Жаңалықтар
Дәріхананың афишасы |
Дәрі дәрмек бағаларының көтерілуін болдырмау, сондай-ақ халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірдің дәріханаларында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шекті бөлшек сауда бағаларын көрсете отырып, афишаларды орналастыруды ұйымдастырады. Бұл жұмыс біздің облыста өткен аптада басталды. Афишаларда ең көп сұранысқа ие 5 дәрі-дәрмек көрсетілген, сондай-ақ денсаулық сақтау Министрі бекіткен дәрі-дәрмектердің жаңартылған толық тізбесіне сілтеме жасай отырып, QR-код орналастырылған. Бүгінгі күні бұл тәжірибе халық үшін пайдаланудың ыңғайлылығына байланысты өзінің оң әсерін көрсеткенін айта кету керек. |
Толығырақ... Оқылды: 163 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.08.2020 |
Qoldau-24/7 - МӘМС жүйесіндегі сіздің көмекшіңіз |
Медициналық сақтандыру және пациенттердің құқықтары туралы өтініштер тәулік бойы қабылданады. Азаматтардың барлық өтініштері өңделіп, тіркеу нөмірін көрсетумен өтініштер тізіміне енгізіледі. Одан әрі, қажет болған жағдайда өтініштер белгіленген уақытында шешім қабылдау үшін сараптамаға жіберіледі. Содан кейін өтініш берушінің қосымшасындағы аккаунтына жауап беріледі. ⠀ Qoldau-24/7 әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мобильді қосымшасын Android смартфондарына арналған PlayMarket және Apple смартфондарына арналған AppStore арқылы жүктеуге болады. Айта кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры тұрақты негізде мониторинг жүргізеді халықтан келіп түсетін өтініштердің, апта сайын қарастырылады, топ мәселелер қарауына шығарылады. Байланыс орталықтары тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл дегеніміз, пайдаланушы кеңес алуға болады кез келген ыңғайлы уақытта. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы |
Толығырақ... Оқылды: 154 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.08.2020 |
"Жетісу АРТ"жобасы іске асуда |
Ағымдағы жылдың 4-30 тамыз аралығында Талдықорған қаласында Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында және Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп "Жетісу АРТ"жобасы іске асырылады. Жетісу астанасында "қазіргі заманның батырлары"тақырыбында тұрғын үйлердің қабырғаларына суреттер салынатын болады. Заманауи Граффити өнері Covid-19-ға қарсы күрескесіп жүрген бүгінгі күннің батырлары, дәрігерлер, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын және Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуге арналады. Жоба бойынша жас және креативті суретші Еркеғали Иманғали, сондай-ақ Жазира Жұмабаева мен Жадыра Отарбекова сынды шығармашылық топ жұмыс істеуде. Олар І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін дизайнер мамандығы бойынша тәмамдаған. |
Толығырақ... Оқылды: 154 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.08.2020 |
«Еңбек» 2017-2020 мемлекеттік бағдарламасы |
Халықтың жұмыссыз тобын еңбекке тарту үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама жүзеге асуда. Ол 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы. Аталған бағдарламасының мақсаты - халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. «Мемлекеттік бағдарлама еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлайды. Нарықта сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастырады. Шағын несие беріп, халықтың жеке кәсібін ашуына ықпал етеді»,- дейді Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұратқызы. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы төрт бағыт бойынша іске асырылады. 1. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету; 2. Жаппай кәсіпке... |
Толығырақ... Оқылды: 170 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.08.2020 |
Індет кезінде дұрыс тамақтану аса маңызды |
Карантин өз нәтижесін беріп, елімізде коронавирус қарқыны бәсеңдеді. Алайда, біз бұл індетті толығымен ауыздықтаған жоқпыз. Коронавирус пен пневмониядан өлім-жітім қатты төмендей қоймады. Бұл індетпен күрес оңай болайын деп тұрған жоқ, бірақ, бастысы біз дұрыс бағыттамыз. Жақсылыққа сене білу керек, халқымыз «Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді. Жақсы ой болмаса, сенім болмаса қиындықты еңсеруіміз екіталай. Осы эпидемия бастау алғаннан бері біздің халық бір-біріне қамқорлық жасап, қолдау білдірді. Біздің азаматтарымыз бен азаматшаларымыздың бір-біріне деген жанашырлығы, бауырластық танытуы, тілектес болуы, бір-біріне тірек, медет болуы, бір жұдырықтай жұмылуы - міне, елімізде коронавирустың бәсеңдеуінің ең негізгі себебі осы. Бұл халықтың үлесі. Халық қолдан келгеннің бәрін жасады, өз күшімен барлық амалдарды қарастырды. Халқымның ерлігіне, бауырмалдығына тәнтімін. Еліміз бұрын-соңды болмаған күрделі ахуалмен бетпе-бет келіп отыр. Үкімет тарапынан да қажетті көмек көрсетіліп,... |
Толығырақ... Оқылды: 242 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 06.08.2020 |
