ЖАҢАЛЫҚТАР
2025 жылдың соңына дейін 130-дан аса гидротехникалық нысан көпфакторлы тексерістен өтеді |
| Су ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізіп жатыр. Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда тексеріс жүргізіледі. Көпфакторлы тексеріс нысанның және ондағы жабдықтардың техникалық жағдайын, сондай-ақ қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Былтыр министрлік еліміздің 14 облысындағы 84 нысанда көпфакторлы тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл бастапқыда жоспарланғаннан көп. «Жаңа Су кодексіне сәйкес, гидротехникалық нысандардың иелері әр бес жыл сайын өздеріне тиесілі құрылыстарға көпфакторлы тексеру жүргізуге міндетті. Тексеріс нәтижесінде қауіпсіздік декларациясы жасалып, ол бассейндік су инспекциясында тіркелуі қажет», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов. |
| Толығырақ... Оқылды: 126 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.05.2025 |
TurkicSkills-2025: тұңғыш кәсіби шеберлік чемпионаты түркі әлемінің мәдени астанасы Ақтауда өтеді ????????Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында түркітілдес елдер арасындағы тұңғыш TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты 2025 жылды |
| Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында түркітілдес елдер арасындағы тұңғыш TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты 2025 жылдың күзінде ресми түрде түркі әлемінің мәдени астанасы танылған Ақтау қаласында өтеді. Бұл – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, кәсіби кеңістік құруға және түркітілдес елдердің жас мамандары арасында тәжірибе алмасуды ынталандыруға бағытталған ауқымды бастама. Чемпионат жастардың әлеуетін ашуға, заманауи технологияларды ілгерілетуге және уақыт талабына сай білікті жаңа буын кадрларын даярлауға арналған маңызды алаң болмақ. Чемпионатқа 16 мен 22 жас аралығындағы 100-ден астам жас маман мен 80-ге жуық жоғары білікті сарапшы қатысады деп күтілуде. Қатысушы елдер қатарында: Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Моңғолия бар. Жарыстар ақпараттық технологиялар, құрылыс және құрылыс технологиялары, өндірістік және инженерлік технологиялар, әлеуметтік және ж... |
| Толығырақ... Оқылды: 160 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.05.2025 |
Елжандылық пен табандылық, қалтқысыз қызмет – өлмес өнеге, өшпес үлгі |
| Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған құттықтауы Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар! Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелей отырып, біз майдан даласында ерлікпен қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз, тылда тынымсыз тер төккен еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетеміз, олардың ашық аспан, бейбіт өмір сыйлаған қайсарлығына бас иеміз. Қаншама жыл өтсе де бұл қастерлі күн бірлік пен батырлықтың, қайсарлық пен қаһармандықтың символы болып қала бермек. Өйткені елжандылық, табандылық, Отан алдындағы борышына деген адалдық – баршамыз үшін қашанда өлмес өнеге, өшпес үлгі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Соғыста қаза тапқандарды ұмытпай, қаһарман ерлеріміздің рухына тағзым ету, ел ішінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау – баршаға ортақ парызымыз» деген болатын. Құрметті жерлестер! Ұлы Ж... |
| Толығырақ... Оқылды: 141 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.05.2025 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы |
| Құрметті отандастар! Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Осы мерейлі күнді еліміздің әрбір азаматы ерекше көңіл-күймен қарсы алып, Жеңімпаз аға буынға шексіз ризашылығын білдіреді. Фашизмге қарсы сұрапыл соғыс халқымызға орасан зор қайғы-қасірет әкелді. Біздің қаһарман жауынгерлеріміз асқан ерлік пен батылдық танытып, азаттық пен әділдік жолында аянбай күресті. Жүз мыңдаған сарбазымыз ұрыс даласында қаза тапты. Тылдағы жұрт та адам айтқысыз қиындыққа қарамастан тынымсыз тер төгіп, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Олар егіс алқабында, зауыттар мен фабрикаларда күн-түн демей жұмыс істеп, майданды қамтамасыз етті. Біз отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімін әрдайым ұлықтаймыз. Ардагерлерімізге қамқорлық жасап, қолдау білдіреміз. Қазақстанда Жеңіс күніне орай көптеген іс-шара өткізіліп жатыр. Еліміз бойынша бес жүзге жуық көшені қ... |
| Толығырақ... Оқылды: 129 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.05.2025 |
«AMANAT» партиясының Көксу аудандық филиалы Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай шахмат және дойбыдан жарыс ұйымдастырды |
| Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «AMANAT» партиясының Көксу аудандық филиалы аудандық мекеме қызметкерлері арасында шахмат және дойбыдан жарыс өткізді. Спорттық шараның мақсаты — тарихты ұлықтау, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Жарысқа қатысушылар өзара тартысты ойын өрнегін көрсетіп, үздіктер анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер партия филиалы атынан марапаттарға ие болды. |
| Толығырақ... Оқылды: 139 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.05.2025 |
Жетісу облысында балалардың терезеден құлауын алдын алу жұмыстары күшейтілуде |
