Жаңалықтар

Алматы облысы бойынша ХҚО-ры және мамандандырылған ХҚО - ры алдын ала брон бойынша қабылдайды

Алматы облысы бойынша Енбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай , Қаратал, Көксу, Талгар аудандарының және Қапшағай, Талдыкорган қаласының ХҚО-ры және мамандандырылған ХҚО - ры алдын ала брон бойынша қабылдайды Карантин шараларының күшейтілуіне байланысты Алматы облысының ХҚО-лары азаматтарды тек алдын ала бронмен қабылдайды. Бұдан бұрын клиенттерді брон арқылы Алматы қаласының ХҚО-лары қабылдай бастаған болатын. Бас санитар дәрігердің қаулысы – клиенттеріміз бен қызметкерлерімізді вирустан қорғауға мүмкіндік беретін мәжбүрлі шара. Бұл шешімге қазақстандықтар түсіністікпен қарайды деп ойлаймыз және ерекше қажеттілік болмаса, азаматтарды ХҚО-ға бармауды сұраймыз. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамын eGov.kz және eGov mobile мобильдік қосымшасында онлайн алуға болатынын еске саламыз. Жақындарыңыз бен өзіңізге сақ болыңыз! Кезекті бірнеше минут ішінде egov.kz порталы, egov mobile қосымшасы, egovkzbot2.0 (@kenes1414bot) телеграм-боты, сондай-ақ 1414 байланыс орта...
Толығырақ... Оқылды: 1620 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2021

Алматы облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті тексеріс жүргізді

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен "Алматы облыстық №1 балалар үйі" КММ-де 01.01.2018 жылдан бастап 31.08.2020 жылдар аралығындағы кезеңде балалар үйі түлектерінің банктік шоттарынан ақшалай қаражатты алудың заңдылығы сондай-ақ, жетім балалардың шоттарында ақшалай қаражаттың толық болуы мәселесі бойынша сәйкестік аудиті жүргізілді. Жүргізілген аудит барысында мекеме атынан директор (кәмелетке толмаған жетім балалар мен балалардың қамқоршысы мен қорғаншысы) әлеуметтік қызметкерге 24.07.2018 ж, 21.06.2019 ж, 03.08.2020 ж. мерзімінде "Қазақстан Халық Банкі" АҚ және "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" Акционерлік Қоғамына тәрбиеленушілердің мүдделерін білдіру, сондай-ақ ақшалай қаражаттың түсуін бақылауға, карточкалық базада депозиттік шоттар мен ағымдағы шоттар ашуға, пластикалық карточкалар мен оларға ПИН конверттерді алу құқығымен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта (ЗТМО) ақша алу және тағы басқадай қызметт...
Толығырақ... Оқылды: 1584 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2021

Алматы облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті заңбұзушылықтарды анықтады

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен түскен өтініштің негізінде Ақсу ауданының "Айжулдыз балабақшасы" МКҚК сәйкестік аудиті жүргізілді. Аудит нәтижелері бойынша 28549,6 мың теңге сомасында заңбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық -8308,1 мың теңге болса; рәсімдік заңбұзушылық бойынша -20241,5 мың теңге, атап айтқанда: - қызметкерлердің шоттарына 541,8 мың теңге сомасына жалақыны негізсіз аудару анықталды; - 6433,8 мың теңге сомасында пандус және көше жарығын орнату бойынша орындалмаған жұмыс көлемі расталып, 1332,5 мың теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептелінді; Аудит барысында 8308,1 мың теңге мөлшеріндегі барлық сома тиісті бюджет кірісіне өтелді. Сонымен қатар, аудит жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңбұзушылықтар анықталды, негізсіз бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы 20241,5 мың теңге сомасына айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік сатып алу жүргізілген, атап ай...
Толығырақ... Оқылды: 1549 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2021

Зайырлы мемелекет және дін

Қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтардың үшіншісі – зайырлы қоғам мен жоғары руханият. (Н.Ә. Назарбаев) Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы, 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары»-делінген. Мемлекетіміздің басты қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары болғандықтан азаматтарымыздың өзі қалаған дінге сенуі конституциялық құқықтарының қатарынан табылады. Ата заңымызға сәйкес азаматтарымызды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты, сондай-ақ басқа да жағдаяттар бойынша кемсiтуге тыйым салынған. Ата Заңымыздағы осы айтылған қағидалар мемлекетіміздің зайырлы сипатта екендігінің басты нышандары....
Толығырақ... Оқылды: 1710 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 30.03.2021

Сөздік қорды қалай байытуға болады?

