ӘЛЕУМЕТ
Алматы облысында 2020 жылы 277 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді |
2020 жылы Департаментпен 277 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 84% - дан астамы, яғни 232-сі сыбайлас жемқорлық болып табылады. Аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы залал 4,9 млрд.теңгені құрады, 4,4 млрд. теңге өтелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов «JETISÝ MEDIA»алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді. Спикердің айтуынша, департамент жұмысы 52% немесе 142 құқық бұзушылық орын алатын ауыр және аса ауыр қылмыстарды анықтауға бағытталған. Ең көп таралған сыбайлас жемқорлық қылмыстар – бұл парақорлық – 196 қылмыс (пара алу – 75, пара беру – 117, парақорлыққа делдал болу – 4), лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану – 10, қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық – 7, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан – таражға салу-6, билікті асыра пайдалану-10. «Сыбайлас... |
Толығырақ... Оқылды: 1614 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.01.2021 |
COVID-19 індетіне шалдыққан 93 жағдай анықталды |
Алматы облысы бойынша осы уақытқа дейін коронавирустың 8284 жағдайы тіркеліп, оның ішінде 6215 адам емделіп шығарылды. Коронавирус инфекциясының белгілері 3268 адамнан анықталған. Қазіргі таңда облыстағы 617 пациенттің 177-сі инфекциялық бөлімшелерде, 440-ы үйде оқшаулау жағдайында ем қабылдап жатыр. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Соңғы деректер, 18 қаңтар күні облыста 93 жағдай анықталып, тәулігіне өсім – 1,1% құрап отыр деп көрсетуде. Қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің бақылауында 2472 адам бар. Инфекциялық стационарлар жүктемесінің ұлғаюына байланысты төсек саны 1138 - ден 1300-ге дейін артты. Облыстағы медициналық мекемелерде 1300 инфекциялық төсек бар. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияға күдікті және расталған адамдар үшін реанимациялық төсек саны 124-тен 135-ке ұлғайтылды»,- дейді Алматы облысының бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков. Коронавируспен күреске барлығы жергілікті бюджеттен... |
Толығырақ... Оқылды: 1553 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.01.2021 |
Мобильді азаматтар базасы |
Құрметті достар! Мобильді азаматтар базасы (МАБ) – eGov қызметтерін пайдаланушының жеке мәліметтері жинақталып, сақталатын база. Азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) базаға енгізілген телефон нөмірімен байланысты болады. Сәйкесінше, базаға тіркелген азаматтар eGov-тың мобильді қосымшасы мен Telegram бот арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн ала алады. eGov порталына ЭЦҚ-сыз бір реттік пароль арқылы кіруге болады. Мобильді азаматтар базасына Қазақстанның жеке куәлік алған (16 жастан асқан) азаматтары тіркеледі. |
Толығырақ... Оқылды: 1546 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.01.2021 |
Мүгедектігі бар азаматтардың санаторлық-курорттық емі |
Қайырлы күн, оқырман! Медициналық ұйымның ұйғаруымен мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға санаторлық-курорттық емдеу тағайындалған болса, онда бұл қызметке өтінішті ХҚО-арқылы да рәсімдеуге болатынын білесіз бе? Ендеше #oqy&toqy айдарына назар салыңыз. |
Толығырақ... Оқылды: 1562 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.01.2021 |
Асыраушысынан айрылғандарға берілетін жәрдемақы |
Баршаңызға сәлем! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау мемлекеттік қызметі жайлы айтатын боламыз. |
Толығырақ... Оқылды: 1522 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.01.2021 |
ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады? |
Ол үшін: * Қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс; * SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар телефон; * Компьютеріңізде веб-камера болуы керек; * Компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз. |
Толығырақ... Оқылды: 1490 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.01.2021 |
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекітілді |
