ӘЛЕУМЕТ
Құрметті аудан, қала тұрғындары! |
Құрметті аудан, қала тұрғындары! делдардардың қызметіне жүгінбеулерінізді сұраймыз. ЭЦҚ-ңызды бөтен адамдарға неге беруге болмайтынын түсіндіреміз. Көпшілігіңіз "Делдалдардың" немесе Egov.kz-тен қызметті алу үшін ақысына көмектесуге дайын компанияларды кездестіргеніңіз сөзсіз. Мұндайда алаяқтардың құрбаны болу қаупі бар. Олар сіздің жеке кабинетіңізге кіру арқылы келесі әрекетке бара алады: - заңды және қаржылық мәмілелер жасау; - сіздің көлігіңізді немесе жылжымайтын мүлікті басқа адамға қайта ресімдеу; - сіздің тұрғын үйіңізге бейтаныс адамды тіркей алады. Егер өз ЭЦҚ-ңызды жоғалтып алсаңыз, бірден жаңасын жасатыңыз және "ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының" жеке кабинеті арқылы жоғалған кілттерді қайтарып алыңыз. Есіңізде болсын! Әр ХҚО-да өзін-өзі қызмет көрсету секторы бар, онда фронт-офис қызметкерлері сізге қажетті мемлекеттік қызметтерді портал арқылы тегін алуға көмектеседі. Сонымен қатар "Азаматтарға арналған үкіметтің" ресми Youtube-арнасын... |
Толығырақ... Оқылды: 1469 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.06.2021 |
Барлық құжат смартфоныңызда |
ХҚО-ға келгенде өз құжаттарыңызды ұмытқан болсаңыз, енді үйге қайта барудың қажеті жоқ. Оның оңтайлы шешімін Egov mobile қосымшасынан табасыз. Қосымшада цифрлық құжаттардың 15 түрі, сондай-ақ жеке куәлік те бар. Сіз бұл цифрлық құжаттарды ХҚО-да, Air Astana @airastana әуе компаниясының рейстерінде, Kaspi.kz @kaspi.kz және Halyk Bank @halykbank.kz бөлімшелерінде қолдана аласыз. Egov mobile қосымшасын Play Market және App Store платформаларынан жүктеуге болады. |
Толығырақ... Оқылды: 1472 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.06.2021 |
Бүгінгі күні баланызға балабақшадан орын брондау қарапайым және тез. |
Бүгінде оны үйден шықпай-ақ, eGov.kz арқылы жасауға болады. Порталда бұл қызмет "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою" деп аталады. Бар-жоғы үш қадам: 1. Қызметті табыңыз 2. Жүйеге баланың қажетті деректерін енгізіңіз 3. ЭЦҚ көмегімен тапсырыс беріңіз Өтінімнен кейін кезек нөмірі беріледі, ол сіздің жеке кабинетіңіз арқылы кезегіңіздің жақындағанын қадағалауға мүмкіндік береді. Кезек келгенде, сіз өз келісіміңізді беріп, таңдалған балабақшаға жолдама алуыңыз керек. |
Толығырақ... Оқылды: 1462 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.06.2021 |
БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ҚАЖЕТ ЖЕТІ БАҒЫТ |
Ертеде бір мал ұрлайтын кісі қылмыс үстінде ұсталыпты. Елге тигізген зиянын есептей келе, оны өлім жазасына кесуді ұйғарған екен. Сөйтіп, не керек, белгіленген үкімнің де орындалар сәті келді. Көпшіліктің көзі жаза алаңында. Бірі, бәлкім, кешіріп қалар деген үмітпен қараса, екіншісі бұл іс қашан бітер екен деп тағатсызданып тұр. Төреші ұрыдан соңғы тілегін сұрап еді, ол анасын көргісі келетінін айтты. Бұл жағдайды естіген анасы құстай ұшып келген беті сол еді, баласы оның тілін қыршып тұрып жұлып алды. Жиналғандар: «Туған анасына бұлай жасағаны қалай?», «Бұл не істегенің?», «Неткен қатігездік?!», «Өлім жазасына кесілгенің дұрыс болды»- деп, шулай жөнелді. Бірақ ұры еш саспастан анасына қарап тұрып: «Анашым, есіңізде ме?! Мен алты жасымда көршіден тауықтың жұмыртқасын ұрлап келгенімде үндеместен қуырып беріп едіңіз ғой. Сол кезде «қой» деп, істің бұрыстығын түсіндіргеніңізде бүгін өлім жазасына кесілмеген болар едім» - деген екен. Иә... |
