ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында былтыр жер саласы бойынша 65 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Қазақстанда Жерге орналастырушы, геодезия және картография мамандарының кәсіби мерекесі наурыздың екінші сенбісінде атап өтіледі. Осыған орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша филиал директорының орынбасары Кулдашов Абдурасул Максудовичпен арнайы әңгімелесіп, көңілде жүрген сауалдарға жауап алдық. - Жер - мемлекеттің ерекше қорғауындағы негізгі ұлттық байлық. Сондықтан бұл салада еңбек ететін мамандарға жүктелетін жауапкершілік жоғары. Мемлекеттік корпорацияда осы кәсіптің қыр-сырын меңгерген мамандардың атқаратын қызметі қандай? - Көпшілік мемлекеттік корпорацияның жұмысы тек түрлі анықтамалар мен құжаттарды рәсімдеу және дайын құжатты беру, яғни халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарға қызмет көрсетуден ғана тұрады деп ойлайды. Алайда бұл - қате пікір. Азаматтарға арналған үкімет қызметінің төрт негізгі бағыты бар: азаматтарға фронт-офисте қызмет көрсету, әлеуметтік, жылжымайтын мүлікті тіркеу және жер кадастр б...
Толығырақ... Оқылды: 1950 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.03.2021

ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ" 54380 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ "РММ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ НОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, 54380 әскери бөлімінің командирі Қайрат Мырзағалиев, Талдықорған гарнизоны әскери полиция бөлімінің бастығы Ерлан Оспановтың қатысуымен ҚР Қорғаныс министрлігінің "54380 әскери бөлімі" РММ қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша кездесу өткізілді. Өз сөзінде Жұмабаев Жандос Сағындықұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңалықтар, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің маңыздылығы және Бағыныстылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін Бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейту туралы айтып берді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет институты енгізілгенін, ол адалдық стандарттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауға жау...
Толығырақ... Оқылды: 1927 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.03.2021

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ" ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ НОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының, сондай-ақ Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға бағытталған семинар өткізілді. Іс-шараға Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Мейрам Мұсаев қатысты. Кеңес барысында Жандос Жұмабаев Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістерді түсіндіріп, Департаменттің 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізген жұмысының нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар, Департамент басшысының бірінші орынбасары қатысушыларды облыс аумағында енгізіліп жатқан ISO—37001, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтері сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа құралдармен таныстырды. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді, сондай-ақ сыбайла...
Толығырақ... Оқылды: 1741 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.03.2021

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құрметті азаматтар! Әлеуметтік желілерде жеке тұлғалар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында ақылы көмек көрсететіні туралы хабарландырулар таратып жатыр. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына бұл ЖК мен ЖШС-нің ешқандай қатысы жоқ, олар жеке кәсіпкерлік нысандары екенін естеріңізге саламыз. Тұрғындар электрондық қызметтерді egov.kz порталы, egovmobile мобильдік қосымшасы және EgovKzBot2.0 телеграм боты арқылы өз бетінше және тегін ала алатынын ескертеміз. Сондай-ақ ең қажетті электрондық анықтамаларды Facebook және Вконтакте әлеуметтік желілері арқылы алуға болады. Күдікті адамдарға жүгініп, электрондың цифрлық қолтаңбаларыңызды беру арқылы сіздер алаяқтардың тұзағына түсіп, өз қауіпсіздіктеріңізге нұқсан келтірулеріңіз мүмкін. Сақ болыңыздар! ЭЦҚ сақтау ережесін ұстанып, қызметтерді өз беттеріңізше алыңыздар. Өздеріңіз бен жақындарыңыздың жағдайын ойлаңыздар!
Толығырақ... Оқылды: 1815 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.03.2021

Алматы облысында «қайырымды істер марафоны» іске қосылды

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Қайырымды істер марафоны» жалпы ұлттық жобасы бастау алған еді. Бұл істі алғаш болып қолға алғандардың бірі-Алматы облысы. Ұлттық жобаның бастауы басқосудан басталды. Аталмыш дөңгелек үстелге Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Али, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Елдар Қайсарұлы, кәсіпкерлер мен ҚМДБ өкілдері қатысты. Жетісу өлкесі тегеурінді істерді атқарудан тартынған емес. Оның ішінде еріктілер қозғалысының бұл реттегі еңбегі орасан зор екенін атап өткен абзал. Естеріңізге салайық, былтыр өңірде 434 қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Соның шеңберінде 26 мың отбасыға көмек қолы созылып, 4 мың ерікті сауапты іске жұмылдырылған болатын. Осы тектес жұмыстар биылғы жылы «Қайырымды істер» жалпы ұлттық марафонының негізінде атқарылатын болады. Бұл бастаманың аймақта іске қосылуына, облыс әкімінің орынбасары Руста...
Толығырақ... Оқылды: 1891 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.03.2021

«Сіздер сұлулық пен махабаттың символысыздар...»:Амандық Баталов әйелдерді мейрамдарымен құттықтады.

