ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнаулы өкілі Серджио Горды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Серджио Горды АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша арнаулы өкілі және АҚШ-тың Үндістандағы елшісі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Осы ретте Қазақстан Үкіметі оның миссиясына жан-жақты қолдау көрсететінін айтты. Мемлекет басшысы қазақ-америка стратегиялық серіктестігін нақты жетістіктермен одан әрі нығайтуға бағытталған диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты дамытуға мән берілді. Мемлекет басшысы еліміз АҚШ-тың Орталық Азиядағы негізгі экономикалық серіктесі саналатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджио Гор күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Толығырақ... Оқылды: 95 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.09.2025

Мемлекет басшысы Meta компаниясының вице-президенті Янн Лекунды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Meta компаниясының вице-президенті, жасанды интеллектіні зерттеу бөлімінің (FAIR) бас ғылыми жетекшісі Янн Лекун инновациялық технологияларды дамыту және қолдану жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы нейрожелілер саласындағы Янн Лекунның жаңашыл жетістіктерін жоғары бағалап, оның жасанды интеллектіні дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Президент Қазақстанның жаппай цифрландыруды және жасанды интеллектіні дамудың басты факторы ретінде кеңінен қолдануды қарастырып, дербес ЖИ экожүйесі мен Қазақ тілінің үлкен тілдік моделін (KazLLM) жасақтауға күш салып жатқанын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Meta Platforms Inc компаниясымен Қазақстанда ЖИ технологияларын дамыту бойынша бірлескен акселерациялық бағдарламаны іске қосу жөніндегі келісімге қол қойылуын құптап, технология алыбымен өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.
Толығырақ... Оқылды: 115 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.09.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді

Қазақстан Президенті мен Бас хатшы Антониу Гутерриш БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының күн тәртібін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұйымға алдағы уақытта да қолдау көрсетіп, оның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, орнықты даму ісінде жетекші рөл атқара беруіне белсенді түрде атсалысатынын айтты. Кездесу аясында Мемлекет басшысының және Бас хатшының қатысуымен Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының қызметі туралы меморандумға қол қойылды.
Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.09.2025

Мемлекет басшысы Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруноны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Cerberus Capital Management компаниясының инвестицияларды басқару саласындағы жаһандық көшбасшылығын жоғары бағалап, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру ниетін құптады. Президенттің айтуынша, компанияның стратегиясы Қазақстанның ұлттық экономиканы әртараптандыру жөніндегі басымдықтарына сай келеді. Еліміз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға инвестиция тарта отырып, бағыттардың өткізу мүмкіндігін кеңейтуге қарқынды түрде кірісті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасындағы тарихи келісімге қол қойылуы Орта дәліздің маңызды сауда жолдарының бірі ретіндегі маңызының арта түсуіне оң әсер ететінін атап өтті. Соңғы бес жылда Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы тасымалданған жүк көлемі алты есе артты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы компанияның технологиялық платформа мен цифрлық экожүйені тарату саласындағы ауқымды тәжірибесін атап өтіп, Қазақс...
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.09.2025

Президент Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскиді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Amazon компаниясының аға вице-президенті, жаһандық және құқықтық мәселелер жөніндегі бас директоры Дэвид Запольски цифрландыру, байланыс және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықтың жай-жапсарын талқылады. Президент Amazon компаниясының еліміздің Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, сондай-ақ «Қазақтелеком» компаниясымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарына қолдау білдірді. Ынтымақтастық Қазақстан аумағындағы жылдамдығы жоғары интернетті қамтамасыз ету және киберқауіпсіздікті нығайту секілді стратегиялық маңызды бағыттарды қамтиды. Amazon тек елімізге қатысты жобаларды жүзеге асырумен шектелмей, Қазақстанды спутниктік байланыстың өңірлік хабын қалыптастыруға болатын алаң ретінде қарастырып отыр. Қазақстан Президентінің Нью-Йоркке жұмыс сапары аясында «Қазақтелеком» және Amazon Kuiper компаниялары Kuiper спутник желісінің қызмет көрсетуіне қатысты дистрибьюторлық келісі...
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.09.2025

Жетісу облысы Көксу ауданының медиаторлар тізімі

Толығырақ... Оқылды: 92 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.09.2025

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.

174 - бап - «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру» Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл іс-әрекеттер жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату. Алауыздықты қоздыру алдын ала болжауға болмайтын салдарға, халықтың әртүрлі топтары арасындағы қақтығыстар мен қайшылықтарға, экстремистік және террористік топтардың пайда болуына, олардың одан әрі билікті кез келген...
Толығырақ... Оқылды: 93 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.09.2025

Президент Жолдауына түсіндірме

5514 әскери бөлімнің командирі, полковник Амир Мансуров Қазақстан Президентінің Жолдауына қатысты пікір білдірді. 2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбымен Жолдауын жариялады. Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын айқындап, цифрлық трансформацияның ұлттық қауіпсіздік, білім беру, экономика және қоғамдағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыру, жастардың жаңа технологияларды игеруіне жағдай жасау және заманауи қауіп-қатерлерге дайын болу қажеттігін баса айтты. Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімі Жолдауда көтерілген ұлттық қауіпсіздікті нығайту, әскерді заманауи жабдықтармен қамту және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелерін ерекше назарға алды. Полковник Амир Мансуров түсіндірмесінде: – Президентіміздің Жол...
Толығырақ... Оқылды: 81 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2025

Президент Жолдауы – Жаңа Дәуірге Қадам

2025 жылғы 8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің даму бағытына қатысты маңызды мәселелерді көтеріп, нақты міндеттерді айқындады. Жолдаудың басты тақырыбы – «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Жолдауында жасанды интеллект (AI)– елдің болашағына тікелей әсер ететін басты бағыттардың бірі екенін атап өтті. Бұл – заман талабы, жаһандық технологиялық жарыстың жаңа кезеңі. Жасанды интеллектті дамыту тек ІТ саласына ғана емес, білім, медицина, ауыл шаруашылығы мен мемлекеттік басқаруға да серпін береді. Мемлекет басшысы айтқандай, Қазақстан бұл технологияны тұтынушы ғана емес, жасаушы елге айналуы тиіс. Ол үшін: — Зияткерлік кадрлар даярлау; — Ғылыми-зерттеу орталықтарын дамыту; — Ірі технологиялық серіктестермен жұмыс істеу қажет. Жасанды интеллект – бол...
Толығырақ... Оқылды: 70 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2025

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект және медиа» бағдарламасы іске қосылды

Елімізде алғаш рет Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінде «Жасанды интеллект және медиа» білім беру бағдарламасы ресми түрде реестрге енді. Бұл бағдарлама – медиа мен заманауи технологияны ұштастыратын жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған маңызды қадам. Жаңа білім беру бағдарламасы аясында болашақ медиамамандарға жасанды интеллект, нейрожелі, үлкен деректермен жұмыс істеу, Data Science, Python бағдарламалау тілі сияқты пәндер оқытылады. Бұл пәндерді меңгерту үшін IT факультетінің оқытушылары да оқу процесіне тартылады. Сонымен қатар, білім алушылар ҚазҰУ-дың суперкомпьютерлік ресурстарын да пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Қазіргі таңда бұл жоба ғылыми-педагогикалық бағыттағы екі жылдық магистратура деңгейінде іске қосылып отыр. Болашақта осы бағыт бойынша бакалавриат бағдарламасын ашу да жоспарланған. Аталған бастама Farabi University ұжымының Қазақстанда 2024-2029 жылдарға арналған...
Толығырақ... Оқылды: 80 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.