ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысындағы газ баллондардың қауіпсіздігі бақылауда

Жетісу облысында жыл басынан бері газ баллон пайдалануға қатысты 5 оқыс оқиға орын алған, нәтижесінде 6 адам зардап шегіп, біреуі көз жұмды. Қайғылы оқиғалар әсіресе жылдың суық мезгілінде газ баллондардың жарылысынан, яғни газ баллонды газбен толтыру және қолдану кезінде температуралық ауытқулардан болады. Мамандар қайғылы жағдайға басты себеп өңір тұрғындарының ескі баллондарды пайдалануынан болатынын ескертеді. Ескі баллон апаттың болу ықтималдығын арттырады. Қазіргі уақытта Жетісу облысында газдандыру көрсеткіші 50,4% құрайды. Бүгінгі күнге облыстың 39 елдімекен қамтылған, көгілдір отынға 93,4 мың абонент қол жеткізіп отыр.
Толығырақ... Оқылды: 140 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.10.2024

Жетісуда себілген жүгерінің шамамен 74% Панфилов ауданына тиесілі

Жетісу облысының Панфилов ауданы жүгері дақылының өлкесі, облыстағы жүгерінің шамамен 74% осы аймаққа тиесілі, мұнда 2 мыңнан астам фермер жүгері өсірумен айналысады. Осы орайда кейбір шаруа қожалықтары ылғал сақтау технологиясын қолдану мен агротехнологияны сақтау нәтижесінде әр гектардан 150 центнерден өнім алуда. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесуі кезінде жүгері шаруашылығын дамыту мәселесіне тоқталған облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Жүгері дақылының төңірегіндегі өткен жылғы кездесуде өздеріңіз көтерген екі мәселе шешімін тапты. Атап айтсам, Алмалы ауылындағы қырман бюджет қаржысына жөнделіп,қолданысқа берілді. Екінші, алынған өнімді терең өңдеуге өткізетін шаруашылықтарға тоннасына төленетін субсидияның көлемі 6 мың теңгеден жергілікті бюджет есебінен 10 мың теңгеге дейін ұлғайтылды, - деді Бейбіт Исабаев. Белгілі болғандай, биыл ауданда 170 мың тонна жүгері жинау жоспарланған. «Жаркент крахмал-сірне&ra...
Толығырақ... Оқылды: 118 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.10.2024

Жетісудағы бақтардың 44%-дан астам алқабы Панфилов ауданында орналасқан

Жетісу облысындағы бақтардың 44%-дан астам алқабы, яғни 2,3 мың га Панфилов ауданында орналасқан. Мұнда алма, алмұрт, шабдалы, өрік, шие өсіріледі. Бұл туралы бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан тұрғындарымен кездесуінде айтылды, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Бір мыңнан астам гектар бақ алқабы бар аса ірі бау-бақша шаруашылығы Панфилов ауданында орналасқан. Бүгінгі күні бұл шаруашылық жемісті өсіріп сатумен айналысып отыр. Сондықтан осы бау-бақша шаруашылығының әлеуетін ескеріп, өнім өңдеуді қолға алу керек. Ауданның климаты жылыжай шаруашылығын дамытуға қолайлы, әрі ыстық су көздері де бар. Бұл өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, маусым аралығында халықтың көкөніске деген сұранысын қанағаттандыруға үлкен мүмкіндік береді, - деп атап өткен Б. Исабаев осы бағыттарға инвесторлар тарту жұмысын күйшейтуді тапсырды. Атап өтсек, ауданда бақ өнімдерін сақтауға арналған сыйымдылығы 8,5 мың тонна 8 қойма бар. Сол сияқты аумағы 1 га жылыжай жұмыс...
Толығырақ... Оқылды: 99 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.10.2024

