ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісуда әлеуметтік объектілерді жаңарту деңгейі 50%-ға жетті |
| Жетісу облысы құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында объектілерді жаңарту 50%-ға жетті. Мысалы, білім беру саласында 5310 орынды 15 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 19 нысан күрделі жөндеуден өтті. Ал денсаулық сақтау саласында 98 нысан іске қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты,- деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бейбіт Исабаев өз баяндамасында әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартудың жай-күйіне тоқталды. Оның айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 2023 жылы басталған 1800 орынды 2 мектептің біреуі биыл қолданысқа берілсе, екіншісінің құрылысы келесі жылы да жалғасады. Жалпы 2025 жылы 7 мектеп салу жоспарланған. Соның нәтижесінде жөндеуге жататын 95 мектептің 38-і немесе 40%-ы жаңартылады. Ал денсаулық сақтау саласында соңғы үш жылда 98 нысан пайдалануға берілсе, соның 31-і жаңадан салынған,61... |
| Толығырақ... Оқылды: 112 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024 |
Жетісу облысында орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 91,3 % жетті |
| Биыл Жетісу облысында орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 91,3% жетті, бұл халық санына шаққанда – 99,7 %. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Биыл орталықтандырылған ауыз су жүйесіне Алакөл ауданындағы Тоқжайлау, Бибақан ауылдары қосылды, 298 км желі жөнделіп, облыстың 17 елді мекенінде ауыз судың сапасы жақсарды, - деді облыс басшысы. Жалпы 2023-2024 жылдары 125,3 км сумен жабдықтау желілері салынып, 306,8 км желілер қайта жаңғыртылды. Атап өтсек, 2025 жылға 13 жобаны іске асыру үшін 4,3 млрд. теңге бөлінді. 2025 жылдың қорытындысында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5% жетеді немесе 331 елді мекен қамтылады. |
| Толығырақ... Оқылды: 110 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024 |
Жетісу өңірінде ветеринария саласында заманауи технологиялар енгізілуде |
| Жетісу облысында 1010 ветеринар маман еңбек етуде, олардың 10-ы ветеринарлық станцияларда, ал 118-і ветеринарлық пункттерде қызмет атқарады. Бұл туралы Жетісу облысы Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Дархан Әбілбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Облыс бойынша 542 мыңнан астам ірі қара мал, 1,8 миллион қой-ешкі, 204 мың жылқы және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары тіркеліп, бірыңғай компьютерлік дерекқорға енгізілген. 2023 жылы аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстары 100% орындалды, оның ішінде сібір жарасы, аусыл, құтыру және басқа да ауруларға қарсы екпелер жүргізілді. Ветеринариялық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында өңірде заманауи технологиялар белсенді енгізілуде. 2023 жылдың басында Қазақстанда «Tort-Tulik» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл қосымша арқылы мал иелері өз малын тіркеп, ветеринариялық паспорт рәсімдей алады, сондай-ақ жануарларға қатысты деректерді жаңарта алады. Қазіргі уақытт... |
| Толығырақ... Оқылды: 139 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024 |
Жетісу облысында адам папиломма вирусына қарсы екпе жалғасуда |
| Жатыр мойны обырынан әйел адамдардың қайтыс болу дерегі жыл сайын көбейгеніне байланысты биыл адам папиломма вирусына қарсы екпе ұлттық күнтізбеге енгізілді. Қыркүйек айынан басталған вакцинация әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова және онкогинеколог дәрігер Қуаныш Ергембеков айтып берді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жатыр мойны обырларының 95%-ы АПВ-дан туындайды. Бұл аурудың алдын алудың тиімді әдісі - вакцинация. Вирусқа қарсы «Гардасил» вакцинасы 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Ол Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса есептегенде 135 елдің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізілген. Бүгінде Жетісу облысына вакцинаның 12 мың дозасы әкелінген. Ол қыз балаларға екі кезең арқылы салынады. Қазіргі уақытта екпемен 3880 қыз бала қамтылды. Вакцинациядан кейін жағымс... |
| Толығырақ... Оқылды: 109 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024 |
МҰҚЫРЫ АУЫЛЫНЫҢ КЕЗЕГІ КЕЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАҒЫ, КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН 10 ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ |
| Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды баспанамен қамту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Осыған орай, аудан көлемінде 10 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Бүгін аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлының бастауымен Мұқыры ауылының кезегі келген әлеуметтік осал топтағы, көп балалы отбасыларға жаңадан салынған 10 баспана кілті салтанатты түрде табысталып, қоныс тойы тойланды. «Бүгінгі қоныстанған баспаналарыңыз құтты болсын. Мемлекеттің осындай игі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын, іші шаттыққа толсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!»,- деді аудан әкімі Дәулет Халелов құттықтау сөзінде. Айта кетейік, бүгінде Мұқыры ауылында 10 тұрғын үй құрылысын «Көксу проект» ЖШС-гі жүргізіп, бүгінгі күні тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталды. Соңғы уақытта ауданымызда тұрғын үйлердің салынуы қуантарлық жәйт. Жалпы Көксу ауданы бойынша 2024 жылға тұрғын үй к... |
