Жаңалықтар
Швеция мен Қазақстан өнеркәсіптік әріптестікті нығайтуда: диалогтың өзегі инновациялар, инвестициялар және тұрақты даму |
Қазақстандық делегацияның Швеция Корольдігіне ресми сапары аясында Стокгольм қаласында «Инновациялар мен тұрақты дамуға жәрдемдесу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қазақстандық делегацияны Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков басқарды. Ол екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың оң динамикасын атап өтті және швед бизнесін өзара тиімді серіктестік пен тұрақты өсудің жаңа мүмкіндіктерін аша отырып, әртүрлі салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге шақырды. Дөңгелек үстел екі елдің Үкімет, бизнес және салалық қауымдастық өкілдерін біріктірді. Инновацияларды ынталандыру, өндірістерді оқшаулау және жасыл технологияларды қолдану бойынша бірлескен шаралар талқыланды. Делегация құрамына негізгі мемлекеттік және салалық құрылымдардың өкілдері кірді: ҚР СІМ Инвестициялар комитеті, «Qazaq Green» қауымдастығы, Қазақстан машина жасаушылар Одағы, «Kazakh Invest» ҰК АҚ, сондай-ақ машина жасау, энергетика және цифрлық технологиялар с... |
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.05.2025 |
Көксу ауданында тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді |
КөксуауданындаҰлыЖеңістің80жылдығынаорайтылеңбеккерлерінеерекшеқұрметкөрсетілді. “AMANAT”партиясыныңаудандықфилиалыұйымдастырғаншарааясындаардагерлерге“ҰлыОтансоғысындағыЖеңіске80жыл”аттымерекелікмедальтабысталды. Іс-шарабарысындатылардагерлерініңсоғысжылдарындағыеренеңбегіментөзімділігіерекшеаталыпөтті. Партияөкілдеріолардыңелүшінсіңіргенеңбегінмақтанышпенатап,ардагерлергеалғысбілдірді. Бұлмарапат–тарихалдындағыжауапкершіліктің,ұрпақтарсабақтастығыменбейбітөмірдіңбағасынтереңтүсінудіңкөрінісіретіндеқабылданды. |
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.05.2025 |
Талдықорған қаласындағы көшеге Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетовтің есімі берілді |
Бүгін Жетісу облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы көшеге Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы, тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтің атына көше беру салтанаты өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, Батырдың немересі Айжан Нұрмағамбетова, әскери қызметшілер, ардагерлер, қала жұртшылығы қатысты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Көше атауын беру туралы бастаманы алғашқы болып Талдықорған қалалық Қарулы Күштер Ардагерлер кеңесінің өкілдері көтерген болатын. Бұл бастама тиісті ономастикалық комиссия тарапынан қолдау тапты. Атап өтсек, облыс орталығының «Шығыс» шағын ауданында орналасқан, бұрын атауы болмаған бұл көшенің ұзындығы 1,7 шақырым. Және бұл – Талдықорғанда Халық қаһарманы атағына ие адамға беріліп отырған алғашқы көше. Мерекелік жиында алдымен көше атауы белгісі салтанатты түрде ашылды. Талдықорған әскери гарнизонының үрмелі аспаптар оркестрі Қазақстан Республикас... |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.05.2025 |
Қазақстан Нью-Йорктегі БҰҰ форумында Орнықты даму мақсаттары бойынша үшінші Ерікті ұлттық шолуды ұсынады |
2025 жылғы шілдеде Қазақстан 39 елдің қатарында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтетін орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі Саяси форумда үшінші Ерікті ұлттық шолуды таныстырады. Форум - түрлі ел БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Күн тәртібін іске асыру тәжірибесімен және жетістігімен бөлісетін басты халықаралық алаңның бірі. Шолу жұмысын Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен, бизнеспен және халықаралық әріптестермен бірлесіп жүргізуде. Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі процестің дайындық жоспарын бекітті. Шолудың жобасы БҰҰДБ мен Экономикалық зерттеулер институтының қолдауымен өткізілген өңірлік семинарларда талқыланды. Диалогқа барлық негізгі топтар, соның ішінде жастар өкілдері қатысты. Сонымен қатар, елімізде Орнықты даму мақсаттарын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграциялау жалғасуда. 2024 жылғы қазанда Ұлттық индикаторлардың жаңартылған тізбесі бекітіліп, 200 көрсеткіштің 69-ы басым бағыт ретінде белгіленді. Бүгінгі т... |
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.05.2025 |
Әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары қалпына келу үшін eGov.kz порталы арқылы онлайн өтінім бере алады |
Әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары оқу орнына қайта түсу үшін үйден шықпай-ақ өтініш бере алады. Ол үшін eGov.kz порталы арқылы өтінім беру жеткілікті. Қызмет тегін көрсетіліп, кемінде бір семестр оқуды аяқтағандарға қолжетімді болады. Өтінімді қарау мерзімі 20 жұмыс күнді құрайды. Егер оң шешім қабылданса, нәтиже пайдаланушының жеке кабинетіне электрондық форматта жіберіледі. Егер қалпына келтіру мүмкін болмаса, студент те дәлелді бас тарту хатын алады. |
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.05.2025 |
Жаңа астық экспорты 7,6 млн тоннаға жетті |