| Балалардың ата-аналарының қарауынсыз қалуында көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен, балкондарынан құлап кету жағдайлары көбеюде. Бұл туралы Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Балалар қауіпсіздігі немесе «Терезе» жедел профилактикалық іс-шарасы жөнінде баспасөз мәслихаты өтті. Өткен жылы Жетісу облысында балалардың терезеден құлауына байланысты 6 оқиға тіркелді. Абырой болғанда, олардың ешқайсысы қайғылы аяқталмады. Зардап шеккен балалар медициналық мекемелерге жеткізіліп, қажетті көмек алды. Ал биыл жыл басынан бір жағдай тіркелді. Атап өтсек, 2025 жылдың 12 ақпанында Талдықорғанда жекеменшік үйдің терезесінің жанында ойнап жүрген бала құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды. Балалардың тұрмыстағы қауіпсіздігіне, соның ішінде терезеден құлаудың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. Полиция департаментінің өкілінің айтуынша, ең үлкен қауіп 2-ден 7 жасқа дейінгі балаларға төнеді. Өйткені олар қауіп-қатерді толық сезіне алмайды. Олардың қ... |
| Толығырақ... Оқылды: 166 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.05.2025 |
Keden ақпарат жүйесін іске қосудың аралық қорытындылары |
| ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік рәсімдерді цифрландырып, оңтайландыруға бағытталған Keden ақпарат жүйесін кезең-кезеңмен енгізуді жалғастырып келеді. Аталған жүйе «Ашық және басқарылатын кеден» тұжырымдамасын іске асыру арқылы қолданыстағы «АСТАНА-1» және «Экспорт-импорт операциялар жөніндегі бірыңғай терезе» платформаларын алмастыруға арналған. Цифрлы өзара байланыс және Keden интеграциясы кеден органдары мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары арасындағы толық цифрлы өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, бұл әкімшілік кедергілерді азайту мен тиісті рәсімдердің ашықтығын арттырады және тауарлар қозғалысының бақылауын күшейтеді. Қағаз құжат айналымын азайту үшін басқа мемлекеттік әрі коммерциялық жүйелерімен 30 интеграция жүргізіліп, бұл кеден операцияларын жүргізу кезінде қажетті деректерді автоматты түрде алуға жол ашты. Жүйені енгізудің негізгі кезеңдері Жоба іске қосылған сәттен бастап келесі функционалды модульдер іске асыры... |
| Толығырақ... Оқылды: 132 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.05.2025 |
Жетісу облысында 2025 жылдың I тоқсаны бойынша монополияға қарсы жұмыстардың қорытындысы шығарылды |
| Жетісу облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті монополияға қарсы тергеп-тексеруді аяқтап, іс материалдары сотқа жолданды. Нәтижесінде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының кейбір тасымалдаушыларға артықшылықтар жасаған құқық бұзушылықтары анықталды. Сот шешімімен «Қорғас» халықаралық орталығына және оның еншілес ұйымдарына берілген нұсқамалар орындалды – бұрынғы форматтағы қызмет тоқтатылды. Олардың жекешелендірілуі ұсынылды. «2025 жылға арналған квазимемлекеттік секторды мониторингілеу жоспары бекітілді – оған 36 субъекті енгізілді. Тексеру нәтижесінде 4 кәсіпорынға нұсқама берілді. «Жастар» спорт клубының жұмысы талаптарға сәйкестендірілді, заңсыз құрылған Сағабүйен музыка мектебі таратылды», – деп мәлімдеді Жетісу облысы бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің басшысы Маржан Кальменова. Құс еті, қонақ үйлер, жол жөндеу, авиациялық жанармай және на... |
| Толығырақ... Оқылды: 140 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.05.2025 |
ҚР АШМ Ақмола облысындағы сүт-тауарлы фермаларына баспасөз турын ұйымдастырды |
| Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру және импортты алмастыру жөніндегі тапсырмасы аясында өңірлерде өнеркәсіптік сүт-тауарлы фермаларын салу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облысындағы сүт-тауарлы фермаларына баспасөз турын ұйымдастырды. Шара барысында БАҚ өкілдері жұмыс істеп тұрған «Родина», «Еңбек» және «Ен-Дала» шаруашылықтарының қызметімен танысты. Жобалар 2023 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында қаржыландырылды. «Еңбек» шаруашылығы егіншілікпен, тұқым шаруашылығымен, органикалық егіншілікпен, сондай-ақ сүт бағытындағы ірі қара мал өсірумен айналысады. 2024 жылы «Еңбек» ЖШС Қазақстандағы алғашқы органикалық сүт-тауарлы фермасын іске қосты. Кәсіпорын жылына 3 мың тоннаға дейін сүт өндіреді. Жоба құны – 8,2 млрд теңге. Фермаға СҚО тәжірибесін т... |
| Толығырақ... Оқылды: 237 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.05.2025 |
Алтын өндіру өнеркәсібінде 3400 адамды жұмыспен қамтитын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады |
| Алдағы үш жылда Қазақстанның алтын өндіру саласында жалпы құны 780 миллиард теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. «QazIndustry» АҚ Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы ақпараты бойынша аталмыш жобалар аясында 3400 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. 2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асатын жобалар аясында 20,6 миллион тонна кен өңделіп, 21 тонна Доре қорытпасы өндіріледі. Саладағы айтарлықтай даму қарқыны Қазақстанның әлемдік қымбат металлдар нарығындағы орнын нығайта түсуге мүмкіндік береді. Алтын және басқа да бағалы металл бар ірі кен орындарын қамтитын бай шикізат базасының болуы республиканың алтын өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру мақсатында республиканың инвестициялық тартымдылығын арттырады. Жалпы, соңғы он жылда елде кен байыту комбинаттарын салу, жаңғырту және кеңейту бағытында 19 жоба іске асырылды. Олардың жылдық кен өңдеу қуаты – 27,2 млн тонна, бұл шамамен 29,1 тонна Доре қорытпасын өнд... |
| Толығырақ... Оқылды: 113 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.05.2025 |