| Толығырақ... Оқылды: 140 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.12.2024 |
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ КӨРСЕТЕТІН ФАКТОРЛАР» |
| 18.12.2024 11:00 “Koksu jastary” филиалыұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықты көрсететін факторлар» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Күн тәртібіне сәйкес “Koksu jastary” филиалының маманы Әлия Ерланқызы баяндама жасады. Сондай-ақ алдын алу шараларын атап өтті. Дөңгелек үстелге келген жастар арасында сұрақтар қойылып, заң аясына сүйене отырып жауап қайтарылды. Кездесудің соңын көңілді аяқтау үшін “Koksu jastary” филиалының психологі Мадина Қайратқызы «Кім жылдам?» атты тренинг өткізді. |
| Толығырақ... Оқылды: 113 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.12.2024 |
ЖАҢА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ |
| Құрметті аудан тұрғындары, құрметті жерлестер! Егемен еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Баршаңызға ашық аспан, шат-шадыман көңіл тілеймін. Әрбір азаматтың қажырлы еңбегінің арқасында сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін! Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің маңызы қашан да зор болмақ. “Толарсақтан саз кешкен” батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз. Бұл - біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз. Көк байрағымыз лайым бейбіт аспан астында желбіреп тұрсын! Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі болсын! Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен тәуелсіздікті көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы бір бақытымыз баянды болғай! Азат елдің тәуелсіздігі тұғырлы болсын! Бақыт Түкібаев |
| Толығырақ... Оқылды: 154 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.12.2024 |
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі |
| Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу шараларын күшейтуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізімін атап өтті. Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды. Жобалар экономиканы әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру бағдарламасы шеңберінде іріктелді. Олар металлургия, химия, мұнай-химия, автокөлік, туризм, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты негізгі салаларды қамтиды. Басым бағыттардың бірі – оң нәтижелерге қол жеткізіліп отырған машина жасау саласы. Әрі қарай өсу үшін қазіргі қарқынды сақтау және өндірісті оқшаулау деңгейін дәйекті түрде арттыру маңызды. Ұзақме... |
| Толығырақ... Оқылды: 196 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.12.2024 |
Цифрлық трансформация: Қазақстанда технологиялардың көмегімен тұрмыс сапасы қалай жақсарады |
| Primeminister.kzсайтының редакциясы Қазақстанның 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастырады. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауында цифрландыру саласында қол жеткізілген нәтижелерді күшейтудің маңызын атап өтті. Жасанды интеллект технологияларын «Электронды үкімет» платформасына енгізу саласында жұмысты ерекше жандандыру қажет. Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында ілгері жетістіктерді көрсетіп отыр. Біздің еліміз 193 мемлекет арасында 24-ші орында, сондай-ақ онлайн-қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшының қатарына кіреді. Мысалы, интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті. Сонымен қатар биометриялық сәйкестендіру және QR-қолтаңба қызметтері енгізілуде, бұл электронды қызметтерді алу үдерісін едәуір жеңілдетті. 2024 жылы QR-кодтардың көмегімен 8 млн-нан астам қол қойылды, ал Digital ID жүйесі арқылы 18 мл... |
| Толығырақ... Оқылды: 167 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.12.2024 |
Талдықорғанда Жетісу облысындағы алғашқы Үстел теннисі орталығы ашылды |
| Жетісу облысының спорт объектілерінің қатары тағы бір жаңа нысанмен толығып, бүгін Талдықорған қаласында жеке кәсіпкердің қаражатына салынған Үстел теннисі орталығы ашылды. Бұқаралық спорт нысанының салтанатты ашылуына облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ҚР Үстел теннисі федерациясының вице-президенті Елсияр Қанағатов, Атлантадағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Мәулен Мамыров, «Қазақстан барысы» тұңғыш турнирінің жеңімпазы Ұлан Рысқұл, спорт ардагерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Орталықтың ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Бейбіт Исабаев бұқаралық спортты дамытудағы атқарылған шараларға қысқаша тоқталып, қолданысқа беріліп отырған жаңа нысанның жастарды тәрбиелеуде үлес қосатынына сенім білдірді: - Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша», - деп атап өткен болатын. Осы орайд... |
| Толығырақ... Оқылды: 185 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.12.2024 |
