Жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алулар арқылы отандық өндірушілерді қолдау: Қазақстанның химия саласы үшін оң нәтижелер

Қазақстанда отандық өндірушілерді қолдаудың маңызды құралдарының бірі ретінде мемлекеттік сатып алулар жүйесі қалыптасқан. Бұл тәсіл химия өнеркәсібінде бірқатар оң нәтижелерге әкелді. Мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру кезінде қазақстандық компанияларға басымдық берілуі ішкі өндіріс көлемін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға және өндірістік қуаттарды жаңғыртуға мүмкіндік берді. Өнеркәсіп саласында іске асырылған заңнамалық бастамалардан басқа, химия саласына оң әсер еткен бірқатар нақты нормалар қабылданған. - мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнен алу нәтижесінде өткен жылы лак бояу материалдары, тұрмыстық химия және жағар майлар өндірісінің көлемі 30%-ға өсті. - Сонымен бірге субсидияланған тыңайтқыштарды елден заңсыз шығарылуын тоқтату үшін аммофос, селитра сияқты маңызды тыңайтқыштардың (ҚазАзот, Қазфосфат) экспорты лицензия беру арқылы реттелді. Бұл шара бағаны тұрақтандыруға және жергілікті фермерлерге тыңайтқыш жеткізуді арттыруға ықпал етті. Алғаш...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.05.2025

КҮН САНЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 94 552 ер педагог жұмыс істейді. Оның 14 055-і колледж, 77 787-сі мектептерде, 2 710-ы мектепке дейінгі ұйымдарда.
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.05.2025

Су ресурстары қатаң бақылауда: көлеңкелі нарықпен күрес алғашқы нәтижесін берді. 2025 жылдың басынан су заңнамасын бұзушылардан 2,9 млн теңге өндірілді

Жыл басынан бері су заңнамасын бұзған тұлғалардан жалпы сомасы 2,9 млн теңгеге 18 әкімшілік айыппұл өндірілді. Ал 2025 жылдың басынан бері суды заңсыз пайдалану фактілері бойынша жалпы сомасы 6,4 млн теңгеге 35 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 1,4 млн теңге сомасына 12 әкімшілік айыппұл салынды, ал құқық қорғау және мемлекеттік органдардан түскен материалдар бойынша 5 млн теңгеге 23 әкімшілік айыппұл салынды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары 2025 жылдың басынан бастап 13 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 8 заңбұзушылық анықталды. Бұл заңбұзушылықтарды жою үшін 7 ұйғарым берілді. 2024 жылы су заңнамасын бұзғандардан жалпы сомасы 44,5 млн теңге болатын 556 әкімшілік айыппұл өндірілгенін айта кетейік. Сондай-ақ бассейндік инспекциялар 439 тексеру жүргізіп, оның барысында 1855 заң бұзушылық анықталды. «Судың «көлеңкелі нарығымен» күресу мақсатында былтыр министрлік жанынан Су ресурстары...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.05.2025

2025 жылы 10 мың бизнес-бастамаға қолдау көрсетіледі

ҚР Ұлттық экономика министрлігі бизнестің жеңілдікпен қаржы алуын кеңейту үшін «Даму» қоры арқылы екі жаңа қолдау құралын іске қосты. Олар кез-келген ауқымдағы компанияға, мейлі ол кіші болсын, мейлі ірі болсын, кепіл жеткіліксіз болған күнде де қаржы алуға мүмкіндік береді. Бірінші қолдау құралы құны 7 млрд теңгеден басталатын ауқымды жобаға есептелген. Өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым мен экспортты қоса алғанда, экономиканың негізгі салаларын қамтиды. Мемлекет қарызға кепілдік бергендіктен, бұл банк үшін тәуекелді азайтады. Осылайша бизнестің несие алуы жеңілдейді. Екінші қолдау шағын және орта кәсіпорынға жасалады. Құны 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға тиесілі. Кәсіпкерлер қажетті қаржыны кепілсіз алады. Бүгінгі таңда бес банкпен келісімге қол қойылса, тағы екеуі жұмыс үстінде. Әріптестер тізімін кеңейту жұмысы жүріп жатыр. Бағдарламаның алғашқы нәтижесі де белгілі. Жалпы сомасы 3,3 млрд теңгеге 34 жоба қолдау тапқан. Кепілдік беру рәсімі жеңілдетіліп, екі жұ...
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.05.2025

Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 138 мыңнан астам тапсырыс берді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 138,1 мың рет көрсетілді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 207,2 мың рет көрсетілгенін естеріңізге саламыз. Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметін көрсету жылдамдығы мен сапасын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және т. б. мәселелер бар. Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған та...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.05.2025

