ӘЛЕУМЕТ
Жетісулық нұротандықтар 2020 жылдың қорытындысын шығарды |
| «Жетісу медиа» алаңында бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының 2020 жылғы жұмыс қорытындылары, 2021 жылға жоспары және гендерлік саясат туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тойлыбаева Гүлнәр Қожағұлқызы негізгі қорытындыларды шығарып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Спикер өз сөзінде: «Елбасының бастауымен, Ел Президентінің қолдауымен «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылды. Республика бойынша бұл үрдіс жоғары ұйымдастырылып, Алматы облысы акция аясында жоғарғы ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті. Облыстар ішіндегі алғашқы үштіктің қатарынан көріне білді. «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Жастар Отанға» жобалары негізінде «BIZ BIRGEMIZ» атты республикалық акция аясында Алматы облысы бойынша 318 889 601 теңг... |
| Толығырақ... Оқылды: 2034 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.03.2021 |
Алматы облысында «Елбасы медалі» жобасына қатысушылар марапатталды |
| Алматы облысында еліміздің ең ірі челленджінің қатысушыларына "Елбасы медалі" табысталды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жобада республика деңгейінде Алматы облысы бойынша үздік көрсеткіштер анықталып, 384 жеңімпаз анықталды. Марапаттау рәсімі Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың қатысуымен өтті. «"Елбасы медалі" - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Оған қатыса отырып, жастар өз уақыттарын басқаруға, мақсаттар қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді. 2020 жылы "Елбасы медалі" бағдарламасы 11 мыңнан астам қатысушыны қамтыды. Жас таланттардың басым бөлігі Жетісу өңірінен шыққаны қуантады. 2021 жылы аталған жобаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 118 млн теңге бөлінді. Алматы облысында ең өршіл, мақсатшыл, жасампаз жастар бар екенін атап өткім келеді және біз өз тарапымыздан сіздерді қолдауға әрқашан дайынбыз. "... |
| Толығырақ... Оқылды: 2062 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.03.2021 |
2021 жылы Алматы облысында 16 спорт кешені жұмыс істейтін болады |
| Алматы облысында спортты дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Соңғы 5 жылда өңірде 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, ал биыл тағы бесеуі салынады. Сондай-ақ ауылдарда 8-ден астам шағын спорт кенедерін ашу жоспарлануда. Бұл туралы жақында спорт саласындағы 2020 жылдың қорытындысын шығаруға арналған салтанатты шара барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті. Іс-шара барысында Алматы облысы әкімінің алғыс хаттарымен және ақшалай сертификаттармен 37 миллион теңге сомасына 54 адам марапатталды. Олардың арасында халықаралық аренада қала мен елдің намысын қорғайтын спортшылар, еңбек сіңірген жаттықтырушылар, спорт мектептерінің басшылары, сондай-ақ спорттық өмірді белсенді насихаттайтын журналистер бар. Сондай-ақ, өңір басшысы Облыстың балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне арналған шағын автобустар мен жеңіл автомобильдердің 22 кілтін табыс етті. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтау сөзінде дене шынықтыру және спорт саласын қолдау, салауатты өмір... |
| Толығырақ... Оқылды: 1807 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.03.2021 |
Алматы облысында улы газдан 16 адам зардап шекті |
| 2020-2021 жылдың жылыту кезеңінің басынан бастап облыс аумағында 357 өрт оқиғасы орын алған. Салдарынан 26 адам қаза тауып, 7 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Ал, улы газбен уланудан 16 адам зардап шекті. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлімделді. Қызыл жалыннан келетін залалдың алдын алу мақсатында ТЖ департаменті мамандарының қатысуымен 15 024 үйі тексерістен өтіп, арнайы нұсқау берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінен басқа, есепке алынған үйлер араланып, жалпы саны 345 807 тұрғын үй профилактикалық шаралармен қамтамасыз етілді. Айта кетейік, улы газбен уланудан немесе жану өнімдерінен болған қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында өткен жылыту кезеңінде жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 24 мың улы газ датчиктері орнатылды. Жылыту маусымында өрттен қатер төнсе, күннің көзі жылынған сәтте, су басу ықтималдығы жоғарлайтындығы тағы бар. Мамандар, Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарын су басу қау... |
| Толығырақ... Оқылды: 1679 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.03.2021 |
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КОМПЛАЕНС ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТ БОЙЫНША LIVE – ВЕБИНАР |
| Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілері ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелерді айқындауға тиіс. Бұл ретте квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді құруға құқылы. Осылайша, кәсіпкерлік субъектілерінде комплаенс-қызметтерді құру ұсынымдық ретінде қарастырылады. Осыған байланысты, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінде комплаенс-қызметтерді тарату мәселелерін жылдамдату мақсатында ағымдағы жылдың 2 наурызында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдің бизнес-қоғамдастығы үшін ISO 37001 талаптарына сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты, сондай-ақ Компленс-қызметтер институты... |