Сөздік қорды байыту және көпшілік алдында еркін сөйлеу үшін кітап оқыған пайдалы. Бұған қоса қосымша көмегі тиер әдістерді де қолданған жөн. Тіл байлығын дамытып, сөз қорын байытудың ең дұрыс жолы – кітап оқу. Бұл орайда көрінген кітап емес, қазақ әдебиетінің классикалық шығармаларын көбірек оқуға кеңес берер едім. Жай судыратып оқып шықпай, әр сөзін ұғынуға тырысқан жөн. Түсінбеген сөздер болса, ​түсіндірме сөздіктердің көмегіне жүгінсеңіз болады, - дейді маман. Жаңа сөзді немесе сөз тіркесін есте сақтаудың түрлі әдістері бар. Біреу кітап оқығанда ұнаған тұстарын түрлі түсті қаламмен сызып кетсе, енді біреулер арнайы қойын дәптеріне жазып алып жүреді. Журналист Анар Мыңбаева да кейінгі айтқан әдісті қолдануды құп көреді. Ұнаған сөз тіркестерін, әдемі цитаталарды жазып отыратын арнайы дәптер арнаңыз да, соған түртіп алып жүріңіз. Бірақ жаңа сөздер сол дәптер беттерінде қалып қоймауы тиіс. Оқыған кітаптарымыз – пассив сөз қорына қосылады. Санамызда жатталып, белсенд...
Толығырақ... Оқылды: 1607 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 30.03.2021

Жер сатылмайтын болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылық жерлерді сатуға және жалға беруге заң түрінде тыйым салуды тапсырған болатын. Тоқаев бұл мәлімдемені жер сатуға қойылған мораторий мерзімі аяқталар тұста, қоғамда жер сатпау туралы мәселе жиі көтеріліп жатқан кезде жасады. Ол: - Жер мәселесі маңызды. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды. Бұған қатысты қауесеттерді тоқтату керек. Сондықтан мен нақты мынадай шешім қабылдадым, біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты шешім. Мен мұны жедел түрде жүзеге асыру қажет деп шештім. Президент әкімшілігі бұл мәселеге қатысты қажетті заң жобасын әзірлеуі керек. Екіншіден, бір ай ішінде жер реформасы жөніндегі комиссия құрып, 25 наурызда жұмысқа кірісуді тапсырамын, - деді Тоқаев 25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында. Қасым-Жомарт Тоқаев көпті толғандырып, жүрген ө...
Толығырақ... Оқылды: 1511 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 30.03.2021

Қызылтоған тарихы

Ауыл – ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі ата мекені.Ананың әлдиі, аяулы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы. Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін, туған ауылдың тарихын білу қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәнгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ұлттық болмысын сақтай алады деп ойлаймын. Алатаудың мұз балақ ақыны Мұқағали Мақатаев: Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы, Бұдан артық рахат табылмайды, – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосқан болатын. Міне осындай туған жерге деген ыстық ықыласымыз ауылымыздың тарихы жайлы қалам тербеуге шабыт берді. Жалпы Қызылтоған ауылы атауының шығу тарихына қатысты айтып өтейін. 1926 жылы советтендіруге байланысты қыстау-қыстаудағы ха...
Толығырақ... Оқылды: 1664 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 30.03.2021

Ел болам десең, бесігіңді түзе

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық! – деп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» атты өлеңінде айтылғандай, қай заманда болмасын халқымыз жастардың болашағына аса үлкен мән берген. Текті ұрпақ, саналы жастар барда, еліміздің іргетасы берік әрі мықты боларына сенген. Тарихтың алтын парақтарына үңілсек, талай қиындықтың артта қалғанын көреміз. Мал соңында өткен көшпенділік пен үш жүз жылға созылған патша отаршылығы ұлт болып қалыптасуымызға қауіп тудырғаны жасырын емес. Соған қарамастан халқымыз ұрпақ тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған. Атейстік ұғым асқақтап тұрған Кеңес Одағының тұсында баласының тәртіпті де тәрбиелі болғанын қалаған ата-аналар ұрпағын оқытуға ұмтылды. Ақсақалды қариялардың ақыл-кеңесін тыңдап, тағылымды тіршілігінен тәлім алған жандар сол кезеңдегі ұлттық тәрбиенің терең болғанын айтады. Халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінен қаз...
Толығырақ... Оқылды: 1646 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 30.03.2021

Орман ел дәулеті, жер сәулеті

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жанын ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі үшін еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» -деп Тұңғыш президентіміз Н. Ә Назарбаев айтқандай, рухани жаңғырудың бір бөлімі «Туған жер» бағдарламасына арналған. Әрбір азамат өз туған жерін, өскен ортасын бірінші орынға қоюы керек. Шама шарқынша өз туған ауылының көркейіп, гүлденуіне ат салысу керектігін және Рухани жаңғыру мақаласын қолдай отырып Жарлыөзек ауылдық округінде ағаш отырғызу акциясы аясында 26 наурыз күні «Орман ел дәулеті, жер сәулеті» атты тақырыбында өтті. Мұқаншы ауылыдағы өзен бойына көптеген жеміс ағаштары мен басқа да ағаш түптері отырғызылды. Игі іс- шара ауыл жастары мен тұрғындарының қатысуымен өтті. Шара барысында 1000 түп ағаш отырғызылды. Жарлыөзек ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы А.Максимова
Толығырақ... Оқылды: 1553 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.03.2021

Толығырақ... Оқылды: 1552 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.03.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.