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың VII шақырылымының бірінші сессиясы өтіп, онда өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға 3,5 трлн. теңге қарастырылып отыр. Ең бастысы, бұл құжат әкімдердің есеп беру жиындарында, жеке қабылдауларда, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында айтылған, әкімнің жеке блогына келіп түскен өтініш-тілектерді ескере отырып дайындалған, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Сессияны ашқан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Дәуітов мәслихат депутаттығына сайланған депутаттарды құттықтап, биылғы жылдың 10 қаңтарында өткен Парламенті Мәжілісінің және жергілікті өкілді органдары депутаттары сайлауының қорытындысымен таныстырды. Осы жиында сессияның төрағасы болып Әсет Қыдырманов сайланып, облыстық мәслихаттың хатшылығына ұсынылған Жанболат Жөргенбаевтың кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолда... |
Толығырақ... Оқылды: 1523 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.01.2021 |
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады |
Алматы облысында 2021-2025 жылдары облыста шамамен 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, соның 1,1 млн. шаршы метрі «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында іске асырылады. Баспанамен үш мыңнан астам әлеуметтік осал және 5500-ден астам көп балалы отбасы қамтамасыз етілмек. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың VII шақырылымының I-ші сессиясында облыстың 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының жобасын депутаттарға таныстырған облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Баяндамашының айтуынша, аталған Бағдарламада облысты жайлы және қауіпсіз өңір ретінде дамыту негізгі басымдықтардың бірі болып белгіленген. Мұнда халықтың тұрғын үймен қамтуға ерекше көңіл бөлінеді. Облыста бес жылда 5 млн. 400 мыңдай шаршы метр тұрғын үй салу көзделсе, соның 1,1 млн. шаршы метрі «Нұрлы Жер» бағдарламасы арқылы шешілмек. Сондай-ақ, 58 мың пәтерлік бір мыңнан астам коммерциялық үй салынады, оның 5 мыңы... |
Толығырақ... Оқылды: 1488 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.01.2021 |
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 2025 жылға қарай 5 трлн. теңгеге жеткізу межеленіп отыр |
Алматы облысында экономиканың тұрақты дамуын жыл сайын орта есеппен 4%-ке қамтамасыз ету шаралары көзделіп отыр. Сөйтіп жалпы өңірлік өнімді 2025 жылға қарай 5 трлн. теңгеге жетпек. Облыстық мәслихаттың жаңадан сайланған депутаттары бүгін 1-ші сессияда осы және өзге де мақсат-міндеттер белгіленген өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бірауыздан қолдады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Сессия барысында аймақтың бес жылға арналған даму бағдарламасы жайлы облыс әкімінің орынбасары Ж. Тұяқов баяндады. Оның айтуынша, өңір экономикасын көтеру – Бағдарламаның бірінші және негізгі бағыты. Ол үшін өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаты алға қойылған. Бүгінгі таңда облыстың инвестициялық портфеліне 5,4 трлн. теңгеге 546 жоба енгізілді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 2021-2025 жылдары төрт жарым мың жұмыс орнын құра отырып, инвестициялар көлемі 690 млрд.теңге болатын 37 жоба іске асырылады. Олардың арасында Трансұлттық ком... |
Толығырақ... Оқылды: 1497 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.01.2021 |
Еліміздің өркендеуіне қажетті реформалар |
Парламент Мәжілісінің 1-ші сессиясына қатысқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өркендеуіне қажетті көптеген міндеттер мен реформалар жөнінде мәлімдеді. Оның айтуынша, ел мен жердің тұрақты дамуын қалыптастыру үшін ең алдымен саяси реформаларды дұрыс жүргізіп, әлем жұртшылығының назарында тұрған мәселелерді тиімді шешу керек. Әсіресе, атқарушы органдардың дербестігін арттырудың маңыздылығын, аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар күре жолдардың 100 пайыз жөнделетінін, жастардың даму индексін енгізудің және сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етудің қажеттігін ерекше атап өткен Мемлекет басшысы: – Алтыншы – азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыру, жастар саясатын жетілдіру және қайырымдылық қызметін қолдау, – деп азаматтық белсенділікті арттыру жолында тағы бір маңызды қадам жасалатындығына тоқталды. – Өздеріңіз білесіздер, жыл басында мен кейбір заңнамалық актілерге қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырула... |
Толығырақ... Оқылды: 1747 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.01.2021 |