ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жүрек жады» патриоттық акциясы

Жеңістің 80 жылдығына орай Текелі қалалық кітапханасының №2 филиалында «Жүрек жады» атты патриоттық акция өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихын таныту, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу, оларға ерлік пен батырлықтың мәнін ұғындыру. Кітапханашылар Нұрсәуле Махамбетова мен Әсел Байділдаева алдымен оқушыларға Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы, қан майдандағы ата-бабаларымыз көрсеткен ерліктің үлгісі, тылдағы еңбеккерлердің жеңісті жақындатуға қосқан үлесі жайлы баяндап, сұрақ-жауап сайысына көшті. Патриоттық акция барысында 20 сұраққа жауап берген ұл-қыздар Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Қасым Қайсенов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерлік жолы жайлы тереңірек біле түсті. «Отан үшін отқа түскен батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы тарихи деректер, көркем шығармалар, деректі, көркем фильмдер көп. Сол ерлік рухты жаңғыртып, естеліктерді сақтау, бе...
Толығырақ... Оқылды: 122 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.04.2025

Жүректегі естеліктер жаңғырды

Жеңістің 80 жылдығына орай Текелі қалалық кітапханасының №2 филиалында «Жүректегі естеліктер» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған тағылымды іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихын таныту, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу, оларға ерлік пен батырлықтың мәнін ұғындыру. Кітапханашылар Нұрсәуле Махамбетова мен Әсел Байділдаева алдымен оқушыларға Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы, қан майдандағы ата-бабаларымыз көрсеткен ерліктің үлгісі, тылдағы еңбеккерлердің жеңісті жақындатуға қосқан үлесі жайлы баяндап, сұрақ-жауап сайысына көшті. «Жүректегі естеліктер» деп айдар тағылған 20 сұраққа жауап берген ұл-қыздар Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Қасым Қайсенов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерлік жолы жайлы тереңірек біле түсті. «Отан үшін отқа түскен батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы тарихи деректер, көркем шығармалар, деректі...
Толығырақ... Оқылды: 126 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.04.2025

Елімізде Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

Елімізде Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама бекітілді. Тиісті қаулыны Үкімет қабылдады. Құжат қоғамда құқықтық мәдениет деңгейін нығайтуға және азаматтардың заңдарды сақтау маңыздылығын түсінуіне бағытталған. Атап айтқанда, Тұжырымдама қоғамдағы құқықтық мәдениеттің қазіргі жағдайын талдауға негізделген заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету көзқарасын айқындайды. Тұжырымдаманы әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе де ескерілді. Құжат құқықтық тәртіпті сақтауға, сыбайлас жемқорлық пен «көлеңкелі» әрекеттерге теріс көзқарас қалыптастыруға белсенді азаматтық қатысуды көздейді. Бүгінде елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі элементі саналатын заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған реформалар белсенді түрде жүргізілуде. Аталған жұмыс әрі қарай да жалғасын табады. Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын жүзеге асыру нәтижесінде қоғамда заңның үстемдігі т...
Толығырақ... Оқылды: 148 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.04.2025

КАЗАХСТАН НАМЕРЕН РАЗВИВАТЬ ГОРНОЛЫЖНЫЙ ТУРИЗМ ПО МИРОВЫМ СТАНДАРТАМ СОВМЕСТНО С ГЛОБАЛЬНЫМ ЛИДЕРОМ ИНДУСТРИИ

19.04.2025 26 Премьер-министр Олжас Бектенов провел встречу с президентом компании PGI Management Жоаном Виладоматом по вопросам сотрудничества в области развития горнолыжного туризма. Внимание уделено Алматинскому кластеру. Обсуждены мировые тенденции туристской отрасли и ее вклад в рост экономики стран. Отмечено, что горнолыжное направление является серьезным инструментом социально-экономического развития горных районов и страны в целом. Жоан Виладомат поделился результатами реализации проектов по трансформации структур экономики ряда стран с учетом ориентации на туризм. На сегодня компания имеет свыше 120 реализованных проектов, среди которых такие бренды зимнего туризма как Давос и Сент-Мориц (Швейцария), Куршевель (Франция), Ишгль и регион Тироль (Австрия), Вейл и Аспен (США), Уистлер-Блэккомб (Канада), а также курорты Андорры, где количество посетителей за прошедший год составило 9,6 млн человек при населении в 80 тыс. За более чем 60 лет компания стала...
Толығырақ... Оқылды: 131 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.04.2025

Жетісуда 250-ден астам шетелдік Қазақстан азаматтығын алды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жетісу облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ерлан Раймбековтің қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Бүгінде көші-қон саласы бойынша 35 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның басым бөлігі «eQonaq» ақпараттық жүйесі арқылы жасалды. Статистикалық дерекке сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында өңір аумағында 2150 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынған. Облыс көлемінде көші-қон процестерін бақылау мен реттеу мақсатында тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп келеді. Нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 53 шетелдік азамат елден шығарылып, 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Есептік кезеңнің үш айында Қазақстан азаматтығын алуға ниет білдірген 254 шетелдіктердің құжаттары қабылданып, тиісті шешім шығарылды. Спикердің айтуынша, жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, көші-қон саясатын тиімді жүзеге асыруда...
Толығырақ... Оқылды: 155 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.04.2025