Толығырақ... Оқылды: 1753 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2021 |
Күреспен келген сынықшылық |
Сан ғасырлар бойы науқасты емдеу жолдарын жан-жақты зерттеу нәтижесінде халық емшілерінің тәжірибесі толыға түскені аян. Бүгінгі дәстүрлі медицинаның көптеген жетістіктері осы халық медицинасының, ата-бабаларымыздың емшілік дәстүрінен алынған. Оған ешкім де дау айта алмас. Ерте замандарда қолының ебі бар халық емшілері дәрілік өсімдіктердің, минералды заттардың емдік қасиеттерін біліп, зерттеп, оны науқастарды емдеуге молынан пайдаланған. Халық медицинасында сынық салу, бұлаулау, сүлік салу, қан алу, жараны күйдіріп емдеу сияқты тәсілдерімен емдеу кеңінен қамтылған. Соның бірі сынық салу атадан балаға ауысып отырған. Көпшілік тілінде сынықшы деп аталатын бұл кәсіпті меңгергендер бұрын баршылық еді. Бүгінде сынықшылықтың сирек кәсіп түріне айналғаны рас. Бұрындары әр ауылдың өзінің сынықшысы болса, бүгінде бір ауданның өзінен бір сынықшыны табу қиын болып қалды. Ойда-жоқта аяқ, қолын сындырып алғандар алдымен дәрігерге емес, сынықшыға барғанды дұрыс көреді. Бұл дәрігерлердің еңбегін еле... |
Толығырақ... Оқылды: 1714 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2021 |
СҰРАНЫСҚА ИЕ ТОП 4 САЛА |
Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Барлық адам асқақ арман мен биік мақсатқа ие. Әрбірінің өз бағыты, арман қылған бағындырар биігі болады. Ал биік шың адамға оңайлықпен беріспесі анық. Кемеңгер дана Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта, бар қалан»,-деген қасиетті сөзі өз мақсатына жету үшін біздерге зор мүмкіндіктерге жол ашады. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Көксу ауданы барлық жағынан да ілгері дамып келе жатқан аудандардың бірегейі десек, артық айтқандық емес. Қай ғасырда болмасын ұлт өмірін өркендетуші саналы да, салауатты, ұлтжанды, рухы биік, ақыл парасаты мол, өрісі кең, ұрпақты тәрбиелеу басты міндеті санаған Көксу пол... |
Толығырақ... Оқылды: 1669 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2021 |
Панфилов ауданындағы селден зардап шекендер жоқ |
Өткен тәулікте Көктал—Сарыөзек тас жолының бойындағы Ақжазық ауылының аумағында кешкі 17:00-18:00 уақыт аралығында жауған жаңбырдан тас жолының бойымен сел жүрді. Әлем желіде лезде тараған ақпарға Алматы облысы ТЖД өкілдері «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді. «Ағымдағы жылдың 9 маусымында жауын-шашын салдарынан сағат 15.30-дан 16.00-ге дейін "Жетісу Алатау" жотасының оңтүстік беткейінің орта тау бөлігінде, құрғақ сай бойынша көлбеу ағын салдарынан секундына 70.0 текше метр шығынмен тасқын пайда болды. Нәтижесінде, Сарыөзек - Көктал жолының 171 шақырымында, Панфилов ауданы Көктал ауылдық округі, Ақжазық ауылының маңында, автожол көпірінде ені 700-800 метр болатын жолдың үсітне шығып кетті»,- дейді «Қазселденқорғау» ММ Жетісу Алатау аумақтық пайдалану басқарма филиалы жетекшісінің орынбасары Айдос Сабырбаев. Жолдың бойындағы арнайы арнамен аққан жаңбыр суы жолдың үстіне шығып кеткен. Ма... |
Толығырақ... Оқылды: 1647 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2021 |
Ерікті болу- ерлік |
