ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында 8 су қоймасын салу жоспарлануда

Жетісу облысының табиғи-географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, су тасқыны кезеңі екі кезеңмен өтеді: біріншісі (ақпан айының соңынан сәуір айының басына дейін) – қардың еруіне, ал екінші (сәуір айының соңынан маусымға дейін) – мұздықтардың еруіне байланысты. Биыл су тасқынының бірінші толқыны 7-11 наурыз аралығында байқалып, бұл кезеңде жазық және тау етегіндегі аумақтарда қар қарқынды еріді. Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында су тасқыны жағдайына жол берілмеді. Су тасқынына дайындық шеңберінде 34 алдын алу іс-шарасы жүзеге асырылды, оның ішінде жағалауларды бекіту және арналарды тазарту жұмыстары бар. Бүгінде облыс өзендері ашық, су деңгейі қалыпты, мұз кептелістері тіркелмеген. Су қоймаларының орташа толуы – 63%. Гидрологиялық жағдай 57 гидробекет арқылы бақыланып отыр, гидротехникалық құрылыстар иелерімен күнделікті деректер алмасу жүргізілуде. Облыстық төтенше жағдайлар комиссиясының отырыстары өткізіліп, әрекет ету жоспарлары бекітілді. Жағдай...
Толығырақ... Оқылды: 276 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.04.2025

Жетісу облысында жыл басынан бері 47 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

ҚР Ішкі істер министрлігі 2025 жылды құқық бұзушылықтың алдын алу жылы деп жариялады. Бұл бастама қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды. Осы тұста облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы полиция полковнигі Қайсар Мұхметов ақпаратпен бөлісті. Жетісу облысында жыл басынан бері 47 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Олардың басым бөлігі – жол қозғалысы ережелерін бұзу. Атап айтсақ, 1600-ден астамы жылдамдықты асыру, 2900-ге жуығы көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, 1300-ден астамы жүргізушілердің көлік басқару кезінде телефон қолдануы, 3700-ге жуығы жаяу жүргіншілердің жол ережелерін сақтамауынан болған жағдайлар. Сонымен қатар, 142 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу – басым бағыттардың бірі. Жыл басынан бері 29 адам жол апатынан қаза тауып, 314 азамат түрлі жарақат алған. Жыл басынан бері 76...
Толығырақ... Оқылды: 237 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.04.2025

Жетісу облысында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды

2025 жылдың басынан бері өңірдегі медициналық ұйымдарға кене шағуымен 660 адам жүгінді, оның 305-і – 14 жасқа дейінгі балалар. Ең көп жағдай Панфилов ауданында тіркелді. Кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтар болып Ақсудың, Алакөлдің, Ескелді, Кербұлақ және Сарқан аудандары, сондай-ақ Талдықорған мен Текелі қалалары саналады. Алдын алу шаралары аясында 1 сәуірден бастап 230 гектар аумақта кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде, олар 28 сәуірге дейін жалғасады. Кене энцефалиті – жүйке жүйесін зақымдайтын қауіпті вирус ауруы. Инкубациялық кезең төрт аптаға дейін созылады, ал алғашқы белгілері тұмауға ұқсас болады. Ауыр жағдайларда сериозды асқынулар туындауы мүмкін. Өңірде энцефалитке қарсы иммуноглобулиннің жеткілікті қоры жасақталған. Дәрігерлер кененің жабысуын анықтаған жағдайда дереу медициналық мекемеге жүгінуге және алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді.
Толығырақ... Оқылды: 200 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.04.2025

Жетісу облысындағы газдандыру деңгейі 56,5%

Жетісу облысында кешенді газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Өңірлік схемаға сәйкес, 2030 жылға дейін 192 елді мекен газбен қамтылуы тиіс. Қазіргі таңда облыстағы 63 елді мекенге газ тартылып, 392 мың адам көгілдір отынға қол жеткізді. Оның ішінде 30 елді мекен өткен жылы газдандырылды. Нәтижесінде облыстағы газдандыру деңгейі 56,5%-ға жетті. Биылғы жылы тағы 63 елді мекенді газбен қамту жоспарланып отыр. Аймақ үшін маңызды жобалардың бірі – «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы. Бұл жоба Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарындағы елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз етеді.
Толығырақ... Оқылды: 173 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.04.2025

