ӘЛЕУМЕТ

Үйдің жанындағы дүкендерге арналған пилоттық жоба 3 жыл күшінде болады

Пандемия кезінде елімізде шағын дүкендермен қоса бизнестердің 70-80% зардап шеккен болатын.Осыған орай ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде қарапайым халыққа деген жаңа орнатуларды заңға еңгізді. Бұдан әрі,пилоттық жоба шеңберінде сатып алушыларға бақылау-касса машинасының чегін бере отырып, тауарларды тек жеке тұлғаларға өткізуді жүзеге асыратын үйдің жанындағы дүкендерге арналған тауарға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу бойынша талап жойылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығымен бекітілген тауардың ілеспе жүкқұжаттарын (ТІЖ) рәсімдеу жөніндегі Пилоттық жобаны іске асыру қағидалары, бұдан былай 7-тарауында бөлшек саудада ТІЖ рәсімдеу жөніндегі ерекше ережелер белгіленген, оларға сәйкес электронды шот-фактуралары (ЭШФ) АЖ-да ТІЖ бойынша рәсімдер бөлшек сауда субъектісінің қатысуынсыз берілген алгоритмдер бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтып кеткендей, жеңілдетілген декларациялар бойынша жұмыс істейтін салық төле...
Толығырақ... Оқылды: 1608 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.03.2021

Әйел адам үшін ана болудан асқан бақыт жоқ шығар

Әйел адам үшін ана болудан асқан бақыт жоқ шығар. Босанар алдындағы машақаттардан бөлек, мемлекет төлемдерін рәсімдеу жағын да ойластыру керек. Пайдалы ақпаратпен бөлісе отырып, біз өмірлеріңізді жеңілдетпекпіз. Кірісінен айырылу жағдайындағы төленетін әлеуметтік төлем болашақ ананың жұмысқа жарамсыз күндерін, орташа айлық кірісін және зейнетақы төлемінің тиісті көлемін ала отырып есептеледі. Бұл төлемді рәсімдеуге ХҚО-ға келесі құжаттар қажет: - Жеке басын куәландыратын құжат; - Банк шоты жайлы мәлімет; - Жұмысқа жарамсыздық парағы; - Егер болашақ ана жеке кәсіпкер болса, кәсіптің мемлекетік тіркеуі туралы куәліктің көшірмесі. *Құжаттарды тіркелген мекенжайына қарасты ХҚО-ға, еңбекке жарамсыздық парағын алған сәттен бастап 1 жыл ішінде өткізуге болады. Құжаттар толық тапсырылған соң 8 жұмыс күні ішінде төлемдердің тағайындалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді.
Толығырақ... Оқылды: 1644 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.03.2021

Алматы облысының тұрғыны қарапайым сатушыдан жеке кәсіпкерге айналды

Алматы облысында сатушы болып жұмыс істеп келген 30 жастағы Айман Жапарова «Бастау» жобасының көмегімен көкөністер мен жемістер дүкенін ашып, кәсіпкер атанды. Айманның айтуынша, ол халық арасында, азаматтармен етене байланыс жұмыс істегенді жаны қалайды. Үлкен-кішіге қамқор және арманшыл жан. Жеке ісім болса деген мақсаты болды. Сатушы болып жұмыс істей жүріп, жеміс-жидектерден себеттер мен гүл шоқтарын әзірлеу ойына келді. «Тұрмысқа шыққаннан кейін Үшарал қаласына көшіп келдім. Жолдасыма өз ісімізді ашып, кәсіпкерлікпен айналысуды ұсын,анымда бірден қолдады. Көкөністер мен жемістерден себеттер мен гүл шоқтарын жасауды, сонымен қатар шағын дүкен ашуды жоспарладым. «Атамекенге» барғанымда мұның бәрін қалай жүзеге асыру керектігін түсіндірді. Қолдау шараларының бірі «Бастау» жобасы болды. Карантиндік шараларға байланысты оқу онлайн түрде жүргізілді. Дегенмен де, өзім үшін көптеген пайдалы және қызықты нәрселерді үйрендім», - деді кәс...
Толығырақ... Оқылды: 1704 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2021

