ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында 17,5 шақырым арық желісі жабдықталады

Биыл облыста 17,5 шақырым арық желісін жабдықтау қарастырылған. Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы асянда атқарылуда, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы облыстың аудан және қала аумақтарын, атап айтқанда қоғамдық инфрақұрылым объектілерін абаттандыруға және көше жарығын орнатуға биыл қаржы бөлінді. Соның ішінде арық жүйелерін жабдықтау да бар. Мәселен, Ақсу ауданы Қапал ауылында ұзындығы 2 шақырым, Ескелді ауданы Ақын Сара ауылы – ұзындығы 5,5 шақырым, Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылы – ұзындығы 2,6 км, Талдықорған қаласы ұзындығы 7,4 шақырым арық желісі салынады. Ескелді ауданының тұрғыны бұл игі шараның атқарылғанына ризашылығын білдірді. - Мен Ақын Сара ауылының тұрғынымын. Осы ауылда тұрып келе жатқаныма елу жылдан асты. Ауылымызда арық жүйесі Кеңес одағы кезінде кейбір көшелерде болған, кейін бұзылды. Бүгінгі күні көшелерді абаттандырып, халықтың игіліне жарайтын арық салып, біраз жұмыс атқарып жатыр, қуа...
Толығырақ... Оқылды: 120 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.07.2025

Жетісу облысында «Мектепке жол» акциясымен 16 мыңнан астам бала қамтылады

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде материалдық қолдау көрсету мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. . Акция шеңберінде облыстық басқармалар мен департаменттер тарапынан нақты көмек қажет ететін 138 баланың тізімі жинақталды. Сонымен қатар, аудан және қала деңгейлерінде биыл жалпы саны 16 мыңнан астам балаға материалдық көмек көрсету жоспарланып отыр. Өткен жылы да 16 500 балаға жалпы сомасы 468 млн теңге көлемінде көмек көрсетілген болатын. Аудандық және қалалық әкімдіктер мен білім бөлімдері тарапынан акцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша жергілікті іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, көмекке мұқтаж балалардың тізімі жүйеленді. Облыстағы әлеуметтік осал топтарға жататын 25 мың балаға киім-кешек пен кеңсе тауарларын сатып алу үшін 1 млрд 166 млн 286 мың теңге жергілікті бюджеттен бөлінді. Бү...
Толығырақ... Оқылды: 122 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.07.2025

МӘМС жүйесіне енгізілген заңнамалық өзгерістер: азаматтарға тиімді жаңа мүмкіндіктер

14 шілде күні Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты Заңға өзгерістер енгізу туралы құжатқа қол қойды. Бұл өзгерістер туралы денсаулық сақтау саласының мамандары Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында баяндады. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесіне төленетін жарналар мен аударымдарды есептеу базасының жоғарғы шегі ұлғайтылады. Енді жұмыс берушілер жарналарды 40 ең төменгі жалақы аспайтын сомадан, ал қызметкерлер – 20 ең төменгі жалақыға дейінгі табыстан төлейтін болады. Мәселен, қазіргі уақытта орташа жалақысы 300 мың теңге болатын қызметкер ай сайын 6 мың теңге жарна төлейді. Ал 3 миллион теңге табысы бар азаматтың жарнасы небәрі 17 мың теңге немесе табыстың 0,6%-ы көлемінде. Жаңа тәртіп бойынша, 2026 жылдан бастап ең жоғары жарна мөлшері қызметкерлер үшін 34 мың, жұмыс берушілер үшін – 102 мың теңге болады. Сонымен қатар, мемлекет 2027 жылдан бастап өз тарапынан төлейтін жарнаның...
Толығырақ... Оқылды: 129 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.07.2025

Алакөл жағалауында мүгедектігі бар жандарға арналған оқыту бағдарламасы өтіп жатыр

Қазақстанда инклюзивті білім беру бағытындағы тың бастамалардың бірі – «Кедергісіз болашақ – білімнен басталады» жобасы аясында мүгедектігі бар жандарға арналған төрт модульден тұратын оқыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Іс-шара Алакөл көлінің жағалауында орналасқан арнайы бейімделген демалыс аймағында өтуде. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жоба аясында кемінде 80 қатысушы төрт түрлі тақырып бойынша білім алады. Олар: SMM және мақсатты жарнама негіздері, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу дағдылары, әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері және психологиялық тұрақтылық пен өзін-өзі дамыту тренингтері. Әрбір модуль 24 академиялық сағатты қамтиды, және бір адам тек бір ағынға ғана қатыса алады. Қазіргі таңда үшінші оқыту ағыны өтіп жатыр. 28 шілде мен 1 тамыз аралығында қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша тереңдетілген курстан өтеді. Бұл модуль аясында қатысушылар кәсіп ашу, әлеуметтік идеяларды іске асыру және қоғамға пайда әкелу жолдарын үйренеді. Үшінші л...
Толығырақ... Оқылды: 139 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.07.2025