Текелідегі құтқару: тұрғынның қырағылығы мен полицейлердің жедел әрекеті жас жігіттің өмірін сақтап қалды

31 наурыз күні Текелі қаласында жергілікті тұрғынның қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері 22 жастағы Тимур Абдулиннің өмірін сақтап қалуға көмектесті. Ес-түссіз жатқан жігіт қаладағы кешендердің бірінің жертөлесінен табылған. Кешкі уақытта үйіне қайтып келе жатқан қала тұрғыны «Жетісу Резорт» кешенінің маңында танысы Тимурдың көлігін байқап қалады. Онымен амандаспақ болып ішке кіргенде, оны таба алмайды. Телефон соққанымен, жауап ала алмайды. Алаңдаған ер адам іздеу жұмыстарын бастап, жертөлеге түседі. Сол жерде Тимурдың телефонын, кілтін және киімдерін көріп, әрі қарай өтіп, оны бояу қалдықтары бар кеңістіктің ішінде ес-түссіз жатқан жерінен табады. Уақытты босқа өткізбей, ер адам көшеге жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан патрульдік полиция көлігін байқап, көмекке шақырады. Көмекке бірден капитан Азамат Қазыбаев пен Елдар Амангельдин, және аға лейтенант Жанатбек Ахметов келген. Полицейлер жедел әрекет етіп, зардап шеккен азаматты сыртқа шығарып,...
Толығырақ... Оқылды: 179 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.04.2025

Жетісу облысында 328 мың қорап заңсыз темекі өнімдері анықталды

Жетісу облысында салық органдары заңсыз темекі өнімдерінің айналымын анықтау бойынша тұрақты түрде тексерулер жүргізуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 591 мың қорап таңбалаусыз темекі тәркіленді. Ал 2025 жылдың басынан бері тағы 328 мың қорап заңсыз өнім анықталды. Бұл деректер мәселенің өзектілігін көрсетеді, алайда оны шешу мақсатында белсенді жұмыс жүргізілуде. Цифрлық таңбалау процесі өндіруші немесе импорттаушының әрбір қорапқа Data Matrix бірегей кодын енгізуін, тауарды жүйеге тіркеуді және 2D-сканерлер немесе Naqty Sauda қосымшасы арқылы сату кезінде бақылауды қамтиды. Бұл контрафактілік өнімдердің нарыққа шығуын болдырмауға және жеткізу тізбегінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Таңбалау ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар қарастырылған: - Жеке тұлғаларға – 50 АЕК, - Шағын бизнеске – 150 АЕК, - Орта бизнеске – 200 АЕК, - Ірі бизнеске – 500 АЕК, тауарды тәркілеу және лицензиядан айыру мүмкіндігімен. Егер таңбалауды өндіруш...
Толығырақ... Оқылды: 174 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.04.2025

Биапа театры 50 жылдық мерейтойын атап өтпек

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театы 50 жылдық мерейтойын тойламақ. Осы уақыт ішінде өнер ошағы Қазақстанның мәдени мұрасының маңызды бөлігіне айналып, ұлттық театрдың дамуына елеулі үлес қосты. Мерейтойлық уақыт оның тарихындағы маңызды кезеңді айқындап, шығармашылық ұжымның жетістіктері мен сахналық шеберлік дәстүрлерінің жалғасын көрсетеді. Осы атаулы күнге орай бірқатар маңызды шаралар жоспарланған: • III Халықаралық BIKEN FEST театр фестивалі; • Театр ардагерлерінің мерейтойлық апталығы; • Көрнекті өнер қайраткерлерін марапаттау; • Қызылордада өтетін I Халықаралық «Сырдың Сәбирасы» театр фестиваліне қатысу, бұл шара Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық драма театрының 90 жылдығына арналады. Мерейтойлық жылдың басты оқиғаларының бірі – театрдың Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне академиялық мәртебе беру туралы өтініш жасауы. Бұл қадам театрдың жоғары деңгейін рас...
Толығырақ... Оқылды: 180 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.04.2025