| Толығырақ... Оқылды: 1682 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.03.2021 |
1-наурыздан бастап 1-5 сынып мектеп оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді. |
| Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 қаулысына сәйкес 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, 1-5-сынып және халықаралық мектептердің 1-7-сынып білім алушыларын аралас форматта оқытуға, оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға рұқсат етілді. Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі. Бұл жағдай әлі де қашықтан оқытуда қалып отырған 6-8, 10 сыныптарға қатысты. Бұл міндетті емес, мұғалімдердің шешімі мен оқушылардың ата-аналарының келісімі бойынша іске асырылады. Облыстың аудан, қалаларындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қай оқу пәндерінің штаттық немесе қашықтан оқыту форматтарында жүргізілуін және оқу сағаттарының санын анықтауды мектептер де... |
| Толығырақ... Оқылды: 1672 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.03.2021 |
ПРЕСС-АНОНС! |
| Құрметті әріптестер! 2 наурыз күні, сағат 11:00-де «Jetisy media» ақпараттық алаңында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының 2020 жылғы жұмыс қорытындылары, 2021 жылға жоспары және гендерлік саясат туралы» тақырыбында брифинг өтеді. Спикер: «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары - Тойлыбаева Гүлнәр Қожағұлқызы. Өтетін орны: «Журналистер үйі», 1-қабат, мәзіліс залы. |
| Толығырақ... Оқылды: 1544 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.03.2021 |
Шамамен 16 млн қазақстандық немесе халықтың 84%-ы медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған – Б.Төкежанов |
| Шамамен 16 млн қазақстандық немесе халықтың 84%-ы медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған, деп «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов Денсаулық сақтау министрілігің алқа отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша МӘМС жүйесіне енбегендердің саны 3 млн-нан асып жығылады: жарнаны тұрақты төлемегені үшін 1,6 млн адам мәртебеге ие болған жоқ, ал 1,4 млн тұлға бір жыл ішінде бірде-бір рет төлемеген. «Жазда ай сайын 42500 алып жүрген кезде, жеке тұлғалар жаппай БЖТ төлей бастаған болатын. Солай жалғаса бергенде МӘМС жүйесі халықтың 92%-ін қамтитын еді. Халықты МӘМС жүйесіне енгізу үшін тыңғылықты жұмыс істеуді жалғастыру қажет - өңірлердің әкімдіктері "Атамекен" ҰКП, Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімдері мен медициналық ұйымдарды жұмылдыра отырып, өңірлік штабтардың тиімділігін арттыруы тиіс. Бұл мәселеге әсіресе Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының әкімдіктері баса назар аудар... |
| Толығырақ... Оқылды: 1519 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.03.2021 |
2020 жылы МӘМС бойынша жалпы құны 41,6 млрд теңге тұратын 10 мыңға тарта қымбат ота жасалды |
| 2020 жылы МӘМС бойынша медициналық көмекке 357 млрд теңге жұмсалды, деп Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов хабарлады. МӘМС бойынша қосымша 100 млрд теңгеге тарта қаражат 67 млн консультативтік және диагностикалық қызметті қаржыландырды, оның ішінде - 25 млн бейінді мамандардың қабылдауы, 5 млн диагностикалық зерттеу, 7 млн стоматологиялық қызмет, 10 млн процедура мен манипуляция, 337 мың жоғары технологиялы зерттеу, мысалы КТ және МРТ. МӘМС енгізілгелі бері амбулаториялық деңгейде дәрілік көмектің де қолжетімділігі артты. Бұрын пациенттер 45 дерт бойынша препараттар ала алатын болса, қазір 138 ауруға байланысты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. 2020 жылдың қорытындысына бойынша Қор активі есебінен еліміздің стационарларында жоспарлы түрде 1 миллионан астам пациент емделді, бұған 170 млрд теңге жұмсалды. Ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер бойынша, жоспарлы емдеуге жа... |
| Толығырақ... Оқылды: 1506 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.03.2021 |
Алматы облысында 8 шағын ДШК салынады |
| Жетісудың бас шаһары, Талдықорған қаласында «Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы» және «Қазақ күресі» ассоциациясының Алматы облысының спортшыларымен кездесуі өтті. Алқалы жиынға өңір басшысының орынбасары Рустам Али арнайы келді. Дөңгелек үстелдің аясында, жігіттің жүректісі ғана төбе көрсететін спорт түрлерінің өткеніне баға беріліп, келешегіне бағам жасалды. Жеті өзені тоғысқан өлкеде, жауырыны жерге тимеген ұлттың ұландарын шыңдау мақсатында түрлі спорттық шаралар жүзеге асуда. Ал, кіл жүйріктер топ жаратын аламанға саңлақтарды дайындау үшінде, аранайы «Алтын орда» құрылуы тиіс. Бұл ретте, өңір басшылығы нысанадан мүлт кетпеді. Оғландардың басын бір арнаға тоғыстыру мақсатында, 2019 жылдың наурыз айында Алматы облысының жауынгерлік өнер қауымдастығы кереге жайған еді. Аталған бірлестікке 16 облыстық спорт федерациялары кіреді. Бір шаңырақтың астында топтастырылған спорттық ұжым жүйелі істер атқарудан тайынған емес. Соның бір дәлелі,... |
| Толығырақ... Оқылды: 1525 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.03.2021 |