Жетісудағы шекаралық аймақ Жаркент қаласы тұрғындарының 65% газға қосылған

Жетісу облысында кезең-кезеңімен газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Көгілдір отын шекаралық аймақ - Панфилов ауданына да жетті. Атап айтқанда, бүгінгі күні аудан орталығы Жаркент қаласында 7 206 абонент немесе 65%-ы газға қосылған. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан халқымен кездесуі барысында белгілі болды, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы Панфилов ауданында 42 елді мекеннің 26-сы газдандыруға жатады. - Қазіргі таңда Жаркент қаласында, Головацкий және Жерұйық ауылдарында газға қосылу құнының бастапқы 50 мың теңгесін төлеп, қалған бөлігін 10 айға бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Қазандықты тұрғындар өз қаражаты есебінен сатып алады. Сонымен қатар бүгінгі күні 13 ауылға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдармен келісімшарттар жасалды. Бұл ауылдар - Нәдек, Әулиеағаш, Ақжазық, Ақарал, Ават, Ынтымақ, Сұптай, Сарпылдақ, Қырыққұдық, Ақкент, Керімағаш, Қызылжиде, Аққұдық. Жұмыстар 2025 жылы жүргізіледі, - деді ө...
Толығырақ... Оқылды: 90 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.10.2024

Жыл соңына дейін Панфилов ауданында ұлттық жобамен 9 нысан іске қосылады

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Жетісу облысында 59 медициналық нысан салу жоспарланса, соның 11-і Панфилов ауданында тұрғызылады, атап айтқанда 9-ы биыл пайдалануға беріледі, 2-еуі – келесі жылға өтпелі жоба. Бұл туралы бүгін аудан тұрғындарымен болған кездесу барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қазіргі таңда барлық нысандар бойынша мердігер ұйымдар айқындалып, құрылыс жұмыстары басталды. - Жыл соңына дейін Қырыққұдық, Алтыүй, Алмалы, Тұрпан, Ақжазық, Қорғас, Сұптай, Сарытөбе, Аққұдық ауылдарында 9 нысанды қолданысқа береміз, Садыр, Дихан-Қайрат ауылындағы қалған 2 нысанда құрылыс жұмыстары келесі жылы жалғасады, - деді Б. Исабаев. Жиында айтылғандай, жергілікті бюджет есебінен былтыр Ақкент және Ақарал ауылдарында блокты-модульді медициналық пункттер, сондай-ақ Жаркент қаласында жедел және шұғыл көмек станциясы орнатылса,осы жылы қарашаның соңына дейін Қызылжиде,...
Толығырақ... Оқылды: 112 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.10.2024

Жыл басынан бері Жетісудағы Панфилов ауданының экономикасына 30 млрд. теңге инвестиция тартылды

Жетісу облысындағы негізгі экономикалық өсу нүктелерінің бірі – Қорғас торабы. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі дамытудың маңызды элементі, әрі объектілер кластері болып отыр. Атап айтқанда, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында 2023 жылдан бастап 2,2 миллионнан астам адамға қызмет көрсетіліп, 36,3 мың тонна жүк тасымалданған. Осы ретте Панфилов ауданының шекаралық маңда орналасуы ауданның инвестициялық тартымдылығына және дамуына оң ықпал етеді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан тұрғындарымен кездесуі барысында айтты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. -Аудан – Қытаймен шекаралас жатқан аймақ болғандықтан, инвестициялық жағынан тартымды өңір. Жыл басынан аудан экономикасына 14,9% өсіммен 28,8 млрд. теңге инвестиция тартылса, соның 59,1%-ы немесе 17 млрд. теңгесі бюджеттен тыс инвестицияға тиесілі. Бүгінгі күні биылғы жылға жоспарланған 12 жобаның 9-ы жүзеге асыр...
Толығырақ... Оқылды: 99 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.10.2024

ПАРТИЯНЫҢ «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«AMANAT» партиясы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған акцияны әр бейсенбі сайын ұйымдастырып келеді. Экологиялық акция арнайы белгіленген жерлерде кезек-кезекпен өтеді. Мәселен, Көксу ауданында өткен тазалық жұмыстарына 70-ке жуық адам қатысты. Партия мүшелері, еріктілер және аудан тұрғындары көшелер мен қоғамдық орындар, өзен жағалауларындағы қоқыс қалдығын тап-тұянақтай жинап шықты. «Мемлекет басшысының бастамасын қолдау арқылы біз өз денсаулығымызды ғана емес, болашақ ұрпақты тазалыққа, жауапкершілікке үйретіп келеміз. Бүгінгі шара бір реттік емес, жыл соңына дейін жалғасын тауып, экологиялық мәдениетімізді қалыптастыруымызға септігін тигізеді деп есептеймін» - деді Көксу аудандық партия филиалының төрағасы Мәлік Аманбайұлы. Айта кетейік, аталмыш шара осымен 18 рет ұйымдастырылып отыр.
Толығырақ... Оқылды: 102 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.10.2024

