ӘЛЕУМЕТ

Әкімшілік айыппұлдар бойынша туындайтын өзекті мәселелер туралы

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті айыппұлдарды төлеу, олар бойынша мәліметтерді алу, есепке алу мерзімдері мен олардың сақталуы, шағымдану тәртібі және тағы басқа мәселелер бойынша азаматтар тарапынан туындайтын бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді. Бірінші - Әкімшілік құқық бұзушылық үшін, оның ішінде Сергек камерасы немесе планшет арқылы салынған айыппұлды қалай төлеуге болады? Жауап: Айыппұлды Egov.kz «электрондық үкімет» порталында онлайн режимде төлеуге болады. Ол үшін «Көлік және коммуникация» бөлімін, «Әкімшілік айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды іздеу және төлеу» қызметін таңдау қажет. Бұл ретте электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті және Сіз өзіңізге қатысты ақпаратты ғана ала аласыз (басқа ЖСН көрсету мүмкін емес). Сонымен қатар айыппұлды банктерде және онлайн-банкинг ресурстарында төлеуге болады. Екінші - Азамат айыппұлды банкте төледі, бірақ еgov.kz/qamqor.go...
Толығырақ... Оқылды: 1586 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2021

Бизнесті тексеруге қатысты мораторийдің бұзылуы туралы

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шағын және микро кәсіпкерлікті тексеруге 3 жылдық мораторий қолданылады. Оған халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға жаппай қатер төндіретін бұзушылықтарды болдырмауға немесе заңдылықты жоюға және т.б. негіздерге бағытталған тексерулер кірмейді. Мысалы, адамдардың улануы, өрт, жалақы төлемеу жағдайында жүргізілетін тексерулер осы мораторийдің қоладанысына жатпайды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Комитет) өзінің қадағалау қызметі шеңберінде осындай тексерулердің есебін ғана жүргізіп қоймай, оларды тағайындаудың заңдылығын да тексереді. Талдау көрсеткендей, мораторий және қолданыстағы карантиндік шектеулер 2020 жылы бизнеске қатысты тексерулер санының 5 есе төмендеуіне ықпал етті. Егер 2019 жылы кәсіпкерлер 128 мың рет тексерістен өтсе, 2020 жылы тексерістер саны 27 мыңнан асты, ағымдағы жылдың 5 айында 5 мыңды құрады. Сонымен қатар, ағымдағы жылды...
Толығырақ... Оқылды: 1537 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2021

Алматы облысы бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанында медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу жұмыстарының қорытындысы

Алматы облысында тіркелген халық саны - 2 100 382 тұрғын, оның ішінде 739 335 балалар. Барлығы – 82 денсаулық сақтау субьектісі бар, оның ішінде: 32 медициналық ұйым стационарлық көмек көрсетсе, 43 - і стационарды алмастыратын көмек; 38- ауыл тұрғындарына арнайы медициналық көмекті стационарлық және стационаралмастыратын жағдайда көрсетеді; 51 медициналық мекеме реабилитациялық және қалпына келтіру қызметін жүзеге асыруда.Жаңадан келісім шартқа отырған медициналық ұйым саны -10. Олар: ШЖҚ «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы»МКК, ЖШС «Алтын-Фарма», ЖШС Центр семейной медицины Нурадина Досжанова, ЖШС "Talgar Clinic", ЖШС«Ғылыми тәжірибелік медициналық орталық», ЖШС «Жана Жарык Глазная клиника доктора Кравцова», ЖШС «Офтальмологическая клиника «Көзқарас-Алматы», ЖШС "SPORT MEDICINE AND REHABILITATION CENTER "PRO SPORT", РГУ «Военный лазарет п. Сарыозек», ЖШС «NONA INVEST&...
Толығырақ... Оқылды: 1540 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2021

Жетісу өлкесінің тарихы топтасқан кітаптың тұсауы кесілді

Ұлы даланың рухани байлығымен қайта қауыштыратын, қоғамдық санада ұлттық мұраны жаңғыртуға ықпал ететін кезекті қазына оқырман қауымға жол тартты. Сәкен Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «История цивилизации непокорной степи» кітабының тұсауы кесілді. Аталмыш туынды 4 томға негізделген. Мұнда тасын түрсең, тарихы сөйлейтін Жетісу өлкесінің өткені қамтылған. Кітапты жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының Академигі, профессор, тарих ғылымдарының докторы, мәдениет қайраткері Гүлнар Абдуллақызы. Туындының бірінші томы «Таста қалған тарих» деп аталады. Бұл бөлімде тас дәуірінен бастап, осы заманға дейінгі қоныстар, қорымдар, ертедегі қалашықтар туралы мәліметтер жазылған. Ақпараттардың барлығы Алматы облысының 17 ауданы мен 3 қаласын қамтиды. Сондай-ақ, әрбір ауылдық округтердің өзіне тән сыры мен бұқара білуі тиіс шежірелері айшықталған. Екінші кітап, «Дала тарихы» деген ат...
Толығырақ... Оқылды: 1537 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2021

Әлеуметтік мәні бар ауруларымен ауратын науқастарға қандай медициналық көмек көрсетіледі?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтардан сұрақтар жиі түседі. Осыған байланысты Қор осы пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі туралы толық түсініктеме дайындады. Әлеуметтік мәні бар аурулар дегеніміз не? Бұл аурулар қоғамда кең таралуына байланысты халықтың ең көп өлімі мен мүгедектігін тудыратын аурулардың қатарына жатады. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесінде оларды диагностикалау мен емдеуге үлкен мән беріледі. Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулардың бекітілген тізбесіне төмендегілер кірді: - Туберкулез - Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру) - Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы - Қатерлі ісіктер - Қант диабеті - Психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулар) - Балалардың церебралды сал ауруы - Жедел миокард инфарктісі (алғашқы 6 ай) - Ревматизм - Дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы - Жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары - Орталық жүйке ж...
Толығырақ... Оқылды: 1540 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2021

Донор-біздің заманымыздың батыры!

