ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісу облысында іске асқан әлеуметтік жобалардың қорытындысы жарияланды |
| «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде төрт әлеуметтік жобаны іске асырды. Бірлестік өкілдері Бақыт Қалиева мен Дархан Асқанбаевтың жұмыс қорытындылары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім болды. Атап айтсақ, «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға көмек көрсету» басым бағыты бойынша «QOLDAU» әлеуметтік бейімдеу орталығы әлеуметтік жобасы жүзеге асты. Жоба аясында бейімдеу орталығы ашылып, облыс көлемінде пробация есебінде тұрған барлығы 120 адамға заңгерлік және психологиялық кеңес беріліп, 50 пробация есебінде тұрған азаматтар Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде оқыту курсынан өтіп, сертификат иеленді. Қаржы пирамидалары мен құмар ойындарының алдын алу бағыты бойынша «Jetisu.NET» қаржылық сауаттылық орталығы әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Облыс аумағында тәжірибелі мамандарды шақыра отырып лудома... |
| Толығырақ... Оқылды: 93 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.12.2024 |
Көксу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы оң қарқынмен жүріп жатыр |
| Көксу ауданында ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және құрылыс салаларында жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. 15 қыркүйектен бастап Көксу қант зауыты 2186 гектар алқаптан жиналған 210,7 мың тонна қант қызылшасын қабылдады. 2025 жылы егіс алқаптарының көлемі 2900 гектарға дейін ұлғаяды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жарлыөзек және Мұқыры ауылдарында көше шамдары орнатылды, төрт ауылда фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы жүргізілуде. Қаратал ауылында 120 орындық мектеп пен шағын орталықтың құрылысы жүріп жатыр, сондай-ақ балабақша қайта жөнделуде. Балпық би ауылында құны 807 миллион теңге болатын 60 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. 2025 жылға қарай ауданның 26 елді мекені толық газдандырылады деп жоспарлануда. Жеке инвесторлар есебінен әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға арналған 50 жеке тұрғын үй салынып жатыр. Мемлекет тарапынан Балпық би ауылында 13 үй және Жарлыөзекте 4 үй сатып алынды, ал Мұқырыда 10 жаңа үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі уақ... |
| Толығырақ... Оқылды: 101 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.11.2024 |
Алаяқтық құрбаны болмаңыз – қырағы болыңыз! |
| Өңірдегі интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларымен Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастыру бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Бауыржан Текесбай Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте таныстырды. Қазіргі таңда алаяқтық мүлікке бағытталған ең көп таралған қылмыстардың бірі болып табылады. Спикер атап өткендей, интернет-алаяқтық, мобильді төлемдерді бұзу және жалған банктік карталарды қолдану арқылы ақша ұрлау – кең тараған қылмыс түрлеріне айналды. Қылмыскерлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, клиенттердің деректеріне қол жеткізу және ақшалай қаражатты басқа шоттарға аударту мақсатында әртүрлі айла-тәсілдер қолдануда. «Мысал ретінде алаяқтар күдікті операциялар туралы хабарлап, қаражатты «сақтандыру шотына» аударуды ұсынады. Сонымен қатар, олар инвестициялық жобалар, спорттық ойындар және қайырымдылық бастамалары арқылы азаматтарды адастыруда. Мұндай әрекеттерден көптеген адамдар за... |
| Толығырақ... Оқылды: 111 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.11.2024 |
Жетісу облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту |
| Облыс аумағында 1046 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде стадиондар, спорт сарайлары, бассейндер, теннис корттары және шаңғы базалары бар. Ауылдық жерлерде 700 елді мекен спорт нысандарын қолдануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Дидар Орынтай айтты. Спорт залдарының тапшылығын жою үшін 9 жаңа нысанның құрылысына 3,7 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ, Талдықорған қаласындағы Орталық стадионның қайта жөндеу жұмыстары аяқталып, бірнеше ауданда спорт кешендері мен волейбол орталығы салынды. Ұлттық спорт түрлері мен инклюзивті бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінуде: мүмкіндігі шектеулі жандардың 13,3%-ы спортпен белсенді айналысады. «2025 жылға арналған жоспарларға Текелі қаласындағы шаңғы-биатлон кешені мен ауылдық аймақтардағы спорттық нысандардың құрылысы кіреді. Жас спортшыларды қолдау бағдарламалары жүзеге асырылуда», – деп атап өтті спикер. |
| Толығырақ... Оқылды: 100 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.11.2024 |
Жетісу аумағында жолдардағы қауіпсіздікті арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде |
| Жыл басынан бері 49 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Алайда осы шараларға қарамастан, жыл басынан бері 596 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 120 адам қайтыс болып, 876 адам жарақат алды. Ең қауіпті жол «Алматы-Өскемен» автожолында өткен жылмен салыстырғанда қаза тапқандар саны 11-ден 16-ға дейін өсті. Жетісу облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайсар Мұхметовтің айтуынша, алдағы уақытта полиция жасырын патрульдеу жұмыстарын бастайды. Осы мақсатта келесі аптадан бастап кезекшілікке шығатын үш автомобиль дайындалуда. Жасырын патрульдік автомобильдерді алдыңғы және артқы көк нөмірлерден тануға болады, олардың төбесінде жарық сигналдары мен «Полиция» логотипі болмайды. |