Үздік кәсіпкерге дауыс бер! |
Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне кандидаттарды сайлау басталды. Әуелі өңірлік кеңестің атқаратын міндеті мен мақсаттарына тоқталып өтсек. Өңірлік кеңес аймақтағы палатаның бақылаушы органы болып табылады және бизнес субъектілерінен , делегаттардан сонымен қатар, қауымдастық өкілдерінен құралады. Кеңестің мақсаты – экономиканың маңызды секторы кәсіпкерлікті өсіру, өркендету және нығайту. Өңірлік кеңес палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі. Өңірлік кеңеске мүше болғысы келетін үміткер келесі талаптарға сай болуы керек: · Қазақстан Республикасының азаматы болу; · Өңірдің әлеуметтік-қоғамдық қызметінде белсенді қатысушы болу; · Кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу; · Аймақта көпке танымал болу; · Кәсіпкерлер арасында жән... |
Толығырақ... Оқылды: 219 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.08.2020 |
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР |
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша қолдау шараларын көрсету тәртібін бекіту туралы Ағымдағы жылғы 3 тамыздан бастап қатаң шектеу карантиндік шараларының ұзартылуына байланысты ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) қызметі шектеулі, тыйым салынған немесе карантиндік шараларды енгізу нәтижесінде тоқтатылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ШОК) қолдаудың қосымша шараларын бекітті. ШОК субъектілері үшін банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша 2020 жылғы 3 тамыздан 1 қазанға дейін 60 күнге кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. ШОК субъектілерінің банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін беру үшін кредиттік ұйым шешімді қарыз алушының өтініші негізінде және қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды беруін талап етпей қабылдайды. Кредиттік ұйымдардың қарыз алушылардың өтіні... |
Толығырақ... Оқылды: 171 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.08.2020 |
Алматы облысында аурудың өсу қарқыны 1.1% құрайды |
Коронавирус инфекциясы тарағаннан бастап бірқатар салалардың жұмысы тоқтады. Оған себеп, аталған кеселмен күресте қабылданған шаралар болып отыр. Баршаға белгілі Алматы облысы бойынша карантиндік шаралар күшейтілген болатын. Оның нәтижесі де жаман емес. Бүгінгі күні Алматы облысында 44512 расталған COVID-19 жағдайы тіркелген. Соңғы аптада аурудың өсу қарқыны 1.1% құрады. Дегенмен қойылған қатаң талаптар мен шығарылған қаулыға қарамастан, тұрғындар карантин режимін бұзып әкімшілік құқықтың 425-бабын бұзған. 3-ші тамыз күні қабылданған №23-ші қаулыға сәйкес: -Қоғамдық тамақтану нысандары мейрамхана, дәмханалар, банкет залдары, донер, бар сондай-ақ ашық ауадағы жазғы алаңдардың жұмыстары; - Облыс аудандары мен қалалары арасында, сондай-ақ облыс аумағынан тыс жолаушыларды автотасымалдауды жүзеге асыратын автовокзал жұмысы және елді мекендер ішіндегі қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылды. - Жабық азық-түлік және барлық азық-түлікті емес ашық және жабық базарлардың жұмысы да шегері... |
Толығырақ... Оқылды: 162 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.08.2020 |
Бүгінгі танда Алматы облысы бойынша респираторлық ауру белгілері бар, Сovid-19, пневмониямен ауыратын немесе күдікті пациенттерге үйде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін 391 мобильді бригада белсенді жұмыс істейді. |
Жедел медициналық қызметке түсетін үлкен жүктемеге байланысты COVID-19 және пневмония белгілері бар пациенттерді бақылау үшін, сондай-ақ медициналық көмектің барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін және асқынулардың алдын алу үшін стационарда емделіп шыққан пациенттерді бақылау үшін шілде айында 391 мобильді бригадалар (фельдшерлік немесе дәрігерлік) құрылды. Бұдан басқа да, мобильді бригадалар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйде қызмет көрсетеді. Мобильді бригадалардың жұмысын Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы жергілікті аймақтарда ұйымдастырды, қаржыландыруды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады. Бригадалардың саны - бес мың адамға бір мобильді бригада есебінен анықталады. Халыққа мобильді бригадалардың қызметі тегін көрсетіледі. Мобильді бригаданың құрамына дәрігер және медбике, қажет болған жағдайда бейінді маман кіреді. Мобильді бригадалар халыққа мынадай қызметтер көрсетеді: пациентті алғашқы тексеру, ауырлық дәрежесін бағалау; COVID-19... |
Толығырақ... Оқылды: 164 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.08.2020 |
Тұрғын үй көмегін тағайындау |
Эльмира НАО: Құрметті оқырман, бүгінгі #oqy&toqy айдарын «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметіне арнамақпыз. |
Толығырақ... Оқылды: 155 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.08.2020 |