ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында жазғы лагерьлерді ашуға дайындық жүргізілуде: ерекше назар – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға

2025 жылдың жазғы маусымында Жетісу облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша ауқымды науқан өткізу жоспарлануда. Өңірлік Білім басқармасының мәліметіне сәйкес, каникул кезінде 13 қала сыртындағы сауықтыру лагері жұмыс істейді, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы лагерь және «Айналайын» балалар үйінің жанындағы лагерь бар. Жалпы алғанда, жазғы бағдарламалармен 1-10 сынып аралығындағы 113 мыңнан астам оқушыны қамту көзделіп отыр. Балалардың басым бөлігі мектеп жанындағы күндізгі лагерьлерде уақыт өткізеді. Онда туристік жорықтар, еңбек маусымдары, шығармашылық және зияткерлік іс-шаралар қарастырылған. Әлеуметтік осал санаттағы балаларға ерекше назар аударылады. Лагерьлерде 12 мыңнан астам педагог, шамамен 150 студент және 80 ерікті жұмысқа тартылған. Мектептік бағдарламалармен қатар, оқушылар алты тақырыптық жобаға қатыса алады: «Ұлттық құндылықтар», «Жасыл клуб», «Жазғы экрандар»...
Толығырақ... Оқылды: 193 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.05.2025

Жетісу өңірінде шегірткеге қарсы күрес жалғасуда: 32 мың гектардан астам аумақ өңделді

Жетісу облысында шегірткеге қарсы ауқымды күрес маусымы басталды. Биыл өңірде 114 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жеріне химиялық өңдеу жүргізу жоспарланған — бұл өткен жылғы көрсеткіштен жоғары. Оның ішінде 74,6 мың гектар – үйірлі шегірткелер қоныстанған аумақтар, ал 40,2 мың гектар – дара шегіртке түрлерінің шабуылына ұшырауы мүмкін жерлер. Іс-шараларды үйлестіру үшін облыс пен аудандарда арнайы штабтар құрылды. Олар науқан барысын бақылап, барлық санитарлық және технологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. Іс-шаралар жоспары алдын ала бекітілген. Зиянкестерге қарсы күреске мамандандырылған компаниялар тартылған. Жерүсті өңдеуді «SATTI TULIK» ЖШС мамандары жүргізеді. Ал әуе өңдеу үшін «AVIASILA» компаниясының өте жеңіл және жеңіл ұшақтары қолданылады. Сонымен қатар, заманауи дрондар да пайдаланылады, оларды Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты республикалық «Фитосанитария» кәсіпорны басқарады. Залалданған о...
Толығырақ... Оқылды: 164 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.05.2025

Балалардың жазғы демалыс кезіндегі денсаулығы мен қауіпсіздігі

Жазғы демалыс басталысымен балалар үшін белсенді әрі қуанышты кезең басталады. Алайда дәл осы уақытта жазатайым оқиғалардың саны күрт артады. Бұл көбіне балалардың ересектердің бақылауынсыз қалуымен және қауіпсіздік ережелерін сақтамауымен байланысты. Сондықтан балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ата-аналармен қатар бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Жаз мезгілінде суға шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, жол-көлік оқиғалары, күн өту, күйік алу, жәндіктердің шағуы, тұрмыстық жарақаттар мен ойын алаңдарындағы оқыс жағдайлар жиі тіркеледі. Осыған орай елімізде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар алдын алу шаралары қабылдануда. Атап айтқанда, су қоймалары маңында ескерту белгілері орнатылып, балаларға жүзу ережелері түсіндірілуде. Жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, велосипед пен самокат мінгенде қорғаныш құралдарын қолдану ескертілуде. Сонымен қатар күннің аптап ыстығында бас киім кию, көлеңкеде...
Толығырақ... Оқылды: 176 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.05.2025

«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде

30мамыркүні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері»жалпыреспубликалық акциясы басталады. Акцияның мақсаты–халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңкөмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағыеңүздік өкілдердентегін қажетті консультацияала алады. Олардың арасындабелгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары жәнебасқаларыбар. Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары. «Халық заңгері»акциясын өткізудәстүрге айналдыжәне қарапайымқазақстандықтаралғысын білдіруде. Талдықорған қаласында акция өтетін мекен-жай:Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы,...
Толығырақ... Оқылды: 164 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2025

Көксу аудандық мәслихат депутаты Досымбеков Әлдибек Рғайбекұлы жеке қабылдау өткізді.

Жеке өтініштерімен келген азаматшалардың мәселелерін тыңдап, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта қандай бағытта әрекет ету ету керектігі және ары қарай қай мекемелерге жүгіну қажет екені жөнінде нақты бағыт-бағдар берілді.
Толығырақ... Оқылды: 195 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.05.2025

Көксу ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай құрмет көрсетілді

2025 жылғы 21 мамыр күні Көксу ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара аясында “AMANAT” партиясының Көксу аудандық филиалының төрағасы Бейсенов Мәлік Аманбайұлы мәдениет саласының қызметкерлерін арнайы құттықтап, еңбектері мен шығармашылықтарына алғысын білдірді. Мәлік Аманбайұлы сала мамандарына алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыстап, олардың ауданның рухани дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Ол өз сөзінде мәдениет пен өнердің қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, бұл сала қызметкерлерінің еңбегі әрқашан құрметке лайық екенін атап өтті. “Мәдениет – ұлттың рухани өзегі. Сіздердің еңбектеріңіз арқылы халқымыздың тарихы, дәстүрі мен болмысы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді”, – деді Мәлік Аманбайұлы құттықтау сөзінде. Шара барысында жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарламамен өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Толығырақ... Оқылды: 173 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.05.2025