Жетісудың Алмалы ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені іске қосылды

Жетісу облысының тағы бір елді мекенінде жаңа спорт кешені іске қосылды. Сарқан ауданы Алмалы ауылындағы бұл заманауи спорт нысаны «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен салынды. Жалпы биыл облыста 17 жаңа спорт объектілерінің құрылысына 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, соның ішінде Алмалыдағы бұл спорт кешені – биылдыққа пайдалануға беріліп отырған алтыншы нысан, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа спорт кешеніндегі волейбол, баскетбол, күрес, бокс залдары, шахмат, тоғызқұмалақ үйірмелеріне арналған бөлмелер барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Сол сияқты киім ілетін, жуынатын орындар қарастырылған. Нысан ауласында шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдары бар. Нысан 50 орынға лайықталған. Бұл қуанышты жаңалыққа ауыл тұрғындары да дән риза. - Біздің ауыл әуелден спортқа жақын. Кезінде біздің өңірден Әбілсейіт Айханов, Аманжол Бұғыбаев сияқты атақты палуандар шыққан. Мемлекеттің осындай қолдауынан кейін сондай даңқты...
Толығырақ... Оқылды: 142 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.10.2024

АЭС салу бойынша референдум да өз мәресіне жетті.

Халық ел болашағы үшін дауыс беріп, өз таңдауын жасады Қоғамдық саясат институты еліміздің барлық өңірінде Exit Poll өткізді. Нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысушылардың 72,3%-ы Қазақстанда атом электр стансысының құрылысымен келісемін деп жауап беріпті. Бұл дегеніміз халқымыздың ел болашағына бейжай қарамай, барынша белсенділік танытқанын айқын аңғартады. Жетісу облысында 68 пайыздан астам халық референдумға қатысқан. Бұл кейбір облыстармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Өзім даус беруге барғанда ел үшін алаңдаған халықтың қарасы көп болды. Олар болашақ үшін дауыс берді. Меніңше соңғы шешім де экзитпол төңірегінде шығады. Бұл – халық таңдауы. Біз АЭС салсақ қуат тапшылығының мәселесін шешеміз. Сонымен қатар, энергетикалық және экологиялық міндеттерді жақсартып қана қоймай, ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашамыз. Осы арқылы елімізді жаңғыртуға кірісеміз. Сондықтан біздің ортақ шешіміміз мемлекеттің ұзақ мерзімді да...
Толығырақ... Оқылды: 109 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.10.2024

«БАҚЫЛАУ ҚЫРАНДАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ

6 қазан – референдум күні «Бақылау қырандары» бақылаушылар тобы Қазақстан бойынша 10 қалада атап айтқанда, Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Жезқазған, Тараз, Талдықорған, Талғар және Қонаев қаларында бақылаушылық жасады. Барлығы 1800 учаскеде дауыс беру процесінің шынайы әрі таза өтуін бақылады. «Бақылау қырандары» бақылаушылар тобын құру туралы бастама көтерілгеннен бастап, есімдері елге белгілі саясаттанушы азаматтар біздің бастамамызды қолдады. Алматы қаласындағы Бас штаб пен өңірлік штабтарда әр аймақтарда пікір қалыптастырып жүрген, қандай да бір партиялық тізімде жоқ көшбасшылар таңдалып алынды. Алматы қаласындағы штаб пен өңірлік штабтар бақылаушыларлы оқыту жұмыстарын жоғарғы деңгейде өткізді. «Бақылау қырандары» бақылаушылар тобы жасақталған күннен бастап, рефередумға бір күн қалғанға дейін Алматы мен өңірлік штабтарда барлығы 2 мыңдай бақылаушы оқытылып, рефередум күні дауыс беру учаскелеріне 1800 бақылаушы кір...
Толығырақ... Оқылды: 97 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.10.2024
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.