ЖАҢАЛЫҚТАР
Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр |
| ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ағымдағы жылдың 11шілдесі мен 12 тамызы аралығында кең ауқымды сауалнама өткізді. Оған 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 адам қатысты. Әлеуметтік зерттеу респонденттердің Президент институтына сенімінің зор екенін көрсетті: азаматтардың 82,4% Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен қолдау білдіріп отыр. Ең жоғары деңгейде қолдау көрсетіп отырғандар – 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар (90,3%). Одан кейінгі орындарда 30-45 жастағылар (82,4%), 46-60 жастағылар (78,6%) және 61 жастан асқандар (77,8%) тұр. Ауыл тұрғындарының сенімі қала халқына қарағанда сәл жоғары (сәйкесінше, 84,9% және 80,9%). Табыс деңгейі мен жұмыспен қамтылу ерекшеліктеріне қарамастан, респонденттердің сенім деңгейі бірдей дәрежеде. Президентке ең көп қолдау білдіретіндер: білім беру саласының қызметкерлері(89,6%), денсаулық сақтау мамандары (84,5%), мемлекеттік қызметшілер (87,1%), құқық қорғау орг... |
| Толығырақ... Оқылды: 81 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.09.2025 |
“AMANAT” партиясы Жетісу облыстық филиалында “Құқықтық көмек” акциясы аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өтті. |
| “AMANAT” партиясының Жетісу облыстық филиалы ұйымдастырып, «Құқықтық көмек» акциясы аясында өткен бұл қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтарға жеке құқықтық қолдау көрсетіп, олардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған нақты заңнамалық түсініктемелер беру болды. Қабылдауға Жетісу облыстық Әділет департаментінің заңгерлері қатысты. Олар азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық аспектілер бойынша жан-жақты түсіндірулер жүргізді. Әсіресе, қабылдауға келген қала тұрғыны Мұсаханова Мөлдірдің жерін заңдастыру мәселесіне қатысты заң талаптары мен рәсімдер турасында нақты әрі кәсіби кеңестер ұсынылды. Мұндай қабылдаулар азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға зор үлес қосып, мемлекеттік қызметтерге деген сенім мен ашықтықты нығайтады. Сонымен қатар, ол құқықтық мәселелерді алдын ала анықтауға және тиісті құзырлы органға жедел бағыттауға мүмкіндік береді. Болашақта да “Құқықтық көмек” акциясы аясындағы қоғамдық қабылдаул... |
| Толығырақ... Оқылды: 88 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.09.2025 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі |
| Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Осыдан 30 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Бұл егемен еліміз үшін тарихи сәт болды. Баршаңызға құтты болсын деймін. Шын мәнінде, Ата заңнан биік ештеңе жоқ. Себебі Конституция – мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры, Тәуелсіздігіміздің айнымас темірқазығы. Қазақ – Ұлы дала заңына бас иген, ар-ұяттан аттамаған халық. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз Тәукенің Жеті жарғысы – нағыз дала заңының жарқын үлгілері. Осы дәстүр ешқашан үзілген емес. Жұртымыз дала заңынан қазіргі Ата заңына дейін тарихи жолдан өтті. Өткен ғасырдың басында қазақ зиялылары бұл іске елеулі үлес қосты. Кеңес заманында еліміздің құқықтық іргетасы қаланды, білікті заңгерлер шоғыры пайда болды». |
| Толығырақ... Оқылды: 101 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.08.2025 |
Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Әділетті Қазақстанның негізі – «Заң мен тәртіп» қағидасы |
| Қазіргі қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып саналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында басқарушы органдар алдына әрбір азамат өзін қорғауда сезінетін және мемлекеттік институттарға сенетін тиімді қауіпсіздік жүйесін құру міндетін қойды. Бүгінде Қазақстанда Үкімет бұл жұмысты кешенді түрде жүргізуде: қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіліп, цифрлы технологиялар енгізілуде, заңнама жетілдіріліп, мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестік нығайтылуда. Мемлекет басшысының Жолдауы және өзге де тапсырмаларында қойылған міндеттердің орындалу барысы туралы толық ақпараттыPrimeminister.kzсайтында жарияланған шолудан оқыңыздар. Құқықтық тәртіпті және патрульдік қызметті күшейту ҚР Ішкі істер министрлігі өз күш-жігерін қала және ауылда қауіпсіз орта құруға бағыттап отыр. Күн сайын 14 мыңнан астам поли... |
| Толығырақ... Оқылды: 138 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.08.2025 |
Көксу ауданында Ата Заң күні аталып өтті |
| Ата Заң күніне орай Көксу ауданының AMANAT партиясы филиалы мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызы мен құндылықтары түсіндіріліп, тәуелсіз еліміздің басты заңының қоғамдағы рөлі ерекше атап өтілді. Жиынға аудан тұрғындары, ардагерлер мен партия белсенділері қатысты. Қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі сый-сияпаттар табысталды. Іс-шараның негізгі мақсаты — азаматтарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, Конституция қағидаттарын дәріптеу және ел дамуына үлес қосып жүрген жандарды қолдау болды. |
| Толығырақ... Оқылды: 99 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.08.2025 |
Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: экономиканы әртараптандыру және $150 млрд тікелей инвестиция |
| Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен әкімдер экономиканың құрылымын өзгерту мәселесіне баса назар аударуын, еліміздің тұрақты дамуына мүмкіндік беретін жаңа тетіктер қарастыруын тапсырған болатын. Сонымен қатар Президент инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолындағы үздіксіз жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, Үкіметке экономикаға салынған тікелей инвестиция көлемінің азаюына жол бермеуді тапсырды. Мемлекет басшысының Жолдауында және өзге де тапсырмаларында қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы толығырақPrimeminister.kzсайтындағы шолудан оқыңыздар. ЖІӨ және экономиканың негізгі драйверлері 2024 жылдың қорытындысына сәйкес, ЖІӨ көлемі бойынша мақсатты көрсеткішке қол жеткізілді және ол 5%-ды құрады. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің экономикалық даму көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды.... |
| Толығырақ... Оқылды: 96 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.08.2025 |
Алаяқтар жаңа тәсілге көшті: Жасанды дауыс пен deepfake-тен сақ болыңыз |
| Қазіргі таңда интернет-алаяқтықтың түрлері күрт көбейіп отыр. Телефон арқылы қоңырау шалу, әлеуметтік желілерде жалған хабарламалар тарату, бейтаныс сілтемелер жіберу сияқты әдістердің қатарына енді deepfake технологиясы мен жасанды дауыс та қосылды. Бұл заманауи технологияларды қылмыскерлер азаматтарды алдау, қаржыларын иемдену және қоғамда дүрбелең туғызу мақсатында жиі пайдаланып жүр. Жетісу облысы Полиция департаменті deepfake және жасанды дауыс арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер көбейгенін ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырады. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, қылмыскерлер туысының немесе әріптесінің даусын айнытпай көшіріп, «жедел ақша керек» деген желеумен қаражат аудартуға тырысады. Сондай-ақ ұйым қызметкерлеріне басшылықтың атынан қоңырау шалып, төлем жасауды талап ететін жағдайлар тіркелуде. Deepfake - адамның бейнесін айнытпай жасайтын жалған фото-бейне технологиясы. Ол жалған ақпарат таратуға, қоғамды адастыруға, беделге нұқсан келтіруге және бопсала... |
| Толығырақ... Оқылды: 199 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.08.2025 |
Жетісу мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы №320 қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру талаптарына бірқатар жаңашылдықтар енгізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бірлескен жұмысының нәтижесінде балалардың жас ерекшеліктері мен физиологиялық қажеттіліктеріне бейімделген жаңартылған ас мәзірі әзірленді. Жаңа стандартта ақуыздар, майлар мен көмірсулардың оңтайлы арақатынасы, сондай-ақ дәрумендер мен микроэлементтердің құрамы ескерілген ғылыми негізделген ас мәзірі қарастырылған. Мәзірден газдалған сусындар, чипсы, фастфуд өнімдері, майонез, маргарин және басқа да зиянды тағамдар алынып тасталды. Қант пен тұз тұтыну деңгейі шектеліп, күнделікті көкөніс пен жеміс-жидек пайдалану нормалары енгізілді. Рационға ет, балық және құс етінен дайындалған тағамдар, сүт өнімдері мен компоттар енгізілді. Дайындау барысында қайнату, бұқтыру, пісіру және буға пісіру се... |
| Толығырақ... Оқылды: 95 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.08.2025 |
Талдықорғанда Конституция күніне арналған іс-шаралар жалғасуда |
| Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай мәдени-танымдық және спорттық бағдарламалар өтуде. Шаралардың мақсаты – құқықтық мәдениетті нығайту, жас ұрпаққа Конституцияның маңызын түсіндіру, ел бірлігін арттыру. 21 тамызда Орталық балалар кітапханасында «Конституция – болашаққа алтын кілт» атты сторителлинг өтті. 26 тамызда №8 кітапханада ақпараттық сағат, №27 гимназияда мини-футболдан турнир ұйымдастырылады. 27 тамызда қала мен ауыл кітапханаларында ақпараттық кездесулер, Өтенай ауылында сторителлинг, ал Жетісу университетінде облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетовтың қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтеді. 28 тамызда №2 кітапханада ақпараттық дайджест ұсынылып, «Еркін Аренада» спорттық жарыстар өтеді. Сондай-ақ жаңа жеке куәліктер табысталып, «Атамекен» палатасында заңгерлік кеңес беріледі. 29 тамызда «Жетісу жастары» КММ-де «Конституциялық IQ» ойыны мен &l... |
| Толығырақ... Оқылды: 83 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.08.2025 |
Жолдау 2024: табиғатқа ұқыпты қарау және экологиялық құндылықтарды қалыптастыру |
| Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде қоғамда экологиялық құндылықтарды, табиғатқа деген қамқорлық қатынасты қалыптастыру, сана мен ой тазалығын сақтау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, республикада «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Құжат экологиялық мәдениетті қалыптастырудың кешенді тәсіліне бағытталған. Негізгі бағыттар арасында: ▫️ халықтың экологиялық ойлау мен мінез-құлқын жақсарту; ▫️ экологиялық жауапты өмір салтын ынталандыру жүйесін құру; ▫️экологиялық ағарту және білім беру; ▫️экология мәселелерін кең көлемде ақпараттық қамту. «Тұжырымдама азаматтардың табиғатқа деген құрметін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қ... |
| Толығырақ... Оқылды: 137 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.08.2025 |
