ӘЛЕУМЕТ

АЖЫРАСУҒА АСЫҚПАҢЫЗ...

Біріміздің бауырымыз, біріміздің досымыз, көршіміз үйленіп қуанышына ортақтасып мәре-сәре болып жатамыз. Ата-анасы «Мәңгілік естелік, балам күнде үйленбейді ғой, сондықтан да қарыздансам да үлкен мейрамханада дүркіретіп өткіземін» деп алдын ала тума-туыстарды хабардар етіп, күнін белгілейді. Сонымен көптен күткен ақсақалдан бастап, ойын баласының тілекті жаудыратын «үйлену тойының» күні де жетеді. Осылайша қызыққа және шығынға толы тойымызда бір сәтте өте шығады. Иә, сол тойда айтылған «Жұптарың жазылмасын!» деген тілектеріміз қаншалықты шындыққа жанасып жатыр?! Біріміздің бауырымыз, біріміздің досымыз, көршіміз үйленіп қуанышына ортақтасып мәре-сәре болып жатамыз. Ата-анасы «мәңгілік естелік, балам күнде үйленбейді ғой, сондықтан да қарыздансам да үлкен мейрамханада дүркіретіп өткіземін» деп алдын ала тума-туыстарды хабардар етіп, күнін белгілейді. Сонымен көптен күткен ақсақалдан бастап, ойын баласының тілекті жаудыратын «үйлен...
Толығырақ... Оқылды: 1836 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021

Жер саласын цифрландыру

Қазақстанда жерге орналастырушы, геодезия және картография мамандарының кәсіби мерекесі наурыздың екінші сенбісінде атап өтіледі. Осыған орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша филиал директорының орынбасары Кулдашов Абдурасул Максудовичпен арнайы әңгімелесіп, көңілде жүрген сауалдарға жауап алдық. - Жер - мемлекеттің ерекше қорғауындағы негізгі ұлттық байлық. Сондықтан бұл салада еңбек ететін мамандарға жүктелетін жауапкершілік жоғары. Мемлекеттік корпорацияда осы кәсіптің қыр-сырын меңгерген мамандардың атқаратын қызметі қандай? - Көпшілік мемлекеттік корпорацияның жұмысы тек түрлі анықтамалар мен құжаттарды рәсімдеу және дайын құжатты беру, яғни халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарға қызмет көрсетуден ғана тұрады деп ойлайды. Алайда бұл - қате пікір. Азаматтарға арналған үкімет қызметінің төрт негізгі бағыты бар: азаматтарға фронт-офисте қызмет көрсету, әлеуметтік, жылжымайтын мүлікті тіркеу және жер кадастр блокт...
Толығырақ... Оқылды: 1782 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021

Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Бұл дерттің жаппай жойылу жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Атап айтқанда, ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарс...
Толығырақ... Оқылды: 1890 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021

қауіпті індеттің алдын алу

Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықты болдырмауды барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауаз...
Толығырақ... Оқылды: 1702 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021

Жемқорлықты болдырмау басты міндет

Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Кез – келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселел...
Толығырақ... Оқылды: 1690 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021

Коронавирустың екінші түрі пайда болғаны рас па?

Біраздан бері халық арасында «Коронавирустың екінші түрі пайда болыпты, Алматыдан шығыпты, жоқ Нұрсұлтаннан шығыпты, ауру қайта көбейіпті, карантин басталады екен...» деген сияқты қауесеттер желдей есуде. Ендеше коронавирустың екінші түрі пайда болғаны рас па? Оның белгілері қандай? Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандарының зерттеуінше, Ұлыбританияда тез тарап жатқан вирус – коронавирустың мутацияланған түрі. Оған VOC-202 012/01 деген атау берілді. Қазіргі уақытта бұл штамның ерекшелігі – оның жұғу ықтималдығының жоғарылығында. Мамандар коронавирустың жаңа түрі бұрынғыдан 50-70 пайыз жылдам таралатынын айтып отыр. Вирус мутациясы Ұлыбританияда шапшаң жайылғаны салдарынан аталған елде кейінгі күндері бір тәулікте 50 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бұл бұрын-соңды тіркелмеген жоғары көрсеткіш. Осының кесірінен билік қайтадан жаппай локдаун енгізуге мәжбүр болған. Коронавирустың «британдық штамм» қазірге дейін әлемнің 40-тан астам елінде аны...
Толығырақ... Оқылды: 1578 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2021

