ӘЛЕУМЕТ

Елбасы ҚХА төрағасы қызметінен кетті

"Мен ҚХА-ны басқару құқығын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беруге шешім қабылдадым», - деді Назарбаев. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы қызметінен кетті. ҚХА жаңа төрағасы болып Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды. «Ассамблеяның барлық мүшесіне мені осы уақытқа дейін қолдағаны үшін алғыс айтамын. Бұл мен үшін маңызды болды. Маған ҚХА-ны өмір бойы басқару құқығы берілгені белгілі. Мен әрдайым сіздермен біргемін және одан бас тартпаймын. Бұл ретте еліміздің Президентіне бірқатар өкілеттік берілген. Яғни, барлық мәселені бір адам шешуі тиіс. Мен ҚХА-ны басқару құқығын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беруге шешім қабылдадым», – деді Назарбаев. Елордада Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты XXIX сессиясы өтіп жатыр.
Толығырақ... Оқылды: 1924 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.04.2021

"Ана Үйі" қоғамдык қоры

Қайырлы күн! Талдықорған қаласындағы "Ана Үйі" қоғамдык қоры қиын жағдайға тап болған және баладан бас тартуға ниет білдірген, 18 айға дейінгі баласымен немесе жуктіліктің 3-ші триместріндегі 30 жасқа дейінгі қыздарға көмек көрсетуде. Көмектің түрлері ; 6 айға дейін Ана Үйінде тұру, психологиялық қолдау, медециналық көмек көрсету, кажетті құжаттарды қалпына келтіру, жәрдемақы рәсімдеу, іс-тәжірибеден өту, жұмысқа орналасуға көмек беру. Қоңырау шалу тегін; 8 800 080 77 71
Толығырақ... Оқылды: 1853 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.04.2021

Алматы облыстық мәслихат депутаттары 44 сауал жолдады

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқанының қорытындысы бойынша Алматы облысы аймағынан 360 адам депутаттыққа сайланды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпарттық алаңында мәлім болды. «Мекеменің алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспары төңірегінде 8 бірдей сессия өткізу жоспарланып отыр. Аталмыш сессиялардың барлығы биылғы жылдың соңына дейін іске асырылмақ. Бүгінгі күнге дейін 3 кезекті, 1 кезектен тыс сессия ойдағыдай өтіп, маңызды деп саналатын 28 шешім шығарылды. Негізінен облыстық мәслихатта 6 тұрақты комиссия тұрғын-үй, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария, экономика, индустриялық-инновациялық мәслелелермен, денсулық сақтау және дін істері бойынша қатынастарды ретке келтірумен айналысады»,- деді Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаев. 1-ші тоқсан қорытындысы аясында 360 депутат қабылдау өткізіп, 693 адамды қабылдады. Қабылдауда жолданған сұрақтардан 391...
Толығырақ... Оқылды: 1966 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.04.2021

Алматы облысында «Egov - жаршысы» жобасы қарқынды жұмыс жасауда

«Egov - жаршысы» жобасы Республика бойынша алғаш болып Алматы облысында жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды. Аталмыш жоба төңірегінде мемлекеттік қызметтердің 87%-ға жуығы электронды іске асатын болса, ал қалған 106 қызмет түрі ХҚКО арқылы қағаз жүзінде көрсетілуде. Бүгінде облыс бойынша 2111 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылды. Нақтырақ айтсақ, оның 393-і ауылдық әкімдіктердің ғимараттарына орналастырылған. Жобаның нысаналы міндеті облыс халқының 80% - дан астамын ЭЦҚ кілті мен мемлекеттік қызмет түрлерін электрондық форматта алуға дағдыландыру. Жоғарыда атап өткен қызмет барысын насихаттау мен жіті түсіндіруде басты назарға алынған. «Жұмыс барысында жақсы көрсеткіш көрсетіп, атсалысқан еріктілердің қызметін бағалаумен ынталандыру мақсатында байқау ұйымдастырылады. Жүлде қоры 1-орын 200000 теңге; 2-орын 150000 теңге; 3-орын 100000 теңге; 50 адамға 10000 теңгеден көтермелеу сыйлықтарын беру көзд...
Толығырақ... Оқылды: 1954 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.04.2021

1 769 астам ипотекалық қарыз алушыға 15,7 млрд теңгеге көмек көрсетілді

2020 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының үшінші блогын іске асыруда. 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1 769 қарыз алушыға 15,7 млрд теңге сомаға қосымша көмек көрсетілді. Бағдарламаның үшінші бөлігінің барлық шығысын өтеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 44,6 млрд теңге бөлді. Ипотекалық қарыз алушыларға 2021 жылғы 1 шілдеге дейін көмек көрсетіледі. Қолдау көрсету үшін шамамен 8 мың азаматты қамту жоспарланып отыр. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келетін және қарыздарын өтеу үшін қиындық туындап отырған қарыз алушылар Бағдарламаның үшінші бөлігін қолдану аяқталғанға дейін борыш жүктемесін азайту үшін кредитор банктерге жүгінуі қажет. Банктерге қарыз алушының қаржылық және әлеуметтік жағдайын талдау негізінде негізгі борышты азайту, қарыз алу...
Толығырақ... Оқылды: 1946 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.04.2021