Талдықорған қаласының салтанат сарайында 8 наурызға орай облысымыздың әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен салтанатты шара өткізілді. Ауданымыздың әкімі медицина,әлеуметтік сала,білім беру,мәдениет және спорт саласына еңбек сіңірген нәзік жандыларды құттықтады. Осы аталаған мамандар арасында Жетісудың атақты да үздік әйелдері бар. Олардың бірі: Социалистік еңбек ері, Алтын жұлдыз, Ленин орденінің иегері -Күләш Айтжанова, ҚР халық әртісі, Б.Римова атындағы облыстық драма театрының әртісі -Алмахан Кенжебекова, Нурила Бөлекбаева - облыстағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен қоса басқа да аса маңызды салаларда көптеген жылдар бойы еңбек еткен аруларымызды атап өтті. Сонымен қатар, алда келе жатқан мейрамға қарсы Алматы облысының әкімі шын жүректен нәзік жандылардың барына, өмірдің мәні мен сәніне айналған аруларға арнайы алғысын білдірді. “Сіздердің әр біріңіз отбасыларымыздың ошағы,ұйытқысы,баға жетпес алтыны,сұлулық пен жылудың көзі бола тұрып,өңіріміздің әлеуметтік-экономика...
Толығырақ... Оқылды: 1869 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.03.2021

Қазақстан әйелдері мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Қазақстан әйелдері мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2 млн әйел жүгінген. Жалпы алғанда Азаматтарға арналған үкімет былтыр 13 млн мемлекеттік қызмет көрсеткенін ескерсек, олардың 45%-ы нәзік жандыларға көрсетілген. Электрондық цифрлық қолтаңба алуға өтініш білдірген әйелдердің саны ерлермен салыстырғанда бір пайызға ғана артық. Мысалы, өткен жылы ХҚО арқылы 4,7 млн ЭЦҚ рәсімделген болса (оның ішінде 300 мың ЭЦҚ заңды тұлғалар үшін), оның 2,2 млн-ға жуығын (51%) арулар алған. Автоқызметтер бойынша жүгінетін ханымдардың да саны аз болып шықты. 2020 жылы 173 мың әйел жүргізуші куәлігін ресімдеген, бұл жалпы берілген көлік жүргізушісі құжаттарының 21%. Сонымен қатар мемлекеттік корпорациядағылар түрлі жәрдемақы алушы қыз-келіншектер туралы да айтып берді. Мысалы, кө...
Толығырақ... Оқылды: 2149 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.03.2021

Жетісу жерінде карантиндік шаралар жеңілдетілді

Алматы облысында коронавирустық инфекция жұқтырған адам саны 11028-ге жетіп отыр. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 1451 бала індетке шалдыққан. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен кезекті баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Баршаға аян, аталған кеселдің алдын алу, тұрғындардың иммундық жүйесін қалыптастыру мақсатында, 1 ақпаннан бастап егу жұмыстары басталған еді. Бүгінгі таңда облыста вакцина алудың екінші кезеңі басталып, 847 адам екпе қабылдап үлгерді. Оның ішінде 367 медицина қызметкерлері мен 13 мұғалім екпе алғандар қатарында бар. Айта кетерлігі, күні кеше, 2 наурызда өңірге қажетті вакцинаның 9900 дозасы жеткізілді. Естеріңізге саламыз, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы облысы «жасыл» аймақта орналасқан. Соған байланысты, 9 наурыздан бастап бірқатар карантиндік жеңілдету шаралары жүргізілетін болады. Мәселен, бассейндердің, цирктердің, бильярд клубтарының, балалар ойын-сауық орта...
Толығырақ... Оқылды: 2208 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.03.2021

Алматы облысында 220 учаскелік полиция пункті салынады

Учаскелік полиция қызметкерлерінің сапасы мен жұмыс жағдайларын жақсарту мақсатында Алматы облысында бүгінгі күнге дейін 300-ге жуық учаскелік полиция пункті салынды, оның 182-сі тұрғын үймен біріктірілді. Барлығы осындай 220 УПП салу жоспарланған, оның 38-і 2021 жылы салынып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы Алматы облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Бағдат Әшімов "JETISÝ MEDIA"ақпараттық алаңында хабарлады. Осылайша, іске асырылып жатқан жоба облыстың барлық аудандары мен қалаларын қамтиды. Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторының мәртебесін арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда. "Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында учаскелік полиция инспекторының мәртебесін арттыру, оған нәтижелі жұмыс істеу үшін, оның ішінде "полиция қадамдық қолжетімділікте"қағидаты бойынша беру қажеттігін атап өтті. Осы мақсатта штатты нығайту, материалдық-техникал...
Толығырақ... Оқылды: 2045 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.03.2021

Алматы облысындағы «Alacem» зауытына 400-ге тарта адам жұмысқа тұрады

Өндірісі өркендеген өлкенің әлеуеті әрі қарай арта түспек. Аймақ қазынасына түсер түсімнің ендігі үлесі аймақтағы , ең алғашқы «Alacem» цемент зауытына тиесілі болмақ. Алматы облысы, Кербұлақ ауданына қарасты Қызылжар ауылдық округінде орын тепкен бұл нысанның ірге тасы 2018 жылы қаланып басталды. Қызылжардағы цемент зауытының құрылысына 40 га жер бөлінген. Аталған аумақты компания басшылығы жалға алған. Зауыт жылына 1,2 млн тонна цемент шығаруды жоспарлап отыр. Зауыт өнімінің 80% – ын Қазақстанның ішкі нарығында, бірінші кезекте Алматы облысының өзінде, 20% - ын Орталық Азия, Моңғолия және Қытай елдерінде сатпақ. Жауаптылардың айтуынша, жоспарланған салық түсімдері жылына 2 млрд теңгеден астам соманы құрауы тиіс, сондай-ақ, жергілікті мамандар үшін 386 жұмыс орны құрылады. Зауыттың іске қосылуына 47 млрд. теңге инвестиция тартылған. Инвестор қазақстандық-сингапурлық "Alacem" компаниясы болып табылады, оның құрылтайшысы ірі қазақстандық б...
Толығырақ... Оқылды: 2072 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.03.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.