ӘЛЕУМЕТ
Жер сатылмайтын болды |
| Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылық жерлерді сатуға және жалға беруге заң түрінде тыйым салуды тапсырған болатын. Тоқаев бұл мәлімдемені жер сатуға қойылған мораторий мерзімі аяқталар тұста, қоғамда жер сатпау туралы мәселе жиі көтеріліп жатқан кезде жасады. Ол: - Жер мәселесі маңызды. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды. Бұған қатысты қауесеттерді тоқтату керек. Сондықтан мен нақты мынадай шешім қабылдадым, біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты шешім. Мен мұны жедел түрде жүзеге асыру қажет деп шештім. Президент әкімшілігі бұл мәселеге қатысты қажетті заң жобасын әзірлеуі керек. Екіншіден, бір ай ішінде жер реформасы жөніндегі комиссия құрып, 25 наурызда жұмысқа кірісуді тапсырамын, - деді Тоқаев 25 - ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында. Қасым-Жомарт Тоқаев көпті толғандырып, жүрген өзе... |
| Толығырақ... Оқылды: 1698 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2021 |
ОНЛАЙН САБАҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІ |
| Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жұмысын жеңілдетеді. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады. «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің оқу іс-әрекеті процесін қарастырады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің мақсаты: сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту; олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету. Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары 2 тоқсанның сабағы онлайн және қашықтан өтті. Қашықтықтан оқыту – білім берудің ақпараттық және телекоммуникациялық тех... |
| Толығырақ... Оқылды: 1611 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2021 |
Алматы облысында 25 мыңға жуық газ датчиктері орнатылды |
| Улы газбен уланудан болатын қайғылы салдардың қаупін азайту мақсатында облыс әкімдігі 169 млн.490 мың теңге бөлді, соның нәтижесінде 24 мың 501 датчик сатып алынып, орнатылды.Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында Алматы облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының у.м.а. азаматтық қорғау майоры Манат Тұрымов хабарлады. Өткен жылыту кезеңіндегі адамдардың улы газбен улану жағдайларын алдын алу мақсатында Департамент облыс әкімдігімен қатар, халықтың осал топтарының үйінде датчиктерді орнату мәселесін қарастырды.Осы орайда,өткен кезеңдегі есеппен Еңбекшіқазақ ауданындағы үш үйде датчиктер іске қосылды.Аталмыш жағдай нәтижесінде улы газдың бар екендігі дер кезінде анықталып,осылайша 15 адамның, оның ішінде 11 баланың улануы немесе қайтыс болуының алды алынды. «Өрттерде адамдардың қаза болуын төмендету мақсатында ЖАО-мен бірлесіп 962 отбасының пештерін жөндеуді, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 938 отбасының электржабдықтарын жөндеуд... |
| Толығырақ... Оқылды: 1521 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2021 |
Мереке күндері бірқатар қоғамдық орындар жұмысын тоқтатады |
| Алматы облысында 12077 адам короновирус инфекциясын жұқтырған.Соның 91 жағдайы соңғы тәулікте тіркелген.Сәйкесінше, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының нәтижесіне сай, Алматы облысы «сары» аймақта орналасқан. Кесел өршіп тұрған Талғар, Жамбыл, Көксу, Панфилов аудандары, сонымен қатар Талдықорған, Текелі қалалары да «сары» аймақта. Осыған байланысты,Алматы облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.Бас құжатта,балалардың ойын-сауық орталықтары, түнгі клубтар, кальян, көрмелер, букмекерлік кеңселер, караоке, PS-клубтар, боулинг,сауна қызметтері тоқталылады.Сондай-ақ, 20-24 наурыз аралығында сауда үйлері,жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, ашық азық-түлік емес базарлар,қоғамдық тамақтану нысандары жеткізу жұмыстарын қоспағанда,кинотеатрлар өз жұмысын уақытша тоқтатады. Қаулы негізінде діни нысандар,түзету және білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат етіледі. «Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны... |
| Толығырақ... Оқылды: 1523 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2021 |
АЛАКӨЛ АУДАНЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ 75 ТЕН АСА ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТТІ |
| Ел Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көктем мерекесі – Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетін тұжырымдама жасауды ұсынған болатын. Мәдениет және спорт министрлігі Президент тапсырмасы негізінде «Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын бекіту туралы» үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жобада Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс – шараларды 10 күн бойы өткізу жоспарланған. Наурыз мейрамын тойлаудың басты міндеті – ұлттық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту, рухани жаңғыру құндылықтарын кеңінен айту. Бүгінде ұлттық мейрамымыз ерекше форматта ұлықталып жатыр. Айта кетейік, думанды мейрамды атап өту барысында 14 наурыз көрісу күнінен бастап, ауданға қарасты 24 ауылдық округте іс – шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Шаралардың легі: аудандық жастар ресурстық орталығының «Бұлақ көрсең көзін аш», аудандық З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінің «Шежіре күніне»... |