Өнім сапасы назардан тыс қалмауы тиіс

Ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұлттық стандартқа деген сенімді дамытып, сертификаттау жүйесінжолға қою қажет. Осы мақсатта "Техникалық реттеу туралы" ҚР Заңын жаңа редакцияда дайындау және оны жыл соңына дейін қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды. Техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган "Техникалық реттеу туралы" Заңның жаңа жобасын әзірледі, оған 2020 жылғы 30 желтоқсанда қол қойылды. Аталмыш заң жобасы 2021 жылдың 1 шілдесінен, бастап өз күшіне енеді. «Мамандандырылған заң жобасына өзгеріс енгізудегі мақсат өнімнің сапасына жіті мән берумен, нарықты бақылау, тауарды айналымға шығару кезінде бекітілген талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету», - дедіҚазақстан Республикасы Интеграция және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология департаментінің Алматы облысы бойынша басшысының орынбасары Бибігүл Омарова. Бүгінгі күні,...
Толығырақ... Оқылды: 1724 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2021

"Бала дауысы" - жаңа достар кездесуі

Дәстүр бойынша көктемнің басы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұрсұлтан Назарбаев Қорыныңқолдауымен 2016 жылданберіөткізіліпкележатқанӘлия Назарбаева қорының "Жандануәлемі" авторлықжобасы – Ұлттық "Бала дауысы" балаларәнконкурсыныңкезектімаусымыныңбасталуыменбелгіленді. Ұйымдастырушылар 8 жастан 12 жасқа дейінгібалалардыеліміздіңмузыкалықжобасынақатысуғашақырады. 26 наурыз бен 15 мамыраралығындақашықтықформаттаіріктеу туры өткізіледі, бұл, әрине, барлықөңірлерденкелгенбалаларғаөздерінтанытуғажәнеөзталанттарынкөрсетугетамашамүмкіндікболыптабылады. Өтінімдерwww.baladauysy.kzсайттындақабылданады Жобаныңжетістігі мен танымалдылығы, еңалдымен, оныңбастымақсатына – музыкалықдарындыбалалардыанықтаужәнеқолдау, олардыңшығармашылықәлеуетініскеасыруғакөмектесу. "Бала дауысы" - бұләлеуметтікжоба, оныңбарлықкезеңдерінебалалардыңқатысуытегін. Байқаудыңерекшелігі-оныңаясындажаңабалаларәндерініңжинағыжасалады, оныңавторлары 17...
Толығырақ... Оқылды: 1634 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2021

ЭЦҚ мерзімін ұзарту

ЭЦҚ мерзімін ұзарту үшін төмендегі нұсқаулыққа назар аударамыз. Ең алдымен сіздің телефоныңызға ЭЦҚ мерзімінің аяқталып қалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді. Ақпаратты тексеру үшін Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталына кіріп, жеке кабинетіңізден ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Одан әрі: Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректерді толтырыңыз; «Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзін дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті бейнеленеді. Қол қойып, әрі қарай жұмысқа кірісеміз; ЭЦҚ кілттерімен жұмыс жасау үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» бөліміне көшеміз. Ашылған мәзірден «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» тармағын таңдаңыз. Негізгі жолдарды толтырыңыз, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз; ЭЦҚ-ны сақтау үшін компьютерді таңдасаңыз, онда құпиясөз ойлап табыңыз және енгізіңіз, одан кейін «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз. Есіңізде болсын Мобильді азаматт...
Толығырақ... Оқылды: 1625 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2021

EGOV

Достар! Егер сізге қажетті қызмет әлі онлайн қолжетімсіз және оны алу үшін ХҚК бөліміне жүгіну қажет болса, онда брондаудың келесі 4 тәсілі сізге кезекте тұрмай, қызметті жылдам алуға кемектеседі. egov.kz авторлану, "ХҚО кезекті онлайн брондау" бөлімінде жеке деректерді толтыру, бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚО мекенжайын және көрсетілетін қызметті таңдау eGovKzBot2.0 телеграм-ботында "ХҚО кезекті онлайн брондау" бөлімінде жеке деректерді толтыру, бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚО мен қызметті таңдау 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы дауыс мәзірінен "кезекті брондауды" таңдау және оператор арқылы ХҚО-ға баратын уақытты белгілеу egov mobile қосымшаны жүктеу, авторлану және "ХҚО-ға кезекті онлайн брондау" бөлімінде жеке деректерді толтыру, бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚО мен қызметті таңдау Sms ХҚО-дағы брондау уақыты туралы хабарлайды Кеңес: ХҚО-ға брондау уақытынан 5-10 минут...
Толығырақ... Оқылды: 1577 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2021