Чекті талап ет – жүлде ұтып ал: Жетісу облысында салықтық акцияларға қатысу артып келеді

Халықтың салықтық сауаттылығын арттыру және фискалдық чектер беруді ынталандыру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті «Чекті талап ет – жүлде ұтып ал!» атты акциясын өткізіп жатыр. Аталған акция аясында кез келген тұтынушы “Amian” мобильді қосымшасы арқылы сатып алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтерге берілген фискалдық чектерді сканерлеп, жүлделер ұтысына автоматты түрде қатыса алады. Жыл соңында барлық қатысушылар арасында түрлі жүлделер ойнатылады. Сонымен қатар, осы айдан бастап ең белсенді қатысушыларды ынталандыруға бағытталған «Бәйге» акциясы іске қосылды. Бұл акцияның шарттарына сәйкес, әрбір өңір бойынша ең көп чек сканерлеген салық төлеушілерге тоқсан қорытындысы бойынша 100 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы беріледі. Осылайша, жыл соңына дейін үш мәрте ұтыс өткізу жоспарланған. Бұдан бөлек, еліміздің бірнеше өңірінде «Салық кэшбэк» акциясы басталды. Оның шарттарына сәйкес, тұтынушы мобильді қосымша...
Толығырақ... Оқылды: 157 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.05.2025

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

Әлемдік тенденцияға назар аударсақ «тілді» көбіне тек қатынас құралы ретінде ғана қабылдап жататындығын аңғарамыз. Әрине, адам мен адам байланысының негізі де – тіл. Алайда, бұл бергі көрініс ғана екендігін айта кеткен жөн. Тіл – ұлттық болмыстың ұстыны, тарих қалаушысы, елдің бар ерекшеліктерінің жиынтығы деуге толықтай негіз бар. Көненің көзі, тарихтың өзі болып отырған ана тіліміздің тұғырын тік, туын нық ұстау жолында мемлекет мінберіндегі тұлғалар ғана емес, жалпы халық болып атсалысудың артықшылығы мол.Егеменді елдің еңсесі биік болуының бірден бір себебі тілдік құндылықтардың жоғары насихатталуы. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалатынын ескерсек, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған мемлекеттік саясаттың ұтымды тұстарын да тиімді пайдалана білген жөн. Тарих бедеріне бір зер салыңызшы. Кез келген халықты түбегейлі жойып, мәңгүрттендіру саясатын жүргізу үшін ең алдымен ана тіліне тұсау салу ғана жеткілікті. Себебі әр елдің тілінде ұ...
Толығырақ... Оқылды: 204 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.05.2025

Жаңа мүмкіндіктерді паш етті Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық инклюзивті этно-көрме – «Kazakhstan: Ethno-Inclusive Dialogue» Талдықорған қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өтті.

Алдымен Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл бастаған топ көрмеге қатысушылардың өнімдерін тамашалап, қолөнер шеберлерімен танысты. – Талдықорғанның осындай ерекше оқиғаның алаңына айналып отырғанын мақтан тұтамыз. Көрменің облыс пен қала үшін маңызы зор. Біз инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған бастамаларды қолдаймыз. Мұнда әр адам өзінің құндылығын сезінеді және өзінің әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, мұны ұлт тарихын терең түсініп, мәдениетімізді бағалап, келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған үлкен шара деп білемін. Сондықтан, бұл сіздерге зор шабыт, үлкен сенім ұялататынына сенімдімін, – деді көпшілік алдында құттықтау сөз сөйлеген қала әкімі Ернат Бәзіл. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шара инклюзивті шеберлердің шығармашылық жетістіктерін паш етуге, әлеуетті сатып алушылар мен серіктестерді тартуға мүмкіндік берді. Бұған қоса тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті арттыруға, бәсекеге қабілеттілікті дамытуғ...
Толығырақ... Оқылды: 177 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.05.2025

Ердің ісін атқарған Жұмысшы мамандықтар жылы еңбек адамына ерекше назар аударылуда. Осы орайда ер адам атқаратын істі таңдаған қыз туралы сөз қозғамақпыз. Кейіпкеріміздің бұл шешімі өзге де ару қыздарға үлгі болатыны анық.

Манура Сыдықова Текелі кәсіптік колледжін бітіріп, «Текелі энергокешені» ЖШС-де бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша слесарь жұмысын атқарды. 2 жыл ішінде ол өзін жауапты қызметкер ретінде көрсете білді. Кәсіпорын басшылығы да оның еңбегін бағалайды. Манураның айтуынша, ол бала кезінен ер баланың ойыншықтарымен ойнағанды жақсы көріпті. Өсе келе электр құрылғыларына қызығушылығы оянған. Кейін мамандық таңдаған кезде слесарь болуды көздейді. Сөйтіп, «Текелі энергокешені» ЖШС-де өндірістік тәжірибеден өтіп, диплом алғаннан кейін осы кәсіпорынға оралады. – Біз елімізде Манура сияқты жас мамандардың бар екенін мақтан тұтамыз. Олар мұндай маңызды салаларды үлкен жауапкершілікпен атқарады әрі дамытады. Оның таңдауы бүгінде өте дұрыс шешім деп санаймын. Бұл жұмысшы мамандықтары, сондай-ақ, өте бағалы әрі құрметке ие екенінің айқын дәлелі. Бүгінде осындай адамдардың өмір жолын кеңінен насихаттау өте маңызды. Өйткені, мұндай жандардың соңында еңбе...
Толығырақ... Оқылды: 268 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.05.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.