Жаңалықтар
Алматы облысында COVID – 19 індетінен көз жұмғандар жоқ |
Алматы облысында 179 адам коронавирус инфекциясынан айықты. Бұл туралы«JETISÝ MEDIA»ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Аты жаман ауруға шалдыққандар саны облыс бойынша 288 адамды құрап отыр. Жұқпалы аурулар ауруханасында 97 адам ем-дом қабылдауда. Олардың 13-і үйдегі карантинге жабылған. «Өңірдегі індет жұқтырғандар санының өсуі халықтың карантиндік сақтық шараларын сақтамауымен тығыз байланысты»,- дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ. Облыста аталған кеселді анықтайтын 6 бірдей зертхана жұмыс жасайды. Тәулігіне 2,5 мың адамнан сынама алынады. Жақын арада 7-ші «Олимп» талдау мекемесі өз жұмысын бастайды. Аталмыш, зертхана іске қосылса онда тәулігіне алынатын талдаудың саны 3 мыңға жетеді деп күтілуде. Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына шалдыққандағы өсу көрсеткіші4,6%-дықұрап отыр. Ал, аталған көрсеткіш7%-ға жеткен уақыттаоблыс орталығын карантинге жабу қауіпі туындайды.... |
Толығырақ... Оқылды: 201 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.05.2020 |
Алматы облысының аудан, қала әкімдерінің баспасөз хатшылары 20 отбасыға көмек көрсетті. |
Баспасөз хатшылары жинаған қаражаттарына Еңбекшіқазақ ауданының көп балалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік азық-түлік пакетін таратты. Қазіргі қиын қыстау кезінде біздің ұжым азда болсын жинаған 213 мың теңгеге 20 жанұяны қуанттық. Кәсіпкерлер, қайрымды жандар ел бойынша көптеген жанұяларға көмек көрсетіп жатыр. Бізде өзіміздің қолымыздан келгенді жасауға тырыстық,- дейді Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Динара Төлемісова. Айта кету керек, төтенше жағдай кезінде аудан бойынша 56 млннан астам сомада 6607 отбасыға әлеуметтік азық-түлік пакеті таратылған. |
Толығырақ... Оқылды: 193 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.05.2020 |
Телеграм-ботта ХҚО-ға кезек брондау мүмкіндігі пайда болды |
Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін ХҚО-ға кезекті брондау әдістерінің түрі көбейтілді. Енді қызмет алушылар ХҚО-ға кезекті тек egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығы арқылы ғана емес, сондай-ақ eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен де брондай алады. Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильді азаматтар базасына egov.kz электронды үкімет порталындағы виртуалды ассистенттің көмегімен тіркелуге болады. Сонымен, ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады. Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms келеді. ХҚО-ға келген кезде осы sms-хабарламаны көрсету арқылы кезекті алдын ала брондағаныңызды растай... |
Толығырақ... Оқылды: 212 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2020 |
Алматы облысында аудиторлық құқық бұзған 219 лауазымды тұлға анықталды |
2020 жылдың 1 тоқсанында Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 27 жоспардан тыс және 6 жоспарға сәйкес, барлығы 33 аудиторлық іс-шара өткізген. Жоспардан тыс аудиторлық іс-шараларды өткізуге комитеттің тапсырмалары мен құқық қорғау органдарының хаттары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негіз болды дейді Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қанат Орманов. Жүргізілген аудиторлық тексерулердің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 14 032 927,7 мың теңгені құрап отыр. Оның ішінде; - қаржылық бұзушылықтар 9 323 962,9 мың.теңге; - рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 4 708 964,7 мың.теңге. Ал, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын бұзу бойынша 4 390 687,9 мың теңге залал келтірілген. Бюджетке кері қайтарылуы қажет 9 323 962,9 мың теңгенің, 9 185 457,5 мың. теңгесі немесе 98,5 пайызыбюджеткеөндірілді. Департаментпен 219 лауазымды тұлға 12996,6 мың сомаға әкімшілі... |