| Толығырақ... Оқылды: 133 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.11.2024 |
Жетісу облысында қант қызылшасын жинау науқаны қарқынды жүргізілуде |
| Жетісу облысында қант қызылшасын жинау науқаны қарқынды жүргізілуде, жедел штаб күнделікті өңірде қабылданып жатқан қант қызылшасы көлемін назарда ұстап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бахтияр Шампиков мәлімдеді. Қазіргі уақытта 13,7 мың гектар қант қызылшасы алқабының 10,9 мың гектары жиналып, одан 526 мың тонна өнім алынды. Гектар өнімділігі 484,5 центнерден айналды, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары және өңірдегі аграрлық сектордың тиімді жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Жиналған өнімді өңдеу үшін облыстың екі негізгі қант зауытына – Көксу және Ақсу зауыттарына жеткізілуде. Бүгінгі күнге дейін зауыттарға 421,3 мың тонна өнім жеткізілді, оның ішінде: Көксу қант зауыты – 200,6 мың тонна, Ақсу қант зауыты – 220,7 мың тонна қабылдады. Өнімді қабылдау және өңдеуге байланысты логистиканы үздіксіз ұйымдастыру және жедел шешімдер қабылдау мақсатында өңірде... |
| Толығырақ... Оқылды: 102 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.11.2024 |
Жетісу облысында «Жыл волонтері» облыстық сыйлығын өткізу жоспарлануда |
| Басты мақсат 5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күніне орай үздік еріктілерді марапаттау, ынталандыру және жеткен жетістіктерін халыққа жариялау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Шараны ұйымдастырушылар Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы. Байқауға өтінімдерді қабылдау 7-15 қараша күндері аралығында жүргізіледі. Құжаттарды электронды және баспа нұсқада Js.jastar@mail.ru эл.поштасы, Талдықорған қаласы, Д.Қонаев № 47 көшесінде орналасқан «Жетісу жастары» орталығына өткізу қажет. Сыйлыққа облыстың белсенді волонтерлері мен ұйымдары 10 номинация бойынша қатыса алады. Атап айтсақ, «Birgemiz: Bilim», «Birgemiz: Saulyq», «Birgemiz: Sabaqtastyq», «Birgemiz: Asyl mura», «Birgemiz: Ayala», «Birgemiz: Taza Alem», «Birgemiz: Umit», «Birgemiz: Qamqor», «Birgemiz: Qamqor», «Үздік волонтерлік ұйым»,... |
| Толығырақ... Оқылды: 116 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.11.2024 |
«Бала мінез құлқының бұзылуы» |
| Ағымдағы жылдың 07 қараша күні, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп оқушылар арасында «Бала мінез құлқының бұзылуы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында оқушылылардың арасында психологиялық тренингтер жүргізіліп, оқушыларға өздері қоғамның болашағы екендігін, сол болашақтың тағдыры осы өздерінің қолдарында екендігін ұғындыру. Шара 6 сынып оқушылары арасында өтті. Шараға жалпы 25 оқушы қатысты. Жасөспірімдік кезең-алуан түрлі қарама-қайшылыққа толы, ата-аналар мен мұғалімдерді алаңдататын, уайымға түсіретін күрделі шақ. Себебі, күнделікті өмірде дау-дамайдың көптігі, олардың көңіл-күйінің тұрақсыздығы, қоғамға ашықтан-ашық наразылық білдіруі, ата-ананың қамқорлығын қабылдамауы. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. |
| Толығырақ... Оқылды: 162 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.11.2024 |
Жетісу облысында мал ұрлығының алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жұмыстары жүргізілуде |
| Жетісу облысында жыл басынан мал ұрлаудың 80 фактісі тіркелді. Оның ішінде полиция қызметкерлерімен 46 қылмыс ашылып, ұрлыққа қатысы бар 25 күдікті тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз-мәслихатында облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мади Бағдат баяндады. 21 қылмыспен жәбірленушіге ұрланған малдары қайтарылып, күдіктімен татуласуына байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылған. 12 қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Жедел іздестіру іс-шаралар нәтижесінде ұрланған 259 бас малдың 153-і табылып, мал иелеріне қайтарылды. Атап өтейік, бүгінде 2023-2024 жылдарға арналған мал ұрлығының алдын алу тиімділігін арттыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Спикер өз сөзінде малдың барлық түрлерін міндетті түрде чиптеу мәселесін де атап өтті. Чиппен белгілеу мал басын 100% есепке алуға, олардың жай-күйін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Одан бөл... |
| Толығырақ... Оқылды: 113 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.11.2024 |
Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданудың ерекшеліктері мен шарттары |
| Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану тәртібі қаралды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі 190-нан 364-ке дейін кеңейтілді. Бұл режимді жылдық табысы 600 мың АЕК-тен аспайтын және жұмыскерлер саны 200 адамға дейінгі бекітілген тізбеге кіретін қызметті жүргізетін салық төлеушілер қолдана алады. Бөлшек салық үшін арнайы салық режимі ҚР Салық кодексінің 687-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес жеке түр ретінде енгізілді және шағын бизнес субъектілері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін арнайы салық режимінен ерекшеленеді. Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімінің басшысы Ринат Жамаубаев атап өткендей, жаңадан құрылғандарды қоспағанда, салық төлеушілер белгіленген шарттарды сақтай отырып, бөлшек салықтың арнайы салық режиміне - жалпы белгіленген салық салу тәртібінен немесе өзге де арнайы салық режимінен ауысуға құқылы. |
| Толығырақ... Оқылды: 122 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.11.2024 |
