ЖАҢАЛЫҚТАР

БІР ЕЛ -БІР КІТАП

Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары насихаттау мақсатында, Көксу аудандық кітапханасында «Менің атым Қожа» тақырыбында әдеби сағат өтті. Шара барысында Б.Соқпақбаевтың өмір жолы, шығармашылығы жайлы видео, «Менің атым Қожа» фильмінің қызықты сәттерінен үзінді көрсетіліп, «Кейіпкерді тап!» видео сұрағы, «Кездейсоқ түскен сұрақ» атты сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, «Бір ел – бір кітап» акциясына ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, шара соңында мәдениет үйінің қызметкері Нұрболат Есілдің орындауында «Туған жер» әні орындалды.
Толығырақ... Оқылды: 113 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.09.2024

Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

◾️Бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралуда. ◾️Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. ◾️Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады. ◾️Сонымен қатар, бейінді Министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған. ◾️Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтеміз. ◾️Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өзд...
Толығырақ... Оқылды: 104 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.09.2024

Жетісу облысында жыл басынан бері «Инватакси» қызметі 60 мыңнан астам рет қызмет көрсетті

Қайта оралу Жетісу өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандар «Инватакси» қызметін тұрақты пайдаланады. Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға 60 мыңнан астам рет қызмет көрсетілген. Бүгінгі таңда облыста арнайы қызмет көрсететін 34 «Инватакси» бар,– деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Өткен жылы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасымен жергілікті бюджет есебінен 14 жаңа «Инватакси» сатып алынды. Соның нәтижесінде облыста 1 жылдың ішінде жекеменшік таксилер саны екі есеге артты. 2024 жылы 34 автокөлікпен «Инватакси» қызметін көрсету үшін 306,6 миллион теңге бөлінді, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев. Облыс аумағында «Инватакси» қызметін 8 үкіметтік емес ұйым жүзеге асырады. Оның екеуі Талдықорған қаласында. Бірі – «Ерлік» мүгедектер қоғамдық...
Толығырақ... Оқылды: 92 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.09.2024

Жетісу облысында дәнді-дақылдардың 80% жиналды

Жетісу облысында егін жинау науқаны 8 шілдеден бастап жалғасуда. Қазіргі уақытта Алакөл, Ескелді және Кербұлақ аудандарындағы дәнді-дақылдардың жалпы көлемінің 80%-ы жиналып, 544 мыңнан астам тонна астық бастырылды. Өңірде жалпы қуаттылығы сағатына 283 тоннаны құрайтын 7 астық кептіргіш жұмыс істейді. Жетісу облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев атап өткендей, қант қызылшасын жинау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Жалпы алғанда 615 мың тонна өнім жинау жоспарлануда. Оның 250 мың тоннасы Көксу қант зауытына, 365 мың тоннасы Ақсу қант зауытына өткізіледі. Тәтті түбірдің жиын-терін жұмысына 108 комбайн жұмылдырылды, оның 31-і биыл сатып алынған жаңа техникалар.
Толығырақ... Оқылды: 94 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.09.2024

Жетісу облысында елімізде теңдесі жоқ жаңа заманауи волейбол орталығы ашылды

Бүгін Талдықорғанда «Жетісу» кәсіби волейбол клубына арналған заманауи волейбол орталығының, спортшыларға арналған төрт қабатты тұрғын үйдің салтанатты ашылуы өтті. Мұндай жаңа орталықтың Қазақстанда баламасы жоқ екенін айта кету керек. Волейбол орталығында ерлер мен әйелдер құрамаларының негізгі командалары, жастардың қос командалары үшін екі бөлек жаттығу залы бар,–деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Мемлекет басшысы бізге бұқаралық спортты дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау міндетін жүктеді. Осы орайда, «Жетісу» клубы үшін заманауи волейбол орталығының ашылуы спортшыларымыздың кәсіби өсуіне, өзіміздің жас кадрларды тәрбиелеуге қолайлы жағдай туғызуда. Алдағы уақытта «Жетісу» волейбол клубының Академиясын құрамыз. Оған орта мектептерден волейболға қабілеті бар балалар іріктеліп алынады. Бұл академияда олар жалпы білім беру бағдарламасын меңгеріп қана қоймай, волейболмен қарқынды түрде айналысатын болады. Осыл...
Толығырақ... Оқылды: 104 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2024

Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ жарқын болмақ

Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымд...
Толығырақ... Оқылды: 102 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2024