Толығырақ... Оқылды: 233 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2020 |
Алматы облысында тағы бір ПТР зертхана ашылады |
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жұқпалы індет белгісін анықтайтын арнайы орталық іске қосылмақшы. ПТР зертхана Есік қаласынан, ауданаралық көпсалалы аурухана жанынан ашылады. Жалпы, ПТР зертханасы, нақтырақ айтқанда полимерлі тізбекті реакция талдауы адам бойында коронавирус инфекциясының белгісі бар-жоғын жылдам әрі нақты анықтайтын әдіс екен. Яғни, зертхана жұмысы молекулярлы биология тәсілімен жүріп, ферменттердің көмегімен жұқпалы індеттің ізін ерте тауып, емдеуге мүмкіндік береді. Ал Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының Еңбекшіқазақ ауданын таңдап, ПТР зертханасын ашуға қолдау көрсетіуінің өзіндік себебі бар екен. Әуелі, Есіктегі клиника аймақтағы ең ірі медициналық мекеме қатарында. Бұл аймақтағы адамдарға қызмет көрсетудің ауқымын арттыруға мейлінше мүмкіндік бермек. Және қазірге дейін аудандық аурухана дәрігерлері жұқпалы індет жұқтырған науқастарды қабылдап, ем-дом жасаумен айналысып жатыр әрі бұл қызметі сапалы көрсетуде. Екіншіден, аудандық... |
Толығырақ... Оқылды: 190 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.05.2020 |
Қашықтан оқыту: Департамент белсенді жұмыс жүргізуде |
Наурыз айы биылғы жылы біздің елімізге елеулі өзгерістер алып келгені хақ. Қазақстан халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тарихтың өзі кепіл болған бірліктің аясында барлық саланы жұмыла көтеруге атсалысты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім саласында бірқатар трансформациялық әдістерді қолданып, жедел шешім қабылдау әрекеттерімен қатар табандылық таныта алды. Баяндаудың бағыты - еліміздегі кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің пандемия кезіндегі ахуалы. Коронавирустық инфекция пандемиясы әлем деңгейіндегі білім жүйесіне әсерін тигізді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен көктемнің алғашқы айының 16 күнінен бастап кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері қашықтық оқыту жүйесіне көшті. Аталмыш білім беру мекемелерінің әкімшілігі мен педагогтері қашықтық оқытудың өзекті мәселелерін және оңтайлы тұстарын қатар сезінді. Алматы облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері ағым... |
Толығырақ... Оқылды: 271 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.05.2020 |
ӘМСҚ кімдер ПТР-тестерді тегін өтетіндігін айтты |
Бұл мақсатта бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. Бір тест бағасы шамамен 11,5 мың теңгені құрайды. КВИ бойынша ПТР-зерттеулер жүргізуге республикалық бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. «Бұл ретте 1,7 млрд теңге стационарларға, 3,7 млрд теңге консультациялық – диагностикалық қызметтер көрсететін емханаларға бағытталады. Осы медициналық ұйымдарда емделушілер ПТР-тесттен тегін өтеді», - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі». Өңірлер үшін тестілердің қажетті санын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын болады. Қазіргі уақытта COVID-19-ға зерттеу жүргізетін 600-ден астам медициналық ұйымдармен келісім-шарттар жасалды. ӘМСҚ-ның сәуірде осы мақсатта медициналық ұйымдарға алғашқы транш жібергенін айтып өтеміз. Қорда азаматтардың қай санаттары тегін тест тапсыра алатындығы айтылды: - COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандар; - ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар; - КВИ... |