2021 жылдың 8 маусым күні Талдықорған қаласы қалалық демалыс жағажайында университетіміздің 3 курс білімгері Абдиев Ельдар суға тұңжығып жатқан 11 жасар жас баланы байқап, сыртқа шығарып алғашқы медициналық көмек көрсетті. Көмектің уақытылы көрсетілуіне байланысты баланың өміріне кері әсер қалдыратын зиян келген жоқ. Абдиев Ельдар қазіргі уақытта демалыс кезінден қалалық су жағажайында құтқарушы болып жұмыс істейді. Алакөл ауданы Теректі ауылының тумасы. Айта кететін сәт, 2018 жылдың 30 мамыр күні Ельдар жаңып жатқан үйдегі өртті байқап 2 баланы құтқарған. Жасаған ерлігі бағаланып, 2018 жылы Алматы облысы әкімдігі тарапынан өтетін «Көшбасшы-2018» облыстық жастар сыйлығының «Жас батыр» номинациясының иегері атаңды. Университетте волентерлік іс-шаралармен айналысып осы салада да көп жетістіктерге жете білді. 2018 жылы Ақтөбе қаласында «Жасыл ел» еңбек жасағының жабылу салтанатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтің қолынан марапатқа ие болды. А... |
Толығырақ... Оқылды: 1589 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2021 |
Суға шомылу кезінде балалардың қауіпсіздігі! |
Ата-аналық қамқорлық етудің ең маңыздысы - балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау болып табылады. Су айдынында баланы қауіптен барынша сақтау үшін, оларды өзендерде, каналдарда немесе теңізде өздерін дұрыс ұстауды ұйрету қажет. Кей кезде ата-анасы балаға бірнеше минут ғана көңіл бөлмеуінен, баланың судың жағасының өзінде ауыз-мұрнына су кіріп кетіп тұншығып қалуы да мүмкін. Балалармен байланысты қайғылы оқиғалар тіпті таяз бассейндерде орын алуы мүмкін, сол себептен балалар суға шомылғанда әрқашан ата-аналарының жіті бақылауында болуы тиіс. Жанұяның кіші балаларының өмірі мен денсаулығына жауапкершілікті ересек балаларыңызға жүктеуге болмайды, өйткені – оларда әлі бала. Тек қана балаларды уақытылы су айдынындағы тәртіпке үйрету және ата-аналық қырағы назары балалардың суға шомылудың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Балаларды қайғылы жағдайлардан сақтап қалатын қарапайым сақтық шаралар: - балалар арнайы суға шомылуға арналған, күл-қоқыстан таза жағажайларда шомылуы тиіс; - балалард... |
Толығырақ... Оқылды: 1537 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2021 |
Алматы облысындағы жиһаз цехы ай сайын 3 мың орындық шығарады |
Алматы облысында кәсіпкер орындықтар өндірісін жолға қойды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ашылған жиһаз цехы ай сайын үш мыңға дейін орындық шығарады. Іле ауданының тұрғыны Тілек Әділхат «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері жобасының арқасында кәсіпкер атанды. Ол ұзақ уақыттан бері жиһаз жасап, оны базарда сатып жүрді. 2018 жылы ол Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жазылды. Курс аяқталған соң «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 505 мың теңге көлемінде грантқа алды. Ал өткен жылы жиһаз өндіретін цехты дамыту үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 6 млн теңге көлемінде несиеге қол жеткізді. «Бизнесті бастаған кезде үш апта бойы қызметкерлерді оқытып, тегін шеберлік сабақтарын өткіздім. Қазір өз командамды жасақтадым. Біз күн сайын үйге арналған 100 орындық жасаймыз. Отандық өнімнің басты артықшылығы сапасы... |
Толығырақ... Оқылды: 1412 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2021 |