Жүкті әйелдер не білуі керек: бірінші емделуден бастап босануға дейін

Жүкті әйелдер МӘМС жүйесінде азаматтардың жеңілдікке ие санаты ретінде сақтандырылғандықтан, қымбат диагностикалық зерттеулер мен тегін медициналық көмектің толық пакетін алуға құқылы. Жүкті әйелдер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық қызмет алу үшін жүктіліктің он екі аптасына дейін өзі тіркелген емханаға медициналық есепке тұруға міндетті. Аяғы ауыр әйел жүктілігін сақтағысы келіп, емханаға бірінші рет жүгінген кезде акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелік дәрігер (бұдан әрі - ЖТД) немесе алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының учаскелік терапевті: анамнезді жинайды, жүкті әйелде және туыстарында аурулардың болуын, туа біткен даму кемістіктері және тұқым қуалайтын аурулары бар анықтайды; алғаш келген кезде әйел анализдерін зерттеулерге жіберіледі. Екінші рет қаралу, әдетте, жүктіліктің 16-20 аптасында тағайындалады. Акушерлік тексеру, ақуызға зәр анализі және екінш...
Толығырақ... Оқылды: 1921 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.04.2021

ХАЛЫҚ САНАҒЫ

2021 жылғы қыркүйек-қазан айларында ҚР Ұлттық халық санағы өткізіледі. Соған орай жұмыста пайдалану үшін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы әзірлеген брендбук жолданды.
Толығырақ... Оқылды: 2012 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.04.2021

Өрт қауіпті кезең

Көктем келді, жүздеген демалушылар табиғатқа шығады. Алайда адамдардың абайсыздығы мен немқұрайлылығы кейде жойқын өртке айналады. ▫️ Өрттердің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес:- ғимараттар, құрылыстар мен ашық қоймалар арасындағы өртке қарсы қашықтық шегінде елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, сондай - ақ тұрғын үйлерге, саяжай және өзге де құрылыстарға іргелес учаскелер жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, ыдыстардан, түскен жапырақтардан, құрғақ шөптерден уақтылы тазартылады; - қызметі дала, орман және Тоғай алқаптарында жүзеге асырылатын ұйымдардың басшылары өздеріне сеніп тапсырылған аумақта өрттің пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды; - автомобиль және темір жолдар бойындағы орман екпелерін жыртуды периметрі бойынша-дала массивтері ведомстволық тиістілігіне және меншік нысанына қарамастан, жер телімдерінің шекаралары бойынша ені кемінде 4 метр жолақпен жыртылады. ▪️Өрттерді болдырмау мақсатында табиғатта болған кезде жанып жатқан сі...
Толығырақ... Оқылды: 2135 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.04.2021

Көксу ауданының ХҚО-ғы алдын ала брондау бойынша қызмет көрсетеді.

Аталған шараға түсіністікпен қарауыңызды және шұғыл қажеттіліксіз ХҚО-ға бармауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамын eGov.kz порталынан және eGov mobile мобильдік қосымшасында алуға болатынын еске саламыз! Алдын ала брондау жасау өте оңай: egov.kz порталында, egov mobile қосымшасына, egovkzbot2.0 (@kenes1414bot) телеграм-боты арқылы, сондай-ақ 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, жеке деректерді, өңірді, ХҚО бөлімін, баратын күні мен уақытты көрсету қажет. Біз дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейміз ( сенбі күні қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді) Отбасыңызға және өз денсаулығыңызға сақ болыңыз!
Толығырақ... Оқылды: 2199 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2021

"Сотталғандығы болуы немесе болмауы туралы" анықтаманы үйден шықпай-ақ алуға болады

1. Телеграм-бот @kenes1414bot Көрсетілетін қызметтер > сот жұмысы > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама > смс-тен растау кодын енгізу > анықтама телеграмға хабарламамен келеді 2. EGov mobile мобильді қосымшасы Қызметтер > жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама > қызметке тапсырыс беру > қол қою > анықтама хабарламаларға түседі 3. Портал арқылы eGov.kz Қызметтер > жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру > қызметке онлайн тапсырыс беру > қол қою > анықтаманы алу үшін 5-10 минуттан кейін жаңарту
Толығырақ... Оқылды: 1912 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.