылып тәркіленді. Өзінің салмағы шамамен 300 келіні тартады. Кейіннен белгілі болғандай, бұл – еліміздің «Қызыл кітабына» енген «Макратони красячая» деп аталатын өсімдік болып шықты. Сонымен қатар, көліктен үш ұлар табылды. Отандастарымыз өздерінің заңсыз әрекеттерін «Саты» шекара бөлімшесінің учаскесіндегі м... |
| Толығырақ... Оқылды: 1358 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.07.2021 |
Не себепті вакцина салдыру қажет? |
| Толығырақ... Оқылды: 1363 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.07.2021 |
Алматы облысындағы ауылдық округ әкімдерінің сайлауына 220 мыңнан астам адам қатысады |
| Қазақстан Президенті сайлау заңнамасына енгізілген түзетулерге қол қойды, оған сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдері тікелей сайлау арқылы сайланатын болады. Ауыл әкімдерін сайлау 2021 жылдың 25 шілдесінде өтеді. Алматы облысында жұмыстар басталып кетті. Сайлау науқаны аймақтың 71 округінде өтеді. Ақсу ауданы бойынша 9 әкім, Алакөл – 8, Балқаш - 6, Еңбекшіқазақ – 10, Ескелді – 1, Жамбыл – 2, Іле – 1, Қарасай – 1, Қаратал – 2, Кеген – 5, Кербұлақ – 4, Көксу - 4, Панфилов - 4, Сарқан - 3, Талғар-4, Ұйғыр-6, Текелі қаласы-1 сайланатын болады. Райымбек ауданында, Талдықорған және Қапшағай қалаларында бос округтердің болмауына байланысты ауылдық округтер әкімдерін сайлау өткізілмейді. Бүгінгі күні әкімдікке 243 кандидат ұсынылды, оның ішінде 167 - өзін - өзі ұсынған, 57 - кандидатты "Nur Otan" партиясы, 13 - "Адал" партиясы, 3 – "Ауыл" ХДПП, 3-ҒПК ұсынды. Кандидаттардың арасында мемлекеттік қызметшілер, коммерциялық құрылымдардың... |
| Толығырақ... Оқылды: 1419 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.07.2021 |
Алматы облысындағы жаңа шектеу шаралары қандай? |
| Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерігінің №13 қаулысы шықты. Бас құжаттағы басты мәселелер «Jetisy Media» алаңында айтылды. Әуелде ерікті түрде салынатын вакцина, қоғамдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында ендігі жерде барлық тұрғындарға салынатын болады. Қаулы негізінде соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және covid-19-бен ауырып жазылған адамдардан басқасының барлығы да коронавирусқа қарсы вакцинаны алуға міндетті болып табылады. Мемлекет міндеттеген екпені алмаған жағдайда жұмысқа жіберуге шектеу енгізіледі. Жаңа ереже бойынша, екпе алмаған ұйым қызметкерлері аптасына бір рет ПТР-тестілеуден өтуі қажет. Ескерте кетерлігі, аталған зертханалық талдау ақылы негізде жасалынады. - «Ashyq» жобасына қатыспаған ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, боулинг клубтары мен бильярд бөлмелерінің қызметіне тыйым салынады. Банктердің, ХҚКО-ның, "Қазпошта" АҚ бөлімшесінің жұмыс ке... |
| Толығырақ... Оқылды: 1435 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.07.2021 |
Алматы облысында олимпиадалық үлгідегі теңдесі жоқ хауыз ашылды |
| Талдықорғанда соңғы бірнеше жылдағы ең ірі нысандардың бірі – олимпиадалық типтегі жабық жүзу бассейнінің құрылысы аяқталды. Осындай ауқымды нысанның салтанатты ашылуы Астана күнінде өтті. Іс-шараға бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, жүзуден Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Мария Федотова, кәсіби күрескер Ардақ Назаров, ауыр атлет Илья Ильин қатысты. Жетісу өлкесінің спорт қауымдастығы бассейннің ашылуын асыға күтті. Жоба мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жүзеге асырылды, ал оның іске асырылу барысын облыс басшысы жеке өзі қадағалады. Іргетасын қалаудан бастап, іргелес аумақты абаттандыруға дейінгі жұмыстардың барлығы аймақ басшысының назарынан тыс қалған жоқ. "Бүгінгі ашылып отырған заманауи жүзу бассейні – көздің жауын алады. Аталған ғимарат қаланың төрінде 3,8 га жерге қанатын жайды. Бұл ғимараттың жалпы ауданы – 13 мың шаршы метрден асады. Жүзу бассейнінің құрылысына 11,4 млрд. теңгеден астам қараж... |
| Толығырақ... Оқылды: 1516 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.07.2021 |
7 шілдеден бастап Алматы облысының ХҚО-лары халықты тек брондау арқылы қабылдайды. |
| Алматы облысында коронавирустың таралуына байланысты облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы шеңберінде 2021 жылғы 7 шілдеден бастап ХҚО-лар азаматтарды тек алдын ала брондау бойынша қабылдайтын болады. ХҚО-ға келген кезде санитарлық талаптарды сақтауды ұмытпаңыз - бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз. Сондай-ақ ХҚО қызметкерлері келушілердің мәртебесін Ashyq қосымшасы арқылы анықтайтын болады. ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414bot телеграм-бот арқылы брондауға болады. |
| Толығырақ... Оқылды: 1488 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.07.2021 |
Әкімдер сайлауы |
| Биыл Қазақстанда ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерін сайлауы өтеді. Бұл қазақстандықтар алғаш рет өз елдімекенінің басшысын таңдай алуға берілген мүмкіндік. Атап айтқанда, 2021 жылдан бастап алғаш рет аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауы өтпек. |
| Толығырақ... Оқылды: 1548 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.07.2021 |
Көксу ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары |
| Көксу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы «___» ___________ «Көксу ауданы бойынша коммуналдық көрсетілген қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» №_____ қаулысымен бекітілген 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Көксу ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 2-тармағы 16) тармақшасына және «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 сәуірдегі 9. № 684 сайлау учаскесі. Орталығы: Мұқаншы ауылы, Сейфуллин көшесі № 17, «Қарлығаш» денсаулық сауықтыру лагері. Шекарасы: Көксу бекеті, көшелер: Желтоқсан № 1-ден 36-ға дейін, Береке № 1-ден 18-ге дейін, Сейфуллин № 1-ден 15-ке дейін, Молдағұлова № 1-ден 2-ге дейін, Уәлиханов № 5-тен 11-ге дейін, Гагарин № 4-тен 6-ға дейін, Орақты батыр... |
| Толығырақ... Оқылды: 1716 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.07.2021 |