Жетісуда баспана алуға арналған жаңа бағдарлама жүзеге аспақ

Ауылды мекендерге арналған «Жерұйық» тұрғын-үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін алғашқы жарна – 10%. Бағдарламаның өтінімдерін қабылдау 10 қыркүйектен 10 қазанға дейін жалғасады. Алдын ала тұрғын үй заемының максималды мерзімі – 8 жыл, тұрғын үй заемы – 11 жыл, жалпы мерзімі – 19 жыл. Бағдарламалардың негізгі талаптары: соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында атында үй болмауы, банктің талаптарына сәйкес келетін жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша кепілдің болуы; міндетті зейнетақы жарналарымен расталған соңғы жұмыс орнында кемінде 6 ай жұмыс өтілінің болуы және облыста тіркелуі міндетті. «Жетісу облысының тұрғындары биыл жаңа баспана ала алады. Ол үшін «Отбасы банк» АҚ облыс филиалымен бірге «Жерұйық» арнайы бағдарламасы әзірленді. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен тұрғын үй бағдарламасына қатысушылары үшін тұрғын үй сертификаттарын ұсынуға 443 млн. теңге қарастырылып,...
Толығырақ... Оқылды: 91 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.09.2024

Талдықорғанда қала күні ауқымды түрде атап өтіледі

Биыл қала күнін тойлау Талдықорған қала мәртебесін алғанына 80 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Әр жыл сайын бұл мереке қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Мерекелік іс-шаралар айдың басынан, соңына дейін созылады. Қала тұрғындары мен қонақтарын спорттық ойындар, концерттер, қойылым, эстафеталар және басқа да көптеген маңызды оқиғалардың куәсі бола алады. Қонақтарды қала күнін мерекелеудің ауқымды бағдарламасы күтіп тұр. 13 қыркүйек, сағат 11:00 де Жастарға қызмет көрсету орталығында «Әйел әлемі сұлулық мекені»атты ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған іс-шара өтеді. 14 қыркүйек, сағат 19:00 де «Жастар» саябағында «Miss Taldyqorgan 2024» байқауының финалы. 14-15 қыркүйек, сағат 10:00 де «Жастар» спорт кешенінде «Taldyqorgan cup» қала әкімінің кубогі үшін ашық турнир. 20 қыркүйек, сағат 19:00 «Жастар» саябағында, «Әлемді тербеткен әуендер» атты...
Толығырақ... Оқылды: 129 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.09.2024

Небольшой населенный пункт «White Sands»

???????? США. Небольшой населенный пункт «White Sands» (Белые пески) расположен в двух километрах от АЭС. Местные жители рассказали собственному корреспонденту Рустему Кожыбаеву о проживании рядом с ядерным объектом ???????? Так, жительница городка Мими отметила, что вообще не думает о расположении рядом АЭС. Она вспоминает, что ранее они обсуждали эту тему, когда атомная электростанция была введена в эксплуатацию, но те времена прошли. «Я уверена, что у людей были какие-то опасения, но население так сильно изменилось. Я бы не удивилась, если бы большинство людей вообще не знало о расположении атомной электростанции здесь», рассказала Мими. ???????? США - мировой лидер по строительству и использованию атомной электроэнергии. На всей территории Америки расположены 94 ядерных реактора (53 АЭС в 28 штатах).
Толығырақ... Оқылды: 102 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.09.2024

Жетісулық шекарашылар А.Байтұрсынұлының мұражай үйіне барды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы Алматы қаласында орналасқан Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне барды. Ұлы түрколог, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы мұражай үйде 1934-1937 жылдары отбасымен бірге Зубовтың үйінде тұрған. 1988 жылы тарих және сәулет ескерткіші болып танылып, 1993 жылы мемориалдық мұражай-үйі ашылды. Мұражай экспозициясы үш бөлмеден тұрады – бұрынғы ас үй, балалар бөлмесі және отағасының кабинеті. Мұражай бөлмелерінде Байтұрсынұлының отбасы, достары мен пікірлестері туралы баяндайтын құжаттар мен фотосуреттердің түпнұсқалары ұсынылған. Сонымен қатар, «Қырық аңыз», «Маса», «Оқулық» (үш кітап), «Тіл білімі» (үш кітап), «Баяншы», «Ер Сайын», «Бастауыш», «Жаңа астар», «Диплом» қолжазбалары ұсынылған», «Жоқтау», «Әдебиет...
Толығырақ... Оқылды: 110 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.09.2024
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.