ӘЛЕУМЕТ

Улы газды анықтау үшін 1621 құрылғы қойылған

«Қатер аяқ астынан» демекші тілсіз жаудың құрсауында қалу әп сәтте. Ал, аталған келеңсіз жағдайдың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар басқармасы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды. Жылыту кезеңінде өткізілген арнайы іс-шаралардың арқасында тұрғын үй секторындағы өрттердің санын едәуір азайтуға және улы газбен улану жағдайларына жол бермейді. Оған дәдел, өткен жылыту кезеңімен салыстырғанда өрт саны 47% - ға азайған. Биылғы жылы 21 мың 200 үй (2018-2019ж. – 20 483) көлемінде жеке тұрғын үйлер тексерілген, жұмыс барысында 36 мың 536 азаматқа нұсқамалар берілген. Бұдан басқа, қала бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі барлық үйлерде назардан тыс қалмаған. Осы ретте 15 мың 106 азаматқа нұсқаулықтар таратылған. Өрттің және улы газбен уланудың негізгі себептері халықтың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы болып табылады, бұған улы газбен...
Толығырақ... Оқылды: 160 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2020

«Adal kómek» - шексіз құқықтық көмек

Ағымдағы жылғы 19 тамыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңес барысында Мемлекет басшысы мемлекеттік аппарат пен азаматтар арасындағы диалог сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын проблемалық салаларды және қоғамның наразылық көңіл-күйін анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Күнделікті мәселелерді шешу және сындарлы диалог құру үшін халықтың өз құқықтарын ең аз білуі және экономикалық немесе техникалық салада білімді болуы қажет. Осыған байланысты, Агенттік адам құқықтары жөніндегі сарапшы, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айман Умаровамен бірлесіп, "Еріктілер жылы" шеңберінде жыл басынан бері "Adal kómek" волонтерлік жобасын іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, сапалы қызмет көрсету үшін қажетті қызметтердің бо...
Толығырақ... Оқылды: 214 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2020

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН КЕҢСЕ ТЕХНИКАСЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГІСІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Агенттік жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу саласының жемқорлыққа қарсы мониторингі жемқорлық көріністеріне жол бермеуге және бюджет қаражатын тиімді жұмсауға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен тікелей жұмыс істеуі арқылы мемлекеттің 7,7 млрд теңгеге жуық тиімсіз шығындарының алдын алып, жоспарлау сатысында 1,5 мың тапсырыс берушінің бюджеттері оңтайландырылды. Білім және ғылым министрлігінің жергілікті атқарушы органдардың оқушыларды қашықтықтан оқытуға арналған компьютерлер, ноутбуктер мен планшеттер сатып алуын сүйемелдеу туралы өтініші – жүргізіліп жатқан жұмыс тиімділігінің көрсеткіші. Техника әлеуметтік осал санаттағы оқушылардың уақытша пайдалануына арналған. Бұл мақсатқа Үкімет қорынан 70 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Қоғамдық бақылау аясында бөлінген қаражатты бөлу жөніндегі комиссиялардың жұмысына «Адалдық алаңы» өңірлік жобалық кеңселерінің, арнайы мониторингтік топтарының және Агент...
Толығырақ... Оқылды: 177 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2020

Алакөл ауданында инженерлік инфрақұрылым объектілері қалыпқа келтірілуде

Алакөл ауданы, Бескөл ауылдық округінде «Жұмыспен қамту жол қартасы -2020» бағдарламасының бірінші бағыты «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша ауыл округінде 3 жоба және 1 сметалық жұмыстар іске асырылуда. Игіліктің істің аясында ауылдағы көп қабатты үлердің ауласына 3 балалар ойын алаңы, 3 ересектерге арналған спорттық және тұрмыста қажетті құрылғылар орнатылған. Одан өзге «Ауыл Ел Бесігі» инвестициялық жобасы да жандануда. Мәселен, инженерлік инфрақұрылым объектілері қалыпқа келтірілуде. Оған дәлел, Заготзерно поселкесінде орналасқан орталықтандырылған су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Көлік инфрақұрылымы да назардан тыс қалмаған. Округте орналасқан елді мекендердегі он көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу және Бұлақты ауылының көшелеріне түнгі жарық бағаналарын орнату және ауыстыру жоспарлануда. Ауылдың әлеуетін арттырудан бөлек, тұрғындардың цифрлық сауттылығын арттыруда жолға...
Толығырақ... Оқылды: 180 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2020