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы сәуірге дейінгі аралықта жаңа астық өнімі экспорты 7,6 млн тоннаны құрады. Бұл – өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 58%-ға артық (4,8 млн тонна). Экспорт көлемінің артуы қазақстандық астыққа сыртқы нарықтағы жоғары сұранысты, сондай-ақ жеткізу географиясының кеңейіп, логистикалық бағыттардың тиімді жетілдіріліп жатқанын көрсетеді. Экспорттың негізгі бағыттары және өсім қарқыны: Өзбекстан – 2,7 млн тонна (+29,7%, 2023 жылғы 2 млн тоннамен салыстырғанда); Тәжікстан – 1,1 млн тонна (+51%, 726 мың тоннамен салыстырғанда); Ауғанстан – 270 мың тонна (+34%, 202 мың тоннамен салыстырғанда); Қырғызстан – 181 мың тонна (екі есе артты); Иран – 889 мың тонна (2023 жылғы 54 мың тоннамен салыстырғанда 16,4 есе өсті); Әзербайжан – 569 мың тонна (5 мың тоннадан 113,8 есе өсті). ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін дамыту және қолдау... |
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.05.2025 |
Қарағанды облысының тұрғындары «Жеңіс жолы» республикалық онлайн-акциясын белсенді қолдауда |
Бүгін Қарағанды облысының тұрғындары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс жолы» республикалық онлайн-акциясына белсене қатысуда. Акцияға жастар, ардагерлер мен өңірдің тұрғындары белсенді қосылуда. Қатысушылар әлеуметтік желілерде еліміздің қаһармандық өткеніне байланысты маңызды нысандар - ескерткіштер, мемориалдар, мұражайлар сияқты естелік орындардан фотосуреттер мен бейнематериалдарды жариялап жатыр. Облыстағы акцияның бастамасын Саран қаласының ардагерлері көтеріп, тарихи жадты ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті. Акцияға алғашқылардың бірі болып қатысқан Саран қаласының тұрғыны Марина Александровна Гофман Жеңістің 40 жылдығына орнатылған Стеланың артында орналасқан Мемориалдық қабырға туралы әңгімелеп, бұл мемориал соғыс жылдары Отан алдындағы борышын өтеген сарандық ардагерлер мен алғашқы құрылысшылардың құрметіне арналғанын атап өтті. Қабырғада Саран қаласында тұрған 1619 Ұлы Отан соғысына қатысушының есімі ойылып жазылғ... |
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.05.2025 |
Ақмола облысында ірі мал шаруашылығы жобалары іске асырылуда |
Ақмола облысында агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі жобалар белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі — Торғай ауылдық округінде мал шаруашылығы кластерін құру. «Ерейментау-Астық» ЖШС 10 мың бас қойға арналған бордақылау және өсіру фермасының құрылысын бастады. Компаниялар тобының бас директор орынбасары Қоныспек Нұрғазиннің айтуынша, жоба аясында бордақылау алаңына арналған базаны салу және қайта жаңарту, серуен алаңдарын, қоршаулар мен астық қоймаларын, сондай-ақ мал азығын өндіретін цех тұрғызу көзделген. Сонымен қатар, тракторлар, азық таратқыштар мен жем өндіруге арналған құрал-жабдықтарды сатып алу жоспарланған. «Біз экспорттық бағытты белсенді түрде дамытып жатырмыз. Жыл басынан бері қазақстандық өнімдерді Катарға жеткізуді бастадық. Қазақстандық ет араб елдерінде жоғары сұранысқа ие және өз бренді ретінде танылған. Біз ірі көлемдегі жеткізілімдерге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуға дайынбыз. Қазіргі таңда БАӘ-де аккредитациядан өту жұ... |
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.05.2025 |
Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам |
Экспорттық әлеуетті кеңейту және қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету мақсатында Азиядағы ең ірі B2C алаңдарының бірі саналатын Қытайдың JD.com платформасында Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда ұлттық павильонда азық-түлік, косметика, бал және басқа да сұранысқа ие тауар санаттарын қоса алғанда, 15 қазақстандық тауар өндірушінің 44 өнім түрі ұсынылған. Павильон іске қосылған сәттен бастап сатылған өнімнің жалпы көлемі 2,4 млн юаньды құрады, оның 1,18 млн юаньнан астамы — 2024 жылға тиесілі. Қазақстандық өнімдер онлайн сату алаңынан бөлек, Қытайдағы офлайн-көрмелерде және B2B-презентацияларда тұрақты түрде ұсынылады. Бұл сауда байланыстарын нығайтуға, брендтердің танымалдылығын арттыруға және экспорттық географияны кеңейтуге ықпал етеді. Негізгі бағыттардың бірі - ҚХР нарығында тез танымал болып келе жатқан электрондық сауданың жаңа форматы — стриминг-сатуды дамыту. Мәселен, өткен жы... |
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.05.2025 |
Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан 100% толды |
Қазіргі таңда Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында шамамен 18,5 млрд текше метр су жиналды. Былтыр су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толған болатын. Су қоймасының толуы облыстағы Ақдала және Шеңгелді суармалы алқаптарын сумен толықтай қамтуға мүмкіндік береді. Қапшағай су қоймасы Іле өзенінің су ағынын реттеп отырады. Жыл басынан бері су қоймасынан Балқаш көліне 3,8 млрд текше метр су жіберілді. Ал былтыр осы кезеңде бұл көлем 2,9 млрд текше метр болған еді. Судың мол берілуінің арқасында бір жылдың ішінде Балқаш көлінің деңгейі 12 сантиметрге көтеріліп, Балтық жүйесі бойынша 341,52 метрден 341,64 метрге жетті. Ал көлдегі су көлемі 2 млрд текше метрге ұлғайды. «Су ресурстары және ирригация министрлігі трансшекаралық өзендерге, соның ішінде Іле өзеніне қатысты мәселелер бойынша қытайлық әріптестерімен тұрақты байланыста. Бірлескен жұмыстың арқасында қатарынан екінші жыл бойы Алматы облысының диқандары суармалы сумен толық қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен... |
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.05.2025 |