14 маусым бүкіл әлемдегі адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін өте маңызды күн! Дәл осы күн барлық қан донорларына - жанның қалауымен өз қанын басқалардың игілігі үшін тапсыратын адамдарға арналады. Донор болу пайдалы! Біріншіден, донор тұрақты медициналық бақылауда. Донордың қымбат тексерулері тегін жүргізіледі және донордың сұрауы бойынша оның қанының барлық тексерулерінің нәтижелері оған берілуі мүмкін. Екіншіден, қан тапсырғаннан кейін қан жасушалары жаңартылып, иммунитет жоғарылайды. Үшіншіден, қан тапсыру-бұл мейірімділік! Бір күні мейірімділік танытқан адам өзін қорғайды және оған жақсылық жасалады. Біздің елімізде дүниежүзілік донор күні кеңінен атап өтіледі. Мүмкін, бұл күні өзіңізге және адамдарға ең жақсы сыйлық келесі донация болады. Кенеттен бүгін біреу сіздің қаныңызды құтқарады, ал біреу, тіпті қысқа сәтте, осы жердегі өмірін ұзарта алады. Егер сіз донорлық акциясына қатысқыңыз келсе, онда сізге барар алдында донорға қойылатын талаптардың толық тізбес...
Толығырақ... Оқылды: 1429 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2021

Қаулы

Мемлекеттік санитар дәрігердің (2021 жылғы 11 маусымдағы№ 27) қаулысына сәйкес, Алматы облысы бойынша ХҚО-лар клиенттерді Ashyq арқылы қабылдай бастады. Қосымшаны App Store және Google play-ден жүктеуге болады. Сондай-ақ Ashyq қызметі kaspi.kz, Homebank @HalykBank және eGov mobile қосымшалары арқылы қолжетімді Санитарлық талаптарды сақтауды ұмытпаңыз - бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, санитайзерлерді қолданыңыз.
Толығырақ... Оқылды: 1480 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.06.2021

Бизнесті заңсыз тексерулер шектелді

Мемлекет басшысымен Қазақстан халқына соңғы Жолдауында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға жол бермеу туралы талаптар атап өтілді. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Президенттің Жарлығымен шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімге тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий жарияланды. Мораторий жарияланған сәттен бастап Алматы облысының прокуратура органдарымен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде заңсыз тексерулер мен профилактикалық бақылаудың өзге де нысандарын жүргізудің 244 фактісін, оның ішінде мораторий талаптарын бұза отырып, 128 фактіні анықтады. Мысалы, өткен жылы Еңбекшіқазақ ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкері азық-түлікті бөлшек саудада өткізу дүкенінің қызметін аралап, тексерді.Лауазымды тұлғаға қатысты аудан прокурорымен ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды және сот қаулысымен кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы бір жағдай, 2020 жылы Қапшағай қаласының Іш...
Толығырақ... Оқылды: 1471 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.06.2021

Төрт жылдықтың басты додасына Жетісудан кімдер қатысады?

Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері спортшыларымыз Азия, Әлем, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып, көк байроағымызды желбіретуде. XXXІІ жазғы Олимпиада ойындарында да спортшыларымыз Отанымыздың мәртебесін көтеріп, жеңіс тұғырынан көрінеді деп сененміз. Ұлттық құрама команда спортшылары олимпиада ойындарына 25 спорттың түрінен, бүгінгі күнге, 62 лицензия бар. Төрт жылдықтың басты додасы 2021 жылы Токио қаласында өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада Ойындарына жолдамалар сарапқа салынатын турнирлер мен чемпионаттарда бүгінгі таңда 11 лицензия ұтып алынды. Бұл жолдамаларды Азия, Әлем Чемпионаттарында жоғары жетістіктерге қол жеткізген спортшыларымыз: • грек–рим күресінен - Асхат Дильмухамедов, • ауыр атлетикадан - Зулфия Чиншанло, • ауыр атлетикадан - Сон Игорь, • велосипед спортынан (трек) - Пономарев Сергей, • жеңіл атлетикадан (спорттық жүріс) - Ратова Айман, • жеңіл атлетика (ядро лақтыру) - Иванов Иван, • байдар...
Толығырақ... Оқылды: 1533 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.06.2021

ХҚО-ға бармай-ақ, ЭЦҚ қалай алуға болады?

Оңай! Қандай да бір анықтамаларды алу үшін бұрын ХҚО-ға бару керек болатын. Бірақ қазір бұл қажет емес, барлығын ЭЦҚ көмегімен онлайн алуға болады. Бұл қысқа нұсқаулық сізге ЭЦҚ-ны бірнеше минут ішінде алуға көмектеседі: 1. eGov.kz-те «Сервистер» санатында «ЭЦҚ қашықтықтан алу» бөлімін таңдаңыз 2. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз 3. «Жеке куәлік» таңдаңыз 4. ЖСН енгізіңіз 5. телефон нөмірін көрсетіңіз және веб-камера арқылы жеке тұлғанызды сәйкестендіріңіз 6. ЭЦҚ сақтау үшін папканы таңдаңыз 7. Парольді орнатыңыз 8. ЭЦҚ қолдануға дайын Маңызды! Осы қадамдарды орындамас бұрын компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз және веб-камераға қосылуын тексеріңіз.
Толығырақ... Оқылды: 1524 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.06.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.