Еңбек қатынастары бойынша 89 заңбұзушылық тіркелді

2020 жыл қорытындысы бойынша 151 тексеріс жүргізіліп, 673 адамнан арыз түсті. Арыздардың 80%-ын жалақы ала алмау мәселесі құрап отыр. Тексеріс барысында 89 заңбұзушылық тіркеліп, еңбек қатынастары жөнінде 59, жұмыспен қамту мәселесі бойынша 26 заңбұзушылық орын алған. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. «Мекемелерде 20 өндірістік оқыс жағдайлары тіркеліп, 24 адамның ауыр жарақат алғаны, 6 адамның қаза тапқаны анықталды. Осы жағдай төңірегінде арнайы комиссия құрылып, тексеріс жұмыстарының материалдары қажетті органдарға берілді.Сонымен қатар,Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілермен жұмыскерлер арасында еңбек заңнамасының талаптары қатаң сақталуы қажет. »,- деді Алматы облысы Еңбек иснпекциясы бойынша ақпараттық-талдамалық қамсыздандыру бөлімінің басшысы Бауыржан Орманов. Облыс бойынша мерзімінен асқан берешек 2020 жыл басымен салыстырғанда 60 миллион астам мөлшерге азайып 48%-ды құрады. Ескеретін маңыз...
Толығырақ... Оқылды: 1664 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.03.2021

«Шин-Лайн» компаниясы Алматы облысында балмұздақ шығаратын зауыт салады

Балмұздақ шығарумен айналысатын «Шин-Лайн» ЖШС компаниясы Алматы облысының Іле ауданында азық-түлік және балмұздақ өндіретін, жобалық қуаты жылына 22 мың тонна болатын өндіріс орнын салуды жоспарлап отыр. Оған 33,4 млрд. теңге инвестиция тартылмақ. Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың аталмыш компания өкілдерімен кездесуі кезінде тиісті меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Компания басшыларымен арнайы жүздескен Амандық Баталов облыстың инвестициялық мүмкіндіктері жайлы қысқаша айтып өтіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан жобаларға да тоқталды. - Балмұздақ пен азық-түлік индустриясында көшбасшылардың қатарында аталатын сіздердің «Шин-Лайн» компаниясымен бірлесіп жұмыс істейтінімізге қуаныштымыз. Осындай таза өндірісті іске қосу арқылы өңір экономикасына 34 млрд. теңге инвестиция тартылады, тұрақты жұмыс орындары құрылады. Бұл - экспортқа бағытталған кәсіпорын, Елбасының, Президенттің бізге берген басты тапс...
Толығырақ... Оқылды: 1920 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.03.2021

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ БАСШЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫНДА КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

БАСЫМДЫҚТА - ХАЛЫҚТЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ СЕНІМІН АРТТЫРУ Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің негізгі міндеттерінің бірі азаматтық қоғаммен ашық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жолымен халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке деген сенім деңгейін арттыру болып табылады. Бұл бағытта Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтармен сындарлы диалог құру, сондай-ақ бүгінгі күні облыс азаматтарын алаңдатып отырған өзекті мәселелерді жою бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Агенттіктің тапсырмасы бойынша бүгін Талғар ауданының сервистік әкімдігінің алаңында халық пен билік арасындағы диалогты қалыптастыру бойынша "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Алматы облысының тұрғыны, публицист Әділ Еділұлы Мұқашевтің өтінішінде көрсетілген мәселелерді жан-жақты қарау мақсатында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бас...
Толығырақ... Оқылды: 1897 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.03.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.