Толығырақ... Оқылды: 231 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.05.2020 |
ПАЙҒАМБАР ЕМІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ? |
Басымыз ауырып, балтырымыз сыздағанда бірінші кезекте ақ халатты абзал жандарға арқа сүйейміз. Шынтуайтына келгенде, батыс медицинасының миымызды улап алғаны соншалықты, дәрігердің жазып берген қорап-қорап дәрілерін алып, санамызда «бітті,жазылдым» деген ой қалыптастырамыз. Алайда, ауруды жіберген Алланың шипасын да беретініне сенетіндер де бар. Соңғы кездері Пайғамбар медицинасына, яғни қазіргі тілмен айтқанда хиджама – арам қан алдыру арқылы денсаулығын қалыпқа келтірген аз емес. Осы тұрғыда, медицинаның бұл түрі қаншалықты пайдалы, 99 аурудың емі арам қанда тұр ма? Хиджама – қан алдыру арқылы ағзаны түрлі аурулардан емдейтін емнің ежелден келе жатқан бір түрі. Бұл емнің негізінде ағзаны арам қаннан тазартып, соның арқасында қан айналым жүйесін қалыпқа келтіру жатыр. Қазіргі таңда адам ағзасының құрамы дәрі-дәрмектердегі химиялық заттарға тәуелді. Ағзаны тазарту үшін артық қан алдыру керек. Өйткені, хиджама процедурасы қан айналымын жақсартады. Аталмыш... |
Толығырақ... Оқылды: 586 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.05.2020 |
Алматы облысының кейбір аудандарында карантин режимі күшейтілді |
Эпидемиологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты Кеген, Талғар аудандарында, сондай-ақ Талдықорған қаласында карантин режимі күшейтілді. Бұл туралы "Jetisy media" ақпараттық алаңында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ хабарлады. Оның айтуынша, індет жұқтырудың жаңа жағдайларының тіркелуі осы өңірлерде анықталған. Осыған сәйкес, сақтық шаралары қайтадан күшейтіліп отыр. "Бүгінгі таңда Алматы облысында коронавирус ауруымен ауырғандар саны 212-ге жетті. Оның ішінде 73 пациент стационарлық емделуде. Науқастармен 2254 адам байланыста болғаны анықталды, олардың барлығы медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекция бойынша белсенді 3 ошағы бар. Бұл Талғар, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласы. Демек, карантиндік шаралар күшейтіледі", – деп атап өтті Бауыржан Ысқақ. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, Алматы облысында карантинді кезең-кезеңмен жең... |
Толығырақ... Оқылды: 208 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.05.2020 |
Соттағы татуластыру |
Сіздердің назарларыңызға Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Қажыманұлы Асановтың үндеуін жариялаймын. «Жау мен дау – егіз», - дейді халқымыз. Дауласу кез-келген, тіпті дамыған елдерге де тән құбылыс. Бірақ, сол дау-жанжалды ушықтырмай шеше аламыз ба? Сол дауды шешу мәдениетіміз қандай? Бізде кез-келген дауды сот шешеді деген көзқарас қалыптасқан. Дегенмен, мынаны білген жөн. Біріншіден, істі қарау ұзаққа созылуы мүмкін. Ол аяқталғанша, бір емес, біраз сот отырысы өтеді. Аппеляция, тіпті кассация шешімі де көңілден шықпауы мүмкін. Екіншіден, бұл үлкен шығын. Мемлекеттік баж төлейсіз, сот шығынын өтейсіз, заңгер жалдайсыз. Жолға, қонақ үйге шашыласыз. Үшіншіден, ашуға ерік беріп, жүйкеңіз жұқарады. Неге десеңіз, сот – дау алаңы. Онда айтысып, тартысуға мәжбүрсіз. Отбасы, достар, жұмыс, бизнес – бәрі шетте қалады. Бұл бер жағы. Кейде тараптар ашуға беріліп, бір-біріне ауыр сөздер де айтып жатады. Егер дауласушылар бір әулеттен болса, онда сол шаңырақтан береке қашады... |
Толығырақ... Оқылды: 290 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.05.2020 |