Пилоттық жоба: 12 мыңнан астам жүргізуші арнайы салық режиміне өтті

Талдықорған қаласында онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейтін такси жүргізушілерінің заңдастырылуын көздейтін жобаға шамамен 700 адам қатысты. Нақтырақ айтқанда, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қалада такси қызметін көрсететін 685 жеке кәсіпкер тіркелген. Айта кетейік, платформалық жұмыспен қамту жөніндегі пилоттық жоба 2023 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен іске қосылды. Жобаның мақсаты – азаматтардың цифрлық платформалар арқылы жұмысын заңдастыру және оларды әлеуметтік қорғау жүйесіне тарту. Жобаның алғашқы кезеңі «Яндекс Такси Корп.» ЖШС-мен әріптестікте іске асырылды. Бұл кезеңге 12,2 мыңнан астам жүргізуші қатысты. Жүргізушілер мобильді қосымша арқылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жеңілдетілген арнайы салық режимімен жұмыс істейді. 2024 жылғы 1 шілдеден бастап интернет-платформалар операторлары ресми түрде салық агенттері болып танылды. Енді олар жүргізушілер үшін жеке табыс салығы мен әл...
Толығырақ... Оқылды: 191 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.04.2025

Жетісу облысында Бірлік күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясы ашылады

Уақыты: 15.04.2025 Оқылды: 106 Бөлім:КҮНДЕРЕК Бүгін Жетісу облысында өңір басшысы Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық Кеңесінің отырысы өтті. Кеңес отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы XXXIV сессиясына қатысу мәселелері, ҚХА-ның 30 жылдығы аясында өңірде өткізілетін іс-шаралар жоспары талқыланды. Облыс әкімі Бірлік күні қарсаңында «Бірлік жүгірісі» спорттық жүгіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясының ашылуын тілге тиек етті. Өткен онжылдықта Ассамблея азаматтық қоғамның маңызды институтына айналғанын атап өткен Бейбіт Исабаев ҚХА жүзеге асырылған, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларға тоқталды. – Өткен жылдан бері өңірде «Жомарт жан» қайырымдылық орталығы жұмыс істеп келеді. «Қайырымдылық керуені» және «Мектепке жол» қайырымдылық акциялары аясында облыста аз қамтылған және көп балалы 7 мыңнан астам отбасыға 30 млн. теңгеге көмек көрсет...
Толығырақ... Оқылды: 150 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.04.2025

«Жанұя» орталығы әлеуметтік осал отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуді жалғастыруда

2020 жылдан бері Талдықорғанда жұмыс істеп келе жатқан «Жанұя» отбасыны қолдау орталығының басты мақсаты — көпбалалы, аз қамтылған және әлеуметтік осал отбасыларға кешенді көмек көрсету. Орталық психологиялық, құқықтық және әлеуметтік қолдау ұсынып, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады. Мекеменің негізгі бағыттарының бірі — әлеуметтік осал топтағы әйелдерді тегін оқыту. Орталық ашылғалы бері қысқа мерзімді курстардан 409 ана өтті. Курстар аспаз, кондитер, тігінші, массажист, визажист мамандықтары бойынша ұйымдастырылады, сонымен қатар компьютерлік сауаттылық бойынша сабақтар өткізіледі. Оқуды аяқтаған соң қатысушыларға сертификаттар табысталып, жұмысқа орналасуға қолдау көрсетіледі. Биыл бұл курста 23 азаматша білім алуда. Сонымен қатар, орталықта балаларға да ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта 198 оқушы ағылшын, қазақ, орыс тілдері мен математика пәндерінен қосымша бі...
Толығырақ... Оқылды: 222 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.04.2025

Биыл мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығының құрылысы басталмақ

Жетісу облысында халықты әлеуметтік қорғау және мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында мемлекеттік саясат табысты жүзеге асырылуда. Бұл туралы толығырақ Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев баяндады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстағы 692 мыңнан астам халықтың 45 пайызы экономикалық белсенді халық санатына жатады. Оның ішінде 296 мың адам жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға дейін төмендеді. Облыс әкімінің 2025 жылға бекіткен Өңірлік жұмыспен қамту картасына сәйкес биылғы жылы 33,3 мың жұмыс орны құрылып, 19 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылмақ. «Қазақстан халқы» қорымен бірлесіп, аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған 125 орындық орталық 2023 жылдан Талдықорған қаласында өз жұмысын бастады. Бүгінде орталықта 125 балаға қызмет көрсетуде. Аутизммен ауыратын бала санының өсуіне байланысты, биыл қосымша 40 орынды орталық ашу жоспарл...
Толығырақ... Оқылды: 200 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.04.2025

Репродуктивті денсаулықты қорғау: аналыққа дайындықтан бастап нәрестеге қамқорлыққа дейін

Репродуктивті денсаулықты қорғау – бұл әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жүктілікке дайындықтан бастап нәрестеге күтім көрсетуге дейінгі кешенді шаралар жиынтығы. Бұл ретте бала көтеруге дейінгі дайындықтың маңызы зор: медициналық тексеруден өту, зиянды әдеттерден бас тарту, дәрумендер қабылдау және генетикалық кеңес алу арқылы қауіп-қатерлердің алдын алуға болады. Сау жүктілік тұрақты медициналық бақылауды, дұрыс тамақтануды және эмоционалдық қолдауды қажет етеді. Мұндай жүйелі көзқарас жүктілік кезіндегі асқынулардың алдын алуға және ұрықтың дұрыс дамуына ықпал етеді. Бала туылғаннан кейін ана мен нәрестенің ерте байланысын қамтамасыз ету, емізуді бастау және медициналық тексерулер жүргізу маңызды. Ана сүті иммунитетті нығайтып, баланың дамуына оң әсер етеді және қажетті барлық заттармен қамтамасыз етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) алғашқы алты айда тек ана сүтімен қоректендіруді, әрі қарай қосымша тағаммен бірге кемінде екі жасқа дейін ж...
Толығырақ... Оқылды: 220 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.04.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.