| Толығырақ... Оқылды: 1580 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.03.2021 |
АНТИКОР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ РӨЛІН КҮШЕЙТУДЕ |
| Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық бірқатар себептермен пайда болатын және бірнеше түрлерді қабылдайтын күрделі және көп қырлы құбылыс болып көрінеді. Ұзақ уақыт бойы сыбайлас жемқорлық мәдени, адамгершілік және тарихи мәселе болып саналды, бірақ бүгінде ол мемлекеттік органдардың да, азаматтардың да белсенді қатысуын талап ететін саяси, институционалдық мәселе ретінде қарастырылады. Қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, сондай-ақ оны іске асыру кезеңдері Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрініс табады. Онда ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық сипаттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені қамтылған, ал оның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін... |
| Толығырақ... Оқылды: 1535 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.03.2021 |
Алматы облысында Наурыз мейрамын қалай тойланады? |
| Ұлыстың ұлы күні осы жылы ерекше аталып өтпек. Қастерлі мерекемізді ұлықтау,10 күндік іс-шаралар негізінде жүзеге асырылуда. Осы орайда мейрамның мағынасын ашатын «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесімен арнайы бейнеролик түсірілді. Қазіргі таңда облыс орталығындағы Назарбаев және Біржан сал көшелерінің қиылысындағы үлкен лед экраннан әр 7 минут сайын қайталанып беріліп тұр. 10 күндік шара аясында қала аумағындағы ауылдық округтерде, еріктілердің қатысуымен ескерткіштер маңында тазалық жұмыстары жүргізіліп, асық, тоғызқұмалақ, дойбы, хан дойбы түрлерінен және қалалық спорт мектептерінде жасөспірімдер арасында қазақша күрестен қалалық турнир ұйымдастырылады. «Наурыз мейрамын мерекелеу барысында, ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді істер атқарылады. Нақтыласақ, қала мектептерінде ежелгі әдет-ғұрыптарды жаңғырту саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, эссе жазу, дискуссиялық ток-шоу және ақындар мен ж... |
| Толығырақ... Оқылды: 1517 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.03.2021 |
Алматы облысында көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді |
| Наурыз айы, мейірімділік пен қамқорлыққа толы мезет. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз мейрамының 10 күндігін белгілеп берген еді. Соның ішінде 18 наурыз- «игі істер күні» деп жарияланған болатын. Бұл күнде, текті қазақтың қанына сіңген қайырымдылық пен жақсылық жасалып, қоғамның әлеуметтік осал топтарына барынша көмек көрсетіледі. Аталған шарапаты мол бастамадан, жетісулықтарда қалыс қалмады. Қайырымды істі бұл жолы Алматы облыстық жауынгерлік өнер ассоциациясы ұйымдастырды. Олар, көп балалы 6 отбасына азық-түлік пен қатты отын жағынан көмек қолын созды. Солардың бірі,4 балалы Назира Нұрғалиева. «Ұйымдастырушыларға өз алғысымды білдіремін. Бұл әлемде мейірімді адамдар жетерлік. Бізге қажетті заттарды алып келді. Отбасымыз үлкен болғандықтан, бізге үлкен көмек болды»,-дейді Назира Нұрғалиева. Алматы облыстық жауынгерлік өнер ассоциациясының басшысы Айдос Искаковтың айтуынша, олар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Тұрақты түрде мұқтаж азаматтарға қол... |
| Толығырақ... Оқылды: 1531 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.03.2021 |
«Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысуға 26 мың оқушы өтінем берген |
| Білім бәскесінде балғындардың бәсі жоғары болуы үшін, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясы түрлі зияткерлік додаларды жүзеге асырады. Соның ішіндегі ірі жобалардың бірі – «Мың бала» Ұлттық олипиадасы. Жарыс ауылды жерлердегі 5-6 сынып оқушылары арасында өткізіледі. 2020 жылы аталған сайыс бірінші рет бастау алған болатын. Өткен жылы, олимпиадаға Алматы облысынан 65 мыңға жуық оқушы қатысты. Нәтижесінде 196 бала жүлдегерлер қатарынан көрініп, 107 жеңімпаз облыстағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мекемелерге емтихан тапсырмастан қабылданып, қазіргі таңда оқып жатыр. «Жобада үздік шыққан өрендерге, Алматы облысындағы 9 бірдей мамандандырылған білім мекемелерінде оқу үшін грант алуға мүмкіндігі беріледі. Бір ескертерлігі, аймақтағы үздік оқу орындарына 6 сынып оқушыларының арасындағы дарындылар ғана қабылданады. Ал, 5 сынып оқитын балар арасында топ жарғандар Елбасы Академиясының «Бірге оқу» онлайн-мектебінде пәндік дайындықт... |
| Толығырақ... Оқылды: 1534 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.03.2021 |
«Мерейлі отбасы» |
| Алматы облысында өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі. Конкурс 15 мамырдан Халықаралық отбасы күніне орай басталады. Конкурсқа қатысуға өтінім арқылы, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар (үміткерлер) қатысады. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатысады (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі. Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін мүшелері бар, бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды. Конкурс екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалы... |
| Толығырақ... Оқылды: 1553 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.03.2021 |