Жетісуда қант қызылшасының егіс көлемі 1,5 мың гектарға қысқарады

Биыл Жетісу облысында қант қызылшасының егіс алаңы 12,2 мың гектарды алып отыр. Екі қант зауытының өндірістік қуаттылығына байланысты егіс көлемі 1,5 мың гектарға қысқартылмақ. Осы көлемде егілген дақылдан шамамен 550 мың тонна тәтті түбір жинау жоспарлануда. Жетісу облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бахтияр Шампиковтің айтуынша, алдағы екі жыл ішінде Текелі қаласында жаңа қант зауытын салу жоспарланған. Бұл тәтті түбірдің егіс көлемін ұлғайтып, аймақтағы қант өндірісін арттыруға мүмкіндік бермек. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері егістік алқаптардың өнімділігін арттыру және топырақтағы ылғалды сақтау мақсатында агротехникалық шараларды жүзеге асыруда. Көктемгі егіс жұмыстарының үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз ету үшін фермерлерді ресурстық қамтамасыз ету бойынша шаралар көзделген. Атап айтқанда, 5,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, ал қажетті минералды тыңайтқыштардың көлемі 58,8 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ,...
Толығырақ... Оқылды: 154 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.04.2025

Хабарлама

2025жылдыңсәуірайының09-шы жұлдызында сағат 12.00-де Аудан әкімшілігінің мәжіліс залындаЖШС «Жеті-Нар» Кредиттік серіктестігі»-нің жалпы жиналысы болатынын хабарлайды. Күн тәртібінде: 1.ЖШС «Жеті-Нар»КС-нің 2024жылы жасалған жұмысыныңтәуелсіз аудиттік тексерісі бойынша КС қаржы шаруашылық қызметінің қортындысын бекіту. Баяндамашы: Демеубаева Н. А. және ревизор Абибеков Б. 2.ЖШС «Жеті-Нар»КС-нің құрамында болған өзгерістермен таныстыру, 3.ЖШС «Жеті-Нар»КС-нің ішкі нормативтік құжаттарын бекіту, 4.ЖШС «Жеті-Нар»КС-нің ревизорын қайта сайлау, 5.ЖШС «Жеті-Нар»КС-нің басқарма мүшелері мәжілісініңқайта сайлау, 6.ЖШС «Жеті-Нар»КС-нің штаттық лауазымдарды бекіту, 7.ЖШС «Жеті-Нар»КС-нің қызметкерлердің жалақысын бекіту, 8.ЖШС «Жеті-Нар»КС-нің2025жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту. Күн тәртібіне және жиналыс өткізу мәселеріне қатысты сұрақтармен,...
Толығырақ... Оқылды: 146 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.04.2025

⚡️Қарызсыз қоғам: Қаржылық сауаттылық пен тәуелсіздікке бағыт

????Жетісу облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы бүгінде қарқынды түрде жүзеге асырылып, аймақтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлкен септігін тигізуде. ????Жоба азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша проблемалық берешекті реттеуге жәрдемдесуге бағытталған. Былтыр 7 мыңнан астам Жетісулық оқудан өтті. Олардың қатарында зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер, курсанттар және басқа да әлеуметтік топ өкілдері бар. ????Қазіргі таңда Панфилов және Ескелді аудандарының шалғай ауылдарында 90 күннен астам қарызы бар тұрғындар қамтылып, оларға қаржылық сауаттылық бойынша бағыт-бағдар берілуде. Сонымен қатар, кезең-кезіңімен барлық аудандар және шалғай ауылдар қамтылатын болады. ✅Қатысушылар үшін қаржылық аспектілерді жақсы түсінуге көмектесетін семинарлар, тренингтер және жеке кеңестер өткізіледі. Биыл тағы 10 мың Жетісулыты оқыту жоспарланып отыр. Тікелей семинарлардан басқа, qogamfin.kz онлайн платформасында кең...
Толығырақ... Оқылды: 155 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.03.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.