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

Жезқазғанда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканы тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға әкімдік, ТЖД өкілдері, ардагерлер, қызмет қызметкерлері мен жұртшылық қатысты. Ұлытау облысы ТЖД бастығы полковник есен Байыров ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Ариновтың қолдауының арқасында қалаларда да, ауылдық аудандарда да жарақтандыру мен дайындықтың бірыңғай стандарттары қалыптасып жатқанын атап өтті: "Бұл біздің бөлімшелеріміздің — географиясына қарамастан — заманауи техникамен қамтамасыз етіліп, халықты қорғау бойынша өз міндеттерін тиімді орындауына қарай жасалған маңызды қадам". Қазіргі заманғы техника төтенше жағдайларға, әсіресе шалғайдағы елді мекендерде ден қою тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Салтанатты рәсім аясында ерекше көзге түскен қызметкерлерге ТЖМ басшысы, облыс әкімі мен мәслихатының атынан ТЖ салдарын жою кезіндегі кәсібилігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін Құрмет грамоталары ме...
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.05.2025

Астанада «Қазақ даласы – Жеңістің алтын бесігі» атты мерекелік концерт өтті

Бейбітшілік және келісім сарайында Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған концерт өтті. Іс-шараға тыл еңбеккерлері, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың ардагерлері мен әскери қызметшілері, сондай-ақ Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қарин, қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты. Белгілі қазақстандық мәдениет қайраткерлері, жетекші әртістер, оркестрлік, хор және би ұжымдары әскери қызметшілерге, Қарулы күштердің ардагерлеріне, әскери колледж бен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілеріне арнап паториоттық композициялар мен соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Эстрадалық-симфониялық оркестр мен фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі орындалды. Біріккен шығармашылық ұжым ұлы дала әуендері мен оркестрлік музыканың күшін біріктіре отырып, ұлы композитордың дүниетанымын шебер жеткізе білді. Жоңғар ша...
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.05.2025

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мен Венгрия Мемлекеті Парламентінің депутаты, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) баяндамашысы Жолт Немет мырзаның кездесуі өтті

Кездесу барысында тараптар адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету салаларындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Еуропа Кеңесі құрылымдары Қазақстан Республикасына жолдаған ұсынымдарды талқылауға, сондай-ақ оларды қолданыстағы және жоспарланған реформалар аясында іске асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Тараптар құқық қорғау стандарттарын ілгерілету және құқықтық институттарды нығайту мақсатында институционалдық диалог пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу достық және конструктивті атмосферада өтті. Қазақстан Еуропа Кеңесімен, соның ішінде ЕКПА желісі бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін білдіріп, адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерге адалдығынрастады.
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.05.2025

Қазақстан мұнай өңдеуді дамытудың ұзақмерзімді стратегиясын жүзеге асыруда

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі тұрақты өсіп келеді: 2020 жылы 15,8 млн тоннадан 2024 жылы 17,9 млн тоннаға дейін артты. Бұл өсім — Үкіметтің 2022–2023 жылдары жүзеге асырған мұнай өнімдерін өндіру жүйесін реформалаудың кешенді жоспарының нәтижесі. Реформа Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын, сондай-ақ мұнай өнімдерін тарату және айналым жүйесін қамтыды. Реформа аясында өндірістік процестерге толық аудит жүргізілді, бірыңғай техникалық қызмет көрсету жүйесі қалпына келтірілді, мұнай өңдеудің біріктірілген моделі енгізілді, тиімсіз делдалдар жойылды. Агроөнеркәсіп кешеніне жанар-жағармайдың басым жеткізілуі қамтамасыз етіліп, отынның мақсатты бөлінуіне бақылау күшейтілді, мұнай өнімдерін елден және ЕАЭО аумағынан тыс жерге шығаруға шектеулер қойылды. Сондай-ақ көтерме және бөлшек бағаларды реттеу шаралары қабылданды. Осы қадамдар 2024 жылы ішкі нарықты тұрақтандыруға мүмкіндік берді: дизель отынының қоры 268 мың тоннадан 612 мың тоннаға дейін екі есе артты...
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.05.2025

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде көктемгі егіс науқаны аяқталуға жақын

Ел өңірлерінде шамамен 2,1 млн гектар ауыл шаруашылығы алқаптары егілді. Көктемгі дала жұмыстары агротехникалық мерзімдерге сәйкес жүргізілуде. Егіс науқаны әсіресе еліміздің оңтүстік өңірлерінде қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Түркістан облысында – 449,2 мың га, Жамбыл облысында – 306 мың га, Жетісу облысында – 292,6 мың га, Алматы облысында – 187,9 мың га жерге егін егілді. Басқа өңірлерде де егіс жұмыстары басталды: Шығыс Қазақстан облысында – 156,3 мың га, Абай облысында – 138,8 мың га, Қостанай облысында – 85 мың га, Ақмола облысында – 74,8 мың га, Қызылорда облысында – 52,5 мың га, Павлодар облысында – 56,9 мың га, сондай-ақ басқа аймақтарда да егіс жүріп жатыр. Көктемгі дала жұмыстарына дайындық аясында келесі іс-шаралар атқарылды: 16,7 млн га жерде ылғал жабылды, 6,1 млн га алқапта себуге дейінгі өңдеу жүргізілді, 1,7 млн га жерде көктемгі жырту жұмыстары орындалды. Бүгінгі таңда 942,1 мың га жерге дәнді дақылдар...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.05.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.