Жаңалықтар
«Қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту |
| 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда «оралман» термині ресми түрде «қандас» деп ауыстырылды. Бұл мәртебені ХҚО арқылы да алуға болады. Ол үшін сізде келесі құжаттар болуы керек: - толтырылған өтініш (үлгісін Egov-тан жүктеуге болады) - еркін түрде жазылған өмірбаян - сіздің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың қазақ немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмелері - жергілікті атқарушы органның мәртебе беруге келісімі - Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі фотосуреті Егер барлық құжат дұрыс болса, мәртебе 5 жұмыс күні ішінде беріледі. Мәртебенің жарамдылық мерзімі бір жылды құрайды, содан кейін оны ұзартуға немесе ҚР азаматтығын алуға құжаттар тапсыруға болады. Толық ақпарат алу үшін 1414 call-орталығына хабарласуға болады. Қандастар – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін шетелдегі тұрақты жерінен елімізге оралған этникалық қазақтар. Қазақстанға келгеннен кейін оларға &laqu... |
| Толығырақ... Оқылды: 1397 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.09.2021 |
Kaspi.kz-пен бірігіп енгізген жаңа сервис |
| Азаматтарға арналған үкіметтің Kaspi.kz-пен бірігіп енгізген жаңа сервисінің арқасында жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдей түседі. Енді нотариуста жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасасқан клиенттер мемлекеттік бажды Kaspi.kz қосымшасында бірден төлей алады. Ол үшін нотариус берген түбіртектегі QR кодты сканерлеу қажет немесе қосымшадағы "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі арқылы төлем жүргізуге болады. Бұрын нотариаттық мәміле жасалғаннан кейін нотариус құжаттардың электрондық көшірмелерін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі арқылы жіберетін. Содан кейін мәміле рәсімін аяқтау үшін клиенттер мемлекеттік бажды банкке немесе "Қазпошта" кассаларына барып төлеп, төлем чегін нотариусқа қайта әкелуі тиіс-тін. Жаңа қызмет нотариусқа қайта оралу қажеттілігін жояды. Қазақстандықтар өз уақыттарын айтарлықтай үнемдейді. Бүгінде жылжымайтын мүлікті тіркеуге өтінішті ХҚО немесе нотариус арқылы да беруге болады. |
| Толығырақ... Оқылды: 1224 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.09.2021 |
САҚТАНСАҢ САҚТАЙДЫ |
| Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтің Қазақстан халқына 2021 жылғы Жолдауын аса құрметпен тыңдап, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алдық деп ойдамын. «Қазақтанның ең басты байлығы ол азаматтарымыз!» Осы орайда тұрғындардың денсаулығын сақтау басты назарда. Медицина саласында жұмыс істейтін азамат ретінде жанымызға бататын мәселе ол әрине тұрғындардың арасындағы коронавируска қарсы екпеден бас тартуы. Коронавирусқа шалдыққан тұрғындардың саны төмендеген жоқ, ауруханада жатқан науқастарымыздың саны азаймады, өлім-жітім де орын алуда. Жан сақтау бөліміндегі науқастардың 100 пайызы екпе алмағандар, екпе алғандардың ауру жұқтыруы мүмкін, бірақ олар жеңіл түрде ауырып немесе симптомсыз түрінде анықталады. Осы орайда індетті тоқтатудың ең кұрделі жолы – ол тек қана екпе. Аудандық ауруханада,ауылдық амбулаторияларда вакцина алушыларға таңдау жасауға мүмкіндік бар, 3 түрлі вакцинаның қоры жеткілікті – ол отандық «Gaz-Covid-in», қытайл... |
| Толығырақ... Оқылды: 1215 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021 |
ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ |
| Еліміз Тәуелсіз ел болған отыз жылда Қазақстан халқы жыл сайын асыға күтетін, дәстүрге айналған бір жасампаз іс бар. Ол - Ел Президентінің өз отандастарына арнайтын жыл сайынғы Жолдаулары. Әрбір Жолдаудың өз ерекшеліктері бар. Парламент қабырғасында жарияланған биылғы Жолдау елімізді одан әрі дамытуға арналған стратегиялық құжат ретінде танылды. Себебі: Жолдауда саяси, әлеуметтік, экономикалық өсіп өркендеудің барлық жолы көрсетілген. Әсіресе ең төменгі жалақы мөлшерін 42500 теңгеден 60 мың теңгеге өсетіні, ел дамуының 2025 жылға дейін нақты бағытын айрықша атап көрсетті. Ең бастысы жас кадрларды қолдау, оның ішінде агро кәсіпкерлерді, ІТ мамандарын ерекше атап көрсетті. Сонымен қатар мүсіншілерге, музыканттарға, суретшілерге, барынша қолдау көрсетілуін тапсырды. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі жаңа бағыт алып келетін жастар толқынын жұмысқа алуға шақырды. Бұл идея елімізде жұмыссыз жүрген білікті мамандар үшін үлкен мүмкіндік. Жолдау жайлы көп айтуға болады. Жалпы ой қорытып ай... |
| Толығырақ... Оқылды: 1092 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021 |
ЖАЛАҚЫ КӨБЕЙЕДІ |
| Көксу аудандық кітапхана қызметкерлері Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2021 жылы 1-ші қыркүйекте «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын зор ілтипатпен қабылдады. Жолдауда еліміздің алдағы уақыттағы жоспары айқындалған. Президент айтқан және қабылдаған шаралар шетінен жүзеге асып жатыр. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев осы Жолдауын Қазақстан тарихындағы жаңа белестерді бағындыруға арналған құжат екенін атап айтты. Сонымен қатар мәдениет саласына ерекше көңіл бөлінетінін де атап өтті. Мәдениет оның ішінде кітапхана мамандарының жалақысын 2022-2025 жылдар аралығында әр жылы 20 пайызға көтеру туралы нақты ұсынысы кітапханашылардың мәртебесін бір көтерді. Иә, жалақы өседі дегенді естідім. Қуантады. Әсіресе, кітапханашы, суретші секілді жұмысы аса жауапкершілікті талап ететін мамандық иелерінің еңбегі еленіп жатқаны қуантады. Осы орайда, Мемлекет басшысының кітапхана ісіне қолдау көрсетуі – кітапхана жұмысы үшін жасалған жақсы кө... |
| Толығырақ... Оқылды: 1123 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021 |
ЖОЛДАУ: ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ |
| Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні Ақорда сайтында жарияланды. «Қымбатты отандастар! Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері! Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз. Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жа... |
| Толығырақ... Оқылды: 1194 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021 |
Кісілігі мен кішілігі – таудай дәрігер |
| ...Пенде болған соң, ауырмай тұрмайсың. Жаның қысылып, тынысың тарылғанда, ауруға араша тұрар ақ желеңді абзал жандарды іздейтінің де өтірік емес. Қазіргі: «Сананы – тұрмыс билеген» қым-қуыт заманда, көптеген адами құндылықтар, күнделікті түйткіл- тіршіліктің тасасында қалып қоятыны өкінішті. Жақынына жақсылық жасамақ түгілі, сырқаттанып қалсаң, хал сұрауға жарамайтын дос- жаранды да, беймаза көңіліңді аулап, рух берер жақсы сөзін қимайтын ағайынды да кездестіріп жүрміз... Жақсы адамның – жақсы атын атауға да қиналамыз, мақтап- мадақтауға, марапаттауға да қимаймыз... Ащы да болса – шындық!!! Ондай қайырымсыз жекжаттардың қасында, алдына: «сіркең су көтермей» жаның қиналып барғанда, жайдары қабағымен қарсы алып, бір- екі ауыз жылы сөзімен жаныңды жадыратып, ауруыңды ұмыттырып жіберетін дәрігерлердің барына шүкіршілік жасайсың. Іштей, өмірде әлі де «жақсы адамдар» бар екен ғой деп, бір сәт ойланып, қуанып, марқайып қаласың... Сон... |