Алматы облысында кәсіпкер заманауи күртешелер мен пәлте шығарады

Алматы облысында тігінші Кәмилә Байматова мемлекеттік бағдарлама бойынша ұлттық және заманауи стильде сыртқы киім мен интерьер бұйымдарын тігетін жеке тігін цехын ашты. 58 жастағы Кәмилә Байматова Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында тұрады. Кәсіпкерлікті үш жыл бұрын бастаған. Мамандығы бойынша байланысшы, алайда тігін ісінде он бір жылдық тәжірибесі бар. Ательде тігінші болып қызмет атқарған. Сол орында жұмыс істеп жүріп, ұлттық нақышта киім мен үй бұйымдарын тігетін жеке ісін ашуды мақсат етті. «Мен тігін цехында сегіз жылға жуық жұмыс істедім. Мол тәжірибе мен білім жинадым. Тұрақты клиенттерім болды. Сатып алушылар менің жасаған дүниелерімді әрдайым жоғары бағалайтын. Дәл осы қолдау мені бизнесті бастауға итермеледі. Барлық кемшіліктер мен артықшылықтарды есептеп, өз ісімді ашамын деп шештім. Осылайша, мемлекеттік қолдаудың арқасында ойлағанымды жүзеге асырдым, қажетті жабдықтарды сатып алып, бірнеше адамды жұмысқа қабылдадым», - дейді кәсіпкер. 2018 жылы Кәмилә...
Толығырақ... Оқылды: 1701 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2021

Алматы облысында 47 мыңнан астам бала 1 сыныпқа қабылданады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы сәуір айынан бастап білім беру ұйымдары 1 сыныпқа балаларды қабылдайды. 1 сыныпқа алты жастағы балалар қабылданатын болады. Оқушылардың ата-аналары өтініштерін сәуір және тамыз айларында бере алады. Қажетті құжаттарды egov.kz порталы арқылы және қағаз жүзінде тапсыруға рұқсат. 2020-2021 оқу жылында 1 сыныпқа 47 007 бала қабылданса, ағымдағы жылға 1 сыныпқа 47 700 баланы қабылдау жоспарланып отыр. «IV тоқсанда Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №6 Қаулысына сәйкес санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытуға, 1-5 сыныптарды қоса алғанда кезекшілік сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін, мектеп бітіруші 9,11 сыныптар аралас форматта (сыныпта 15 адамнан артық емес) оқыту жоспарланып отыр&raqu...
Толығырақ... Оқылды: 1669 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2021

Жаңа көлік сатып алдыңыз ба?

Оны автоХҚО-ға бармай, kaspi.kz қосымшасы арқылы рәсімдеп көріңіз. Ол үшін сатушы қосымшаға кіріп, Мемлекеттік қызметтер бөлімінен «Автокөлікті қайта рәсімдеу» қызметін таңдауы тиіс. Әрі қарай көлікті тіркеуден шығару батырмасын басып, айыппұл мен салық берешегі барын тексеруге болады. Бұдан кейін көлікті сатып алушының ЖСН нөмірі мен көліктің сатылымға қойылған бағасы толтырылады. Егер көлікті сатушы нөмір белгісін сақтап қаламын десе, тиісті жерге белгі қоюы тиіс. Соңында сатушы электронды қолтаңбасы арқылы көлікті тіркеуден шығарады. Бұдан кейін сатып алушы тарап қосымшада «Автокөлікті тіркеуге қою» батырмасын басып, көлік жайлы мәліметтерді растайды. Көлікті сатып алу құнын төлеп, мемлекеттік тіркеу нөмірін қай автоХҚО-дан алатынын көрсетеді. Бұдан кейін нөмір бегісі мен техпаспорт, тіркеу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу қажет. Көліктің тіркелгендігі жайлы хабар Kaspi қосымшасына 3 сағат ішінде келеді. Қызмет құны: Техпаспорт - 3646,25 тг, Кө...
Толығырақ... Оқылды: 1647 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2021

Алматы облысында 25 мыңнан астам адам салықтан босатылған

Жыл сайынғы жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі 1 сәуірге ауыстырылды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды. «Алматы облысы бойынша 593434 көлік тіркелген. Аталмыш тұлғалардан түсетін салық мөлшері 8,8 млрд. теңгені құрауы тиіс. 2020 жыл қорытындысы бойынша салық төлеушілерден қажетті мөлшердің тек 1,2 млрд. теңгесі төленген. Төленбеген салық 6 млрд-тан астам берешекті қамтып отыр»,-деді Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Ләззат Айтахунова Жеке тұлға көлік салығын мүлдем төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда уәкілетті орган қарызды өнідіріп алу бұйрығын іске қосады. Ескере кететін жайт, азаматтардың салығы тұрғылықты орнымен белгіленеді. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «eSalyq Азамат» мобильдік қосымшасын іске қосқан болатын. Мобильді қосымша салық төлеушілерге үйден шықпай-ақ қызметтерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылған қосы...
Толығырақ... Оқылды: 1750 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.