ӘЛЕУМЕТ

Жер туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге түсініктеме

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған заң бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ, қандастарға жеке меншікке және жалға беруге тыйым салынады. Осылайша ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану құқығы тек қана Қазақстан азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларға беріледі.
Толығырақ... Оқылды: 1799 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.05.2021

Талдықорғанда" Ashyq " жобасы бойынша 106 бизнес субъектісі жұмыс істейді

2021 жылғы 14 сәуірден бастап "Ashyq" пилоттық жобасы Талдықорған қаласында енгізіле бастады, осының арқасында 106 нысан карантин кезінде талаптарды сақтай отырып жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды. Бұл туралы "JETISÝ MEDIA"ақпараттық алаңында белгілі болды. "Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №12 қаулысы бойынша қоғамдық тамақтану объектілері жұмыс күндері 20.00-ге дейін жұмыс істесе, ал демалыс күндері олар жабық болады. "Ashyq" жобасы бойынша демалыссыз таңғы сағат 7-ден түнгі 2 - ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, бірақ өңірдің санитариялық дәрігері белгілеген барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып және ойын-сауық, жаппай мерекелік, отбасылық іс-шараларды, оның ішінде банкеттер мен ауыз ашарды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанын ескерген жағдайда әдеттегіше қызметін жалғастыра алатын болады, - деп хабарлады Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары...
Толығырақ... Оқылды: 1615 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.05.2021

Психоневрологиялық ұйым анықтамасын алу

Достар! Бүгінгі күні барлық сұратылатын анықтамаларды онлайн режимінде – әбігерсіз және ешқайда жүгірмей Egov.kz порталынан алуға болады. Соның ішінде психоневрологиялық ұйым анықтамасына тоқтала кетсем. Анықтаманы онлайн алудың 3 әдісі бар! eGov.kz порталы арқылы: 1. Порталда авторизациядан өтіңіз 2. Іздеу жүйесі арқылы "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" қызметін табыңыз" 3. Қызметті онлайн сұраңыз 4. Жеке деректерді енгізіп, қол қойыңыз 5. 10 минуттан кейін бетті жаңартып, дайын анықтаманы жүктеп алыңыз. eGov мобильді қосымшасы: 1. Мобильді қосымшада авторизациядан өтіңіз 2. "Қызметтер" сілтемесін таңдаңыз 3. "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" батырмасын басыңыз 4. Сұрауға қол қойыңыз 5. Анықтаманы жүктеп алыңыз! телеграм-бот @Kenes1414Bot: 1. Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз 2. Ботты іске қосыңыз 3. Қызметтер мәзірінен "Денсаулық сақтау" бөлімін таңдаңыз 4. "Мессендже...
Толығырақ... Оқылды: 1840 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.05.2021

«МОБИЛЬДІ АУЫЛ» ЖОБАСЫ

Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында, сондай-ақ халық пен мемлекет арасында «Алтын көпір» болатын «Мобильді ауыл» жобасы жүзеге асырылды. Бұл бастама Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аясында ұйымдастырылғанын айта кетпеске болмайды. «Мобильді ауыл» жобасы Алматы облысының бірқатар жергілікті елді мекендерінде өз қызметін бастап кетті. Жобаның негізгі мақсаты қоғам мен мемлекет арасында тікелей байланыс орнатып, халықтың мемлекеттік мекемелерге деген сенімін арттыру болып табылады. Бұл жобаның бірден-бір бағыттарының бірі тұрмыстық сыбайлас жемқорлық фактілерін жою болмақ. Қазір технология күннен күнге қарыштап дамып бара жатқан заман. Бүгінгі күндері көптеген қызметтерді онлайн түрде алуға болатыны мәлім. «Мобильді ауыл» жобасы WhatsApp және Telegram мэссенджерлері арқылы жұмыс жасайды. Яғни, тұрғындар чатта...
Толығырақ... Оқылды: 1710 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.05.2021

Алматы облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

Ел аумағындағы пандемиялық ахуалға байланысты дәстүрлі түрде өтетін шерулер тоқтатылды, бірақ Ұлы Отан соғысы ардагерлері назардан тыс қалмады. Жеңіс күні облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласының ардагерлерін арнайы құттықтады. Біз - ардагерлерімізді ардақтайтын, қарттарымызды қадірлейтін халықпыз, - деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Айшықты сөздің айқын дәлелі ретінде, аймақ басшысы 1941 жылы Кеңестік армия қатарына шақырылып, 796 атқыштар полкіне жіберілген Михаил Барановтың шаңырағына арнайы ат басын бұрды. Михаил Васильевич I дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" орденімен, жауынгерлік және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Амандық Баталов құттықтау сөзінде, Михаил Баранов Отанын қалтқысыз сүйіп, адал өмір сүрудің бірегей үлгісін көрсетіп, табандылығымен өскелең ұрпаққа үлгі болып жүргенін айтты. «Жеңіс үшін үлкен рақмет! Еліміздің жас буынын тәрбиелеуге қосқан үлесіңіз ерен. Біз сізбен мақтанамыз және өзіңізге қарап бой түзейміз»,-дейд...
Толығырақ... Оқылды: 1678 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.05.2021

Тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару.⠀

Егер сіз үй иесі болсаңыз, тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеуден шығаруға мүмкіндігіңіз бар. Мұны екі жолмен жасауға болады:⠀ ⠀ eGov.kz порталы арқылы:⠀ 1. eGov.kz порталына кіріңіз;⠀ 2. Іздеу жүйесі арқылы "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" қызметін табыңыз;⠀ 3. Қызметті онлайн сұраңыз;⠀ 4. Мекенжай деректерін растаңыз;⠀ 5. Тіркеуден шығарғыңыз келетін адамды тіркелгендер тізімінен таңдаңыз;⠀ 6. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қойыңыз;⠀ 7. Қызмет нәтижелері порталдың жеке кабинетінде көрсетілетін болады.⠀ ⠀ Егер тұрғын үйдің ортақ иелері болса, олар сіздің жеке кабинетіңіздегі әрекеттеріңізді растау керек;⠀ ⠀ ХҚО арқылы:⠀ 1. ХҚО-ға онлайн кезекке тапсырыс беріңіз және белгіленген уақыттан 20 минут бұрын келіңіз;⠀ 2. Операторға жазылып берілетін адамның ЖСН көрсетіп, қызметке өтініш жазыңыз;⠀ 3. Бес минуттан кейін адам тіркеуден шығарылады.⠀ ⠀ Қызметті ХҚО арқылы рәсімдеген кезде, сіз тіркеуден шығарыла...
Толығырақ... Оқылды: 2071 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.05.2021

Жер кадастры бойынша қызметтер ХҚО арқылы қолжетімді

2021 жылғы 30 наурызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (МЖК ААЖ) техникалық ақау туындады. Соның салдарынан электронды түрде бірнеше мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмады. Қазіргі таңда eGov.kz порталында «Жер учаскелеріне актілер дайындау және беру», «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау», «Жобаланатын жер учаскесін МЖК ААЖ графикалық деректерімен келісу», «Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру», «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» қызметтері қолжетімсіз. Қалыптасқан жағдайды реттеу үшін МЖК ААЖ сервистері өзгертіледі. Оған дейін жер кадастры бойынша барлық мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ұсынылады. Сервисті түрлендіру процесі аяқталғаннан кейін жер кадастры бойынша қызметтер eGov.kz арқылы қайтадан қолжетімді болады. Бүгінде клиенттерге қызмет алу үшін жер телімі орналасқан ауд...
Толығырақ... Оқылды: 2013 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.05.2021

1400-ге жуық жетісулық қазақстандық вакцинаны салдырды

«Qaz-COVID-In» отандық вакцинасының 4000 мың дозасы Алматы облысына жеткізілді. Аталған екпе мөлшері, 2000 адамды вакцинациялауға жетеді. Бүгінгі күні 1366 адам екпені қабылдап үлгерген. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында, аймақтың бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков мәлімдеді. Qaz-COVID-In (QazVac) вакцинасын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты әзірледі. Qaz-COVID - In-бұлшықет ішіне енгізуге арналған белсенділігі жойылған вакцина болып табылады. Құрамында тазартылған белсенді емес SARS-CoV-2 штаммы бар. «Екпе құрамында, жоғарыда атп өткендей SARS - CoV-2 вирусы бар. Ол химиялық реагентпен "өлтірілген", мұндай вакциналар жұмсақ, көтерілмейді. "Спутник V" векторлық вакцинасында вакцинаның бір бөлігі аденовирустарға отырғызылады, оған қарағанда, қазақстандық препаратта вирус толығымен жойылған күйде сақталады»,-дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірз...
Толығырақ... Оқылды: 2058 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.05.2021

Ерекше қажеттіліктері бар жас кәсіпкер

5,5 мың басқа арналған құс фермасын салып жатыр Алматы облысында ерекше қажеттіліктері бар кәсіпкер Айдар Маманов 5,5 мың басқа арналған құс фермасын ашуды жоспарлап отыр. Нысанның құрылысы ағымдағы жылы аяқталады. Айдар Маманов 29 жаста. Алакөл ауданының Қызылқайың ауылында дүниеге келген. Жоғары оқу орнын бітіріп, Талдықорғанда әскери қызметте болды. 2016 жылы жазатайым оқиға болып, Айдар бел омыртқасының жарақат алды. Алайда ол ауыр сынаққа төтеп беріп, жігерліне түсті. Отбасылық кәсіпті жалғастырып, одан ары кеңейтуге шешім қабылдады. «Жанұямыз бұрыннан құс шаруашылығымен айналысып келеді. Үй ауласында тауық, қаз және үйрек ұстап келгенбіз. Үйде бос отырмай, қолғабыс болып, отбасылық кәсіпті дөңгелетуді ойладым. Ата-анаммен ақылдастым. Шешімімді қолдады. Осылайша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жүгініп, кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы кеңес алдым. Істің қыр-сырын үйрену үшін «Бастау Бизнес» жобасына оқуға жазылдым», - деді ол. 2019 ж...
Толығырақ... Оқылды: 2068 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.05.2021

«Қазіргі заманғы діни ахуал және зайырлы мемлекеттің қағидалары»

Еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қаты­нас, конфессиялар арасындағы өзара әре­кет­тестік, азаматтардың ар-ождан бос­тан­дығының деңгейі, дін саласын рет­тей­тін қолданыстағы заңнама талап­та­ры­ның сақ­талуы, азаматтардың дін саласындағы сая­сатқа қатынасы мен дін саласындағы ахуалды бағалауы сияқты көп қатпарлы өлшемдердің нәтижесінен құра­лады. Қоғамдық санада дін позицияларының күшеюі, негізінен оңды бағалануда. Алайда дәстүрлі емес діни табынулардың пайда болуын жұртшылық пен мемлекеттік органдардың көпшілігі ұлттық рухани мәдениетке нұқсан келтіру ретінде қабылдады. Қазақстанның діни бірлестіктері ішкі саяси тұрақтылықтың, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға орасан үлес қосуда. Бұл бәрінен бұрын Қазақстанның ең ірі діни конфессиялары – Мұсылмандардың діни басқармасы мен Орыс праволавие шіркеуіне қатысты. Олар жалпыадамзаттық құндылықтар мен гуманистік мұраттардың ақиқ...
Толығырақ... Оқылды: 2059 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.05.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.