Алакөлдік 510 жас тұрақты жұмысқа тұрған

"Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты бүгін Алакөл аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мақсұт Жексенбаймен өткізілді, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы. Алакөл ауданындағы жастар саны 15564 болса, оның 5937-қала жастары, 9627-ауыл жастары. Сондай-ақ, жұмыссыз жастар саны-150 құрап отыр. Сонымен жұмыссыздық деңгейі-1,3% -ға жетіп отыр. "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасының көрсеткіші бойынша 875 азамат өтінім берген. Оның ішінде: " Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету" бағыты бойынша 116 азамат және азаматшалар оқытуға жіберілді деп мәлімдеді Мақсұт Жексенбай. Кәсіпкерлікті дамыту бағыты аясында "Бастау бизнес" жобасымен 108 жас кәсіпкерлік негіздерінде оқытылып, 7-...
Толығырақ... Оқылды: 215 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.09.2020

18 жасқа толған адамдарға мүгедектік 5 жылға белгіленеді

Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі төңірегіндегі сыбайласжемқорлықтың алдын алу тақырыбы бүгінде өзекті. Осы ретте Алматы облыстық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші - қон Комитетінің Алматы облыы бойынша департаменті жағдайды бақылауға алған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік қорғау шаралары бекітілген. Мүгедектік белгілеу рәсімі науқас тіркелген медициналық ұйымнан басталады. Медициналық ұйымдар, толық диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, негіздемелер болған жағдайда, белгіленген мерзімде, дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша медициналық - әлеуметтік сараптамаға жолдайды. Қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну (мәліметтерді алу) кезінде, медициналық - әлеуметтік сараптама маманы өтінішті қабылдаудан бас тартып, құжаттарды қабылдаудан бас тарт...
Толығырақ... Оқылды: 242 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.09.2020

Алматы облысында 354 мектеп ағымдағы жөндеуден өтуде

Білім саласындағы бір қатар мәселелер өміршеңдігін жоғалтқан емес. Солардың бірі мектеп ғимаратының жай-күйі мен үшауысымды оқыту болып табылады. Бүгінгі күні Алматы облысында осы бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Жоғары да атап өткен үшауысымды мектептердің қатарын азайту мақсатында 17 білім ордасының құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда 1200 орынды құрайтын 3 мектеп 1 қыркүйекте пайдалануға берілген. Ал, 300 орынға лайықталған 1 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Қалған 13 нысан 2021 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Өңірде 48 білім мекемесі үшауысымды оқыту жүйесімен жұмыс жасайды. Жасалынып жатқан игі істер бұл тығырықтан шығаратын басты құралға айналмақ. Қарашаны қуантатын тағы бір хабар, облыста мұнымен қатар 32 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл аймақ басшылығының білім саласына көп көңіл бөлуіінің жемісі деп таныған абзал. « «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 6 мектептің құрылысын салу үшін 27...
Толығырақ... Оқылды: 243 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.09.2020

Латын Америкасы– жемқорлыққа қарсы серіктестіктің жаңа бағдары

Қазақстанның Оңтүстік Америка елдерімен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейту жолындағы алғашқы ел – Бразилия. Алик Шпекбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рубем Антонио Корреа Барбозамен кездесіп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы реформаларды талқылады. Кездесу барысында саяси жаңғыртуға, парламентаризмді дамыту мен Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Бразилия елшісіне халықаралық стандарттарды енгізу бойынша, соның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары үшін шетелдік юрисдикциялардағы активтерді иеленуге тыйым салу, заңсыз баю үшін жауапкершілік енгізу жөніндегі Антикор қабылдаған шаралар туралы ақпарат берілді. Өз кезегінде Корреа Барбоза мырза Агенттікке келуінің елші болып тағайындалған кезден бастап Қазақстанда алғаш рет ме...
Толығырақ... Оқылды: 238 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.09.2020

Қоғамдық қор балаларға 1000 ноутбук сыйлады

Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ" @saliqaly_urpaq қоғамдық қоры атынан 1000 ноутбук табысталды. Қашықтықтан оқушылардың бiлiм алуы үшін барлық ноутбуктер бейнекамералармен жабдықталған. Әлемді жайлаған індетке байланысты жаңа оқу жылында ноутбуктер қашықтықтан оқитын оқушылар үшін көрсетілген көмек. Берілген техника еліміздегі карантиндік ахуалдан кейін кері қайтарылмайды, оқушылардың өздерінде қалады. Бiлiмдi ұрпақ - ел болашағы!
Толығырақ... Оқылды: 298 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.09.2020

Білім саласындағы бағыт-бағдарын айқындады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айының басында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын жариялады. Жолдауда қазіргі әлемде орын алған пандемия жағдайында әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері кеңінен көрініс тауып, 4-тарау толық қолжетімді, әрі сапалы білім беруге арналды. Мемлекет басшысы бірінші кезекте, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысын қатаң сынға алды. «Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет», - деген еді ел Президенті. Бұл өте орынды айтылған сын. Себебі, шынында мектеп мұғалімдері, ата-аналар мен оқушылар көптеген қиындықтар мен түсіні...
Толығырақ... Оқылды: 263 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.09.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.