ӘЛЕУМЕТ
Көксу ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы |
| Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 2-тармағы 16) тармақшасына және «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Көксу ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары бекітілсін.. 2. «Көксу ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Көксу ауданы әкімдігінің интернет- ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын б... |
| Толығырақ... Оқылды: 1475 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.07.2021 |
Көксу ауданының немесе оның бір бөлігінің бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу Ережесін бекіту туралы |
| «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-3 бабының 2 тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Көксу ауданының немесе оның бір бөлігінің бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу Ережесі», осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Халеловқа жүктелсін. Аудан әкімі А.Әділ |
| Толығырақ... Оқылды: 1485 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.07.2021 |
Көксу ауданының әкімі сайлау учаскелерінің шекараларын жариялайды (17-б., 2 |
| Айнабұлақ ауылдық округі 1. № 650 сайлау учаскесі. Орталығы: Айнабұлақ бекеті, Ағыбаев Бартай көшесі № 11, орта мектеп № 12. Шекарасы: Айнабұлақ бекеті, көшелер: Рамазанов № 1-ден 37-ге дейін, Центральная № 1-ден 11-ге дейін, Ағыбаев Бартай № 1-ден 19-ға дейін, Набережная № 1-ден 8-ге дейін, Кемертоған № 1-ден 31-ге дейін; Көпір, Тауарасы жол айрықтары. 2. № 651 сайлау учаскесі. Орталығы: «№ 45-ші теміржол бөлімі» ауылы, Рысқұлов көшесі № 8, «№ 45-ші теміржол бөлімі» ауылының фельдшерлік пункті. Шекарасы: «№ 45-ші теміржол бөлімі» ауылы, көшелер: Рысқұлов № 1-ден 16-ға дейін, Теміржол № 1-ден 16-ға дейін, Байшапанов № 1-ден 13- ке дейін, Алдабергенов № 1-ден 13-ке дейін; Су мұнарасы, Жаман-Сарыбұлақ учаскелері. Жарлыөзек ауылдық округі 3.№ 668 сайлау учаскесі. Орталығы: Жарлыөзек ауылы, Абай көшесі, № 1, «Балпық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әкімшілік ғимараты. Шекарасы: Жарлыөзек ауылы, көшелер: Абай № 2-ден 17-ге дейін... |
| Толығырақ... Оқылды: 1434 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.07.2021 |
Көксу аудандық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялайды (17-б., 2-т.) |
| Айнабұлақ ауылдық округі № 650 учаскелік сайлау комиссиясы Орталығы: Айнабұлақ станциясы, Ағыбаев көшесі 11, №12 орта мектеп ғимараты, тел.8 (72838) 32001. Комиссия төрайымы - Қосумкулова Шынар Ертанқызы Комиссия төрайымының орынбасары - Сартбаев Дидар Абзолович Комиссия хатшысы - Туменова Елмира Аскановна Комиссия мүшелері: Ізғұттынов Бейбіт Отарбайұлы, Аманбаева Эльмира Қойшыбайқызы № 651 учаскелік сайлау комиссиясы Орталығы: Подхоз ПЧ-45 ауылы, Рысқұлов көшесі 8, фельдшерлік пункт ғимараты, тел.8 (72838) 32009. Комиссия төрағасы - Байшапанов Болатхан Нақысбекұлы Комиссия төрағасының орынбасары – Жартыбаева Айнұр Төлеуқызы Комиссия хатшысы - Бухарова Кульмарья Нурмуханбетовна Комиссия мүшелері: Лопащенко Оксана Владимировна, Коппаев Алик Сагатбекович Жарлыөзек ауылдық округі № 668 учаскелік сайлау комиссиясы Орталығы: Жарлыөзек ауылы, Абай көшесі 1, «Балпық» ЖШС әкімшілік ғимараты», тел.8 (72838) 50196. Комиссия төрағасы - Нисупова... |
| Толығырақ... Оқылды: 1380 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.07.2021 |
Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |
| Орталығы: Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі 38 үй, Көксу ауданы әкімінің аппараты ғимараты, тел. 8 (72838) 2-01-09. Комиссия төрайымы – Байұзақова Жанар Қанатқызы Комиссия төрайымының орынбасары – Тулекенов Мұратбек Баянұлы Комиссия хатшысы – Алмабаева Мадина Талапқызы Комиссия мүшелері: Қожабергенов Айдар Қожабекұлы, Құлжанова Әлия Қазыбекқызы, Бидайбекова Индира Алтынбекқызы, Дәрібаева Гүлнәр Жұмабайқызы |
| Толығырақ... Оқылды: 1259 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.07.2021 |
Көксу аудандық сайлау комиссиясы Көксу ауданының әкімдерді сайлау тағайындалған ауылдық округтерінің тізімін жариялайды (22-бап) |
| Толығырақ... Оқылды: 1254 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.07.2021 |
2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Алматы облысы Көксу ауданының ауылдық округ әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары |
| 1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі-әкімдер) сайлауды тағайындау Көксу аудандық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 25 маусым (113-1 б. 2,3-т) 2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің шекараларын және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, олардың тізімін жариялау Көксу аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей (22 б.) 3. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссияларының құрамын жариялау Көксу аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей (13 б. 4 т.) 4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялау Көксу аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей... |
| Толығырақ... Оқылды: 1240 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.07.2021 |
Көксу ауданының ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы |
| КӨКСУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ҚАУЛЫ Көксу ауданының ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Көксу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Көксу ауданында 2021 жылғы 25 шілдеге сайлау тағайындалсын: - Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі; - Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі; - Қабылиса ауылдық округінің әкімі; - Мұқаншы ауылдық округінің әкімі; 2. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Көксу ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 3. Осы қаулы Көксу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Nurly Koksy» газетінде жариялансын. Көксу аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Ж. Байұзақова Көксу аудандық сайлау комиссиясының хатшысы М. Алмабаева |
| Толығырақ... Оқылды: 1263 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.07.2021 |
КӨКСУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ |
| ҚАУЛЫ Көксу ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Көксу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Көксу ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру: 1) Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі – Айнабұлақ ауылдық округінің шекарасындағы Айнабұлақ сайлау округі; 2) Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі – Жарлыөзек ауылдық округінің шекарасындағы Жарлыөзек сайлау округі; 3) Қабылиса ауылдық округінің әкімі-Қабылиса ауылдық округінің шекарасындағы Қабылиса сайлау округі; 4) Мұқаншы ауылдық округінің әкімі – Мұқаншы ауылдық округінің шекарасындағы Мұқаншы сайлау округі. 2. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген Көксу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бет... |
| Толығырақ... Оқылды: 1216 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.07.2021 |
Азаматтарды қабылдау |
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Мұқанов Серік Мейірханұлы 2021 жылғы 2 шілде күні сағат 12.00-де Көксу аудандық әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан тұрғындарының арасында жеке қабылдау өткізеді. Осыған орай жеке мәселе бойынша сұрақтар туындаса келіп қатысып, сауалдарын қоюға болады. |
| Толығырақ... Оқылды: 1253 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.07.2021 |