Жетісу облысында аса ауыр қылмыстардың 95 пайызы ашылды

Жетісу облысында жарты жыл ішінде жалпы қылмыстылық деңгейі 6,8 пайызға төмендеген. Былтыр 1690 факт тіркелсе, биыл 1575 құқықбұзушылық орын алды. Қылмыстардың көпшілігі Талдықорған қаласында, сондай-ақ Панфилов, Алакөл аудандары мен Текелі қаласында болған. Статистика көрсетіп отырғандай, барлық санаттағы қылмыстар бойынша төмендеу бар. Ауырлығы төмен және аса ауыр қылмыстар айтарлықтай азайған. Сонымен қатар, ұрлық, тонау, қарақшылық және бұзақылық фактілері де күрт төмендегені байқалады. Қылмыстардың ашылу деңгейі де жоғарылап отыр: аса ауыр қылмыстардың 95 пайызы ашылған. Сонымен қатар, белгілі бір бағыттарда өсім де байқалуда. Алаяқтық қылмыстары 8,4 пайызға көбейіп, интернет-алаяқтық 43,9 пайызға артқан. Бұл цифрлық технологиялардың кеңінен таралуына байланысты туындаған жаңа сын-тегеуріндер. Есірткі қылмыстарының да өскені тіркеліп отыр. Қоғамдық орындарда жасалатын құқықбұзушылықтар керісінше, 21 пайызға төмендеген. Мәселені ерекше назарға алуды қажет ететін тағы бір ба...
Толығырақ... Оқылды: 137 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.07.2025

Жетісу облысында салық бойынша берешек сомасы шамамен 642 млн теңгеге жетті

Биыл облыс бойынша жеке тұлғалардан салықтар бойынша берешек көлемі шамамен 642 миллион теңгеге жетті. Берешектің негізгі бөлігі жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтарына тиесілі. Жеке мүлік салығы бойынша берешек көлемінің азаюы байқалады – 13,3 миллион теңгеге дейін төмендеген. Алайда, жалпы берешектің шамамен 97%-ы Талдықорған қаласында шоғырланған. Жеке шоттарға сомаларды есептеу және тіркеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Комитет екінші деңгейлі банктермен – «Kaspi bank» АҚ және «Halyk bank» АҚ бірлесіп, салықтық міндеттемелері бар клиенттерге push-хабарламалар жолдады. Қазіргі уақытта тұрғын үй объектілерінің құнын анықтау дұрыстығын, жеңілдік алуға құқығы бар тұлғалар туралы деректерді, қайтыс болған азаматтарды және үлестік меншіктегі объектілерді тексеру мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілуде. Салық кодексіне сәйкес, жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша салық төлеушілер – 528-бапқа сәйкес салық салу объектілері...
Толығырақ... Оқылды: 131 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.07.2025

Заң көмегі қолжетімді! Жетісу облысында әділет саласының цифрлануы дамып келеді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстарды іске асырып келеді. Мәселен, Жетісу облысында «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» сынды консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізіліп, 2000-нан астам адам қамтылды. Ауылдық елді мекендерде 80-ге жуық «Құқық кабинеттері» ашылып, шалғай аудандардан азаматтар жүгінуде. Кабинеттерде заманауи ақпараттық жүйелер мен техникалық құралдар орнатылып, заңнамамен еркін танысуға барлық жағдай жасалған. Бұл цифрлық реформалар шалғай аймақтардағы азаматтар үшін сот төрелігіне қолжетімділікті арттыруға бағытталған. Осы орайда іске қосылған «E-ZanKomegi» ақпараттық жүйесі мен «Zan Komegi» мобильді қосымшасы арқылы тұрғындар бейнеқоңырау арқылы заң көмегін онлайн форматта ала алады....
Толығырақ... Оқылды: 120 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.07.2025

Көксу ауданы мәслихат депутаттарының “Бақытты отбасы” жобасы аясында жүргізген бұл мониторингі – тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Кестеге сәйкес өткізілген бұл жолғы тексеріс барысында балаларға арналған ойын және спорт алаңдарының жағдайы мен сапасы басты назарда болды.
Толығырақ... Оқылды: 128 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.07.2025

Таза бейсенбі – Таза тарих!

«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында Мүсабек Сенгербаевтің ескерткішінің маңында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – тек қоршаған ортаны ғана емес, тарихи тұлғаларға деген құрметті арттыру, жастарға патриоттық тәрбие беру. Қатысушылар ескерткіш айналасын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Мұндай шаралар арқылы табиғатқа жанашырлық пен өткенге тағзым қатар жүреді.
Толығырақ... Оқылды: 120 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.07.2025

Жақсылық – жастан!

Бүгін “АMANAT” партиясының қолдауымен және “Koksu jastary”жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Жасыл ел”еңбек жасақшылары игі істі қолға алды! 90 жастағы қазыналы қариямыз – Ыдырыс Еркін атамыздың үйі мен ауласын тазалап, қоршауын жөнге келтіріп, көмек көрсетті. Мұндай шаралар – тек көмек қана емес, үлкенге құрметтің, кішіге өнегенің белгісі. Қария батасын беріп, ризашылығын білдірді.
Толығырақ... Оқылды: 100 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.07.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.