| Толығырақ... Оқылды: 1179 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021 |
ӨНЕГЕЛІ ӨМІР |
| Еліміз үшін аянбай еңбек етіп, өзінің адалдығымен, парасаттылығымен ел есінде жүрген тұлғаларымыздың ғибратты ғұмырын жастарға үлгі – өнеге ету халқымыздың бір үлкен дәстүрі. Осындай тұлғалы аналарымыздың бірі – Еңбек ері болыпсың, Есіткем сенің атыңды. Құттықтаймын сені қуанып, Құп ал, құрбым, хатымды-деп қазақтың тарлан ақыны Ж.Молдағалиев «Мәмиләға сәлем хат» атты өлеңінде жырлаған, ауданымыздың, ауылымыздың мақтанышы Социалистік Еңбек Ері Мәмилә Әлімбаева дер едік. Биыл, осы қазақтың аяулы қызының туғанына 105 жыл толып отыр. Қазақ тарихындағы абыз, батыр аналарымыздың ұлағатынан нәр алған Мәмилә Әлімбаева апамыздың есімі қазақтың танымал еңбек ардагерлерінің арасынан ойып тұрып орын алған тарихи тұлға десек те болады. Мәмилә апамыз бойына табиғат дарытқан еңбекқорлық, төзімділік пен қайсарлықтың арқасында шыңдалып, алдынан шыққан қиындықтарды жеңіп, бейнет жүгін еңсере білді. Даралық негізін қарапайым ғана адамдық парасаттан іздеп, тағдырының таңдауына... |
| Толығырақ... Оқылды: 971 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 03.09.2021 |
БАЛАЛАРҒА ӘЛІППЕ ТАБЫСТАЛДЫ |
| Аудандағы білім ұяларында 1 қыркүйек алғашқы қоңырау соғылды. 1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерге әліппе табысталды. Сақтық шараларына сәйкес, мектептерде өткен арнайы жиынға 1-сынып оқушылары мен ата-аналар ғана қатысты. Олардан өзге сыныптар кабинеттерде тәрбие сағатын өткізді. Жетіжал орта мектебінде биылғы оқу жылында 185 оқушы білім алады. Оның 15-і 1-сыныптың балалары. Әліппе оқулығын мектеп директоры Әділет Нұрғалиев санитарлық талаптарды сақтай отырып арнайы табыстады. Зере Нұртаза, Жетіжал орта мектебінің 1-сынып оқушысы: -Мен мектепке келгеніме өте қуаныштымын. Әліппені берген кезде өте қатты қуандым. Енді сабақты жақсы оқимын. Дария Абек, ата-ана: -Бүгін қызымды бірінші сыныпқа әкеліп отырмын. Пандемия кезінде өздеріңіз білесіздер, балалар мектепті сондай сағынып қалды. Сондай қуаныштымын. Өзімнің қызыма да, басқа балаларға да тілерім аттаған қадамдары құтты болсын! Мектепте сақтық шаралары қатаң сақталған. Күзет қызметі жаңартылып, арнайы мамандар тартылған. Ғимарат... |
| Толығырақ... Оқылды: 1175 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021 |
ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ТІРЕГІ |
| Биыл Ата Заңның қабылданғанына 26 жыл толып отыр. Конституция күнін атап өту қазақ елінің дәстүріне айналған мерекесі. Қай елдің болмасын тұрмыс-тіршілігін реттейтін заңы бар. Қазақ елі де өз отауын тіккелі елдің берекесі мен бірлігін сақтайтын заңын қабылдады. Ата Заң 1995 жылы 30 тамызда қабылданғаннан кейін оған 1998, 2007 және 2011 жылдары өзгертулер енгізіледі. Осылайша әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да нақты шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің жарқын болашағымыздың қайнар бастауына айналды. Айналасы 26 жылдың ішінде бірлігі жарасқан, өзге дамыған елдермен иық тірестіре қарыштап келе жатқан мемлекетке айналып отырмыз. Оның барлығы осы дұрыс қабылданған Ата Заңымыздың нәтижесі. Осы орайда, еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толыуына және Ата Заңы қабылданғанна 26 жыл толыуына байланысты 27 тамызда «Ертөстік» бөбек жай- балабақшасы ересек «Күншуақ» тобымызда балаларды патриоттыққа, елін, жерін, отанын с... |
| Толығырақ... Оқылды: 916 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 03.09.2021 |
